Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:36, дипломная работа

Краткое описание

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің дипломдық жұмысым осы капитал жайында болмақ.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................-3

I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7

II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26

III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69

Қорытынды......................................................................................................-76
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................-78
Қосымша беттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 508.50 Кб (Скачать документ)

         Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін ал- ғашқы (первичная) және жиынтық (сводная) бухгалтерлік қорытынды есеп деп аталатын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп ұйымның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі-бір уақыт аралығындағы (бір айдағы) мүліктік немесе қаржылық нәтижесі көрсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шаруашылық ұйымдары өзінің және сол серіктестіктерінің қорытынды есеп- терінің негізінде жасалады.

         Тағайындалуы бойынша жасалатын қорытынды бухгалтерлік есеп ішкі (внутренная) және сыртқы (внешняя) болып бөлінеді. Ішкі деп аталатын бух- галтерлік қорытынды есеп мәліметтері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандайда бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бух- галтерлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтерін жариялауға тыйым салынады. Ал бухгалтерлік қоры- тынды есептің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпараттық құралдар (газеттерде, журналдарда) беттеріне де жариялайды.

        Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады:

  • бухгалтерлік баланстан;
  • қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есептен;
  • меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;
  • ақшалардың қозғалысы туралы есептен;
  • түсініктеме жазбадан;

         Кәсіпорынның  жылдық қорытынды бухгалтерлік есебіне берілген түсі- ніктеме жазба кәсіпорынның қаржылық жағдайы  туралы деректен, өткен жылмен ағымдағы жылдың мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсі- ніктемеден және бухгалтерлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен баға- лау әдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек. Бұл айтылғандардан басқа түсініктеме жазбада ұйымның келесі есепті  жылдың есеп саясатына енгізілетін өзгерістер жайлы мәліметтер көрсетіледі.    

         Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес кез-келген кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талаптарға жауап беру керек: сенімділікке, тұтастыққа, тізбектілікке, салыстырымдылыққа, есепті кезеңге және рәсімделуге.

        Сенімділік дегеніміз бұл бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыра- тын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелері болып табылады. Сенімді бухгалтерлік қорытынды есеп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебі стандарттарына, сондай-ақ белгіленген нормативті актілермен ережелерге сәйкес жасалады.

        Тұтастылық дегеніміз ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебінде осы кәсіпорындағы орындалған барлық шаруашылық операциялардың міндетті түрде қамтылып (қосылып) көрсетілуі болып табылады.

       Тізбектілік дегеніміз кәсіпорынның бір есепті кезеңінен екінші есепті кезеңіне дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отыруы.

       Салыстырымдылық бұл бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезеңдегі мәліметінің екінші есепті кезеңніңмәліметімен салыстырылып көрсетілуі бо- лып табылады.

        Белгіленген заңға сәйкес есеп беру кезеңі барлық ұйымдар үшін 1қаң- тардан 31желтоқсанға дейінгі аралық болап бекітілген.

        Бірінші қорытынды есеп жылы болып кәсіпорынның жаңадан құрылған күнінен бастап немесе ұйымның қайта ұйымдастырылған уақытынан, яғни тіркелуінен басталып сол жылдың 31желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы саналады.

        «Байсерке АГРО» ЖШС әр ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын салық комитетіне әлеуметтік салық, қосылған құн салығы, жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы, мүлік салығы, зейнетақы қорларына бөлінетін сома жайлы қорытынды есеп беріп отырады, ал жыл аяғында бір жылдық қоры- тынды есеп тапсырылады, осы қорытынды есептен заңды тұлғаларға салы- натын табыс салығы есептеледі. Заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы мекеменің таза табысынан 30% төленеді.

   

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III тарау. Меншікті  капиталдың талдауы мен аудиті

3.1 «Байсерке  Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау

Талдау жүргізгенде  баланс активінің құралу көздерін талдау керек. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу  және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылукөздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді активтерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану  көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырыл- ған капиталдың көрсетілген мерзімі көрсетіліп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен  қатар капиталдың жалпы сомасындағы  оның үлес салмағында анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффи- циенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффи- циентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екндігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

                                            Ктс=Мк/Ак

Мұндағы: Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;

                  Мк – меншікті капитал;

                  Ак – авансталған капитал (баланс валютасы жиыны,

                         яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екндігін көрсетсе, алдағы уақытта  қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік  коэффициентініңнеғұрлым жоғары дең- гейде болғаны дұрыс депсанайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құры- лымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұр- лым жұмыс үздіксіз қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әртүрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Қаржылық талдаудан  кітаптардың авторлары инвесторлар  мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы  сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді. А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Эфимова және тағы басқалар бұл көрсеткіш- тің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш болып саналады деп санайды.

