Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:46, реферат
«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады.
Егер Милет мектебінің өкілдері
космостың генетикалық
Ксенофанның түпнегізі - ақыл-ой. Құдай адамдарды жаратпайды, керісінше, адамдар өз бейнесіне қарап, құдайды жаратады.Егер жалқылар адамдар сияқты сурет сала білсе жәнеөнердің түрлерін тудыра алатын болса, онда олар құдайларды жалқы ретінде суреттер еді. Ксенофанның құдайы - таза ақыл-ой, ол материалды емес. Оның барлық күші - данышпандылығында. Ол гректің бұрынғы құдайларындай бір орнынан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп жүрмейді, керісінше, ылғи да тыныштықта болады, қозғалмайды .Ол әлемді тек ақыл-оймен ғана басқаруды, ешқандай да дене күшін жұмсамайды.
Түйсіктер берген ақпараттар шындыққа жатпайды. Ақыл-ойдың өзі де кейде бізді алдайды. Ал ақиқат ақыл-ойдың қорытындысы емес, кездейсоқтықтың жемісі.Осыдан келіп, Ксенофан дүниені танып-білу мүмкіндігін емес, танып-білу мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа шығарады.
Ксенофанның жалқы құдай туралы ілімін әрі қарай дамытып, оны бір тұтас болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл - Парменид (шамамен б.д.д. 540-480жж.)болды. Оның негізгі шығармалары: «Табиғат турылы», «Ахиллес»(бізге дейін жетпеген). Парменидтің қарастырған мәселелері - болмыс пен бейболмыстың ара қатынастары туралы мен болмыстың ақыл-ойға қатынасы. Бұл екі мәселенің екеуін де тек ақыл-ой арқылы шешуге болады. Ақиқатқа тез жету үшін ақыл-ой көптеген тор мен тап болуы мүмкін.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша айтқанда, болмыс - нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт - ол, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гөрі, метафорамен немесе ұқсастық тәсілін қолдану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші болып өз тезисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді.
Парменидтің ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі, оны танып-білуге және оны сөзбен жеткізуге болмайды. Басқаша айтқанда, нақты өмір сүрмейтін нәрсені (бейболмысты) түсінуге де, ойлауға да болмайды. Енді бұл дәлелдің өзін дәлелдеу қажет. Осыдан келіп, Парменид болмыс пен ойлаудың арақатынасын қарастырады. Оның пікірінше, болмыс пен ойлау процесс ретінде де, олардың жемісі ретінде де тепе-тең. Бұл тезисті, заттар мен ойлауды өз алдына жеке өмір сүретін құбылыстар екенін мойындай отырып, ой - затталынған(яғни, материалданған - ойдың бір затты ойлауға бағытталуы) кезде ғана ой болады деп түсінуге, ал зат - тек ойланылған кезде ғана зат болады деп түсінуге болатын сияқты. Осыдан келіп, Парменид: егер болмыс нақты бар деген ой бар болатын болса, онда осы ойда, ойланылатын бейболмыстың бар болғандығы, бірақ ол бейболмыс күйінде емес, болмыс күйінде өмір сүретіндіктен осыған дейін бейболмыс туралы ойланған ойымыздың бәрі болмыс туралы ой болып шығады.
Парменидтің ілімін әрі қарай жалғастырушы, оның шәкірті, Элеаттар мектебінің көрнекті өкілі - Зенон (шамамен б.д.д. 490-430жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Философтарға қарсы», «Табиғат туралы». Бұл еңбектері толық сақтамаған , бізге тек фрагмент күйінде ғана жеткен. Зенон Парменидтің болмыс жалқы, біртұтас және қозғалмайды деген пікірін басқа жолмен дәлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз дәлелін болмыстан бастап, көзге көрінетін және көрінбейтін әлемді қарастырумен аяқтаса, Зенон, керісінше, өз дәлелін көзге көрінетін, ақиқатқа жатпайтын әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның пікірінше, физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа жатпайды, ол нағыз ақиқат біздің түйсінуімізден тыс жатқан әлем, ол - болмыс.
Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің атышулы тәсілі «эпихейрема» алқылы дәлелдемек болды. Бұл тәсілдің мәні - тікелей дәлелдеу тәсілінің орнына кері бұрмалап дәлелдеудің негізінде қарсылыстарының пікірін абсурдтық жағдайға әкелу арқылы, оған өзінің бұрыңғы айтқан пікіріне қарсы пікірді мойындаттыру. Бірінші эпихейрема мынадай: егер шексіз көп заттар өмір сүретін болса, онда олар шындығында қанша болса, тура сонша болулары керек(аз да емес, көп те емес). Ал енді олар қанша болса, сонша заттар бар болса, онда олардың саны шектеулі болғаны. Бұл - тезис. Антитезис: «Егер шексіз көп заттар өмір сүрсе, онда болмыс та сан жағынан шексіз».
Екінші эпихейремада былай делінеді: Егер болмыс шексіз көп болса, онда ол үлкенді-кішілі болып бөлінулері керек.Үлкен болғанда соншалықты шексіз үлкен, ал кіші болғанда, соншалықты мөлшерсіз кіші болуы мүмкін. Ал егер шексіз көп заттар бөлінбейтін болса, онда олардың мөлшерлері жоқ болғаны. Себебі, ол заттар шексіз кіші. Ал егер олар шексіз бөлінетін болса, онда олар шексіз таусылмайтын бөліктерден тұрады да, шексіз үлкен болады.
Дүниеде бар нәрсенің мөлшері болады, ал мөлшерлі нәрсенің денесі болады. Егер бөлшектері жоқ нәрселер - өте мәнсіз құбылыс болса, онда сол бөлшектенбейтін және өте мәнсіз құбылыс - Парменид айтқан біртұтас, жалқы болмыс, - деп дәлелдейді Зенон.
Болмыстың қозғалмайтындығын Зенон өзінің «Дихотомия» (ортасынан қақ бөлу), «Ахиллес және тасбақа», «Жебе», «Стадион» деген апорияларына (шешілмейтін, лажсыз жағдайлар) сүйеніп, дәлелдемек болады.Зенон элеаттардың ойлау мен болмыстың тепе-теңдігі туралы тезистеріне сүйене отырып, түйсіне алатын әлемдегі заттардың қозғалысын емес, тек қана ойлау әлеміндегі қозғалысты жоққа шығарады. Басқаша айтқанда, Зенон қозғалыстың бар екеніне күмән келтірмейді, бірақ сол қозғалысты ақыл-ой арқылы бейнелеу қайшылықты сипатта болғандықтан, қозғалыс туралы сезім мүшелері берген мәліметтердің ақиқаттығына күмәнданады.
Зенонның қойған біртұтастық пен шексіз көптік, қозғалыс пен тыныштық сияқты мәселелері ғасырлар бойы талай ғұламаларды ойландырып, олардың философиялық іздестірді.
Антика дәуірінің философиясы
Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегрек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Милет мектебі-грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.
Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.
Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.
Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист – философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.
Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.
Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн түрлілігінің түп негізі деп санаған.
Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.
Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдеріКсенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.
Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.
Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енг3зген6 ежелг3 грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.
Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.