Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 19:38, реферат
Бүгінгі күні жаңа тәуелсіз республикаларға өз мемлекеттілігін құру, соның ішінде дербес сот жүйесін құру қандай қиын болғандығын толықтай түсінеміз. Жаңа формациядағы сот жүйесі көптеген маңызды принциптерді жүзеге асыруға жәрдемдесуі тиіс болды. Қазақстанның қазіргі замануи сот жүйесі қалыптасуына бастама болған ең алғашқы құжат, бұл - 1990 жылдың 25 қазан айында қабылданған «Қазақ ССР-ң Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларациясы болды, мұнда алғаш рет мемлекеттік билік - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деген үш тармаққа бөліну принципі белгіленді.
1. Кіріспе
2. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
1. Кіріспе
2. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі күні жаңа тәуелсіз республикаларға өз мемлекеттілігін құру, соның ішінде дербес сот жүйесін құру қандай қиын болғандығын толықтай түсінеміз. Жаңа формациядағы сот жүйесі көптеген маңызды принциптерді жүзеге асыруға жәрдемдесуі тиіс болды. Қазақстанның қазіргі замануи сот жүйесі қалыптасуына бастама болған ең алғашқы құжат, бұл - 1990 жылдың 25 қазан айында қабылданған «Қазақ ССР-ң Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларациясы болды, мұнда алғаш рет мемлекеттік билік - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деген үш тармаққа бөліну принципі белгіленді.
Сөйтіп, Қазақстанда жаңа
типтегі сот жүйесін құрудың,
соттарға уақыт талабына сәйкес әділ
сот төрелігін жүргізу құқығын
толық көлемде берудің ерекше
мүмкіндігі пайда болды. Тәуелсіз Қазақстанның
Конституциясында «сот билігі» деген
түсінік алғаш рет 1993 жылдың 28 қаңтарында
пайда болды, бұл түсінік соттардың ұйымдастырылуы
мен қызмет принциптерін көрсетті. Биліктің
тәуелсіз тармағы халық еркіндігінің
басты кепілдігі болуы үшін сот жүйесінің
реформасын жүзеге асыру керек болды.
Президент 1993 жылы жарық көрген «Қазақстандық
қоғамды идеялық біріктіру мемлекетіміздің
өрлеу шарты» туралы еңбегінде сот жүйесін
сатылы реформалау қажеттігін атады. Мысалы,
сот жүйесін барынша тиімді қылу, оны билік
құрылымдары тарапынан қысым көрсетуден
арылту, соттарды Жоғары Сот Кеңесінің
ұсынысы бойынша Елбасы тағайындауын
заң жүзінде бекіту атап көрсетілді. Сот
жүйесі реформасы Конституциялық нормаларда
ғана емес, қазіргі қолданыстағы заңнамаларда
да көрініс табуы тиіс. Бұл жерде сот құрылымы,
соттар мен судъялардың мәртебесі туралы
сөз болып отыр. 1994 жылдың 12 ақпанында
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік
құқықтық реформа бағдарламасы қабылданды,
мұнда Республиканың бүкіл ұлттық құқықтық
жүйесін түбегейлі өзгертуді көздейтін
мемлекеттік-құқықтық шаралар кешені
қарастырылды, және соның ішінде сот жүйесі
реформасына ерекше орын бөлінген.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы сот билігі
қалыптасуындағы маңызды істерге бастама
болды. Конституция баптарын жүзеге асыру
мақсатында 1995 жылы 20 желтоқсанда Президент
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі
мен судьялардың мәртебесі туралы» Жарлық
қабылдады. Мұнда жергілікті судъяларды
Қазақстан Республикасының Президенті,
ал Жоғарғы Сот судъяларын Парламент сенаты
сайлау құзыры қаралған. Конституция баптары
негізінде кейіннен Жоғары Сот Кеңесі
мен Әділет біліктілік алқасы құрылды,
бұлардың міндетіне судъя лауазымына
үміткерлерге қатысты ұсыныстар беру
құзыреті кірді. Мемлекет тарихында алғаш
рет судъялар тұрақты мерзімге тағайындала
бастады, бұл да олардың тәуелсіздігін
қамтамасыз ету тетіктерінің бірі болды.
Негізі
Судъялар тәуелсіздігінің
Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылы 12 қазандағы «Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа
жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi
шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет құрылды,
оған сот қызметін қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттер жүктелді. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы «Қазақстан
Республикасының құқық қорғау қызметін
жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»
Жарлығымен оған атқару өндірістерін
орындау органдары да берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылы 01 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының
сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi
шаралар туралы» Жарлығы және 2000 жылы
25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының
сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi
туралы» Конституциялық Заң үлкен тарихи
қадам болды, бұлар сот - құқықтық реформасын
жүзеге асырудағы жаңа сатыға бастама
болды. Сот жүйесінің келесі маңызды құжаты
- 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының
құқықтық саясат тұжырымдамасы болды,
мұнда еліміздің 2010 жылғы кезеңге дейінгі
құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттары
айқындалды.
Сот-құқықтық реформасының негізгі бағыттары-судъялардың
әлеуметтік беделін көтеру, соттарды тұлғаның
құқығы мен еркіндігін қорғайтын сенімді
кепілгерге айналдыру, қоғамдағы дау-жанжалды
заңды және әділ шешуге қол жеткізу, судъялардың
құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз
ету болып табылды. Бұл маңызды аспектілер
бүгінгі таңда мақсатты түрде, біртіндеп
жүзеге асырылуда.
Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесі
- ұлттық заңнаманың барлық салаларын
жетілдіру, мұның өзі сот қызметіне жағымды
түрде өз ықпалын тигізуде.
Нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру
туралы идеяны іске асыру және кәсіпкерлікті
мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету,
жедел экономикалық және әлеуметтік даму
жағдайында кәсіпкерлік субъектілерін
сот қорғауымен қамтамасыз ету жөніндегі
тиісті мемлекеттік шаралар қабылдау
мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылы 16 қаңтардағы Жарлығымен Алматы
қаласында және Қарағанды облысында Мамандандырылған
экономикалық соттар құрылды. Кейіннен
мұндай соттар республиканың барлық өңірлерінде
құрылды. Мамандандырылған әкімшілік
соттарын құру - бұл сот жүйесін мамандандыру
бағытындағы келесі қадам болды. Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Кодекс қабылданған
соң, сот құзыретіне бұрын қарастырылған
54 құқықбұзушылық құрамының орнына 220-дан
астамы берілді, аталған мән-жай осы санаттағы
істер санының күрт ұлғаюына әкеп соқты.
Сот жүйесін реформалаудағы келесі қадам
- Қазақстан Республикасының «Алқабилер
туралы» Заңының қабылдануы болды, бұл
әділ сот төрелігін жүргізуге қоғамдық
бақылау жасап, азаматтардың араласу мүмкіндігін
кеңейтті.
Тұтқындауға санкция беру құзыретін соттарға
беру демократия мен құқықтық мемлекет
принциптерін нығайтуға кепіл болып табылады.
Алғаш рет судъялар қауымдастығы құрылды,
оның съездерінде судъялар өз жетістіктерін
талдауға, реформа нәтижелеріне баға беруге,
сот жүйесін бұдан әрі жетілдірудің нақты
жолдарын анықтауға мүмкіндік алды.
2009 жылдың 18 қарашада өткен судъялардың
бесінші съезінде Мемлекет басшысы соттар
мен судъяларды қағаз жүзіндегі заңды
тәуелсіздік қана емес, нақты тәуелсіздік
алуын егемен Қазақстанның ең басты жетістіктері
болып табылады деп атады.
