Адвокатура ұғымы және мiндеттерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 05:35, реферат

Краткое описание

Адвокатура — заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік. Адвокатураның міндеттері: жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне жәрдемдесу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адвокатура ұғымы және мiндеттерi.docx

— 28.60 Кб (Скачать документ)

Адвокатура ұғымы және мiндеттерi

 

Адвокатура — заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары  мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде  ұйымдасқан бірлестік. Адвокатураның міндеттері: жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне жәрдемдесу. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары шебер, істі жақсы біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда ғана толық көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін білетін білікті маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби білімі бар заңгерлер мен адвокаттардың көмегін қажет етеді.

Адвокат - мiндеттi түрде адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын  және Адвокаттық қызмет туралы Заңмен регламенттелетiн адвокаттық кызмет шеңберiнде кәсiптiк негiзде заң  көмегiн керсететiн Қазақстан  Республикасының азаматы. Жоғары заң бiлiмi, заңгер мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметтi жузеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады.

Адвокат - жоғары заң бiлiмi бар, адвокаттық кызметтi жузеге асыру құқығына лицензия алған, мiндеттi турде адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетiн адвокаттық кызмет шеңберiнде кәсiптiк негiзде заң көмегiн керсететiн Қазакстан Республикасының азаматы.

Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртiптiк жағымсыз әрекет жасағаны үшiн құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнiнен бастап бес жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы  Заңда белгiленген тәртiппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.

Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан етушiлерi болуы мумкiн. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының (келiсiмшартының) негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатың адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.

Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауга құқылы.

Жоғары заң бiлiмi бар  азаматтар ғана адвокаттық тағылымдамадан өтушiлерi бола алады. Тағылымдамадан өтушiлер адвокаттар алкасы төралкасы қаулысының негiзiнде кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағылымдамадан өтедi. Тағылымдамадан өту адвокаттар алкасы мен тағылымдамадан өтушi арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледi.

Адвокат лицензияның негiзiнде жұмыс iстейдi. Заңның 9- бабына сәйкес әдiлет аттестаттау комиссиясының шешiмi негiзiнде Қазакстан Республикасының «Әдiлет министрлiгi берген адвокат лицензияда керсетiлген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына руқсат беру болып табылады.

Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмде тағылымдамадан откен адамдарға олар аттестаттаудан еткен жағдайда берiледi. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесiн Қазакстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi бекiтетiн Адвокаттар лицензияларының мемлекеттiк тiзiлiмi туральи ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi осы тiзiлiмдi жургiзедi.

Бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға жiберу туралы өтiнiш бiр мезгiлде лицензия беру туралы өтiнiш болып табылады.

Лицензия негiзгi, турақты болып табылады және оның күшi Қазакстан Республикасының барлық аумағында колданылады.

Адвокатураның мiндеттерi:

1) азаматтар мен ұйымдарға заң қызметiн көрсету,

2) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарың және заңды мүдделерiн қорғауға жәрдемдесу, зандылықты сақтау болып табылады.

Жоғарыда аталған Заңда көрсетiлген көптеген мiндеттер оның нақты мақсатына сай келмейдi. Атап айтканда, осы нормативтiк актiде адвокатураның мiндетi сот төрелiгiн жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылатыны көрсетiлген. Алайда адвокат өз клиентiнiң мүддесiн бiлдiредi және сот шешiмiнiң өз пайдасына шығуына қол жеткiзу мақсатында өзiнiң заң бiлiмiн пайдаланады. Адвокат, егер үкiм оның клиентiн қанағаттандырса, негiзсiз үкiмге шағым бермейдi.

Заңның 1-бабына сәйкес:

1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазакстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқықтын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мудделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Заңның 3-бабына сәйкес адвокатуранын ұйымдастырылуы мен қызметi:

1. Адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;

2. Адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстермен және құралдармен жүзеге асыру;

3. Заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды коспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;

4. Кәсiби міңез-құлықтық нормаларын устану және адвокаттық құпияны сақтау кағидаттарына негiзделедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адвокаттар көрсететiн  заң көмегiнiң түрлерi

 

Заңның 4-бабында адвокаттар көрсететiн заң кемегiнiң түрлерi көзделген:

1. Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:

1) шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн  қажет ететiн мәселелер бойынша  Консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер  мен жазбаша қорытыңдылар бередi;

2) талап қою арыздарын,  шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

3) аныктау, алдын ала  тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттiк  және өзге де органдарда, ұйымдарда  және азаматтармен қарым-катынастарда  жеке және заңды тұлғалардың  өкiлдiгi мен оларды кқорғауды жүзеге асырады.

