Стратегиясы – еліміздің болашаққа бағдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 13:14, реферат

Краткое описание

Қазақстан халқының ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың 2050 жылға дейінгі бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи құжат – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті. Жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, алыс болашаққа көз тастаған Елбасы жаңа дәуірдің талаптарына сай болу үшін Қазақстан халқы қандай қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы қажеттігін, қандай сынақтардан сүрінбей өтіп, қандай мақсаттарға қол жеткізуі керектігін қолмен қойғандай етіп нақтылап, жіліктей отырып, өз ойын елдің ендігі жердегі даму көгіндегі темірқазығына айналар «Қазақстан-2050» Стратегиясына сыйғызды. «Кеше кім едік, бүгін кім болдық, ертең кімге айналамыз?» деген сауалдардың барлығына нақты жауап берілді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан 2050 баяндама.docx

— 27.46 Кб (Скачать документ)

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Қазақстан-2050» Стратегиясын мемлекетіміздің Мәңгілік ел болу жолындағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісіне теңей отырып, бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біздің аспан астында адамзат баласы қанша жасаса, сонша ғұмыр кешетін ұлы ел бола алатынымызды атап өтті. 

 

Алдыңғы толқын – аға буынға, ортаңғы буын – отандастарға, кейінгі толқын – жастарға айтылған қуатты үндеу кім-кімді де тебірентпей қоймайды, әркімді Қазақстанның алтын ғасырында ұлы тарихтың иесі атанып, ұлы істерді өз қолдарымен жасауға жігерлендіреді.

Бүгінгі күн кешегі күннің шәкірті. Халқымыз сан ғасырлық тарихында  бастан өткерген қиындықтардан ой түйе отырып, ондай сәттерді кейінгі ұрпақтың көрмеуі үшін еңбек ету – біздің негізгі мақсатымыз, тиісінше, ерен еңбек арқылы жеткен жетістіктерімізден пайым жасай отырып, болашақ қазақстандықтар одан биік белестерді бағындыруына жол салу біздің басты мұратымыз болуы тиіс. 

 

Ендеше, қасиетті қазақ жерін  мекен еткен барша этнос өкілдері бір атаның балаларындай «бір жағадан  бас, бір жеңнен қол шығара» бірігіп, көрнекті істің көмілмейтінін, беріле істегеннің берік болатынын көкейге түйе отырып, ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы – еңбекке жұмылуға тиіс. Сонда ғана біз қазақ жерінде тұратын әрбір азаматтың, әрбір отбасының ұлы Тәуелсіздігіміздің желбіреген көк туының астында елі мен жері үшін атқарған ерен еңбегін мақтан тұтып, бақытты болашаққа беттегенін көреміз.

Қазақстанның ең тарихи жауапкершілікті сәтте маңдайына біткен бағы, тұтасқан тұманның ішінде көкжиектегіден арғыны көріп, қиыннан қиыстырып жол табатын жолбасшысы, айсыз түнде адастырмай, анық та айқын болашаққа бастайтын біртуар перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нұсқаған бағытқа шып-шырғасыз, бірлікпен бет алу барша Қазақстан халқының парызы деп білемін.


Информация о работе Стратегиясы – еліміздің болашаққа бағдары