Ұлттық рухтың тірегі – зиялылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 18:42, реферат

Краткое описание

Тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттілігі нық орнығып, ұлттық рухы өміршең болатындығын тарих жүзі әлдеқашан-ақ дәлелдеді. Ал мемлекеттіліктің тұғырлы болуы тәуелсіздіктің философиясын ұғынудан бастау алады. Осы бір іргелі мәселені алаш зиялылары бостаншылықтың пұлын біліп, орнына ұстап, игілігін көре алған жұрт ер жетіп, ес біліп, ақыл тоқтатқан адам болып шықпақшы, – деп те ұғындырған еді. Демек, тұлғалық іс негізінде ғана мемлекеттіліктің іргетасы берік қаланбақ. Осы мақсатта ұлттық рухты биіктетудің түрлі жолдарын да іздестіреміз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұлттық рухтың тірегі.docx

— 29.98 Кб (Скачать документ)

Сонымен, кез-келген қоғамның дамуы ондағы зиялылардың әлеуметтік ісіне қарай анықталады. Әсіресе, саяси элитасы ұлт мүддесін ойлай, қорғай білген қоғамның даму жолы айқын және сапалы. Ахмет Байтұрсынов «…Аталық міндетті атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең құл болмақшы» [2, 270 б.], – дегендей үлкен буын мен кіші буын арасында зиялылық байланыс болмаған қоғамның болашағы күңгірт. Саяси жүйенің шеңбері аясында мемлекеттің саясаты жүргізіліп, оның сапалылығы биліктің мазмұнымен анықталады. Егерде билік мазмұны ұлт мүддесімен сәйкес келсе, онда саяси жүйенің қызметі де оң нәтиже берер еді. Бұл дегеніміз халықтың саяси мәдениет деңгейінің өсуі. Ал саяси мәдениеттің халі биліктің мазмұнына қарай анықталмақ. Сондықтан да саяси – әлеуметтік институттардың қызметі ондағы таза білімді әрі терең білікті мамандардың зиялы істеріне қатысты оң нәтиже береді. Гегель өзінің саяси шығармаларында үкімет қабілетсіз болып, жаман атақты иеленсе, халықтың да жаман атты иемденетіндігін дәлелдеп еді.

Тәуелсіз Қазақстан даму, көркею үстінде. Алайда, өткен ғасырлардан мұра болып қалған өзекті мәселелеріміз де жеткілікті. Әсіресе, қазіргі біздің қоғамда білікті мамандар мен нағыз зиялылардың қалыптасу, өсіп-жетілу ісі қарама-қайшылығы мол мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мәселенің түп төркіні тәрбие мен білімнің қатар берілмеуінде жатса керек-ті (бұл жерде біз тектілікке бағытталған тәрбие мен таза білімді айтып отырмыз). Тектілікке негізделген тәрбиеге ерекше мән беруіміз қажет. Ондай тәрбие ұрпақтан ұрпаққа жетіп ұлт мүддесін жат әдеттерден қорғайды. Қазақтанушы ғалым, философ Ж. Молдабеков тектілік ұғымының көбінесе үш мағынада, яғни тұқым мен қан тектілігін, азаматтың өз басының тектілігін, халықтың тектілігін тереңнен талдап, «Тектілікті атадан балаға қалыптасқан күйінде қалатын мұра деп ұғыну әбестік. Тектілік – келбетті мен кемеңгердің, есті мен еріктінің әлеуметтік жемісі мен жеңісі, ұлағаттылық пен рухани ұстаздыққа кісілік жол. Нағыз тектінің тірегі мол, жұбанышы жетерлік. Кісілікті тұтатқан, ойында арамдығы, адалдығы мол қатынаста жарастықты, істе үлгіні іздестіріп, бетке ұстайтындар – тектіліктің нағыз жеткіншегі дерлік. Адалдық пен адамдық рәсімін жөн мен риясыз қадір-құрмен ететін, ел жұртында перзенттік ізет-құрметтің өлшемін ұмыт қалдырмайтын, жанашырлығы көп, бұра тартпасы жоқ. Өмір сүйгіш, ел сүйгіш ынтызар – тектіліктің бекем ұйытқысы» [8] – деп ұғындырады. Сонымен, тектілік ұлттық рухтың қуаты, мемлекеттіліктің іргетасы. Себебі, нағыз текті тұлға өзінің Отан алдындағы перзенттік борышын адал орындайды. Тектілікке жетелейтін тарих тағылымы. Бірақ, тарихты білу бір басқа, ал тарихтан ғибрат алу екі басқа екендігі де ақиқат. Түйіндей келе айтарымыз, қазақ тарихындағы ұлттық рухтың тұлғалық көріністері мемлекеттілігімізді сақтай білді. Тарихшы ғалым Х. Әбжанов «Басқа өркениеттің қол астында қалса да Отандық тарихтың жылнамасында бүгінгі ұрпақ ұялатын, намыстанатын, жүзі қызаратын бірде бір парақ, тіпті бір де бір жол жоқ. Бұл тар қапаста күңіренген әрбір этностың маңдайына жазыла бермейтін жеңіс» [9], – деп жазғандары да көкейімізде тұр. Кейінгі ұрпаққа зиялылықтың нағыз үлгісін, тәуелсіз мемлекет дамуының өзіндік жолын көрсетіп кеткен ұлттың нағыз жанашырлары, Алаш зиялылары бағыттағандай, тәннің күшті болуы да, елдің күшті болуы да – екеуі де тәрбиеден. Шаңырағы биік отбасы, адам жанын жетілдіретін ғылыми мазмұны жоғары еңбектер, парасатты ұстаздар, ұлағатты ғалымдар, ұлтжанды шенеуіктер саны артқан сайын халық тектілене түсетіндігі анық. Сондай-ақ, халықты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде БАҚ-тың алатын орны да тым ерекше. Алаш ардақтылары айтқандай «Газет қызметі халыққа бас, көз, құлақ, тіл болып, ұлтының ар – абыройын күзетіп, жұртын жақсылыққа бастауы, жаманшылықтан сақтандыру…» [2, 252 б.]. «Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады» деген халық даналығы есті адамның есінен кетпес… Түйіндей келе, Отан тарихынан ұлттық рухтың қуатты лебі есетіндігіне қуанамыз.


Информация о работе Ұлттық рухтың тірегі – зиялылық