Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 20:43, реферат

Краткое описание

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

пр 1.docx

— 38.13 Кб (Скачать документ)

Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады. Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар, т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты. Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99). Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Сапа - көп салаға тән үғым. Оны қамтамасыз ету көптеген мамандардың  ой-өрісінің мүмкіндігі мен іс-тәжірибелерін  жинақтауды талап етеді. Сапаны көтеру мәселесі тек қана мемлекеттің, федеральді басқару органдарының, кәсіпорындар, еңбек ұжымдары басшылары мен  мүшелерінің бірлескен әрекеттерімен  шешілуі мүмкін. Бүл мәселені шешуде тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге өздерінің талаптары  және сұраныстарымен үстемдік жасайтын тұтынушылардың рөлі өте маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Якушев А.И. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения. М Машиностроения,1987.

 

  1. Серый И.С. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения. М.: ВО Агропромиздат,1987.

 

  1. Казловский Н.С. идр. Основы стандартизации, допуски, посадки и технические измерения. М.:Машиностроение, 1982.

 

  1. Допуски и посадки. Справочник в 25-хчастях . Под общ. Редакц.Мягкова А.Н. Л.:Машиностроения, 1983.

 

  1. Мырзабай М.М. и др. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджменте качества. Алматы: ЧП «ЮАТ», 2003. 264 с.

 

  1. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы 2007. РК СТ2.3.-97 «ҚР.МЖӨ. Физикалық шамалар бірлігінің эталондары. Негізгі жағдайлар».

 

  1. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет. ISBN 9965-35-325-5

 

 

 


Информация о работе Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі