Пиелонефриттің этиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 11:29, реферат

Краткое описание

Пиелонефрит – бір мезгілде немесе біртіндеп бүйрек және бүйректің тостағаншаның паренхимасына зақым келтіретін спецификалық емес инфекциялық – қабыну үрдісі. Пиелонефрит ағымына байланысты асқынған және асқынбаған болып бөлінеді. Асқынбаған түрі несеп жолдарының инфекциясы обстуктивті өзгерістері және қосымша ауыр аурулар жоқ болады. Асқынған пиелонефритпен ауратын пациенттерде несеп жолдарының обструктивті өзгерістер (құрылысы – несепағардың тарылуы, тастар, ісіктер, қуықасты безінің гипертрофиясы, нейрогенді қуық, қуық-несепағарлық рефлюкс), интрументалды зерттеу мен емдеуден кейін, қосымша ауыр аурулармен (қант диабеті, нейтропения) ауырғаннан кейін пайда болады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Пиелонефриттің этиологиясы.
2. Патогенезі, клиникасы, фармакотерапиясының негізгі принциптері
III. Қорытынды
IY. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Пиелонефрит.docx

— 31.81 Кб (Скачать документ)

 

                                                    Жоспары.

 I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Пиелонефриттің  этиологиясы.
  2. Патогенезі, клиникасы, фармакотерапиясының негізгі принциптері 

 

III. Қорытынды

IY. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

                                                        Кіріспе

Пиелонефрит – бір мезгілде немесе біртіндеп бүйрек және бүйректің тостағаншаның паренхимасына зақым келтіретін спецификалық емес инфекциялық – қабыну үрдісі. 
 
Пиелонефрит ағымына байланысты асқынған және асқынбаған болып бөлінеді. Асқынбаған түрі несеп жолдарының инфекциясы обстуктивті өзгерістері және қосымша ауыр аурулар жоқ болады. Асқынған пиелонефритпен ауратын пациенттерде несеп жолдарының обструктивті өзгерістер (құрылысы – несепағардың тарылуы, тастар, ісіктер, қуықасты безінің гипертрофиясы, нейрогенді қуық, қуық-несепағарлық рефлюкс), интрументалды зерттеу мен емдеуден кейін, қосымша ауыр аурулармен (қант диабеті, нейтропения) ауырғаннан кейін пайда болады. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Этиология. Асқынбаған инфекция түрін Enterobakteriaceae тұқымдасының микроорганизмдері туғызады. Негізгі қоздырғышы ішек таяқшалары – Escherichia coli сирек кезде Proteus spp., Klebsiella spp., және т.б. 

Симптомдары. Пиелонефриттін клиникалық суреттемесіне жалпы симптомдар (қалтырау, қызба, тахикардия, әлсіздік, кейде лоқсу мен құсу) және спецификалық белгілер (бел аймағында ауырсыну, диурездік жағдайлар) жатады. 
 
   Зерттеу және диагностика әдістері Қанды зерттеген кезде сол жақты нейрофильді лейкоцитоз, СОЭ, СРВ жоғарлауы гиперглобулинемия байқалады. 
 
Пиелонефритті диагностикалауға басты ақпарат көзі несептін зертханалық зерттелуі болып табылады. Несептің микроскопиясында пиурия, кейде лейкоцитарлы цилиндрлар, бактериурия болып табылады. Несептің бактериологиялық зерттелуі инфекция қоздырғышын табуға мүмкіндік береді.  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қосымша зерттеу әдістері (бүйрек УЗИ, рентгенологиялық әдістер) асқынбаған пиелонефрит кезінде үлкен маңызы жоқ, ал асқынған түрінде бұл әдістер асқыну факторларын (тастар, қуықасты безінің гипертрофиясы) тауып және бағалауға көмек береді. 
    Пиелонефритті емдеу үшін ДЗ тағайындаудың клиникалы-фармакологиялық жолдары. Пиелонефриттің асқынған түрінде антибактериалды және дезинтосикациялық терапияны қатар қолданса науқастың тез және толық емделуіне әкеледі. Асқынған пиелонефрит кезінде берілген препараттардан басқа да қосымша емдеу әдістерін ауырлату факторларын жою үшін бағытталып жүргізіледі. Пиелонефрит емдеу жолдарын тандаған кезде ауру түрлеріне байланысты анықталады. өткізілген емнің нәтижесін бақылау. Антибактериалды терапияның нәтижесінің критериялары температураның қалыпқа келуі, ауру симптомдарының қарқынының төмендеуі және несепте бактериялар мен лейкоциттердің жойылуы болып келеді.  
 
                                             Этиологиялық емдеу  
 
      Этиологиялық емдеуге бүйрек венозды қанайналымына немесе несеп пассажының бұзылысына әкелген себептерді және инфекцияға қарсы терапия жатады. Несеп ағымын қалпына келтіру үшін хирургиялық әдіспен (қуықасты безінің аденомасын, несеп жолдар және бүйректегі тастарды алып тастау, нефропексия нефроптоз кезінде, несеп шығарғыш түтік немесе тостағаншалық несепағар сегментінің пластикасы және т.б) сонықтан несеп пассажын қалпына келтіру екіншілік пиелонефрит кезінде керек. Несептің пассажын керекті денгейге дейін қалпына келтірмеген жағдайда инфекцияға қарсы терапия аурудың тұрақты және ұзақ ремиссиясын бермейді. 
 
         Инфекцияға қарсы терапия созылмалы пиелонефриттің екіншілік және біріншілік варианттарын емдеуде ең басты шарасы болып табылады (егерде несеп жолдар бойымен несеп ағымы бұзылмаса).

 

 

 

 

 

 

            Препараттарды қоздырғыш түріне және оның антибиотиктерге сезімталдығын, алдыңғы емдеу курсы нәтижесін, препараттар нефротоксикалығын, бүйрек функциясының жағдайы, несеп реакциясынның дәрілік заттар эффективтілігіне әсерін ескере отырып тандайды.  
   Созылмалы пиелонефрит әртүрлі флорамен туады. Ең жие кездесетін қоздырғыш ішек таяқшалары одан басқа энтерококктар, вульгарды протея, стафилакокктар, стрептококктар, синегнойды таяқшалар, микоплазмалар, кейде саңырауқұлақтар, вирустар ауру қоздырғышы болып табылады. 
  Созылмалы пиелонефрит жиерек микробты ассоциациялар арқылы туады. Көп жағдайда ауруларды микроорганизмдер жасуша қабырғасын жоғалтып трансформиланған L-формалы бактериялар тудырады. L-форма – бұл химиотерапиялық заттарға микроорганизмдердің бейімделген түрінің жауабы. Өте көп қолданатын антибактериялық заттарға қабығы жоқ L-формалылар жету қиын, бірақ барлық токсикалы-аллергиялық қасиеттерін сақтайды және қабыну үрдісіне көмек береді. 
  Созылмалы пиелонефритті емдеуге әртүрлі инфекцияға қарсы препараттар – уроантисептиктер қолданады. 
   Пиелонефриттердің негізгі қоздырғыштары келесі уроантисептиктерге сезімтал. 
 
Пиелонефриттің жеңіл және орташа ауырлық түрлері 
 
       Микробтарға қарсы препаратарды таңдау 
 
    Таңдау препараттары: пероральды фторхинолондар (левофлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин), амоксициллин/клавунат. 
Альтернативті препараттар: пероральды цефолоспориндер ІІ-ІІІ ұрпағы (цефуроксим аксетил, цефалор, цефиксим, цефтибутен), ко-тримоксазол. 
 
Терапия ұзақтығы: 10-14 күн 
 

 

 

                       

                  Пиелонефрит асқынған және ауыр түрі 
Аурухана жатқызу керек. Дене қызуы қалпына келгенше дейін парентеральды препараттар емдеу үшін қолданады сосын пероральды антибиотиктер қабылдауға ауысады. 
 
 
                Микробтарға қарсы препаратарды таңдау 
 
Таңдау препараттары: парентеральды фторхинолондар (левофлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин), амоксициллин/клавунанат, ампициллин/сульбактам. 
 
Альтернативті препараттар: пероральды цефолоспориндер ІІ-ІІІ ұрпағы (цефуроксим аксетил, цефалор, цефиксим, цефтибутен), ко-тримоксазол. 
 
Терапия ұзақтығы: пиелонефриттің жеңіл және орташа ауырлық түрлерінде қалтырау өткенге дейін антибиотиктерді парентералды енгізеді сосын антибиотиктерді пероралды енгізуге ауысады. Микробқа қарсы терапияның жалпы ұзақтығы 14 күнннен кем емес және клиникалы-зертханалық суреттемелер арқылы анықталады.  
 