АҚШ пен Европа елдерінде  тәуелсіздік коэффициентінің жоғары жетер- лік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валюта- сына қатынасы болып саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартасын сатып  (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен  сатып алушылар  арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген  нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне  мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген  меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шек- теуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтын талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың  тиімді- лігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайланушылар, мысалы, банктер, несие берушілерменшіктік капиталдың авансталған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қыз- метінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді.Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидентке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларда тәуелді болады.

Қаржылық есеп берудің  активтерінің қалыптасу көздерінің  құрылымын зерттеу үшін келесідей  талдау кестесі құрылады.

Кесте 9. «Байсерке Агро» ЖШС-нің 2007 жылдың басы мен аяғындағы жағдайы негізінде кәсіпорынның авансталынған капиталының құрамы мен құрылымы.

 

 

 

 

 

 

 

 Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойын-

дағы өзгеріс

Құры-

лымы-ның өз-

геруі,

пункт

(4гр-2гр)

сомасы,

мың тг.

үлес

салма-

ғы, %

сомасы,

мың тг.

Үлес салма-ғы, %

мың тг.

(3гр-

    1гр)

  %

(5гр/

1гр*

100)

1

Авансталған капитал,

соның ішінде:

1.1.Меншіктік капитал

1.2. Қарыздық капитал,

оның ішінде:

ұзақ мерзімді

 

620 728

 

 

144085

 

476642

 

      -

 

100

 

 

22,9

 

77,1

 

   -

 

661730

 

 

55739

 

491483

 

      -

 

100

 

 

8,4

 

91,6

 

  -

 

41002

 

 

-88346

 

14841

 

   -

 

6,61

 

 

 

 

3,11

 

  -

 

     -

 

 

-14,5

 

+14,5

2

Тәуелсіздік коэффициент (1.1жол/1жол)

 

 

0,232

 

 

0,842

   

 

+0,61

3

Қаржыландыру коэффициенті (1.1жол/1.2жол)

 

 

0,302

 

 

0,113

   

 

-0,188

4

Қатыстырылған капиталдың меншіктік  капи- талға қатынасы коэффициенті

(1.2жол/1.1жол)

 

 

 

 

3,308

 

 

 

8,817

   

 

 

+5,509


    

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне  кері көрсеткіш болып табылатын  қа- тыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы  да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына форму- ламен анықталады:

                                 Кт =Қк/Ак немесе Кт =1-Ктс

Мұндағы: Кт – тәуелсіздік коэффициенті;

                  Қк – қатыстырылған капитал;

                  Ак – авансталынған капитал (баланс валютасы, жиыны);

                  Ктс – тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған  капиталдың  жалпы сомасындағы  қарыз- дың үлесін сипаттайды.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың  қатыстырылған капиталға  қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті  болып табылады.

                                          Қк = Мк / Қк

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен  инвес- торлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы- ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Бұл көрсеткішке ұсынылып жатқан мәнді сөзбе-сөз түсінуден  сақ болуы керек. «Кейбір жағдайларда, - деп жазады О.В.Ефимова – меншікті капиталдың оның жалпы көлеміндегі  үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сонда да кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бірінші кезекте, қызметі активінің жоғары айналымдылығымен сатылатын өнімге тұрақты сұранысымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, тұрақты шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйым- дар) сипатталатын кәсіпорынға қатысты.

Сонымен қатар мақсатты бағыттағы  активтерінің үлес салмағы (мысалы, машина жасау өнеркәсібінің  кәсіпорындары) қаражат айналымы ұзақ капитал- ды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50% болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен  қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қаты- насымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэф- фициенті:

                                     Кк/м  = Тк / Өк

Информация о работе Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті