Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 14:17, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................2
І. Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары......................4
1.1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы
туралы идеялар..................................................................... 4
1.2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі............. 27
1.3. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері....................... 30
ІІ. Азаматтық қоғам ұғымы....................................... 34

Қорытынды.............................................................................. 36
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі...................................39

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 курсты0 ж9мыс.doc

— 182.50 Кб (Скачать документ)

«Санаулы адамның мүдделері  үшін қызмет ететін заңдар бар жерде  мемлекеттік құрылым жөнінде  айтуға болмайды, онда тек ішкі бақталастық бар, ал ондағы әділдік дегеннің атына заты сай емес».

Ежелгі философтың осы  бір парасатты пікірін құқықтық мемлекет пен құқықтық заңның қазіргі жақтауышысы қолдар еді.

Саналы заңдардың басқару  тұжырымдамасын табиғи-құқықтық тұрғыда Аристотель де (б.э.б. 384-322 жылдар) негіздеді. «Сонымен, - деп жазды ол, - кім де кім заңның билік етеуін талап етсе, құдай мен сананың билік етуін талап ететін секілді, ал кім де кім адамның билік етуін талап етсе, өзінің талабын жануар элементіне негіздейді, өйткені құмарлық хайуанатқа тән, ашу-ыза да билеушілердің қаншалықты дұрыс адамдар болғандығына қарамастан, оларды тура жолдан кері бұрады; керісінше заң-теңдестірілген сана» (Аристотель. Политика, III, 11, 4, 128 в 5). «Заң билігі жоқ жерде, - деп айтады, ол мемлекеттік (полистік) құрылымның қандай болмасын нысанына орны жоқ».

Аристотельдің түсіндіруінде саяси (мемлекеттік) құрылымының түрлі нысандар әділдік принципі мен құқық идеясына сәйкес келеді, яғни, басқаша айтқанда құқықтық сипаты бар. «Сонымен, - деп жазды Аристотель (Политика, ІІІ, 4, 7, 1279а 26), - мемлекеттік құрылымның жалпыға ортақ пайдалы ойлайтын нысандары ғана сөзсіз әділдік принципіне сай дұрыс болып табылады; ал тек басқарушылардың жеке игілігін ойлайтын нысандардың бәрі де қате және дұрыстардан ауытқушылықтары бар; олар деспоттық принципке негізделген, ал мемлекет еркін адамдардың қарым-қатынасы болып табылады». Деспотизмге қарсы қойылатын саяси және құқықтық нысандардың осындай принциптік жиынтығы мен заттай-мағыналық бірлігі Аристотельдің ілімінде мемлекеттің құқықтық концепциясы бар деп айтуға негіз болады.

Жалпы алғанда Аристотель мен әзірленген саяси ғылым полистік өмірдегі барлық негізгі мәселелердің табиғи-құқықтық түсінігіне сүйенді. Аристотельдің «адам табиғи болмысынан саяси жан» (Аристотель. Политика І, 1, 9, 1253 а 16) деген әйгілі қағидасының да табиғи-саяси мағынасы бар.

Қазіргі тілмен айтқанда, Аристотельдің ілімінде мемлекеттің  саяси құқықтық сипаты бар. Оның саяси ғылыми мемлекет пен заң туралы құқықтық ілім, өзінің бойында құқықтық заң мен құқықтық мемлекеттің бастапқы идеяларын қамтиды.

Бұл тұрғыда ежелгі грек ойшылдарының (Платонның, Аристотельдің, олардан кейін Полибийдің) айтарлықтай жетістігі-мемлекеттің үздік нысаны ретінде аралас басқару туралы ілім.

Аристотельде мемлекеттің  ең үздік нысаны болды. Бұл демократия мен олигархия принциптерін тиісті түрде үйлестіру («араластыру»).

Бұл ретте Аристотель көбіне Платонға ерді. Платон өзінің «Заңдар» еңбегінде лайықтылығы бойынша екінші мемлекет ретінде аралас басқаруды суреттеді – «монархиялық және демократиялық құрылымның арасындағы орта: мемлекеттік құрылым әрқашан аралық деңгейде болуы керек» («Заңдар», 757) Аристотель Платонның аралас басқарудың артықшылықтары туралы идеясының өзіне келісе отырып, сонымен қатар жетілген мемлекет туралы платондық тұжырымдамада әңгіме шындығында демократиялық элементті монархиялық емес, олигархиялық элементпен үйлестіру туралы деп ескертеді.

Іс жүзінде аристотельдік  полития жалпы билік етудің саяси (сонымен бірге-құқытық) нысанының теориялық конструкциясы болып табылады. Бұл рет ол эмпириялық түрдегі мемлекеттік нысандар үшін эталон ретінде және олардың деспоттығының, құқық пен саяси әділдік нормаларының талаптарынан ауытқушылығының шамасын анықтау үшін критерий ретінде қызымет етеді.

Полития Аристотельдің  ойы бойынша оның этикалық және саяси  ілімінің негізгілерін ескере отырып құрылады. Полития – мемлекеттің  «ортаңғы» нысаны, оңдағы «орташа» элемент барлығында да басым: талғамда жайлылық, мүлікте – орташа күй, билікте – орта тап. «Орташа» адамдардан тұратын мемлекет ең үздік мемлекеттік құрылымға ие болады (Политика, IV, 9, 6, 1295 в18). Аристотельдің ойынша, мемлекет үшін ең үлкен игілік – азаматтарда орташа, бірақ жеткілікті меншіктің болуы.

Аристотельдің пайымдауынша ортаңғы элементтің көптігі халықтың күресуші партияларға бөлінуіне жол бермейді және партиялар арасындағы таластарды әлсіретеді.

Аристотельдің ойынша, политияда  ортаңғы элемент шеткі элементтерден күштерек болуы керек. Жоғарғы билік күштірек болуы керек. Жоғарғы билік азшылықтың емес көпшіліктің қолында болуы керек. Ал осы құрылымды жақтаушылар саны ерікті халықтың жалпы санындағы қарсыластардың санынан басым болуы керек. Политияда (олигархияда, демократияда) заң шығарушы мемлекеттік құрылымның сол нысанындағы ортаңғы элементке көңіл болуы керек.

Мүмкін, осы жағдайлардағы мемлекеттік құрылымның үздік ұйымы, Аристотельдің ойынша, оның негізгі үш элементтерін құрудың және олардың қызмет ету тәсілдерінің түрлі шарттарын тиісті түрде үйлестіруде байланысты болар. Аристотель кез келген мемлекеттің үш элементі барын атады: бірінші – заң шығаруға жиналған орган, екінші – магистратура, үшінші – сот органдары. Осы үш элемент, оның бағалауы бойынша, әрбір мемлекеттің негізін құрайды, сондықтан мемлекеттік құрылымның ерекшелігінің өзі осы элементтердің түрлі ұйымдастырылғанына байланысты болады.

Алайда Аристотельдің  бұл ойларында құқықтық мемлекет теориясына тән билікті бөлу тұжырымдамасы әлі болмаған. Бұл құқықтық мемлекет теориясы бойынша мемлекетті құрылымның түрлі нысандарының айырмашылықтары ойшыл атаған элементтердің әрқайсысының түрлі ұйымдастырылуына ғана емес, сонымен қатар (дәл құқықтық мемлекет теориясы мен практикасы үшін елеүлі болатын) сол элементтер арасындағы қатынастардың сипатына, олардың өзара байланыстыруының нысанына, олардың өкілеттіліктерін шектеу тәсілдеріне, жалпы мемлкеттің биліктік өкілеттілігінің барлық жиынтығын іске асыруға қатысу шамасына байланысты.

Одан екі ғасыр өткеннен кейін Полибий (б.э.б. 210-128 ж.) дайындаған аралас басқару тұжырымдамасы билікті бөлу теориясы тұрғысынан алғанда әлде-қайда жетілген болды. Спартада, Карфагенде және Римде аралас басқарудың болғанын атай отырып, ол осы нысанның түрлі құрамдас элементтерінің өзара тежелу және бір-біріне қарсы әрекет ету сияқты артықшылығын ерекше атайды. Бұл жалпы алғанда саяси құрылымның тиісті түрдегі тұрақты ұйымдастырылуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл-билікті бөлу теорясының да маңызды идеаларының бірі.

Полибий «Жалпы тарих» еңбегінде (VI, 4-10) мемлекеттің алты негізгі нысанының (патшалық өкімет, тирания, аристократия, олигархия, демократия және охлократия) пайда болу және ауысу тәртібін «табиғат заңы» бойынша болатын табиғи процесс ретінде сипаттайды.

Полибийге сәйкес, патша  үкіметі, аристокрастия және демократияның  ерекшеліктері бірігетін басқару нысаны анағұрлым жетілген болып табылады.

Басқарудың осындай  аралас нысанының басты айырмашылығын Полибий тирания, олигархия және охлократия сияқты арнайы басқару нысандарына өтуге жол бермейтін мемлекет тұрақтылығын қамтамас етуден көреді.

Полибий пікірінше осыны  ең алғашқы болып түсінген және аралас басқаруды ұйымдастырған спартандық заң шығарушы Ликург болды: «оның құрған басқару нысаны қарапайым емес және біркелкі емес, бірақ ол басқарудың үздік нысандарының бірі шектен тыс қатты дамымауы үшін және сол арқылы өзіне жақын теріс нысанға айналмауы үшін, олардың бәрі өздерін өзі тежеу үшін, біріне-бірі қарсы тұруы үшін сол үздік нысандардын барлық артықшылықтарын біріктірді (Полибий. Жалпы тарих, VІ, 10).

Өз заманындағы жағдайларға қарап, Полибий Рим мемлекетінің ең үздік басқару жүгісімен ерекшеленетінін атайды. Онда ол үш билікті атайды: консулдар билігі, сенат билігі және халық билігі. Олар тиісінше патшалық, аристократтық және демократиялық бастауларды білдіреді.

Римдегі үш биліктің арасындағы мемлекеттік өкілетіктердің бөлінуін сипаттай келе, Полибий қайсыбір биліктерідің қажетіне қарай біріне-бірі кесел келтіретіндей немесе керісінше өзара қолдау көрсететіндей тұрақталған саяси процедуралар мен тәсілдерді қарастырады. Бұл ретте бір биліктің өзіне қатысты сәйкессіздің туралы наразылығы тиісті түрде басқа биліктердің қарсылығын тудырады, ал жалпы алғанда Рим мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен беріктігін сақтайды.

Аралас басқарудың ежелгі тұжырымдамасы мен одан кейінгі билікті бөлу теориясы арасындағы барлық тарихи және әлеуметтік – саяси айырмашылықтарға қарамастан, оларда айтарлықтай маңызды ортақ тұстар бар екенін оңай байқауға болады. Басқарудың аралас нысанында (әсіресе Полибий ілімінде анағұрлым анық) басқарудың түрлі нысандары өкілдерінің өкілеттіктері (билікті бөлу теориясындағы түрлі биліктің өкілеттіктері секілді) біртұтас бастамаға бірікпейді және өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды, бөлінген күйде, біршама дербес болып, қала береді, өзара әрекет етеді, үйлеседі және қатар өмір сүреді, тұрақты бүтіндік – мемлекеттік құрылым шектерінде өздерін-өзі тежейді. Екі жағдайда да бір мақсат – басқару тетіктері бір орталықта шоғырланбайтын, керісінше өзді-өздерін тежейтін, бір-біріне қарсылық көрсететін жалпы мемлекеттік биліктің құрамдас бөліктері арасында әділ бөлінетін мемлекеттік билік құрылымын қалыптастыру.

Мемлекетке деген құқықтық көзқарас (мемлекетті құқықтық түсіну және талдау).

 Рим авторларының  шығармашылығында елеулі түрде дамытылды және тереңдетілді.

Бұл тұрғыда мемлекетті адамдардың келісімді құқықтық араласуы және «жалпы құқықтық тәртіп» ретінде түсіндіретін Цицеронның  табиғи құқықтық ілімі үлкен жетістік болды (Мемлекет туралы, I, XXXII, 49).

Цицероның тұжырымдамасынан мемлекет заңдарының табиғи құқық талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Тек осындай заңдар ғана әділ болады. Әділетсіз заңдарға келетін болсаң, олар «заң атауынан гөрі ортақ келісім бойынша қараушылар қабылдаған шешімдерге тең» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІ, 13). Ол маңызды мемлекеттік-құқықтық жағына жасайды: «Бәрі де заң күшінің ықпалында болуы керек» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІІ, 17) .

Цицерон ойынша азаматтардың құқықтық теңдігіне патшалық басқару, аристократия және демократия элементерінен құралатын мемлекеттің аралас нысанында ғана қол жеткізуге болады. «Өйткені, - дейді ол, - мемлекетке көрнекті де патшалық етуші болуы лазым – биліктің бір бөлігі алдыңғы қатардағы адамдардың беделдісіне беріледі, ал кейбір істер халықтың талқылаумен еркіне ұсынылады (Цицерон. Мемлекет туралы, I, XV, 69).

Цицерон мемлекеттің аралас нысанының бір бағытына қарай ауытқудың қауіптілігін атайды және олардың арасында «құқықтарды, міндеттерді және өкілеттіктерді тең бөлу» арқылы олардың өзара тепе-теңдігін жақтайды (Цицерон. Мемлекет туралы, I, XXXI II, 57).

Мемлекеттің халық ісі және жалпы құқықтық тәртіп ретінде жүзеге асуы, Цицеронның ойынша, көбінесе бүкіл халықтың (тұрғындардың) саяси және құқықтық белсенділігіне байланысты.

Себебі азаматтың бостандығы –  оның құқықтары, яғни жалпы құқықтық тәртіптің, бүкіл мемлекеттің негізгі бөлігі.

Мемлекетке деген құқықтық көзқарастың дамуы мен оның құқықтық сипатын зерттеу үшін Рим заңгерлерінің құқықты жеке және көпшілікке бөлуінің елеулі мәні бар. Мемлекетті жалпы-құқықтық жағынан түсіндіру мемлекет ұғымын заңдастыруға ықпал етті және оның құқытық табиғатының түсінігін тереңдетті.

Ежелгі авторлардың идеялары мен  конструкцияларға орта ғасырдағы еуропалық  және жаңа дәуір ойшылдарының шығармаларында одан әрі дами түсті.

Құқықтық мемлекеттік идеяларының тарихы тұрғысынан орта ғасыр бос, жоғалған уақыт болған жоқ. Керісінше, ортағасырдың саяси-құқықтық ой (ортағасырлық юриспруденция, саяси ғылым, философия теология) ежелгі дәуір мен жаңа дәуір идеяларының арасында маңызды байланыстырушы роль атқарды.

Бұл ретте ортағасырлық теологияның  беделді өкілі Фома Аквинскийдің (1225-1274) саяси-құқықтық көзқарасы танымды болып табылады.

Жаңа жағдайларда ол ежелгі авторлардың  ең алдымен Аристотельдің (адамның  саяси табиғаты туралы, басқарудың саяси нысаны және т.б.туралы) және Рим  заңерлерінің (табиғи-құқықтық әділдік және т.б. туралы) саяси-құқықтық идеяларының бірқатарын христиандық тұрғыда дамытты.

Фома Аквинскийдің ойы бойынша, табиғи заң өзің-өзі сақтауға және ұрпақ қалдыруға, шындық пен шынайы Құдайды іздеуге ұмтылумен қатар, Жаратушы өз бетімен және кейпімен жасаған саналы жан ретіндегі адамның беделін мойындауды жіне сыйлауды талап етеді. Адам беделі туралы Фома Аквинский айтқан қағида христиандық гуманизмнің мызғымас негізгі принципі бола отырып, саяси-құқықтық тұрғыда адамның айырылмас табиғи құқығы идеясының алғашқы пайымдауы болды. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекет пен адам (позитивті) заңы адам беделін мойындауға және сыйлауға міндетті. Осыған сәйкес мемлекет жалпы игілікті білдіретін саяси нысан ретінде, Фома Аквинскийдің іліміне сай, адамдар үшін өмір сүруге лайықты жағдайларды, яғни адам беделіне сәйкес болатын жағдайларды қамтамасу етуі керек.

Аристотельдің және басқа да ежелгі ойшылдардың қағидаларын пайдалана  отырып, Фома Аквинский шексіз (абсолютті) монархтия мен саяси монархияның  арасындағы айырмашылықты анықтайды. Оның пайымдауына сәйкес, саяси монархияның артықшылығы – басқарудың бұл формасы жалпы ігілік адамды сыйлау монархтың өзі де бағынуға міндетті заң негізінде билікті жүзеге асыру талабын анағұрлым жақсы үлгіде білдіреді. Сонымен бірге саяси монархияда монарх билігі өкілетті органмен шектелген.

Ежелгі авторалар секілді Фома Аквинский монархияны (шексіз және саяси) тирандыққа қарсы қояды және халықтық (шіркеудің келісімімен) тирандық өкіметті күшпен құлату құқығын мойындайды. Фома Аквинский мойындаған халықтың тирандыққа қарсы шығұға құқығында халықтың егемендік идеясы бар.

Осы дәуірде Марсилий Падуанский (1275-1343) өзінің мемлекет пен құқық туралы зайырлы ілімінде халықтың егемендікті анағұрлым анық мойындады және қорғады. Оның ойынша халық-барлық биліктің (зайырлы да, рухани да) көзі, егемендікті иеленуші және жоғарғы заң шығарушы. Шындығында ол «халық» деп қоғамның ортақ игілік үшін қам жеген үздік, білімді бөлігін атады.

Саяси ой тарихында Марсилий Падуанский алғашқылардың бірі болып «Дүние қорғаушысы» еңбегінде мемлекетегі заң шығарушы және атқарушы биліктерді заң шығарушы биліктің үстемдігі мен атқарушы биліктің жалпыға міндетті заңмен байланыстылығы негізінде бөлу тұжырымдамасын негіздейді.

Марсилий Падуанский алға тартқан  барлық лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік институттардың, соның ішінде монархтың да сайлануы халындағы демократиялық принципке де халықтық егемендік идеясына сүйенеді. Бұл ретте ол сайланатын монархияны ұрпақтан ұрпаққа берілетін монархияға қарағанда басқарудың әлдеқайда жетілген нысаны деп есептеді.

Информация о работе Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам