Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 18:21, статья
«Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны мен әдістемесі білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» мамандандырылған оқу кабинетінің болуын қажет етеді. «Өзін-өзі тану» оқу кабинеті – көрнекі құралдармен, оқу құрал-жабдықтарымен, жиһаздармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі. Онда Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті орта білім беру Мемлекеттік стандарттарына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқушылардың оқу және сабақтан тыс іс-әрекеттері, сондай-ақ білім үрдісінің тиімділігі мен нәтижелігін арттыру мақсатында пән бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.
Сұрақ: «Өзін-өзі тану» пәніне арналған мамандандырылған оқу кабинеті қажет пе?
«Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны мен әдістемесі білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» мамандандырылған оқу кабинетінің болуын қажет етеді. «Өзін-өзі тану» оқу кабинеті – көрнекі құралдармен, оқу құрал-жабдықтарымен, жиһаздармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі. Онда Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті орта білім беру Мемлекеттік стандарттарына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқушылардың оқу және сабақтан тыс іс-әрекеттері, сондай-ақ білім үрдісінің тиімділігі мен нәтижелігін арттыру мақсатында пән бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.
Сұрақ: «Бөбек» ғылыми орталығының қызметкерлерін «Өзін-өзі танудың» қандай оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірледі және оны мұғалімдер мен оқушылар қашан алады?
Мектепке дейінгі білім мекемелеріне арналған «Өзін-өзі тану» оқу-әдістемелік кешені үлкен және даярлау топтарының тәрбиешілеріне арналған әдістемелік құралдан, үлкен және даярлық топтарына арналған хрестоматиядан, қазақ және орыс тілдерінде жазылған үлкен және даярлық топтарының балаларына арналған альбомнан тұрады; мектептік ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешеннің ішіне 1-11 сыныптардың «Өзін-өзі тану» оқулығы, қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жазылған 1-11 сынып оқушыларының дәптері кіреді; ТжКБ ұйымдары үшін қазақ және орыс тілдерінде жазылған колледж оқытушыларына арналған әдістемелік құрал мен колледж студенттеріне арналған оқу құралы. Республиканың білім беру ұйымдарына арналған «Өзін-өзі тану» оқу-әдістемелік кешенінің таратылымы Полиграф-комбинат ЖШС және «Дәіур» Республикалық полиграфиялық баспа кешеніңде басып шығарылды. 23 шілдеден бастап оқу-әдістемелік кешендерді аймақтарға жеткізу басталды.
Сұрақ: «Өзін-өзі тану» пәнін кім оқыту алады және «Өзін-өзі тану» мұғалімдерінің осы пән бойынша аттестациядан өтпегенін ескере отырып, олардың іс-әрекеті қандай біліктілік санаты бойынша төленеді?
Осы уақытқа дейін «Өзін-өзі тану» мұғалімдерін даярлауға мемлекеттік тапсырыстың болмауына байланысты, аталған пәнді 1-4 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, 5-9 сыныптарда пән мұғалімдері; 10-11 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен «Этика және жанұялық өмірдің психологиясы» пәнінің мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар және психологтар жүргізеді. Мұғалімдердің біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығымен бекіткен Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау Ережесіне сәйкес сақталады.
Сұрақ: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсын қайдан өтуге болады немесе өзін-өзі тану мұғалімінің мамандығын қалай алуға болады?
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары 2002 жылдан бастап «Бөбек» ғылыми орталығында жүргізіліп келеді. Барлығы 3014 педагогтар – бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, мектепке дейінгі білім ұйымдарының тәрбиешілері, психологтар, білім мекемесі директорларының орынбасарлары, басшылар біздің орталықта курстан өтіп, сертификаттар алды. 2009 жылдың тамызында біз Қазақстанның барлық аймақтары үшін 80 өзін-өзі тану тьюторлар-дәрісшілерін даярладық, олар облыстық біліктілікті арттыру институттарында «Өзін-өзі тану» пәндері бойынша курстар өткізеді. «Бөбек» ғылыми орталығының Адамның үйлесімді даму колледжінде өзін-өзі тану тәрбиешісі мамандығы бойынша «Мектепке дейінгі оқыту және білім беру», өзін-өзі тану мұғалімі мамандығы бойынша «Бастауыш білім беру» және «Бастауыш мектеп үшін өзін-өзі тану мұғалімі» мамандығын алуға болады. Аталған мамандықтар бойынша 2010-2011 оқу жылы біздің колледжде оқытудың сырттай түрі ашылды. Еліміздің жоғарғы оқу орындары «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынщша педагогтарды даярлауға кіріскелі жатыр. Осы жылы бакалавриатта өзін-өзі тану мұғалімін нысаналы даярлауға 300 грант бөлінді.
Сұрақ: «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің эксперименттік алаңдарында сыныптар топтарға бөлінген. «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуде осындай бөлу қарастырылады ма және «Өзін-өзі тану» пәнін өткізу кезінде сыныптарды топтарға бөлуді қаржыландыру мәселесі қалай шешіледі?
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес «Өзін-өзі тану» сабағын өткізу кезінде сыныптар топтарға бөлінеді (қалалық мектептер үшін 25 және одан көп оқушылар, ауылдық мектептер үшін 20 және одан көп оқушылар). Білім және ғылым министрлігі облыс, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне жіберген хатында (2010 жылдың 26 маусымы № 4-02-5/1700) «Өзін-өзі тану» сабағын өткізу кезінде сыныптарды топтарға бөлуге жергілікті бюджеттен қарастырылған қаржылар туралы айтылған.
Сұрақ: «Өзін-өзі тану» пәні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне (ТжКБ) қалай енгізіледі және «Өзін-өзі тану» пәнін кім жүргізеді?
ТжКБ білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәні ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім беру департаментінің 2010 жылғы 14 шілдедегі №11-4/1655 бұйрығына сәйкес 2010-2011 оқу жылында негізгі орта білім беру негізінде оқушыларға (9-сынып) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының негізінде жалпы білім пәндері циклында; жалпы орта білім беру базасында білім алушыларға (11-сынып) факультативтік сабақтарға бөлінген сағаттардың есебінен 36 сағат көлемінде жүргізіледі. Педагогикалық және гиманитарлық колледждерде бастауыш білім беру мамандықтары бойынша (0100000) 60 сағат көлемінде жалпы гуманитарлық пәндер циклында жүргізіледі. «Өзін-өзі тану» сабағын осы пән бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтар жүргізеді.
Сұрақ: «Өзін-өзі тану» пәні мектептің оқу жоспарына қандай сағаттардың есебінен кіреді?
«Өзін-өзі тану» жаңа оқу пәнін енгізуге байланысты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының негізінде мектептің барлық білім деңгейлері үшін қазақ, орыс, үйғыр тілдерінде жаңа базистік және типтік оқу жоспарларын әзірледі. «Өзін-өзі тану» пәні жалпы білім беретін мекеменің оқу жоспарына 1-9 сыныптарда «Қоғамтану» білім саласында және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарда базалық (инвариантты) компонент ретінде; қоғамдық-ғуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарда мектептік (вариативтік) компонентте бағдарлы пән ретінде енгізіледі. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сағаттар саны 1-11 сыныптарда – аптасына 1 сағат. Білім мекемелерін жаңа оқулықтармен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қамтамасыз етеді.
Сұрақ: «Өзін-өзі тану» мектепке дейінгі білім мекемелерінің оқу жоспарына қалай енгізіледі?
«Өзін-өзі тану» пәні үлкен мектепке дейінгі топтардың, мектепалды даярлықтың топтары мен сыныптарының оқу-тәрбие үрдісіне «Таным» саласындағы 0,5 сағат және «Денсаулық» саласының 0,5 сағаты есебінен оқу базистік жоспарының аумағында аптасына 1 сағат көлемінде енгізіледі.
Сұрақ: «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізудің ғылыми-әдістемелік ілеспесі қалай жүзеге асырылуда?
«Бөбек» ғылыми орталығының Адамның үйлесімді дамуы институтының қызметкерлері өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды, «Өзін-өзі тану» сағатына арналған қосымша материалдар жинағын әзірлеген. Бұл материалдарды «Бөбек ғылыми орталығында және алдын-ала рәсімделген тапсырыс беруші бланкті төлегеннен кейін пошта арқылы алуға болады.
«Бөбек» ғылыми орталығы «Самопознание.KZ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналын басып шығарады. Журналдың практикалық бағыты бар. Онда «Өзін-өзі тану» оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеушілерінің материалдары, «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңдарының материалдары, «Өзін-өзі тану» сабақтарының әзірлемелері және оның қосымша материалдары, адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша ата-аналар жиналысы мен сыныптар тыс шаралардың әзірлемелері жарияланады. Журналдың №1-№6 нөмірін «Бөбек» ғылыми орталығында қолма қол есептеу арқылы немесе мына мекенжайға ақша аудару арқылы сатып алуға болады:
«Бөбек» ғылыми орталығының реквизиттері:
Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
«Дарын-1» шағын ауданы, №47 үй,
СТН 090 500 022 028
«Банк Центр Кредит» АҚ
ИИК KZ4578560000000033014
БИК КCJBKZKX
Бин 990540003224
«Самопознание.KZ» журналының
№7-№12 нөмірлеріне жазылымды
Информация о работе Сұрақ: «Өзін-өзі тану» пәніне арналған мамандандырылған оқу кабинеті қажет пе?