Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 09:29, реферат
Биыл Жошы ханның туғанына 830 жыл толады екен. Осыған орай «Ана тілі» газеті дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бүгінгі әңгімеге Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, моңғолтанушы З.Қинаятұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Н.Мұқаметханұлы және Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласының бас ғылыми редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Өскенбай қатысып отыр.
- Ең алдымен «Жошы хан кім?» деген сауал төңірегінде ой толғасақ. Қазақ тарихындағы Жошы ханның рөлін анықтасақ деген ой бар...
Биыл Жошы ханның туғанына 830 жыл толады екен. Осыған орай «Ана тілі» газеті дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бүгінгі әңгімеге Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, моңғолтанушы З.Қинаятұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Н.Мұқаметханұлы және Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласының бас ғылыми редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Өскенбай қатысып отыр.
- Ең алдымен «Жошы хан кім?» деген сауал төңірегінде ой толғасақ. Қазақ тарихындағы Жошы ханның рөлін анықтасақ деген ой бар...
З.Қинаятұлы: Жошы Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы. Өмірінде 60-тан аса ірі шайқасқа қатысып, әлемнің 200-ге жуық қала, қамалдарын бағындырған әйгілі қолбасшы, әрі батыр. Ол алғаш 1207 жылы Орман жұртын қан төгіссіз бағындырды. 1211-1216 жылдары Алтын еліне қарсы, 1219-1224 жылдары Хорезм жорығына қатысып Сыр бойындағы 26 ірі қала, қамалдарды басып алды. 1223-1224 жылдары Самарқан, Үргеніш үшін болған ірі шайқастарға қатысты. Соғыстан кейін әкесінің ұсынысымен Қыпшақ даласын үлесіне алып, осында өз ұлысын құрды. Бұл тарихта «Жошы ұлысы» немесе «Қыпшақ хандығы» деп аталады. 1224 жылы Ертіс бойында өз Ақ Ордасының шаңырағын көтерді. Жошы қаншама қанды қырғындарға қатысқанымен табиғатынан ымырашыл, бейбітшілік сүйгіш адам ретінде танылады. Біздің Қазақ мемлекетінің хандары Жошының тікелей ұрпақтары. Жошының кім екенін осылардан-ақ біле беруге болады.
- Жошы ханның өмірбаяны мен атқарған қызметі қаншалықты зерттелді? Бізде Жошы ханды зерттеу қай деңгейде?
Қ.Өскенбай: Жошы ханның өмір тарихы туралы ортағасырлық тарихи деректерде көп айтылады, әсіресе парсы тілінде жазылған Рашид-ад-Дин, Жузжани, Мұғин ад-Дин Натанзи, Казвини, Хайдар Рәзи, Әбілғазы Баһадүр хан еңбектерінде нақты мәліметерді көруге болады. Қазіргі уақытта Жошының өмірбаяны және қолбасшылық, саяси қызметі туралы жеке мақалалар, зерттеулер шығып тұрады. Жақында Зардыхан ағамыздың монографиясы да жарық көрді. Ол - «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» деп аталады.
Н.Мұқаметханұлы: Юань мемлекетінің әйгілі жылнамасы «Юань Шиде» Жошы туралы жеке тарау бар. Соңғы ғасырларда қытай ғалымдары да біршама еңбектер жазды.
Қ.Өскенбай: Бірақ әкесі Шыңғыс хан, қаған інілері Өгөдей, Мөңке, Құбылай, өзінің әйгілі ұлы Баты ханмен салыстырғанда Жошы жайлы жазылған материалдар тым көп емес. Оның да өзіндік себебі бар. Моңғолдар Жошыны жаттан туылған деп шет қақпайлап келгендіктен аса көп жазбады. Жошы Құбылай сияқты Қытайды, Баты хан сияқты Еуразия державасын билеген жоқ. Оның аз жылдық ғұмыры Қыпшақ (қазақ) даласында өтті. Әмір Темір, Шахрух туралы Мауереннахрлықтар, Баты хан туралы орыстар жазғаны сияқты Жошы жайлы әуелі біздің қазақтар жазуы тиіс еді. Өкінішке орай, бізде орта ғасырларға тән жазба дерек аз болды. Тек ортағасырлық Қадырғали Жалайыр, біздің тұңғыш ғалымдарымыз Ш.Уәлиханов, М.Тынышпаев, Ә.Марғұлан еңбектерінде Жошы туралы үзік-үзік мәліметтер кездеседі. Ол туралы алғашқы монография жоғарыда айтқандай бізде 2004 жылы шықты. Зардыхан ағамыздың «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» деп аталатын бұл еңбегі көпшілікке енді-енді ғана таныс бола бастады. Айта кететін жайт қазіргі уақытта бұл тақырыпқа Татарстандағы қазандық тарихшылар үлкен назар аударуда. Менен осы монографияны сұрап, қатты қызықан.
- Моңғолдар Жошыны «жаттан
З.Қинаятұлы: Анасы қоңыраттардың тайпабасы Дей шешеннің қызы Бөрте. Оны әрбір қазақ біледі. Ал әкесіне келсек, Бөрте меркіттерге қолды болады. Меркіт Ике Шілегер палуанның әмеңгерлігінде бір жылға жуық уақыт болып, құтқарылып қайтып келе жатқан жолында Жошыны туған. Жошының «меркіттігі» талай рет оның бетіне басылды. Моңғолдың ресми тарихында Жошы ұрпағынан ұлы қаған шықпағандығының себебін оның жаттан туылғандығымен байланыстырады. Егер кімде-кім бұл туралы ащы шындықты білгісі келсе жоғарыда аталған монографиядан толық мағұлмат алады.
Н.Мұқаметханұлы: Жошы еліне сіңірген еңбегі, қайрат, қажырлығы жағынан інілерінің еш қайсысынан кем түспеген. Жошының ұлы Баты ханның империяға сіңірген еңбегі Күйіктен кем бе еді? Жошы Шыңғыс хан ұлдарының тұңғышы, Баты немерелердің (Ордадан кейін) үлкені бола тұра әке орнын тұңғыш ұл басатын шығыс салты үзіліп қалды. Жошының меркіт тұқымы деген желеумен Шағатай мен Жошы, кейін олардың ұрпақтары өзара жауласып өтті. Шыңғыс әулетінен шыққан белгілі тұлғалар Ике Өтөгте (хан қорығы) жерленетін өсиет, салт бола тұра Жошы әулетінен бірде-бір адам онда жерленбеген. Мұны өткендегі тарихшылар білмейді емес, біледі. Бірақ ұлы Шыңғыс қағанның үлкен басын кішірейтіп алмас үшін осы бір түйткілді айналып өте береді.
З.Қинаятұлы: Бөртеден айрылған тұста Тэмужин жас, әрі әлсіз болатын. Ауылын жау шапқанда жаңа түскен қалыңдығы Бөртеге мініске ат таба алмай қалады. Бұл жолы Тэмужин меркіттерге қарсылық көрсете алмай әз жанын әзер алып шықты емес пе? Сөйте тұра Бөртеге қалай өкпе айтпақ. Бұған жас нәрестенің қандай кінәсі бар. Тэмужин бұл шындықты іштей мойындады. Жошыны туған ұлындай көрді, оны шет теуіп көрген емес. Тек қаған тағына мұрагерлік жайында сөз болғанда «Жошы тұңғышым сен едің, таққа отыратын жол сенікі» деп айтуға өжет Шыңғыстың батылы бармай, тағын үшінші ұлы Өгөдейге ұсынды.
- Сіздер айтып отырған меркіт
деген кімдер? Біздің Орта жүздегі
меркіт тайпасымен олардың
Қ.Өскенбай: Тарихта көп нәрсенің бір-бірімен байланысы болады. ХІІ-ХІІІ ғ. тоғысында Моңғолияның Сэлэнгэ өзені бойын мекендеген меркіттер немесе Мей-Ли-Зи (үш меркіт одағы) қазіргі Орта жүздегі меркіттердің тікелей ата-бабалары. Олар моңғолдармен жайы жараспады, кекті болды. 1179 жылы Бөртені азат еткен «Бугур кегер» шайқасында жеңіліске ұшырап, Сэлэнгэ бойын тастап шықты. 1202 жылы Жамуха бастаған Алақай Бұлақ одағы құрамында моңғол-кереиттермен соғысып жеңіліс тапты. 1204 жылы найман жағында болды. Онда да жеңіліске ұшырап Ертіске қарай шегінді. 1205 жылы Бұқтармада Шыңғыс ханнан жеңіліп Жем өзені бойына өтіп кетті. 1216-1217 жылдары Жошы-Сүбэдей қолы меркіттерге сілейте соққы берді. Осы шайқастан тірі қалғандары қазақ-қыпшақ даласында біржола қалып қойды. Бүгінгі меркіттер солардан қалған ұрпағы деп те айтуға болады. Әрине ғасырлар бойы қазақ даласындағы көптеген тайпалар бір-бірімен этникалық байланыста болды, араласты.
