Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 19:59, лекция
Әрбір терапевтік бөлімшенің кұрамында емшара бөлмесі болады. Емшара бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған.
Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағынмен және тамшылатып енгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар, қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалық және биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай-ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік шаралар (төс, өкпе қабы пункциясы және т.б.) жүргізіледі
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мейірбикелік үрдіс түсінігі
Медбикелік үрдістің кезеңдері
Медбикелік үрдісті қолдану
Мейірбикелік этика және деонтология
Пайдаланылған әдебиеттер
Категория: Презентациялар » Ме
Клиникаға кіріспе пәніне жалпы түсінік, оның негізгі принциптері. Мейірбикелік этика және
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мейірбикелік үрдіс түсінігі
Медбикелік үрдістің кезеңдері
Медбикелік үрдісті қолдану
Мейірбикелік этика және деонтология
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әрбір терапевтік бөлімшенің кұрамында емшара бөлмесі болады. Емшара бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған.
Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағынмен және тамшылатып енгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар, қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалық және биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай-ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік шаралар (төс, өкпе қабы пункциясы және т.б.) жүргізіледі.
Емшара мейірбикесінің міндетін орындау үшін (штаттық кестеге байланысты) бөлімшенің аға мейірбикесі жалпы профильдік мейірбикелердің ішінен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар жоғары маманданған немесе 3 деңгейлі колледжді оқып бітірген арнайы мейірбикені (3 жыл оқыған) таңдап алады. Бөлімше ерекшелігіне байланысты іс-шара бөлмесі кушеткамен, зарарсызданған үстелмен, (1 немесе 2), тамызғыштарға арналған штативпен, дәрілік заттар қоятын шыны шкафпен, қолдарды және кұрал-саймандарды жуатын колжуғышпен және т.б. жабдықталған. Қабырғалар мен еден жиі және мұқият санитарлық өңдеуге ыңғайлы материалдардан (кафель, майлы бояу) жасалуы керек. Емшара бөлмесінде ауаны зарарсыздандыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.
Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды.
|
Мейірбикелік этика және деонтология
Медицина саласындағы медициналық қызметкер мен пациенттің қарым-қатынасына қойылатын этикалық талаптар ерте заманнан
бері қалыптасқан. Бұл мәселелер туралы көптеген атақты дәрігерлердің, соның ішінде Гиппократтан
бастап, қазіргі заманауи биоэтика
саласындағы зерттеушілердің еңбектерінде жазылған. «Медициналық құпияны» сақтауға қойылатын этикалықталаптар, «пациентке
зиян келтірмеу» қағидасы, науқастың қамы үшін барлық жағдай жасау пациенттке
деген сыйластықтың белгісі. Заманауи
медициналық қызметкердің жұмыс