 
Бактерияға қарсы терапияны тағайындаудың негізгі ережелері:

 
1.несептің микрофлорасына бактерияға қарсы заттардың сәйкес келуі және сезімталдығы.

 
2.бүйрек функциясының жағдайына байланысты, дәрежесіне ескере отырып препараттың дозалануы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

3.антибиотиктердің және антибиотиктердің нефротоксикалығын ескеру керек және нефротоксикалығы төмен таңайындайды.

 
4.егерде препарат емдеуді бастаған соң 2-3 күн ішінде емдік қасиет көрсетпесе оны ауыстыру қажет

 
5. қабыну үрдісінің белсенділігі өте жоғары болса, интоксикациясы айқын, аурудың ағымы өте ауыр, монотерапияның эффективті емес болған жағдайда уроантисептиктермен қосарлатып қолдану керек.

 
6.бактерияға қарсы заттар әсеріне қолайлы қажетті несеп реакциясына қол жеткізу

 
Созылмалы пиелонефритті емдеуде  келесі бактерия қарсы заттар: антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, нитрофуранды қосылыстар, фторхинолондар, нитроксолин, невиграмон, грамурин, палин қолданады. 
 
                     Қолдану 

         Соңғы жылдары созылмалы пиелонефритте   қолдану мүмкіндігі туралы талқыланып жүр. Бұл препараттар қабынған аймақтың энергетикалық қамтылуын, капиллярлы өткізгіштігін төмендетеді, лизосома мембранасын тұрақтандырып, жеңіл иммунды депрессанттық әсерін, қызу төмендеткіш және жансыздандырғыш әсер туғызады соған байланысты қабынуға қарсы әсер береді.  
Сонымен қатар   қолданғанда инфекциялық үрдісті туғызатын реактивті құбылысты төмендетіп, пролиферацияны және фиброзды бөгеттерді жойып бактерияға қарсы препараттардың қабыну ошағына жетуіне көмек береді. Бірақ индометацин ұзақ уақыт қолданғанда бүйректік емізікшелерінің некрозы және бүйректің гемодинамикасының бұзылысы анықталған. 
 
 
                        

 

                          Бүйрек қанайналымының жақсаруы  
 
Созылмалы пиелонефрит патогенезінде ең басты рольді бүйрек қанайналымының бұзылысы жатады. Бұл ауруда бүйрек қанайналымының біркелкі емес таралу салдарынан бүйрек қабығының гипоксиясы және медуллярлы заттардың флебостазы анық көрінетіні анықталған. Осыған байланысты созылмалы пиелонефриті емдеген кезде бүйректің қанайналым бұзылысын түзетуші препараттар қолдану қажет. Осы мақсата мынадай заттар қолданады: 
 
Трентал (пентоксифиллин) – эритроциттер эластикасын жоғарлатады, тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, шумақтар фильтрациясын жоғарлатады, жеңіл диуретикалық әсер береді, ишемия зақымдаған тіндер аймағына оттегі тасмалдануын және те бүйректің пульстік толыққандылығын жоғарлатады. 
 
Тренталды ішіне күніне 0.2-0.4 таблеткадан 3 рет тамақтан кейін, 1-2 аптадан кейін дозасын күніне 0.1 г 3 ретке дейін төмендетеді. Емдеу курсының ұзақтығы 3-4 апта. 
 
Курантил - тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, микроциркуляциясын жақсартады. 3-4 апта бойы күніне 0.025 г 3-4 рет тағайындайды. 
 
Венорутон (троксевазин) – каппилярлық өткізгіштігін және ісінулерді төмендету, эритроциттер мен тромбоциттердін агрегациясын төмендетеді, тіндердін ишемиялық зақымдалуын төмендетеді, бүйрек каппилярлы қанағымы және везозды. Венорутон рутиннің жартылай синтетикалық туындысы. Препарат 0.3 г капсула және 5 мл 10% ерітінді ампула түрінде шығарылады. 
Ю.А. Пытель және Ю.М. Есилевский созылмалы пиелонефриттін ұршығуын емдеу мерзімі қысқарту мақсатында бактерияға қарсы терапиямен бірге венорутон тамыр арқылы 10-15 мг/кг 5 күн бойы, сосын күніне ішке 5мг/кг 2 рет емдеу курсының аяғына ішінде тағайындайды. 
 

 

 

 

     Фитотерапия 
 
Созылмалы пиелонефрит комплексті терапиясында қолданатын дәрілік заттар: қабынуға қарсы, несеп айдағыш қасиеттері болу керек, ал гемотурия дамыған кезде – қан тоқтатқыш әсері болу керек. Созылмалы пиелонефритте қолданатын дәрілік өсімдіктер:  
 
Аюқұлақ – құрамында арбутин бар, организмде ол гидрохинин (антисептик, несеп шығару жолдарында антибатериалды әсер етеді) және глюкозаны ыдыратады. Қайнатпа түрінде (30 г 500 мл-ге) 2 ас қасықтан күніне 5-6 рет қабылдайды. Аюқұлақ қызметін сілтілі орта да көрсетеді, сондықтан қайнатпаны сілтілі минералды сулармен (“Боржоми”) содалы ерітінділермен бірге қабылдау керек. Несепті сілтілендіру үшін алма, алмұрт, таңқурайды жеген жөн. 
 
Итбүлдірген жапырағы – микробқа қарсы және несеп айдағыш әсері бар. Қайнатпа түрінде қолданады (1/2 стақан суға 2 ас қасықтан). 2 ас қасықтан күніне 5-6 рет тағайындайды. Аюқұлақ сияқты сілтілі ортада әсер етеді. Несепті жоғары да көрсетілгендей сілтілейді. 
 
Мүкжидек (клюква) шырыны, морс (құрамында натрий бензоат бар) – антисептикалық әсер көрсетеді (несеппен бөлініп, бактериостатикалық әсер көрсететін, бензоат гиппур қышқылынан бауырда синтезі жоғарлайды) күніне 2-4 қолданады.  
 
Иммуномодуляциялық терапияның және организмнің жалпы реактивтілігінің жоғарлату. 
 
Организмнің реактивтілігінің жоғарлату мақсатында және асқынуды тез басу үшін ұсынылады. 
 
- поливитаминді комплекстер 
 

 

 

 

- адаптогендер (Жень-шень  тұндырмасы, қытай лимонынан 30-40 тамшы күніне З рет) асқынуды  емдеудің барлық кезеңінде. 
 
- 15 күн метилурацил 1 г 4 рет қолдану қажет. 
 
Физиотерапевтикалық емдеу  
 
Созылмалы пиелонефритті комплексті терапиясымен бірге физиотерапевтикалық емдеуді қолдынылады. Физиотерапевтикалық әдістемелер келесі әсерлер береді:

  •  
    Бүйректің қанмен толығуын күшейтеді, бүйрек плазма ағымын жоғарлатады, осыған байланысты антибактериялық заттар бүйрекке тасмалдануын жақсартады. 
  •  
    Несепағар мен бүйрек тостағаншасының жазық бұлшықеттерінің спазмасын төмендетіп шырыштардың несеп кристалдарының бактерия бөлінуіне көмек береді

 
Симптоматикалық емдеу 
 
Егерде артериалды гипертензия дамыса гипотензивті заттар (резерпин, адельфак, бринердин, кристенин, допегит), анемия дамыған кезде – құрамында темірі бар заттар, интоксикация айқын көрінсе – гемодез, неокомпенсан тамыр арқылы тамшылап енгізуді тағайындайды.

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды 

   Фитодәрмектердің созылмалы пиелонефритті емдеудегі  маңызы орасан зор. Әрі иммунология тұрғысынан  науқастардың ауруға төтеп беруіне көмектесетін тиімді заттар болып табылады. Фитошайлар тек бүйректі емдеп қана қоймай ас арналары жұмысын жақсартады. Тәжірибе нәтижесінде науқастардың ауруынан  айығуына септігін тигізген  маңызды зат болып табылатындығы дәлелденді.

        Ұсынысым  науқастарды емдегенде , олардың  фитопрепараттардың кейбір компаненттеріне  аллергия  болып қалған  жағдайда ,қандай   препараттармен емдеуге  болатындығында ескерсе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 1.    Фармация Казахстана  2013ж

  1. Учебник «Организация и экономика фармации», под рек. И.В.Косовой – Москва, 2002г.
  2. Учебник «Маркетинг. Теория и практика» Г.Д.Крылова, М.И.Соколова – Москва, 2004г.
  3. Учебник «Менеджмент» В.Р.Веснин – Москва, 2003г.
  4. Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» № 193 – IV 3 РК от 18.09.2009г. и др. НПА (см.приложение № 1);
  5. Сайт www dari.kz;

Информация о работе Пиелонефриттің этиологиясы