Жаза тағайындаудың бастамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 17:44, реферат

Краткое описание

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтың мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.

Содержание

Кіріспе
1. Жаза тағайындаудың бастамасы
1.1. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар

Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_ref_44.doc

— 57.00 Кб (Скачать документ)


 ЖОСПАР

Кіріспе 

1. Жаза тағайындаудың бастамасы 

1.1. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар 

 

Қорытынды 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

Кіріспе

 

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып  жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтың мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.

Қазіргі таңда Қылмыстық  құқықтарға жаза дайындау жүйесінің  түсінігі мен маңызы бұрынғыға қарағанда  әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай қылмыстық жаза түрлерінің өзгеруі мен байланыстырамыз.

1. Жаза  тағайындаудың бастамасы

  • 1.1. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар

  •  

    Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың  қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтауға міндетті қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.

    Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық  заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық  заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдетін мән-жайлардың үлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, заңда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы емес.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында  қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер есептелінеді:

    а) мән-жайлардың кездейсоқ  тоғысуы салдарынан алғаш рет  кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

    б) айыпкердің кәмелетке  толмауы;

    в) жүктілік;

    г) айыпкердің жас балалары болуы;

    д) қылмыс жасағаннан кейін  зардап шегушіге тікелей медициналық  және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал  мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға;

    е) жеке басындық, отбасылық  немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен  қылмыс жасау;

    ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

    з) қажетті қорғаудың  құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса  қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәукел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;

    и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәжбүрленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

    к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерлеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған  мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

    2. Осы баптың бірінші  бөлігінде көзделмеген мән-жайларда  жаза қолдану кезінде жеңілдетуші  ретінде ескерілмеуі мүмкін.

    3. Егер жеңілдетілетін  мән-жай осы Кодекстің Ерекше  бөлімінің тиісті бабында қылмыс  белгісі ретінде көзделген болса,  ол өзінен-өзі жаза тағайындау кезінде қайталап ескеріле алмайды.

    1. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.

    Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты мәжбүрлік қажеттілікте, қылмысты істеген  адамды ұстаудан, орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатады деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі қажеттіліктің шарттарын сақтамау арқылы істелсе, онда оны істеген адамның әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса қажеттілік жағдайында істелген іс-әрекеттің нәтижесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны пайдаланбауы, т.б. әрекеттер.

    Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

    а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

    б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар  келтіру;

    в) адамдар тобының, алдын  ала сөз байласқан адамдар  тобының ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

    г) қылмыс жасағанда айырықша белсенді роль атқару;

    д) айыпкер үшін психикасы  бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетін  алдын ала белгілі адамдарды  не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

    е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды  іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны  жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

    ж) жүктілік жағдайы айыпкер  үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, содай-ақ жас балаға, басқа  да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты  қылмыс жасау;

    з) белгілі бір адамның  өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

    к) қару, оқ дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуіш құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және женғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қаупті әдіс қолданып қылмыс жасау;

    л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын  пайдаланып, сондай-ақ жатппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;

    м) алкогольдық, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай  бұл мән-жайды ауырлатушы деп  танымауға құқылы;

    н) адамның өзі қабылдаған антың немесе кәсіби антың бұза отырып, қылмыс жасауы;

    о) қылмыскердің қызмет жағдайын немесе шарттқа байланысты өзіне  көрсеткен сенімді пайдаланып, қылмыс жасауы;

    п) өкімет өкілінің нысанды  киімін немесе құжатын пайдаланып, қылмыс жасау.

    2. Егер баптың бірінші  бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол жауптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі керек.

    3. Жаза тағайындау  кезінде сот осы баптың бірінші  бөлігінде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.

    Жауаптылықты ауырлататын  мән-жайлардың мазмұны төмендегідей:

    1. Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы. Бұл қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында көрсетілген.
    2. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру. Зардап материалдық емес, моралбдық және басқа түрде болуы мүмкін.
    3. Адамдар тобының алдын ала сөз байласып, адамдар тобының ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау. Бұл қылмыстар түсінігі Кодекстің 27-30-баптарында берілген.
    4. Қылмыс жасағанда айырықша белсенді роль атқару. Адамның қылмысты жеке өзі істегенде немесе топқа қатысып істегенде айырықша белсенді роль атқаруы мүмкін. Қылмысты табан астында ешбір негізсіз істеуі немесе қылмыс істеуге ұзақ уақыт дайындалуы, т.б. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда топқа қатысушылардың әрқайсысының айырықша ролі жеке-жеке ескеруге жатады.
    5. Айыпкер үшін психикасын бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамды немесе қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту.
    6. Ұлттық нәсілдік және діни өшпенділік немесе аразылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушілік, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау. Қазақстан Республикасы Коституциясының 14-бабында: тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды, - делінген. Ал, 19-бабында: әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататының өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы, - делінген.
    7. Жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау.