Қазіргі уақытта ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
жетекшілігімен жүзеге асырылып отырған
сот-құқықтық реформасының негізгі жетістіктері
Қазақстанның құқықтық мемлекетке және
азаматтық қоғамға ілгерлеу ісінде баға
жетпес маңызға ие болуда. Бүгінгі күні
соттылығын айыру процесі аяқталып, үш
буынды сот жүйесі енгізілді; алқа билер
соты қызмет істеуде; барлық өңірлерде
ауданаралық мамандандырылған экономикалық
соттар ғана емес, мамандандырылған әкімшілік
және қылмыстық соттар да құрылды, біртіндеп
ювеналдық соттар енгізілуде; соттың тұтқындауға
санкция беру құзыреті енгізілді; ҚР Президенті
жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясы
жанындағы сот төрелігін іске асыру институты
құрылды, барлық соттарда дыбыс - бейне
құжаттар жүргізу енгізілуде.
Қазір біз аз уақыт мерзім ішінде жасалған
өзгерістердің ауқымдылығы туралы ауыз
толтырып айта аламыз. Соттар айыптайтын
немесе қарапайым тұлға мүддесін елемей,
тек мемлекеттік мүддені қорғайтын органнан
заңдарды басшылыққа алып, барлық сот
істерін дербес шешетін, мемлекеттің тәуелсіз
органына айналды. Алқабилер институтын
енгізу, соттың санкция беруін енгізу,
заңнаманы және сот тәжірибесін ізгілендіру
Қазақстанның сот жүйесін әділ сот жүргізудің
әлемдік стандарттарына барынша жақындатты.
Сөзсіз сот жүйесін реформалау қоғамды
құқықтық және демократиялық мемлекетке
жақындатты.
Бірақ, алда бұдан да маңызды міндеттер
тұр. Сот жүйесін жетілдіру мемлекет басшысының
ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Президентіміз бекіткен 2010-2020 жылдарға
арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында
сот жүйесі үшін, оны жаңарту, сот жүйесі
мен судъялардың деңгейі мен мәртебесін
көтеру, әділ сот төрелігінің тиімділігін
арттыру, судъялар үшін жоғары стандарттар
енгізу, сотқа қалпына келтіру сипатын
беру, инновациялық технологияларды қолдану,
сот мөлдірлігі мен қол жетімділігін қамтамасыз
ету үшін өте маңызды басымдылықтар мен
міндеттер тобы тұжырымдалды. Жеке құқықтық
дауларды татуластыру және медиация инстиуттарын
енгізу арқылы мәдениетті түрде шешу әдістерін
жасау қаралуда. Мәселен, Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы»
Заңының қабылдануы, онда Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе,
жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын
азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге
де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ
онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар
туралы iстер бойынша қылмыстық сот iсiн
жүргiзу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар)
медиацияның қолданылу саласы болып табылатындығы
көзделген. Сөзсіз алдағы уақытта, жоғарыда
аталған санаттағы істердің көпшілігі
медиацияның қолданылуы арқылы шешілетін
болса, соттардың бүгінгі таңдағы тым
үлкен жүктемелерінің азаюына өз септігін
тигізеді.
Сот актілерінің дер кезінде орындалуы,
соттар мен судъяларды бұдан әрі мамандандыру
проблемалары өзекті болып отыр.
Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық
өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
атты халыққа жолдауында сот жүйесін күшейтуге,
оны бұдан әрі реформалауға, сондай-ақ
соттардың материалдық базасын нығайтуға
үлкен назар аударылды. Тәжірибе көрсеткендей,
әділ сотты сапалы жүргізу және мінсіз
жұмыс істеу, судъялар мен сот қызметкерлерінің
жоғары орындаушылық және еңбек тәртібі
көптеген факторларға, соның ішінде материалдық-техникалық
қамтамасыз етілуіне байланысты болып
келеді.
