«Астана медицина университеті»
АҚ
Құқық негіздері мен сот
медицинасы кафедрасы
Тақырыбы: Құқықтық
қатынастардың түсінігі, түрлері және
мазмұны
Орындаған:
Тексерген:
Астана 2013 жыл
- 1. Құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- 2. Құқықтық қатынастардың мазмұны
- 3. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
- 4. Құқықтық қатынастардың түрлері
- 5. Құқықтық қатынастардың туындау, өзгертілу және тоқтатылу негіздемелері
Жоспары
- Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
- біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
- екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
- Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
- Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты кұқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
- Бірінші — құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершілік түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
- Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
- Үшінші — субъектілер өз еріктерімен, өз мүлде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
- Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынас - бұл
құқыққа байланысты құқық негізіндегі
қатынастар. Құқықтық қатынастар – құқық
санаттарының кіндікті түйінділерінің
бірі. Мұның көптеген аспектілері әлі
күнгі ғылымның даулы мәселелеріне жатады.
Құқықтық қатынастардың элементтері
Субъект
Жеке адам және заңды тұлғалар
Объект
Экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық, әкімшілдік қатынастар
Субъективтік құқық
Құқықтық қатынастардағы субьектілердің екі жақты мүдде мақсаттарының орындалуы
Заңды міндеттер
Мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады
- Құқықық қатынастың субъектісі — жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (КРАК, 12 б.). Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет — құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-қатынас жасауға т.б. құқықтары бар (кодекстің 14-бабы).
- Әрекеттілік (дееспособность) — адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау кабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.
- Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін зандылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.
- Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды.
- Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы, үйленуге (жанұя құруға), қылмыстық жауапкершілікке тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):
- - адамдардың денсаулығының нашар болуы;
- - туысқандық-қандас болу;
- - егерде азамат сотталған болса; діни нормаларға шектеу.
- Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.
- Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат-мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көрсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. "Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады"
- Құқықтық қатынастың объектісі — қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматгық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілердің іс-әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері — құқық қатынастарының объектілері.
- Құқық қатынастың объектісі — тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүлде-мақсатын реттеп-басқарып отыратын қарым-қатынастарды қамтиды. Осы мүлде-мақсаттарды орындаудағы субъектілердің іс-әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады.
- Субъективтік құқықтық — құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүлде-мақсатарының орындалуы. Субъективтік құқық пен занды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұның құрайды.
- Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші — қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші — көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші — көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші — егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу әдіс-тәсілдері: 1) құқықтың алдында қойылатын өз мүлде-мақсатын анықтау; 2) құқықтық норманы дұрыс пайдалану; 3) құқықтық тәртіпті қатаң орындау.
- Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті мін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады.
Салыстырмалы құқықтық
қатынас деп екі тарап та
дербес және нақты анықталған және бір-біріне
қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі
болып табылатын құқықтық қатынастың
бір түрін айтамыз
Абсолютті құқықтық
қатынас деп субъективті
құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге
субъектілердің барлығына оның субъективті
құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық
қатынастың түрін айтамыз.
Құқықтық
қатынастардың субъектілерінің жағдайларына
қарай екіге бөлінеді:
Құқықтық
қатынастардың мағынасы
Құқықтық
қатынасты тар мағынада түсіну оны заң
нормаларымен реттелген әлеуметтік қатынастардың
бірі деп ұғыну және бұл қатынасқа түсушілердің
өзара кірігіп-бірігіп араласып кеткен
құқықтарымен міндеттері болады.
Құқықтық
қатынастарды кең мағынада түсінуді заң
пайда болғанға дейін объективті түрде
туындайтын әлеуметтік өзара ықпалдасулардың
ерекше түрі деп ұғыну қажет. Бұл ықпалдасуларға
қатысушылардың бір – біріне өзара қатысы
болып келетін құқықтары мен міндеттері
болады.
Құқықтық қатынастар мазмұнына
қарай екіге бөлінеді жалпылық және нақты.
Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет
пен жеке азаматтардың арасында болады.
Нақты түрдегі қатынастар заңды
себептер, фактілер болғанда басталады.
Мысалы,
сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы
т.б. себептер.
Құқықтық қатынастар
әрекет ету мерзіміне байланысты
қысқа мерзімді
(айырбас)
ұзақ мерзімді (азаматтық)
Қатысушыларының
құрамына байланысты құқықтық қатынастар
қарапайым
күрделі
екі субъектінің арасында жүзеге
асады
бірнеше субъектінің арасында
жүзеге асады.
Құқықтық реттеу пәніне байланысты
құқықтық қатынастар
Конституциялық құқықтық қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастар
Қылмыстық құқықтық қатынастар
Қылмыстық құқықтық қатынастар
Әкімшілік құқықтық қатынастар
Еңбектік құқықтық қатынастар
Құқықтық қатынастар функционалдық
роліне байланысты
Реттеуші
Қорғаушы
Реттеуші нормалар
қатынастарды реттеп-басқарып, дамытып
отырады.
Қорғаушы нормалар
қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес
орындалуын қамтамасыз етеді.
- Құқық - өте күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі - қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
- Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік жасайды.