Кіші ғылыми жоба

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 14:23, реферат

Краткое описание

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында мынадай міндеттерді шешу яғни, компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиалық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру керектігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында

Прикрепленные файлы: 1 файл

9сынып коз.pptx

— 1.87 Мб (Скачать документ)

Кіші  ғылыми жоба 

Тақырыбы: 

«Көз-оптикалық  жүйе. Көз кемістігі» 

    • Жұмыстың ғылыми жаңалығы
    • Оқушылардың көз кемістігіне ұшырауы-мектеп жасынан басталатындығы анықталды;
    • Көз ауруларының санының, түрлерінің көптігі анықталды;
    • Оқушылардың жылдан-жылға көз ауруларының өсуі туралы графиктік мәліметтер

 

Мақсаты:

Физикалық тұрғыдан көз аурулары мен көз кемістіктерін  анықтау;

№6 ЖОМ оқушыларын пайдалана отырып мектеп жасындағы  балалардың  көз көруінің нашарлауын, ауруларының себебін зерттеу;

График;

Көз ауруларын  болдырмаудың жолдарын анықтау;

 

 

Міндеттері:

Көзге байланысты ғылыми әдебиеттерді зерделеу;

Оқушылардың көздерінің жақсы-нашар көруі жайында анықтамалар  жинақтау (медициналық анықтамалар, тест арқылы сараптама жүргізу);

Көз жанарының  жақсаруы жайында мәліметтер жинақтау;

    • Жоспар 
    • Кіріспе
    • I   тарау
    • Көз жайлы мағлұмат
    • 1.1 Көздің құрылымы
    • 1.2 Көз аурулары жайлы ақпарат
    • I I  тарау
    • №6 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларының көздерінің көруі жайлы мәлімет
    • 2.1 Оқушылар арасында кездесетін көз аурулары
    • 2.2 Оқушылардың көз ауруларына шалдыққан себептері
    • 2.3 Көз ауруларын мүмкіндігінше болдырмаудың жолдары
    • I I I  тарау
    • Көзді емдеу жолдары
    • 3.1  Емдейтін халықтық дәрі –дәрмектер
    • 3.2  Көз жаттығулары
    • Қорытынды
    • Пайдаланылған әдебиеттер

 

    • Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
    • Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған. Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады.

 

Көздің  құрылысы

    • Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.
    • Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
    • Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.
    • Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен — шыны тәрізді денемен толған.
    • Аталған төрт орта – қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене – оптикалық күші D = 58,5 дптр ( F=17,2 мм) болатын линзаға ұқсас оптикалық жүйе құрайды. Ол күрделі объективтің ролін атқарады.
    • 1896 жылы американ психологы Джонн Стреттон мынадай тәжірибе жасады:
    • Ол бейнелерді, нәрселерді төңкерілген күйде емес, көздің қөру қабығына тікелей түсіретін арнайы көзілдірікті бірнеше күн тағып жүрді. Алғашқы бірінші  күндері ғалымның басы айналып,өзін қолайсыз сезініп басқа дене иүшелерімен байланыс нашарлай түскендігін анықтайды. Тек 5 күні ғана оның денсаулығы жақсара бастап, ол әлемді көзілдірікті тақпас бұрын, яғни бастапқы күйдегідей сезінді де қалыпты күндегідей өмір сүре бастады. Тағы 5 күннен кейін ол көзілдірігін шешкен кезде, жағдайы  алғашқы бірінші күндері оның денсаулығы тағы да нашарлап, өзін қолайсыз сезіне бастады. Тек 1,5 сағаттан кейін ғана ол өзінің бастапқы күйіне түсін қалыпты өмір сүреді.

 

 

Джонн Стреттонның эксперименті

      

 

Көз аурулары

 

Конъюктивит

 

Жақыннан көргіштік (миопия)

 

 

 

Алыстан көргіштік (гиперметропия)

 

 

 

Катаракта

 

Астигматтық

 

 

Дальтонизм

 

 

Дальтонизм

 

 

Қыли

 

Дальтонизм

 

                                        Астигматтық

 

Астигматтық (грек. а — сыз, сіз, емес қосымшасы және stіgm( — нүкте) — оптикалық жүйе аберраттануының бір түрі. Медицинада — көздің мүйіз қабығына, кейде қарашыққа сәуле жарығының бірдей таралмауынан көру сезімінің нашарлауы. Астигматтық кезінде әр түрлі рефракция не болмаса әр дәрежедегі бір рефракция көздің мүйіз қабығында бір-біріне қосарланып тұрады (мысалы, алыстан көрмеушілік пен алыстан көргіштік)

Астигматтың туа біткен және жүре пайда болған түрлері бар. Туа біткен өзгеріске аса көп ұшырамайды.

Бірақ тұқым қуалауы мүмкін. Жүре пайда болған жарақаттан, көзге жасалған операция, қабыну т.б. салдарынан болады. Астигматтық  жағдайында бейнені нақты көру қиын. Көру қабілетін арттыру үшін көзде пайда болған дерттерді уақытында емдету қажет. Астигматы бар адамдар затты анық көру үшін цилиндрлік линзалы көзілдірік немесе түйіспе линза қолдану керек.

                                       

 

Жакыннан көргіштікте көз алмасы үзарып, көз бүршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады. Сондыктан жақыннан көргіш адам алыстағы нөрсені нашар кереді. Жакыннан көргіш адамдарда нөрсенің анык кескіні торламаның алдында болады, ал торламада кескін анық емес. Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін—ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің анық кескінін торламаға жылжытады. Мұндай линзалардың оптикалык күшінің алдына минус (теріс) таң-басы койылады: -0,5 дптр; -1,5 дптр жөне т.б.

 

 

Жақыннан көргіштік (миопия)

                                       

 

Алыстан көргіштік— көз жанарының нашарлауы, заттардың түрсипатының бұлдырап көрінуі (әсіресе жақыниан). Алыстан көргіштік туа бітеді және жүре келе пайда болады. Балалардың барлығы дерлік алыстан көргіш болып туады, алайда өсіп-жетілу процесінде алыстан көргіштіктің дәрежесі біртіндеп төмендеп, шамамен 10 жасқа келгенде көпшілігінің көруі қалыпқа түседі. Әлсіз немесе орта дәрежедегі алыстан көргіштік (3 диоптрийге дейін) әдетте қалыпты болып есептеледі, сондықтан оны арнаулы көзәйнекпен түзетудің қажеті жоқ. Алыстан көргіштіктің аса жоғары дәрежесінде кейде (5 диоптрийден жоғары) айқын көру бұзылады және тіпті көзәйнек кигеннің өзінде де нормаға жетпейді. Егер адам көзәйнек кимесе, алыстан көргіштік жағдайында оның көзі тез шаршайды, басы айналып, маңдайы мен көзінің маңайы зеңіп ауырады, көз қысымының артқаны сезіледі, оқыған кезде әріптер бұлдырай бастайды.Жұмыста үзіліс жасау бұл құбылыстарды уақытша жонды, бірақ ол кейіннен қайта пайда болады. Мектеп оқушыларының басы қатты ауырған кезде дәрігерге көрінуі керек, ал алыстан көргіштік байқалған жағдайда балалар көзәйнек киюге тиіс. Кейде балалардың алыстан көргіштігі кезінде көздің қылиланып кетуі де мүмкін

.

 

Алыстан көргіштік (гиперметропия )

Алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық көз ауруларымен ауыратындар шамамен осылай көреді

Катаракта

 

 

(гр. katarrhaktes – сарқырама) – көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы. Салдары

Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан, тағы басқа) байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда болатын түрлері бар.

Белгілері

Морфологиялық белгілері мен орналасуына қарай: алдыңғы үйектік Катаракта, артқы үйектік Катаракта, ұршық тәрізді Катаракта, қатпарлық Катаракта түрлері ажыратылады. Жүре пайда болған Катаракта кезінде көз бұршағының айналасында боз дақ пайда болып, бірте-бірте көз бұршағын толықтай жабады. Көздің көру жітілігі төмендейді. Көз бұршағының қарауытуы қарашықтың тұсында басталса, көру жітілігінің төмендеуі ерте пайда болады. Ал егер қарауыту көз бұршағының шет жағында пайда болса, көздің көру жітілігі ұзақ сақталады.

Конъюктивит

 

      Конъюктивит — (лат. conjunctіvus – жалғастыратын), көздің дәнекер қабығының қабынуы – қабақтың ішкі үстіңгі жағын және көз қарашығының алдыңғы бөлігін жауып тұратын шырышты қабықтың қабынуы.

Конъюктивит көз қарашығының қызаруы, шырышты немесе шырышты-іріңді заттардың бөлінуі, жас ағуы,жарықты ұнатпау, көздің түйіліп ауыруы сияқты белгілерден білінеді. Конъюктивиттің асқынған және созылмалы түрлері бар. Асқынған Конъюктивит, әдетте, ауру тудыратын микробтардан (кейде дифтерияның немесе соз ауруының қоздырғыштары арқылы) және вирустардан пайда болып, тез өршиді; іріңді заттар бөлінеді,ұйықтағанда кірпікті бір-біріне жабыстырып тастайды. Шырышты қабыққа кейде аздаған қан құйылуы мүмкін.

 Әдетте, екі көз де зақымданады. Ауру орта есеппен 2 – 4 аптаға созылады.' Инфекция көзге кір, лас орамал, сүлгі арқылы түседі. Асқынған Конъюктивитпен ауырған баланы дер кезінде оқшауламаса, мектептерде, балалар бақшаларында жұқтыруы ықтимал. Асқынған жұқпалы Конъюктивитті емдеудің тиімді құралы бактерияларғақарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер болып табылады. Көзге таңғыш байлауға болмайды, өйткені

бұл микробтардың тіршілігіне және көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Созылмалы Конъюктивит

 неғұрлым ұзақ және баяу өтуімен ерекшеленеді. Аурудың пайда болуына нашар желдетілетін үйлердегітозаң мен түтін, сондай-ақ, организмнің кейбір жалпы аурулары, тамақтану тәртібінің бұзылуы ықпал етеді.

Созылмалы Конъюктивит дәрігер тағайындаған көзәйнекті пайдаланбаудан да болады.

Катаракта

 

 

(гр. katarrhaktes – сарқырама) – көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы. Салдары

Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан, тағы басқа) байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда болатын түрлері бар.

Белгілері

Морфологиялық белгілері мен орналасуына қарай: алдыңғы үйектік Катаракта, артқы үйектік Катаракта, ұршық тәрізді Катаракта, қатпарлық Катаракта түрлері ажыратылады. Жүре пайда болған Катаракта кезінде көз бұршағының айналасында боз дақ пайда болып, бірте-бірте көз бұршағын толықтай жабады. Көздің көру жітілігі төмендейді. Көз бұршағының қарауытуы қарашықтың тұсында басталса, көру жітілігінің төмендеуі ерте пайда болады. Ал егер қарауыту көз бұршағының шет жағында пайда болса, көздің көру жітілігі ұзақ сақталады.

Дальтонизм

 

 

 

 

Қалыпты көз                                         Дальтоник көз

Дальтонизм - көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаушылық.

Түсті бірқалыпты сезетін адам негізгі үш түсті (қызыл, жасыл және көк) қабылдай алады.

Дальтонизмге шалдыққан адамның қызыл және жасыл түстерді сезінуі төмендейді немесе мүлде

 жойылады, соның салдарынан айналадағы әлемнің түрлі-түсті көріністерін теріс қабылдайды.

 Көк түске сезімталдықтың кемуі өте сирек байқалады. Түсті мүлде айыра алмаушылықты түс

танымау деп атайды; мұндайда айналадағы барлық заттар қара-ақ реңді болып қабылданады.

Дальтонизм туа біткен және жүре біткен болып бөлінеді. Туа біткен дальтонизм ерлерде тұқым

қуалайды. Жүре біткен дальтонизм көздің немесе орталық жүйке жүйесінің ауруға шалдығуынан

болады, сондықтан түсті ажырата алмау белгісі байқалған жағдайда дереу көз дәрігеріне

 қаралған жөн. Дальтонизмде тағы бір ескеретін жайт: түс айыру кемістік ұзақ уақыт бойына сол

 ауру адамның өзіне де, оның маңайындағыларға да байқалмауы мүмкін. Дальтонизмге

 шалдыңқап адамдарда бірте-бірте түстің ашықтығына қарай ажырата білу қабілеті пайда болады.

Адамдардың түсті айыра білуін тексеріп отырудың практикалық, әсіресе кәсіптік

 тұрғыдан айрықша маңызы бар. Өйткені түсті дұрыс айыра білмеу. бақытсыз жағдайға

ұшыратуы мүмкін

 

Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы; екі көздің

көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі.

Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы;

екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі.

Информация о работе Кіші ғылыми жоба