- Бұрындары Жошының туылған
жылы туралы нақты дерек
З.Қинаятұлы: Дұрыс айтасыз. «Моңғолдың құпия шежіресі», Рашид ад-Дин, «Юань Ши» сияқты еңбектерде Жошының туған жылының орыны бос тұр. Өйткені бұлардың барлығы Шыңғысхан идеологиясының әсерінде жазылған дүниелер. Аталған шығармалар Шыңғыс ханның абыройын аласартып алмау үшін Бөртенің меркіттерге қолды болғанын және оны құтқарған «Бугур кегер» шайқасы оқиғасын қазбаламай жанап өтіп отырған. Мысалы, Рашид ад-Дин «Бөрте меркіттердің қолына түскенде жүкті еді. Меркіттер ол кезде кереиттермен тату-тәтті тұрғандықтан Бөртені Уаң хан арқылы қайтарды» деп жазады. Егер олай болғанда Уаң хан-Жамуха-Тэмужин үштік одағы Бөртені қайтару үшін меркіттерді шапқан қанды қырғын болмаған болар еді ғой.
Н.Мұхаметханұлы: Рашид ад-Дин аталған еңбегін Шыңғыс ханның ұрпағы Иранның Ел ханы Газанның тікелей тапсырмасы бойынша жазды, еңбекті жазуға Бейжіңнен әдейі шақырылған Болд Чинсан бастаған 6 моңғол тарихшысы қатысты. Олар хан иелеріне «Мінеки ата-бабаңыздың шежіресін жаздық. Ұлы атаңыздың тұңғышы жаттан пайда болыпты» деп қалай айта алады. Мұндай шектеулер әр заманда да болған, бола береді де. Талай ащы шындық дер кезінде жазыла бермейді, уақыт өтіп, ұрпақтар алмасқан соң барып ашылатыны бар.
З.Қинаятұлы: Мен зерттеуші ретінде осы мәселе төңірегінде көп іздендім. Жошының туылған жылын айғақтай алатын нақты дерек қалдырған жалғыз еңбек - ол Саган Сэцэннің 1663 жылы жазылған «Эрдэнийн товч» (Асыл түйін) тарихы. Автор онда «Тэмужин сарғыш ит жылы (1178) 17 жасында Бөртемен бас қосқан екен» деп жазыпты. Тэмужин Бөртенің төркінінен келген қара бұлғын ішікті кереит Тоғорылдың иығына жапқан оқиғасы да, Бөртеден айрылып қалғаны да осы 1178 жыл.
Тэмужин Бөртені құтқаруға көмектесуін сұрап Тоғорылға барғанында «Былтыр менің иығыма қара бұлғын ішігіңді әкеліп жапқаныңда ішігіңнің қарымтасына бытыраған жұртыңды біріктіріп берейін дегенім бар еді. Сол айтқаным айтқан» деп Жамуха досына елші жіберіп, дереу қол жинап аттанғанына қарағанда, Тоғорыл-Жамуха-Тэмужин үштік одағы Бөртені құтқару үшін меркітті шапқан әйгілі Бугур кегер оқиғасы 1179 жылы болған. Шайқас күздің ортаңғы айында өткен. Күздің орта айы дегеніміз - қазан. Ал Тэмужин соғыс алаңында Бөртені «айдың жарығынан танығанына» қарағанда бұл қазан айының орта шені болмақ. Бөрте осы жолы жау қолынан құтқарылып, ауылына қайтып келе жатқан жолында Жошыны дүниеге әкелді. Бұл 1179 жылдың қазан айы. Биыл Жошының туғанына 830 жыл толады деуіміздің сыры осында жатыр.
- Жоғарыда айтылғандарға
Н.Мұқаметханұлы: Бұл өте күрделі сұрақ. Тарих әркімге тиісті бағасын береді. Ол үшін тарихи тұлғаға деген сүйіспеншілік (симпатия) немесе қарсылық (антипатия) сияқты интуициядан арылу керек. Ұлы адамдардың шыққан тегін, қанының тобын анықтаймын деп әуреге түсу - барып тұрған тұрпайылық. Мысалы, Шыңғыс хан, Темір, Жошы, Баты хандар ұлттық шеңберге сыймайтын тұлғалар. Олардың тарихтан алатын орыны тек ұлтымен емес, атқарған тарихи рөлімен өлшенеді. Тіптен Жошы меркіттің ұлы болды дегеннің өзінде, оның қазақ тарихынан алатын орыны меркіт тайпасы шеңберінде емес, қазақ тарихына сіңірген еңбегімен немесе сол жолда тартқан тауқыметімен өлшенеді. Айталық, Шыңғыс ханның Еуразияны бағындыруда Жошының және оның ұрпақтарының атқарған істерінің қазақ ұлтының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуына белсенді рөл атқарғандығын қалай жоққа шығармақпыз. Біз тарихи оқиғалардың қоғамдық тарихтың процессіне тигізген әсеріне назар аударуымыз керек.
З.Қинаятұлы: Нәбижан дұрыс айтады. Шыңғыс ханның шапқыншылығы мен оның келешек ұрпақтарының ел үшін еткен еңбегін бір-бірінен ажырату үшін қазақ тарихының моңғол дәуірін екі кезеңге бөліп қарастыру қажет.
Біріншісі, жаулап алу кезеңі. Бұл кезең 1218 және 1224 жылға дейін созылды. 1218 жылы Жебе қолы Күшілік ханды өлтіріп, Ертіс, қазіргі Қазақ Алтайы, Іле, Жетісу бойында салтанат құрып тұрған Ляо (қарақытай) әулеті билігін жойып, қазақ жерінің көлемді бөлегін бағындырды. Нәтижесінде Хорезмге жол ашылып, 1219 жылы моңғол қолы еш қарсылықсыз Отырарға жетті. 6 жылға созылған шабуыл Орталық Азияда ғасырлар бойы қалыптасқан түркілік өркениетке, жергілікті халыққа үлкен қасырет әкелді. Бұл қасіретке Жошының да қатысы бар.
Екінші кезең, Шыңғыс ханның ұрпақтары Орталық Азияда аталарының қиратқандарын қалпына келтіріп, әрқайсысы өз иелігіндегі елдің, жерінің іргесін бекітіп, дамыту үшін жүргізген жанкешті күресімен айшықталады. Екі кезеңдегі алға қойылған мақсаты пен атқарған міндеттер бір-біріне ұқсамайды. Оны атқарушылары да мүлдем басқа буын өкілдері болды.
Қ.Өскенбай: Зардыхан ағай айтқан екінші кезең біздің отандық тарихымызда «Моңғол ұлыстарының билік құрған дәуірі» деп аталады. Бұл кезеңнің басында Жошы ханның өзі тұрады. Ол бұрын Қыпшақ атанып келген жергілікті Түркі-қазақ тайпалары негізінде өз ұлысын құрды. Ертіс бойында ұлыстың Ақ Ордасының шаңырағын көтерді. Орданың территориясы Ертістен-Еділ, Ұлытаудан-Қаратал, Төменге дейін, оңтүстігі Сыр бойы Сауран, Барчыкентке дейінгі аумақты алып жатты. Бұл дегеніміз қазіргі Қазақстан территориясының 60-65 пайызын құрайды. Ұлыстың бас билігі Шыңғыс хан әулетінің қолында болғанымен дәстүрлі қазақ қоғамының ру-тайпалық жергілікті билік жүйесі, халықтың тіл, мәдениетіне түпкілікті өзгеріс әкеле қойған жоқ. Керісінше Жошы ұрпақтары 2-3 буыннан кейін өздері түркі-қазақ болып кетті. Ақ Орда іс жүзінде Жошы, оның ұрпақтары билігіндегі Қазақ мемлекеті болатын. Жошы өлгеннен кейін Жошы ұлысы әскери екі қанатқа бөлінгенде Ақ Орда Жошының тұңғыш ұлы Орда Еженнің басшылығында өзіндік дербес билігін сақтап қалды.
- Жошы ханның мезгілсіз жұмбақ өлімінің сыры неде және ол қай жылы болған?
З.Қинаятұлы. Тарихта Жошы ханның өлген уақыты туралы кесіп пікір айтқан адам - Парсы тарихшысы Казвини. Автор өзінің «Тарих-и-Гузиде» (таңдамалы тарих) атты еңбегінде «Туши (Жошы) әкесінен 6 ай бұрын өлді» деп атап көрсеткен. Шыңғыс хан 1227 жылы 16 тамызда 66 жасқа қараған шағында дүниеден өткені белгілі. Егер Казвини айтқандай Жошы әкесінен 6 ай бұрын өлген деп қарасақ ол осы жылдың ақпан-наурыз айында дүние салған болып шығады. Бірақ бұл дерек тарихи оқиғалардың желісімен мүлдем сай келмейді.
Шыңғыс хан 1225 жылы Ертісті жайлап, Галба тауының бөктерінде жеңіс тойын тойлап, сол жылы күзде Туланың қара орманындағы өз ордасына қайтып оралғаны белгілі. Қаған осы жылы, осы жұртта алда тұрған Си Ся жорығына байланысты ұлы жиын шақырды. Жиынға қағанның ұлдары, әскер басылары мен нояндары тай тұяғы қалмай келеді. Денсаулығына байланысты тек Жошы келе алмайды. Ұлы жиын кезінде «Жошының науқас дегені бекер, есен-аман Қыпшақ даласында құлан аулап жүр» деген қауесет тарайды. Бұл хабарды естіп қаһарына мінген Шыңғыс хан өзі қол бастап, Өгөдей, Шағатаймен бірге Жошыға қарсы аттанбақшы болады. Дәл осы сәтте «Жошы өлді» деген суық хабар келіп жетеді. Қайталап айтайын бұл 1225 жылдың қоңыр күзі. Ал Шыңғыс хан Си Ся жорығына аттанғаны 1226 жылдың күз айы. Осындай нақты деректерге сүйенген Джамал Карши, ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген моңғол тарихшысы Гомбожав және басқадай көптеген ғалымдар Жошы 1225 жылы күзде 46 жасында дүниеден өтті деген қорытындыға келген. Біздің ойымызша бұл бірден-бір дұрыс есеп.
Жошының мезгілсіз жұмбақ өлімі жайлы айтылған пікірлерді үшке топтап қарастыруға болады.
Бірінші, Рашид ад-Дин, Юань-Ши авторлары, еуропалық тұңғыш монғолтанушы ғалым К.Д'Оссон және соңғы кездегі көптеген авторлар Жошы Үргеніш шайқасы кезінен (1223) сырқаттанып, науқасы асқынып қайтыс болды деп жазады.
Екінші, Н.Аристов, Бичурин қатарлы тарихшылар және В.Ян, Жузжани қатарлы жазушылар Жошы Моңғол ордасы жансыздарының қолынан қаза тапты деп пайымдайды.
Үшінші, Жошы Ұлытауда құлан аулап жүріп ат үсті жебе тартқан кезінде аттан құлап алған ауыр жарақаты асқынып қайтыс болды делінетін Өтеміс қажының пікірі. «Аттан құлап алған жарасынан» өлді дегенді бірінші пікірдегілер де қолдайды. Қазақтың «Ақсақ құлан» күйі, аңызы да осыны меңзейді. Ал екінші пікірге келсек онда әдеби сарын басым. Біз осыларды сараптай келе Өтеміс қажының жазғаны шындыққа жақын деп есептейміз.
Н.Мұқаметханұлы: Моңғол арасында «Шыңғыс-намэ» кең тарамаған көрінеді. Сөйте тұра олар да «Жошы аң аулау кезінде алған жарақатынан көз жұмды» деп қарайды екен. Құрбанғали Халид өзінің «Тауарих хамсасында» (Бес тарих) осылай жазды. Қалай дегенмен осы үшінші пікір шындыққа бір табан жақын-ау деймін.