2. Адвокаттар заңдарда  тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.

3. Көмек сұрап келген  адам адвокатты тандап алуға  ерiктi, адвокат оған тегiн заң  көмегiн керсету үшiн (Заңның 6-бабы) сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне  адвокат таңдап алмаса немесе  таңдалмаса, оның қатысуы мiндеттi  болатын қылмыстық iстер бойынша  қорғаушы ретiнде тағайындалатын жағдайлар косылмайды.

4. Қылмыстық iстер жөнiндегi кәсiби корғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Адвокаттар көрсеткен  заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, корғаумен және өкiлдiк етуге байланысты шығымдарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын келiсiмде белгiленедi.

Зандарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары  және сот ұйғарымдары бойынша  республикалық бюджет қаражатынан жүргiзiледi.

Адвокат көрсететiн заң  көмегiне ақы төлеудiң мөлшерi 4- баптың 2-тармағында керсетiлген негiздер бойынша  соңғы 2 айдағы оның орташа еңбек ақысынан төмен болмауға тиiс.

Адвокат көрсететiн заң  көмегiне ақы төлеудiң және 4-баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда  қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң мөлшерi мен тәртiбiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Заңның 6-бабында заң көмегiне ақы төлеуден босату жағдайлары көзделедi.

1. Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:

1) алимент өңдiрiп алу  туралы, асыраушысының қайтыс болуына,  жұмыспен байланысты мертiгуiне  немесе денсаулығының өзгедей  бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды  өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде  бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;

2) Отан соғысына қатысушылар  мен оларға теңестiрiлген адамдарға,  мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы  жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл  кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне  байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;

3) зейнетақылар мен жәрдемақылар  тағайындау туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;

4)  ақтау мәселелерi  жөнiнде кеңестер беру кезiнде  адамдарға заң көмегiн тегiн керсетедi.

2. Адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi.

3. Азаматтарды олардың  материалдық жағдайы ескерiле  отырып, адвокаттар алқасының төралқасы,  заң консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңсесiнiң иесi (иелерi) және  ез қызметiн заңды тұлғаны тiркемей  жеке дара жузеге асыратын  адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады.

4. Осы бапта көзделген  жағдайларда адвокаттың көрсеткен  заң көмегiне төлеу тиiсiнше  адвокаттар алқасының, адвокат  кеңсесiнiң қаражаты есебiнен жургiзiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адвокаттардың құқықтары  мен міңдеттері

 

Адвокаттың құқытары мен  мiндеттерi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 14бабына сәйкес:

1. Адвокат көмек сұрап  келген адамға ол муiтаж болған  кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.

2. Адвокат өзiне өтiнiш  жасаған адаммен заң көмегiн  көрсету туралы өз атынан жазбаша келiсiм жасасады.

З. Адвокат, корғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жургiзу заңына сәйкес:

1) барлық соттарда, құзыретiне  тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк,  өзге де органдар мен ұйымдарда  заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған  тұлғалардың құқыққтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;

2) барлық мемлекеттіiк  органдардан және мемлекеттiк  емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi  жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға;

З) заң көмегiн көрсету  үшiн қажет ңақты мәлiметтердi дербес жинауға және делелдер табыс етуге;

4) көмек сұрап өтiнiш  жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жургiзу құжаттарымен, тергеу жене сот iстерiмен танысуға  және олардағы ақпаратты заң  актiлерiнде тыйым салынбаған  кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;

5) iске катысуға жiберiлген  соттан бастап жолығулар саның,  олардың узақтығың шектемей және  мундай жолығулардын құпиялығын  қамтамасыз ететiн жағдайларда  өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;

б) заң көмегiн көрсетуге  байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында  арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде  мамандардың корытындыларын сұратуға;

7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет,  прокуратура, анықтау, алдын ала  тергеу органдары мен соттың  лауазымды адамдарыныц, сондай-ақ, көмек сұрап өтiнiш жасаған  адамдардың құқықтарына және  заңдармен қорғалатын мүдделерiне  қысым жасайтын өзге де лауазымды  адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

8) мемлекеттiк құпияларды  құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ, әскери, коммерциялық, қызметтiк жне заңмен  қорғалатын өзге де құпияны  қамтитын ақпаратпен, егер бул  анықтау, алдын ала тергеу кезiнде  және сотта қорғау немесе өкiлдiк  ету үшiн қажет болса, заң  актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;

9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен занды мудделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға

10) зандарға қайшы келмейтiн  өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.


Информация о работе Адвокатура ұғымы және мiндеттерi