Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 17:22, реферат
Сыртқы және ішкі жыныс мүшелері.
Әйел жыныс мүшелерінің негізгі екі аналық безден, жатырдан және жатыр түтікшелерінен, қынаптан, сыртқы жыныс мүшелерінен, емшек бездерінен тұрады.
Әйел жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді
Әйел адамның жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы.
Сыртқы және ішкі жыныс мүшелері.
Әйел жыныс мүшелерінің негізгі екі аналық безден, жатырдан және жатыр түтікшелерінен, қынаптан, сыртқы жыныс мүшелерінен, емшек бездерінен тұрады.
Әйел жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді
а.Аналық
бездің қызметі – герминативті(
ә.Жатыр түтікшелері – ұрықты жатыр қуысына жылжытады
б.Жатырдың негізгі қызметі – ұрықты дамытып, жүктілікті көтеру.
в.Жатыр мойны өзегі, қынап – босану жолдары
г.Емшек бездерінің қызметі – сәбиді емізу.
І.Сыртқы жыныс мүшелері; қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері, шүрті, қынап сағасы, аралық.
1. Қасаға немесе қасаға төмпешігі – үшбұрышты құрсақтың төменгі, алдыңғы бөлігінде орналасқан түкті бөлік.
2. Үлкен жыныс ернеуі қасағаның төменгі жағына қатарлас орналасқан екі тері қатпары. Үлкен жыныс ернеулерінде Бартолин бездері мен тамырлары, нерв жүйелері бар. Бұл бездерден қынапы үнемі дымқылдандырып тұратын сұйық зат бөлініп тұрады.
3. Кіше жыныс ернеуі үлкен жыныс ернеуінің ішкі жағында орналасқан. Оның алдыңғы шеті екі бөлікті аяқша болып бітеді. Кіші жыныс ернеуінің алдыңғы аяқшалары шүрті үстінде қосылап, оның шеткі жағын, ал артқы аяқшалары шүрті астында қосылап, оның шүрті үзбесін жасайды.
4. Шүрті қасағаның төменгі жиегінде орналасқан, оның аяқшалары өзара бірігіп, шүртекейдің дөңгелек пішінді денесін құрайды.
5. Қынап сағасы алдыңғы жағынан шүртімен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен, жақтаудың ішкі жағынан кіші жыныс ернеулерімен қоршалған кеңестік, қынап сағасының түбін қыздық құрайды.
6. Аралық тері, шандыр және бұлшық еттен тұрады, ол үлкен жыныс ернеуінің артқы жабысқан жері мен құйымшақ арасында. Аралықтың шандыры мен бұлшық еттері жамбас түбін құрайды.
Акушерлік тәжірибеде алдыңғы аралықтың маңызы зор, босану кезеңінде бұлшықеттер созылып, жартылуы мүмкін.
ІІ. Ішкі жыныс мүшелері; қынап, жатыр және жатырдың қосалқы бөліктері(жатыр түтікшелері, аналық бездер)
1.Қынап созылмалы түтікше мүше, ұзындығы 7-8см. Қынапты кіреберіс жазықтығынан қынап күмбезіне дейін.Қынап қабырғалары үш қабаттан тұрады.
Шырышты,бұлшық ет және адвентициалды
2.Жатыр алмұрт тәрізді,қозғалмалы мүше,салмағы 50г, ұзындығы 8см,ені 5см,қабырғасының қалындығы 1-2см. Жатырдың жоғарғы кең бөлігі – жатыр денесі, жатыр түбі,жатыр түтіктерінің бастапқы жері.
Төменгі тар бөлігі – жатыр мойны, жатыр денесі мен мойнының аралығындағы жіңішке қылтa – 1см-ге тең. Жүктіліктің соңғы айларында жатыр қылтасынан жатырдың төменгі сегменті пайда болады. Жатыр әдеттегі жағдайда жамбас қуысының тура ортасында, мүйіс пен қасаға сүйегінен бірдей қашықтықта орналасқан. Жатыр денесі алға қарай еңкейіп, дене осімен, жатыр мойны алға қарай ашылған доғал бұрыш құрайды
а) Жатыр денесі үш қабаттан тұрады: ішкі –шырышты қабаты, бір қабатты цилиндрлі эпителиймен жабылған. Жүктілік кезінде эндометрий децидуалды қабықшаға айналады. Етті қабаты ең күрделі қабаттың бірі қан тамырларымен жақсы қамтамасыз етілген. Сір қабаты – сыртқы ең жіңішке қабаты.
ә) Жатыр мойны. Жатырдың мойын бөлігі қынап пен жатыр денесінің арасында орналасқан ұзындығы 3-4см. Мойынның жіңішке қуыс түтігі мойын өзегі деп аталады.
б) Жатырдың иннервациясы. Жатыр иннервациясы сегізкөз түйіндісінің тармақтарынан басталады. Жатырдың барлық бөліктері вегетативті иннервацияланған.
3.Жатыр түтіктері
Жатыр
түбінен жоғары екі жаққа
а)интерстициалды
ә)қылта бөлігі
б)салпыншақ бөлігі
в)оймыш бөлігі
Жатыр түтігінің қабырғасы: ішкі – шырышты қабық(түкті эпителиймен қапталған, осы эпителий түтікке түскен ұрықтың жылжуына, жатыр қуысына түсуіне әсер етеді). Ортаңғы – бұлшық ет қабығы, сыртқы – сір қабығы.
Аналық без. Әйел жыныс безі, жұп ағза, ішкі секреция бездері деп аталады (эстроген, прогестерон гормондары түзіледі)
Аналық
бездің пішіні овоид тәрізді,
ұзындығы 3см, ені 2см, қалындығы 5
– 8г. Аналық без жамбастың
екі жақ бүйірінде жатырдың
жалпақ байламының артында
Аналық
бездің түсі ақшыл-қызғылт,
Информация о работе Әйел адамның жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы