Ата-анаға психологиялық кеңес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 04:30, реферат

Краткое описание

1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.
2.Балаңды қорға!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ата-аналарға психолгиялық кеңес.docx

— 19.14 Кб (Скачать документ)

Ата-анаға психологиялық  кеңес

Бала тәрбиелеудің он ережесі.

1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.

2.Балаңды қорға!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға.

3.Балаңа жақсы үлгі бол!Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды.

4.Балаңмен ойна!Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел.

5.Балаңмен бірге еңбектен!Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.

6.Баланың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қой! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.

7.Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет!Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында …,ұжымда…және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау).

8.Баланы тіл алғыш етіп үйрет!Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және оның іс-қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.

9.Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күт! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңнан келгенше көмектес, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап ет.

10.Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді.


Информация о работе Ата-анаға психологиялық кеңес