Егер бүгінгі соттарды 90-шы жылдардағы
соттармен салыстырсақ, айырмасы жер мен
көктей. Сөздің шыны керек, тәуелсіздіктің
алғашқы жылдары соттарға бұрынғы қалалық,
аудандық партия комитеттерінің ауқымды
ғимараттары берілді, бертін келе жаңа
сот ғимараттары салынды. Соңғы жылдары
жергілікті соттардың материалдық-техникалық
базасы деңгейі Сот әкімшілік етуі жөнінде
комитетінің құрыла бастауына қарағанда
едәуір көтерілді. Ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар қоғамның барлық қызмет
саласына енуде, Қазақстан Республикасы
да жедел дамып келе жатқан ел ретінде
ақпараттық технологияларды сот жүйесінде
кеңінен пайдаланады.
Қоғамның экономикалық, әлеуметтік, техникалық
дамуына сәйкесетін және әділ сотты жүргізу
сапасын арттыруды қамтамасыз ететін
мықты ақпараттық және технологиялық
тұғыр құру мақсатында 2005 жылы Қазақстан
Республикасының сот органдарының Бірыңғай
аналитикалық ақпараттық автоматтық жүйесін
(ЕАИАС) құру жөніндегі жұмыстар басталды.
Қазіргі уақытта сот жүйесінің бүкіл хат
алмасуы тек ЕАИАС бағдарламасы аясында
іске асады. Бұдан өзге, ЕАИАС аясында
сот шешімдерін тиімді де жедел шешу үшін,
сондай-ақ орындаушылық өндіріс бойынша
мониторинг жүргізу үшін орындаушылық
өндірістің автоматты есеп және бақылау
жүйесі құрылды.
Келесі ақпараттық жаңалық - сот ғимараттарында
ақпараттық киоскілерді және ақпараттық
веб-порталды сатылап ендіру болды, бұл
мүдделі тұлғаларға қажетті мәліметтерді
сот қызметкерлеріне тікелей бармай-ақ
алуға рұқсат етті. Тараптар ақпараттық
киоскілерді сеніммен пайдаланады, бұл
ақпараттың ашықтығын оңайлатты. Қазіргі
уақытта ақпараттық киоскалар республиканың
барлық көпқұрамды соттарында жұмыс істейді.
Өзекті сот істерінің қозғалысы, қарау
нәтижесі және сот актілері туралы ақпаратқа
қоғамның жедел қол жеткізуге деген талабы
өте жоғары. Осыдан соттарды ақпараттандырудың
маңыздылығы, барлық соттарда ақпараттық
жүйені енгізу қажеттілігі туындады, бұл
бір жағынан ұйымдастыру проблемаларын
шешуге, екінші жағынан азаматтарға ақпараттық
қызмет көрсету проблемасын жаңа деңгейге
көтеруге септігін тигізді.
Соттар қызметіндегі заңнамалық және
құқықтық ұйымдастыруды қамтамасыз ету
рөліне тоқталып өткен жөн.
Мәселен, 1995 жылы Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясы қабылданды, мұнда
конституциялық - құқықтық құрылыстың
халықаралық тәжірибесі барынша ескерілді.
1998 және 2007 жылдары Конституцияға өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді.
2000 жылы «Қазақстан Республикасының сот
жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Конституциялық заңы қабылданды, мұнда
сот жүйесін қалыптастырудың және Қазақстан
судъялары тәуелсіздігінің кепілдігін
қамтамасыз етудің негізгі қағидалары
нақтыланды. Сөйтіп, сот органдарының
құрылымы мен өкілеттігін, судъялардың
құқықтық мәртебесін реттейтін толыққанды
нормативтік-құқықтық негізі құрылды.
Конституция баптарын жүзеге асыру мақсатында
әділ сот жүргізуді реттейтін оннан астам
жаңа заңдар қабылданды, бұлар: Азаматтық
Кодекс, Азаматтық іс жүргізу Кодексі,
Қылмыстық Кодексі, Қылмыстық іс жүргізу
Кодексі, Кеден, Салық, Жер кодекстері,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
және т.б. заңдар. Бұлардың бәрі жаңа формациядағы
және жаңа міндеттері бар сот жүйесін
құруына елеулі ықпал етті. Жоғарыда атап
өткендей, Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылы 01 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеті құрылды,
ол жергілікті соттардың қызметін жан-жақты
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді
орындауға уәкілеттенген, соның нәтижесінде
сот төрағаларының өкілеттігінен соттарға
тән емес әкімшілік-шаруашылық қызметтер
алынып тасталды. Жоғары Сот жанынан Комитет
атынан арнайы құрылған органның пайда
болуы және оған Әділет министрлігінен
ұйымдастыру, материалдық-техникалық,
қаржымен, мамандармен қамтамасыз ету
қызметтерін беру сот органдарының атқарушы
билік тармағынан бөлінуін және тәуелсіз
сот билігі қалыптасуын білдіретінін
атап өткім келеді.
Бір сөзбен айтқанда, сот қызметін заңнамалық
және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз
ету сот жүйесінің дамуында және жетілдірілуінде
үлкен рөлге ие.
Ойымызды тұжырымдай келе, өткен жылдарда
Қазақстанда жоғары халықаралық стандарттарға
сай келетін қазіргі заманғы сот жүйесін
қалыптастыру жөнінде көп жұмыстар атқарылғандығы
сөзсіз. Қоғамдағы демократиялық өзгерістердің
қазіргі кезеңінде сот жүйесін реформалау
өзекті болып қала береді. Реформалаудың
басты міндеті - адамның конституциялық
құқығы мен еркіндігін, қоғам мен мемлекеттің
мүддесін нақты қорғау тетігін жасақтау
болуы тиіс. Сот жүйесінің жағдайын талдау
көрсеткендей, сот құрылымын ұйымдастыру,
сот өндірісі тәртібін жетілдіру, заңдардағы
қарама-қайшылықтарды жою және сот қызметіне
әкімшілік етуді оңтайландыру тұрғысынан
қарағанда сот жүйесін кешенді реформалау
қажет. Қазіргі уақытта-субъектік-заттай
белгілері бойынша соттылық шекарасын
анықтап, соттарды бұдан әрі мамандандыру
шараларын жалғастыру қажет екендігіне
күмән жоқ. Азаматтардың өз заңды құқықтары
мен мүдделерін қорғау үшін сотқа шағымдану
саны артқан сайын судъялардың шектен
тыс жүктемесі де артады. Сондықтан, сот
өндірісі тәртібін оңайлату мәселесі
бүгінгі күні өзекті болып отыр. Қазақстан
Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған
Құқықтық саясат тұжырымдамасында сот
жүйесін бұдан әрі дамытудың негізігі
бағыттары белгіленген, оның ішінде сот
тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де
жеке құқықтық дауларды тараптар арасында
татуластырудың сан алуан жолдары мен
тәсілдерін бекітуі қаралған.
Елбасымыздың «Ұлттық қауіпсіздігімізге
қауіп төндіріп отырған дерт» деп баға
берген сыбайлас жемқорлық мемлекеттік
маңызы бар мәселе. Конституциялық тәртіпті
қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында
тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат
жүргізу, мемлекетпен азаматтардың өмір
сүруінің барлық салаларында сыбайлас
жемқорлық пен оның көріністері деңгейін
төмендету, қоғамдық мемлекетке және институттарына
сенімін нығайта түсу бүгінгі күндегі
басты мақсат болып табылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
ішінде алғашқыларының бірі болып 1998 жылдың
2 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» заңын қабылдауы толық дәлел
бола алады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
алғаннан бері сыбайлас жемқорлықпен
күресті күшейтуге бағытталған бірқатар
заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар
атқарды.
Жоғарғы Сот басшылығына судьялар корпусындағы
сыбайлас жемқорлық көріністерімен ымырасыз
күресті жолға қою қажеттілігі, соттардың
беделін көтеруге бағытталған шараларды
алуға, судьялар тарапынан жіберілген
кез келген заң бұзушылық пен судья этикасының
бұзылуына қатаң көзқараспен қарап, судьялардың
жауапкершілігін арттыру қажеттілігіне,
соттағы істерді созбалаушылыққа салуды
жоюға қатаң шаралар алу жүктелді.
Сондықтан судьяларға қылмыстық, азаматтық,
әкімшілік істерді қарау барысында, әсіресе
ұйымдасқан қылмыс құрлымдарының басшылары
мен белсенді мүшелерінің, есірткі заттарды
өткізумен айналысатын адамдар мен қылмыстық
топ мүшелерінің қылмыстық жауапкершілігі
жөнінде сұрақты шешкенде, қаржылық-экономикалық
саладағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты
істерді, алдау-арбау, жалған банкрот жасау,
қаржыны шетелге заңсыз шығарумен байланысты
қылмыстық істерді қарауда кінәлі адамдарды
қатаң қылмыстық жауапкершілікке тарту
мәселелеріне аса назар аудару қажеттігін,
сонымен қатар, дағдарыс жағдайында азаматтардың
еңбек құқығын қорғау мақсатында заңсыз
жұмыстан босату, жұмысшылардың еңбекақыларын
уақытында төлемеу фактілері, азаматтардың
салымдары мен мүліктерін қорғау бойынша
қозғалған азаматтық істерді шешу барысында
азаматтардың конституциялық құқықтарының
қорғалуы қажетті.
Билік мәтебесі - кадрлар жауапкершілігінде
Осы тұрғыдан алғанда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес пен кадр саясатын бөле жара
қарастыруға болмайды. Олар өзара тығыз
байланысты, бір бірін толықтырып тұратын
мәселелер. Осы екі мақсатқа қатысты шараларды
жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызметшілердің
ар тазалығы мен біліктілік, іскерлік
қасиеттері айқындала түседі. Қазақстанның
2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз
күрес пен кәсіпқой мемлекетті қалыптастыруға
қабілетті кадрларды жалдау, даярлау және
жоғарылату жүйелерін жақсатру қоғамымызды
дамытудың басым бағыттары ретінде қарастырылып,
елімізде осы стратегиялық бағдарлама
табанды түрде жүзеге асырылып келеді.
Мемлекеттің ұзақ мерзімдік мақсатты
бағдарламасы қабылданғаннан кейін іле
шала әуелі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы», сосын «Мемлекеттік қызмет
туралы» заңдарының қабылданып, қолданысқа
енгізілуі осының айғағы. Мұнан кейін,
Елбасының «Мемлекеттік қызметшілердің
қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы»
Жарлығы шығып, мемлекеттік қызметшілердің
адамгершілік, моральдік этикалық бейнесінің
қалыпты нормасы бейнеленді. Бұл құқықтық
нормалар одан әрі дамытылып, 2005 жылғы
мамыр айында Елбасы жарлығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшілердің Ар намыс
кодексі қабылданды. Қоғамдағы құқықтық
қатынастардың дамуы барысында қолданыстағы
заңдар мен ережелерге ішінара өзгерістер
мен толықтырулардың енгізілуі заңдылық.
Тұтастай алғанда мемлекеттік қызметшілер
мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы
адамгершілік және іскерлік қарым қатынастардың
мемлекет белгілеген қалыпты нормаларының
жалпыға бірдей әдет ғұрып дәстүрлерін
орнықтырудағы маңызы зор болып отыр.
Елімізде мемлекеттік билік құрылымдары
дамып, құқықтық қатынастар жетіле түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі
жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес пен мемлекеттік қызметтің кадр
саясатына айрықша көңіл бөлініп келеді.
Бұл мәселе Елбасының биылғы Жолдауында
да көрініс тапты. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі шараларды жетілдіру,
сыбайластық көріністеріне қарсы бағытталған
іс шараларды орындау, сондай ақ, мемлекеттік
органдардағы лауазымды адамдардың сыбайлас
жемқолыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды
сақтаудағы жауапкершілігін арттыру мақсатында
Мемлекет басшысы 2005 жылғы 14 сәуірде «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі
тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі
шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, Жоғарғы
Сот төрағасының тапсырмасымен облыстық
және оған теңестірілген соттарда осы
мәселелер бойынша кеңейтілген кеңестер
өткізілді. Оған әзірлік және өткізу барысында
бірқатар өзекті мәселелердің беті ашылды.