    Жас балаға кәрі немесе дәрменсіз  халдегі адамдарға я кінәлінің  біле тұра жүкті әйелге қарсы қылмыс істеуі. Қылмыстық құқық бойынша  жас бала деп жасы он төртке толмағандар жатады. Кәрі адамдар мен кәрілік жасқа байланысты зейнеткерлікке шыққан, соған сәйкес қылмыскерге қарсылық көрсетуге қауқары жоқ адамдарды айтады. Дәрменсіз халдегі адамдар деп науқасқа, дертке ұшыраған, өзінің  ақыл есінен айырылған, дене бітімінің кемдігіне байланысты қылмыскерге қарсылық көрсетуге қабілеті жоқ жандарды айтамыз. Жүкті әйелдер деп кінәлінің оның әйтеуір жүкті екендігін дәлме-дәл біле тұра, соны сезіп, біліп, жәбірленушіге қарсы қылмыс істеуі болып табылады. Жас балаға, кәрі немесе дәрменсіз халдегі адамдарға, сондай-ақ біле тұра жүкті ерекше белгілер болып табылады. айыпкерге тәуелділік материалдық, лауазымдық және басқа да болуы мүмкін.

    8. Белгілі бір адамның  өзінің қызметтік, кәсіби немесе  қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау.

    Қоғамдық борышын атқарған адам деп қоғам, мемлекет, жеке адам мүддесіне үшін пайдалы іс-әрекет жасап жүрген адамды айтамыз. Мысалы, халық жасақшысына қарсы қылмыс істеу, қылмысты тойтаруға қарсы  әрекет жасаған адамға  немесе жәбірленушіге көмек көрсетуге әрекеттенген адамға қарсы істелген т.б. қылмыстар. Аталған адамдардың туыстарына оның жақын туыстары және басқадай соларға қатысы бар адамдар жатады. Бұл ретте қылмыскер жоғарыда аталған қызметкерлердің туыстарына қарсы қылмыс жасап, оларға әсер ету арқылы, кек алу мақсатын місе тұтады.

    9. Аса қатігездікпен,  садизммен, қорлаумен, сондай-ақ  жәбірленушіні қинай қылмыс істеу.  Мұндай қылмыстар көбінесе жеке  адамдарға қарсы, басқа да жеке  адамдардың өміріне, денсаулығына, бостандығына қарсы жасалады. Мысалы, адам өлтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық, өкімет билігінің шегінен шығу, кейбір жағдайларда аса қатігездікпен басқа да қылмыстар істелуі мүмкін. Мысалы, 276-бап жануарларға қатыгездік жасау. Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен қылмыс істеу қылмыскердің осы тәсілдер арқылы жәбірленушіні қинап, оны азаптап, жанын, тәнін ауыртып, оған аса ауыр материалдық және моральдық ауырлықты келтіруі айтылады. Мысалы, балаларының көзінше анасын азаптап, сабау немесе жәбірленушіні жанын қинап өлтіру, ерекше қаталдықпен мүлікті қорқытып талап ету, т.б. әрекеттер.

    10. Қару, оқ дәрі, жарылғыш  заттар немесе оны бейнелеуіш  қондырғылар, арнайы дайындалған  техникалық құралдар, тез тұтанатын  және жанғыш сұйықтар, улы және  радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсеткен немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау. Қылмыскердің көрсетілген құралдарды, қаруларды қолдануы қоғам үшін қауіпті басқа да тәсілдерді пайдалану қылмыстың қоғамға үшін қауіпті басқа да тәсілдерді пайдалану қылмыстың қоғамға қауіптілігін жоғарылатады. Сол үшін оған қатаң жаза белгіленеді.  Жалпыға қауіпті тәсілді қолданып қылмыс істеу. Мұндай тәсілді қолданып қылмыс істеу қылмыстық заң қорғайтын көптеген қоғамдық қатынастарға зиян келтіру қаупін туғызады. Жалпыға қауіпеті тәсілдерге: жарылыс, қопарылыс ұйымдастыру, өрт қою, су астында қалдыру, қопарылыс жасайтын заттарды, уландыратын газдарды пайдаланып қылмыс істеу жатады. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар орын алу үшін қылмысты жалпыға қауіпті тәсілді қолданып істеу фактісі болу қажет.

    11. Төтенше жағдайды, табиғи  немесе өзге де жағдайларды  қылмыс жасау үшін пайдалану,  сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық  кезінде қылмыс жасау. Мұндай әрекеттерді төтенше жағдайды немесе жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайларды пайдаланып қылмыс жасау деп атаймыз.

    Жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкіну, су тасқыны, қар көшкіні, өрт апаты, дауыл  соғуы сияқты оқиғалар жатады.

    12. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық елігу жағдайында қылмыс жасау. Адамның осындай күйде болып қылмыс істеуі кінәлінің келтіретін зияндылығының сау адамға қарағанда едеуір зор болатындығы, сонымен бірге оның қауіптілік дәрежесінің де үлкен екндігін көрсетеді. Қандай жағдайда мас күйге келудің қылмысты саралау үшін маңызы шамалы. Адамның алкоголь ішімдігін есірткелік немесе уландыратын заттарды пайдаланып мас күйге келуі арқылы қылмыс істеуі мүмкін. Сот істелген қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауға да құқылы. Мысалы: отбасына, жеке басына келген ауыр қайғыдан, күйіктен ішіп мас болуы немесе мас болып маңызы шамалы қылмысты істеу, т.б. жағдайлар.

    13. Адамның өзі қабылдаған  атын немесе кәсіби атын бұза отырып қылмыс жасауы. Аталған жағдайда қылмыс істеу - әруақытта да жазаны жоғарылатудың негізі. Өйткені, аталған адамдар өзі қабылдаған антын бұза отырып, өзіне берілген сенімге қиянат жасап, алдау жолына түседі. Мысалы, антты бұзып, мемлекеттік құпияны жариялайды, береді немесе банк қызметкері кәсіби антын бұзып салушыларды қаржыларын өзі пайдаланып кетеді және т.б. әрекеттер.

    14. Қылмыскердің қызмет  жағдайын немесе шартқа байланысты  өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып  қылмыс жасауы. Бұл жағдайларда  қылмыскер өзіне сеніп тапсырылған қызмет жағдайын пайдаланып сенімге қиянат жасап, оны қылмыс істеуге пайдаланады. Мұндай ретте осындай қылмысты лауазымды адамдар қызметкерлерімен бірге қатардағы қызметкерлерде жасауы мүмкін. Шартқа байланысты мәселе Азаматтық кодекс нормасы арқылы реттеледі. Шарт заңды тұлғалармен де, жеке азаматтармен де бекітілуі мүмкін. Шарттан туындайтын сенімді пайдаланып, қиянат жасау жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайға жатады.

    15. Өкімет өкілінің  нысанды киімін немесе құжатын  пайдаланып қылмыс жасау. Өкімет өкілінің түсінігі Қылмыстық кодексінің 307-бабының ескертпесінде берілген. Осыған жататын адамдардың нысанды киімін немесе құжатын пайдалану қылмыс істеуге зор мүмкіндіктерді туғызады. Сондықтан да мұндай мән-жайлар  жауаптылықты және жазаны ауырлатуға негізі болады. Қылмыстық кодекстің 54-бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар тұжырымды болып табылады және оны кең мағынада талқылауға жол берілмейді. Өйткені, Кодекстің 54-бабының 3-бөлігінде «Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлімінде көрсетілген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды» делінген. Осы баптың 2-бөлігінде «Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі керек» делінген. Мысалы, аса қатыгездікпен жасалған ауырлататын жағдайдағы кісі өлімі (96-бап 2-бөлігі «д» тармақшасы). Жауаптылықты және жазаны ауырлатаын осындай мән-жайлар қылмыс құрамының қажетті немесе ауырлататын белгісі ретінде көрсетілгендіктен жаза тағайындағанда оны қайтадан жазаны ауырлататын мән-жай деп есепке алуға болмайды.

    Информация о работе Жаза тағайындаудың бастамасы