Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 16:29, курсовая работа

Краткое описание

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектілері азаматтар, атқарушы билік органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке кәсіпорындар болуы мүмкін. Бірак атқарушы билік әрбір әкімшілік – құқықтық қатынаста, не тікелей субъект ретінде, не жанама субъект қадағалаушы ретінде нақты немесе заңды түрде қатысып отырады.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесін құрайды. Оған: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министрліктер, республиканың мемлекеттік комитеттері мен водомостволары, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшіліктері жатады. Бұл органдардың құқықтық жағдайының маңызды белгісі олардың заңға бағыныштылығы болып табылады.

Содержание

Әкімшілік құқықтың түсінігі.
Мемлекеттік басқару органдары.
Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік,

Прикрепленные файлы: 1 файл

5 тақырып Әкімшілік құқ..doc

— 45.00 Кб (Скачать документ)

Тақырып: Әкімшілік  құқық негіздері.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқықтың түсінігі.
  2. Мемлекеттік басқару органдары.
  3. Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік,

шараның түрлері.

                  Негізгі мазмұны:

Әкімшілік құқық конституциялық азаматық және қылмыстық құқықтарға қарағанда іргелі құқық саласы ретінде болып келеді.

«Әкімшілік» латын тілінде  басқару деген мағынаны білдіреді.

Әкімшілік құқық – құқықтың мемлекеттік басқару процесінде, атқарушы билік құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық қытынастарды реттеуші саласы.

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектілері азаматтар, атқарушы билік органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке кәсіпорындар болуы мүмкін. Бірак атқарушы билік әрбір әкімшілік – құқықтық қатынаста, не тікелей субъект ретінде, не жанама субъект қадағалаушы ретінде нақты немесе заңды түрде қатысып отырады.

Қазақстан Республикасындағы  атқарушы билік мемлекеттік басқару  органдары жүйесін құрайды. Оған: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министрліктер, республиканың мемлекеттік  комитеттері мен водомостволары, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшіліктері жатады. Бұл органдардың құқықтық жағдайының маңызды белгісі олардың заңға бағыныштылығы болып табылады.

 Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • әлеуметтік – экономикалық саясатың қорғану қабілеттіліктің,

қауіпсіздіктің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі  бағыттарын анықтайды, олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

  • парламентке республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы

есеп  ұсынады, бюджеттің  орындалуын қамтамасыз етеді;

  • Мәжіліске заң жобаларын ұсыну арқылы заң шығару бастамасы

құқығын іске асырады, заңдардың  орындалуын қамтамасыз етуі;

  • Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
  • Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
  • министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің,өзге де орталық және

жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

  • Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері,өзге де

орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің  толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

Министрлік – мемлекеттік  органдар арасындағы өзінің қалыптасқан  басқару салалары (өрістері) бар (қорғаныс, қаржы, әділет, ішкі істер, т.б.) неғұрлым тиянақты ұйымдық форма. (Ғ.С.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығын қараңыз).

Агенттіктер –  Үкімет құрамына кірмейтін орталық  атқарушы органдар.

  • Агенттікті Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың

Премьер-министрдің ұсынысы  бойынша құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

  • Агенттік басқару саласына (өрісіне) басшылық жасайды. Заңнамада

көзделген жағдайларда  салааралық үйлестіруді және басқа  арнайы атқарушылық және шешуші функцияларды жүзеге асыра алады.

  • Агенттік құрылымын оның басшысы бекітеді және ол департаменттерден және басқармалардан тұрады.
  • Агенттік төрағасы жанынан алқа құрылады, ол ақылдасу-кеңесу

органы  болып табылады.

Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.

  • Ведомства орталық атқарушы органның комитетінің функциясын

атқарады. Басқа органдарға қарағанда ведомствода, сонымен қатар, аумақтық бөлімшелер болуы мүмкін.

  • Ведомстваны Үкімет тиісті орган басшысының ұсынысы бойынша

құрады, қайта ұйымдастырады  және таратады.

  • Ведомство арнайы атқарушылық және бақылау - қадағалау

функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік  басқарудың салалық (өрістік) басшылығын жүзеге асыруға құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық  дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік – құқықтық нормаларды  бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптық әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:

    1. құқыққа қайшылық;
    2. кінәлілік;
    3. қоғамға зияндылық;
    4. әкімшілік жауапкершілік.

Әкімшілік құқық  бұзышылықтың элементтері:

    • объект бұл заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып

табылады;

    • субъектісі бұл 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс азамат;
    • субъективтік жағы бұл қасақана не абайсызда жасалған нысаны;
    • объективтік жақ бұл әрекет немесе әрекетсіздік.

Әкімшілік жазаның түрлері:

    1. Ескерту;
    2. Айып салу;
    3. Тәртіпсіздік әрекеті үшін бұйымды иесінен алу жазасы;
    4. Тәркілеу жазасы;
    5. Арнайы құқығынан айыру;
    6. Еңбекпен түзеу жұмыстары;
    7. Әкімшілік қамауға алу. (А.А. Тарановтың «Қазақстан

Республикасының Әкімшілік  құқығы» оқулығын қараңыз).

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. А.А. Таранов «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы».    

Алматы, 2003ж.

  1. М.Дулатбеков, С. Амандыкова, А.Турлаев «Мемлекет және

құқық негіздері». Алматы, 2001ж.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.
  2. Қазақстан Республикасының әкімшіліктің құқық бұзушылық

кодексі. 2001 жыл,30 қаңтар.


Информация о работе Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері