Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 17:59, реферат
Кеуде торы – бұл онда орналасқан мүшелерді қорғайтын және тынысалу, қан айналым және қан түзуге қатысатын дененің жоғарғы жағының сүйектік- бұлшықеттік негізі. Сондықтан кеуде торының формасының өзгерістері міндетті түрде онда орналасқан барлық ағзалар мен тіндердің бұзылысына әкеледі.
Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Адамның кеуде қуысының анатомиясы
Қалыпты кеуде қуысының пішіндері
Патологиялық кеуде қуысының пішіндері
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
Реферат
Тақырыбы: Көкірек клеткасының пішінін анықтау Адамның көкірек қуысының пішіндері
Жоспар
Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Адамның кеуде қуысының анатомиясы
Қалыпты кеуде қуысының пішіндері
Патологиялық кеуде қуысының пішіндері
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кеуде торы – бұл онда орналасқан мүшелерді қорғайтын және тынысалу, қан айналым және қан түзуге қатысатын дененің жоғарғы жағының сүйектік- бұлшықеттік негізі. Сондықтан кеуде торының формасының өзгерістері міндетті түрде онда орналасқан барлық ағзалар мен тіндердің бұзылысына әкеледі.
Негізгі бөлім:
Кеуде қуысы compages thoracis кеуде омыртқаларынан, төссүйектен, кеуде қабырғаларынан құралған, жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде және адамда иық белдеуінің мықты тірегі және тынысалу қимылдарында қабырғааралық бұлшықеттерді қолдануға мүмкіндік беретін құрылым болып табылады. Адамда кеуде қуысы басы қиылған алдынан артқы бағытта сығылған конус тәріздес. Кеуде қуысының бүйір бетін қабырғааралықтармен бөлінген 12 жұп қабырғалар, алдыңғы бетін төссүйек пен қабырғалардың соңы, ал артқы беті ортасында омыртқалармен шектеседі. Жоғарыда кеуде қуысы тесілген жер- жоғарғы апертура, оның шекарасы оң және сол жақтық бірінші қабырғалар, бірінші кеуде омыртқасы және төссүйектің тұтқасы болып табылады. Төменгі жағында кеуде қуысы диафрагма арқылы іштен бөлінеді.
Кеуде омыртқалары- vertebrae thoracis
Қабырғалармен буындасады, сондықтан олар қабырға бастарымен буындасатын және әрбір омыртқаның денесінде доға негізіне жақын жататын қабырға шұңқырларының болуымен ерекшелінеді. Әдетте қабырғалар екі көршілес омыртқалармен буындасатындықтан, кеуде омыртқалары денелерінің көбінде екі жартылай шұңқырлары болады: біреуі- омыртқаның жоғарғы, екіншісі-төменгі жиегінде. І кеуде омыртқасы бұл ережеге бағынбайды, оның жоғарғы жиегінде І қабырға үшін толық буын шұңқыры, ал төменгі жиегінде ІІ қабырға үшін жартылай буын шұңқыры болады. Одан кейін Х омыртқада Х қабырға үшін тек бір ғана жоғарғы жарты буын шұңқыры, ал ХІ және ХІІ омыртқаларда сәйкес қабырғалармен буындасу үшін бір-бірден толық шұңқыр болады.
Қабырғалар- costae
Дененің оң және сол бөлігінде 12 қабырғадан болады. Олардың барлығының артқы шеттері кеуде омыртқаларының денелерімен қосылады. Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы шеттерімен тікелей төспен қосылады. Бұлар- нағыз қабырғалар. Өздерінің шеміршектері арқылы төске емес, алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылатын келесі үш қабырға сүбе немесе жалған қабырғалар деп аталады. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы шеттері бос жатады, бұлар қозғалмалы қабырғалар.
Төссүйек–sternum
Пішіні жағынан қанжарға ұқсайтын төссүйек үш бөліктен тұрады: жоғарғы бөлігі– тұтқасы, ортаңғы бөлігі –денесі және төменгі бөлігі- семсертәрізді өсінді. Саптың жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі орналасады; оның бүйірлерінде әрбір жағында біреуден бұғана тілігі болады, олар бұғананың төстік шетімен буындасады. Тұтқаның төменгі жиегі дененің жоғарғы жиегі өзара алға қарай шығыңқы төс бұрышы деп аталады. Төс денесінің жиегінде қабырғалық тіліктер жатады, олар екінші қабырғадан бастап шеміршекпен буындасады.
2. Қалыпты кеуде қуысының пішіндері
Адамның конституциясына байланысты
Астеникалық
Нормостеникалық
Гиперстеникалық түрлерді ажыратады.
Астеникалық кеуде қуысы
Жалпақ, жіңішке, ұзарған, алдыңғы- артқы және бүйірлі өлшемдері кішірейген. Онда бұғанаүстілік және астылық шұңқырлар анық көрінеді, қабырғааралықтары бір- бірінен алыс орналасқан, бүйір жақтарынан қабырғалары көбірек вертикальді бағытталған, іш үстілік бұрыш 90 градустан кіші. Иықтары төмен түскен, иық белдеуінің бұлшықеттері жақсы дамымаған, жауырындары арқаларынан қалып қояды.
Нормостеникалық немесе конус тәрізді
Негізі жоғары қаратылған ұшы кесілген конус тәрізді болып келеді. Оның алдыңғы-артқы диаметрі бүйірлісіне қарағанда аз, бұғанаүстілік және астылық шұңқырлары қатты көрінбейді, бүйір жақтарынан қабырғалар аздап қиғаш бағытталған, қабырғааралықтары қатты білінбейді, иықтары мойынға тік бұрыш жасап орналасқан, жауырындарының контурлары аздап білінеді. Іш үстілік бұрыш – қабырға доғалары арасындағы 90 градус.
Гиперстеникалық кеуде қуысы
Жалпақ, цилиндр тәріздес. Оның алдыңғы- артқы өлшемі бүйірлі өлшемімен бірдей, ал диаметрінің абсолютті көрсеткіштері нормостеникалық кеуде клеткасынан үлкен болады. Бұғанаүстілік және астылық шұңқырлары аздап білінеді немесе мүлдем көрінбейді, иықтары тік, үлкен. Қабырғааралықтары тар, аздап білінеді, бүйір жақтарынан қабырғалары көбірек көлденең орналасады, іш үстілік бұрыш – доғал, жауырындары кеуде қуысына жанасып тұрады, бұлшықеттері жақсы дамыған.
3.Патологиялық кеуде қуысының
пішііндері
Өкпенің немесе плевраның патологиялық өзгерістерінде немесе кеуде қуысының өзінің алғашқы өзгерістерінен оның қалыпты пішіні өзгеруі мүмкін:
Эмфизематозды кеуде қуысы
Гиперстеникалық кеуде қуысының көрінісімен бірдей, бірақ одан жоғары өлшемдермен білінеді. Оның алдыңғы- артқы өлшемі үлкен, бұғанаүстілік шұңқырлары шығып тұрады, қабырғалары көлденең бағытталған. Мұндай кеуде қуысы өкпенің созылмалы эмфиземасымен ауыратын адамдарда кездеседі. Тыныс шығару кезінде өкпе аздап сығылады да, кеуде клеткасының тыныстық экскурсиясы төмендейді. Егер өкпедегі созылмалы процесс жиі, қатты жөтелмен жүрсе, онда ауа өкпенің жоғары бөліктеріне көп кетеді де, кеуде қуысының жөғарғы бөлігі қатты кеңейіп, бөшке тәрізді болады.
Паралитикалық кеуде қуысы
Астеникалық кеуде қуысының көрінісімен бірдей, бірақ одан жоғары өлшемдермен білінеді. Ол көбінесе өкпенің бүрісуіне және жалпы массасының төмендеуіне алып келетін фиброзды тін пайда болуымен жүретін өкпенің және плевраның ауруларымен ауыратын адамдарда кездеседі. Астеникалық кеуде қуысынан айырмашылығы паралитикалық кеуде қуысы ассиметриялы болып келеді, онда қабырға аралықтарының түсуі, бұғанаүстілік және астылық шұңқырлар бірдей емес. Тыныс алу кезінде жауырындары асинхронды қозғалады.
Рахитикалық кеуде қуысы
Балалық шағынды рахитпен ауырған адамдарда кездеседі. Оның алдыңғы- артқы өлшемдері ұзарған,ал төссүйегі алға шығып тұрады, алдыңғы – бүйір беттері ішке кіріп кеткендей және төссүйекпен сүйір бұрыш жасап қосылады. Сонымен қатар кеуде қуысының төменгі бөлігінің диафрагмаға бекінер жерінде кіріп кеткендей болады. Мұндай кеуде қуысының көлденең кесіндісі жоғарғы бұрышы төссүек болып табылатын үшбұрышқа ұқсайды.
Құйғыш тәрізді кеуде қуысы
Төссүйектің семсер тәрізді өсіндісі мен төменгі бөлігінде аймағында құйғыш тәрізді ойыс болып келеді. Бұрын мұндай кеуде торының деформациясы көбінесе етікшілерде кездескен соң, оны етікші кеудесі деп те атайды. Көп жағдайда бұл деформацияның себебін анықтау мүмкін емес.
Қайық тәрізді кеуде қуысы
Төссүйектің жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде қайық тәрізді ойыс болғандықтан осылай аталады. Кей жағдайларды мұндай кеуде торының пішіні сирингомиелия деген атпен белгілі жұлын ауруымен ауыратын науқастарда кездеседі
Кифосколиотикалық кеуде қуысы
Омыртқа бағанының патологиялық процестердің әсерінен қисаюынан болады, мысалға омыртқа туберкулезінде, ревматоидты артритте.
Қорытынды
Тек қана туғаннан ғана емес, адамның тіршілік қалпы мен мамандығына да байланысты кеуде торының қалпы өзгерістерге ұшырайды. Бұл адамның денесінің сыртқы пішініне ғана емес, оның психологиялық статусына да әсер етеді. Сондықтан кеуде торының деформациясын дұрыстау және осыған байланысты тыныс алу мен жүрек – қантамыр жұмысын жақсарту, косметикалық дефектті жою үшін көптеген әр түрлі хирургиялық емдеу тәсілдері ойлап табылып, науқас адамның жасалған емнен кейінгі жағдайына көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар кеуде торы деформациясының ондағы орналасқан ағзалардың патологияларын анықтауда, диагностикалауда,емдеуде атқаратын ролі үлкен
Қолданылған әдебиеттер:
“Адам анатомиясы” Рақышев А. Алматы, 2004ж
ttp://www.google.ru/imgres?
www.meduniver.com
Информация о работе Көкірек клеткасының пішінін анықтау Адамның көкірек қуысының пішіндері