Адамгершылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 19:09, реферат

Краткое описание

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;
2) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;
3) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адамгершілік (1).doc

— 33.00 Кб (Скачать документ)

 

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;

2) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;

3) Оқушыларды  әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Әдептілік, адамгершілік туралы сұрақ-жауап:
  • Әдептілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесің?
  • Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?
  • Әдепті болғың келе ме? Әдептілікті бізге кім үйретеді?
  • Әдепсіз адам қандай болады?

Демек, адам бойында  жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиеші-ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз мына өлең жолдарынан тыңдайық:

 

1-оқушы: Ата-ананың  тілегі, адам болып өскені

                 Адамдықтың тірегі, адал болып  өскені.

 

2-оқушы: Әдептілік  дегенің, әрқашанда керегің.

                 Әсемпаздық дегенің, әуре салсаң әлегің.

 

3-оқушы: Спортпен  айналыс, сұлулық сыйлаған.

                 Сол саған пайдалы іс, сауық  пен кинодан!

 

4-оқушы: Тәртіпті  бала сүйеніш,

                 Төбең бір көкке жетеді!

                 Тәртіпсіз бала күйініш,

                 Төмендеп басың кетеді!

Сұрақ-жауаптар:

  1. Суреттер бойынша әңгімелеу.

(Адамгершілік, сыпайылық, қарым-қатынастарға бағытталған  суреттер)

2. «Жалғастыр» ойыны.

а) Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіліп көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.

- Үлкендердің  алдынан кесіп өтуге болмайды;

- Кішкентай баланы  жылатуға болмайды;

- Құстарды атуға  болмайды;

- Қыз баланы ренжітуге болмайды;

- Сабаққа кешігуге болмайды;

- Сыныпта айқайлауға  болмайды; т.с.с жалғастырып айтады.

б) Не істеу керек? деп жазылып көрсетіледі.

- Үлкендерді  сыйлау керек;

- Үлкендердің  тілін алу керек;

- Кішілерге қамқор  болу керек;

- Әдептілікті  сақтау керек;

Концерттік  бағдарлама.

  1. «Жорға» биін орындайтын ұлдар тобы
  2. «Аққулар биі» орындайтын қыздар тобы
  3. Көрініс: Ана мейірімі

 

Құпия хаттарға жауап  беру

(Хаттарды қатарынан қойып, 1 оқушы шығып, дауыстап оқиды.  Қалғандары ойланып, жауабын айтады)

1-хат. Құрметті достар!

Менің көршімнің  бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?

2-хат. Құрметті достар!

Менің бір досым  бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

 

Қорытынды: Сабақты қорытындылай келе, оқушыларды адалдыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді енді ажырата аласыңдар деген ойдамын. Балалар жақсы мінез-құлықтарды әрдайым естеріңде сақтап жүрсе, нұр үстіне нұр жауар еді.

 

 


Информация о работе Адамгершылык