Соттардың заң шығарушылық және сот төрелігін
атқару барысында қолданыстағы заңдарға
баға берушілік мүмкіндіктері пайдаланылмай
отыр. Сот қолданыстағы нормативтік құқықтық
актілердің кемшілікткрі салдарынан мемлекеттік
органдарда сыбайластыққа жол беретін
жағдайлардың бар екендігін де көрсетіп
берді. Халқымызда «Бір қарын майды бір
құмалақ шірітеді» деген даналық сөз бар.
Кейде жекелеген өрескел әрекеттер мөп
мөлдір тұнығыңды шайындыға айналдырып,
таудай жетістігіңді тарыдай шашуға, қөлдей
табысыңды шөлдей кептіріп, мысқылдап
жиған абыройды шеңгелдеп төгуге жарайды.
Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесі елеулі
табыстарға қол жеткізді. Соттардың қоғам
алдындағы беделі мен мәртебесі сөзсіз
артты, және артуда. Сот құқықтық реформасы
дұрыс қарқынмен жүзеге асырылып келеді.
Солай бола тұрғанымен сот жүйесінің алға
арындаған екпінін тұсаулап, тежейтін
де жағдайлар бар. Ең сұмдығы қолына берілген
билікті теріс мақсатқа пайдаланып, еліміздің
тұтастай билік мәртебесіне нұқсан келтіретін
кадрлардың арамызда әлі де болса кездесетіндігі.
Соңғы кездері кейбір облыстардағы жекелеген
судьялардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы
әрекеттері сот жүйесінде қол жеткен жетістіктерді
аяқасты етіп, жұртшылық пен басқа билік
органдары өкілдерінің сотқа сенімсіздікпен
жасауына ілік болды. Судьялардың әлеуметтік
және құқықтық жағдайы жылдан жылға жақсарып
келеді, аталған мәселе облыстық сот төрағасының
назарынан қалған емес. Сол себепті де
қоғам судьялардан тиісінше қайтарым,
тазалық, өз ісіне адалдық күтуге толықтай
құқылы. Бізде өзін жағымсыз жақтарынан
көрсетіп, жүйеге кір келтірген судьяларды
тиісті тәртіпке салатын немесе ондайлардан
мүлдем арылуға мүмкіндік беретін тетіктер
жеткілікті. Судьялар этикасы жөніндегі
комиссия мен судьялардың тәртіптілік
біліктілік алқалары тиісінше өз деңгейде
жұмыс істеуде. Соңғы кездері азаматтардан
сотқа келіп жатқан арыздар - талап арыздар,
өтініш - тілектер саны өсе түскендігі
байқалады. Яғни, жылдан жылға сотқа арыздар
санының көбейе бастуынан халықтың бұл
құрылымдарға сенімінің өсе түскендігін
байқаймыз. Алдағы уақытта, судьялықтан
үміткерлерді іріктеу кезіндегі талапты
айтарлықтай қатаңдандырып, біліктілік
емтихандарын тапсырып, біздің облысымызда
судья болғысы келетін үміткерлер туралы
жұртшылықтың пікірін білу үшін олардың
тізімі де жергілікті бұқаралық құралдарында
хабарланып тұруы дұрыс деп есептейміз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев судьялар лауазымына
үміткерді іріктеуге, судьялардың кәсіби
біліктілігін арттыруға қатысты мәселелерді
жетілдіруді және олардың билікті теріс
мақсатқа пайдаланып, сот билігінің беделін
түсіретін басқа да әрекеттеріне жауапкершіліктерін
арыттырудың, судья кадрларының кәсіби
даярлығын, іріктеу жүйесін жақсартып,
судьялардың адамгершілік және этикалық
келбетіне талапты күшейтудің қажеттілігіне
аса назар аударуда. Судьялар қауымдастығының
соттардың моральдық этикалық нормаларды
сақтауға қатысты мәселелердегі рөлі
мен маңызын арттырып, судьялар этикасы
жөніндегі комиссиялар мен судьялардың
тәртіптілік біліктілік алқаларының судьялар
қатарын сот төрелігін атқаруға лайықсыз
тұлғалардан арылту жөніндегі қызметтерін
күшейту міндеттелуі тиіс деп есептейміз.
Жергілікті соттарға жұртшылықпен және
қала (аудан) активтерімен кездескен кездерде
оларды сот жұмысынан, соттың кадрларды
таңдау бағытындағы жұмыстарынан хабардар
ету мәселесін тәжірибеге енгізуді қажет
деп есептейміз. Судьялар мен судьялыққа
кандидаттардың жеке басының қасиеттері
мен күнделікті тұрмыста өздерін қалай
ұстайтындықтары туралы пікірлерді біліп,
тағылымдамадан өтіп жатқан судьялықтан
үміткерлерге жалпы отырыста ұсыныс жасау
тәжірибеге енген. Жалпы, халық алдында
соттардың өндірісінде көп уақыт бойы
жатып қалған азаматтық істердің көптігіне,
қалалық соттың жекелеген судьяларының
жұмыс әдістері мен кәсіби даярлық деңгейлері
елеулі алаңдаушылық туғызатындығына
естен шығармауымыз қажет. Жекелеген судьялар
тарапынан түскен талап арыздарды негізсіз
кері қайтару немесе қозғалыссыз қалдыру,
қараусыз қалдыру, істі тоқтатып қою, сондай
ақ, істі сырттай өндіріс тәтрібімен қараған
кезде заң бұзушылық фактілері әліде болса
орын алуда. Мұндай бұрмалаушылық фактілеріне
кінәлі лауазым иелерінің жауапкершілігі
мәселелерін талқылап, ұсыныс енгізу,
қажет болған жағдайда олардың атқаратын
қызметіне сәйкестілігі жөніндегі мәселе
қойып, кемшіліктерді жоюдың және Атырау
қалалық соты судьяларының кәсіби дайындығының
деңгейі мен жауапкершіліктерін жақсартудың
шараларын алуды көзделген шаралар алынуда.
Сот алқаларының жекелеген судьяларының
қылмыстық және азаматтық істерді үстірт
қарап, толық зерттемеу жағдайларының
орын аағандығына назар аударылып, олардың
аудандық, қалалық соттардың сот актілерінің
бұзылуы, өзгертілуі жөніндегі мәселелерді
шешкен кездегі ұстанымдарының беріктігін
қадағалауға үнемі мән беріледі. Жергілікті
соттар сот төрелігін атқарудың жағдайларын
жедел кеңестерде талқылап, жұмыста орын
алған кемшіліктер мен олқылықтарды жою,
мемлекеттік тәртіп пен судья этикасы
нормаларын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде
нақты шаралар қабылдауға тиіс. Талап
та, тәртіпте өте қатаң. Ендігі жерде қалалық,
аудандық соттардың төрағасы немесе облыстық
соттың судьясы жасаған сыбайлас жемқорлық
сипатындағы құқық бұзушылық үшін сұраныс
облыстық сотқа, ал аудандық және оған
теңестірілген соттың судьясының және
мамандарының осындай әрекеттері үшін
сол сотқа жүктеліп отыр. Өйткені, кадрлардың
жан байлығы мен адамгершілігі және қоғам
алдындағы жауапкершілігі мемлекеттік
билік мәртебесінің негізгі өлшемі болып
табылатындығы сөзсіз.
Қорытынды:
«Қазақстан Республикасында
ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -20050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа жолдауында сот жүйесінің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі шаралардың орындалуы сот жүйесін одан әрі жетілдіру тұрғысында тигізетін септігінің мардымсыздығына сөзсіз күмәніміз жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: