ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 08:33, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі болып табылатын парақорлық қылмыстарының түсінігі, құрамдас бөліктерінің анықтамасы, парақорлық құрамының объективтік және субъективтік белгілерінің ерекшеліктері, парақорлық - қылмыстарын саралау мәселелері теориялық тұрғыдан кеңінен сөз болады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................4

1. ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
1.1. Парақорлықтың объектісі мен заты..................................................5

2. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪКТИВТІ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ
1.2. Пара алудың объективтік жағы.........................................................16
1.3. Пара алудың субъектісі......................................................................50
1.4. Пара алудың субъективтік жағы.......................................................62

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.................................................................68

Прикрепленные файлы: 1 файл

3.doc

— 101.50 Кб (Скачать документ)

Заңның лауазымды мемлекеттік  қызметтер атқаруға уәкілетті адамның  не оған теңестірілген адамның параны ''пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті '' ережесі де онша дау туғызбайды. Мұндай пара берушінің тікелей өз мүддесі, туыстары, таныстықтарын мүддесі сондай-ақ заңды тұлғалардың мүддесі туралы сөз болып отыр.

Пара алудың объективтік жағынан басқа белгілері туралы теорияда да, сот тәжірибесінде де біркелкі түсінік жоқ. Оның бәрі пара үшін жасалатын іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің мәні мен мазмұнына байланысты болып отыр.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 1 бөлігінің диспозициясында көрсетілгендей  мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адам немесе соған теңестірілген адам (пара алу субъектісі) параны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып    төмендегі жағдайларға байланысты алады:

а) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінің қызметтік  өкілдігіне кіретін іс-ірекеттерді жасау;

б) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына  өзінен қызметтік өкілеттігіне кірмейтін  іс-әрекеттерді өзінің  лауазымдық жағдайын пайдалана отырып жүзеге асыру;

      в)жалпы қамқоршылығы мен қызметі бойынша  жол беру.  

    

2.3. Пара алудың  субъектісі.

 

Мемлекеттік қызметпен  мемлекеттік жергілікті өзін-өзі  басқару органдары қызметі мүддесіне  қарсы қылмыстың ерекше белгісі  болып оларды арнайы субъектілердің жасауы, яғни жалпы субъектімен салыстырғанда белгілі ерекшеліктерімен сипатталатын  адамдардың жасауы болып табылады. Арнайы субъект белгісінің ерекшелігі төмендегі мәселелерден көрінеді:

Олар қылмыс құрамының  негізгі белгісі болып көрінеді, бұларсыз осы құрам болмайды;

Қылмысты саралау немесе ауырлату жағдайында қылмыс құрамын  құрайтын саралау белгісі болып  көрінеді.

Пара алу құрамын  талдау осы қылмысчтық субъектілері болып қызметкерлердің төрт санаты болуы мүмкін деген қорытындыға  келуге негіз бар. Олар:

Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдар;

Мемелекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға теңестірілгендер;

Лауазымды адамдар;

Жауапты мемлекеттік  лауазым атқаратын адамдар;

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі заңымен Қылмыстық кодекстің 13 тарауында елеулі өзгерістер, толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты тараудың аты мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар деп аталады. Осы тараудағы көптеген қылмыстық баптардың диспозициясы өзгеріске ұшырады. Соның ішінде парақорлықтың ұғымының белгілері, оның субъектісіне байланысты тың жаңалықтар орын алды. Бұрыңғы осыған дейінгі уақытта пара алу субъектісі тек лауазымды тұлға болса, жаңа өзгерістерге сәйкес пара алу субъектісінің қатары өсті, енді парақорлық субъектісіне мемлекеттік қызмет атқарға өкілетті адамдар не оған теңестірілген адамдар келіп қосылды. Қылмыстық  заңда мұндай тұлғалардың түсінігіне заңдылық анықтама ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабынан ескертуінде берілген. Осыған орай мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті адамдарға лауазымды адамдарды, Парламент мәслихаттарының депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекет қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға: жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Респуликасының Президентінің, Республика Парламенті мен мәслихаттарының депуттатығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдардың мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы мемлекеттік бюджеттік қаражатынан төленетін қызметшілер, мемлекеттік органдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарды басқару қызметін атқаратын адамдар теңестіріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізілген осы жаңалыққа сәйкес бұдан былай барлық мемлекеттік қызметшілер, басқа да қызметшілер парақорлық субъектісі болып табылады. Демек, парақорлық субъектісінің саны бұрынғы заңға қарағанда едәуір ұлғайды. Лауазымды адамдар ендігі жерде парақорлықтың ауырлататын белгісінің субъектісі болды. Бұрынғы заңда парақорлық субъектісі тек лауазымды тұлға болса, енді пара алудың негізгі құрамының субъектісі болып мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті және соған теңестірілген адамдар табылады. Осы заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің түсініксіз жақтары да бар. Біріншіден бұл қылмыстық заңға енгізілген өзгеріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда көрсетілген субъектілер тізімін өзгертпестен енгізген Мемлекеттік қызметші мен лауазымды тұлға деген түсініктердің арасы жойылып кеткен. Екіншіден осы заңда мемлекеттік қызмет атқаруға өкіллетті адамдарға – лауазымды адамдар жатады деп тікелей айтылған. Сонда осы ҚК-тің 307-бабының ескертуінің бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды адамдардың, осы ескертудің үшінші бөлігінде айтылған лауазымды адамдардан қандай айырмашылығы бар екендігі түсініксіз болып қалған. Осыған орай қылмыстық заңда лауазымды адамдардың түсінігі екі топқа бөлініп берілген. Болашақта мұндай қарама-қайшылықтар заңдылық тұрғыда түзелуі тиіс. 

Жалпы алғанда парақорлық субъектісі көбінесе лауазымды адамдар  болады.  Бұрын айтын өткеніміздей ''лауазым адамы'' деген термин 1926 жылғы РСФСР ҚК пайда болды, бірақ осы ұғым заңда берілген жоқ. Лауазымды қылмыстардың арнайы субъектісі жайлы теориялық мәселенi зерттеу қылмыстық-құқықтық әдебиетте практика талабынан туындады. Бірақ бұл процеске заң оперативті  жедел түрде көңіл бөлмеді.

Сонымен ҚК 307 бабына түсіндірмесінде, ескертуіне сәйкес: тұрақты немесе уақытша арнаулы өкілеттік бойынша  өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдарында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады. 

Бұл жағдайда лауазым адамы белгісін анықтаушы ұғым болып заңда көрсетілген қызметтердің мәні, ол адамның заңда көрсетілген  қызметті атқаруы оның орындайтын міндеттерінің сипаты көрсетілген.

Демек, заң субъектілерінің  бірінші санатында:

а) Үкімет өкілін атқарушы адамдарды;

б) Ұйымдастырушылық - әкімшілік  немесе әкімшілік – шаруашылық қызметтерді  заңда көрсетілген құрылымдарда атқарушы адамдарды жатқызады.

Әрине, қылмыстық заңда  қылмыстың арнаулы субъектісі ретінде  лауазым адамының маңызды және субъект  ретiндегi жалпы белгілері қарастырылған. Қызмет мәнінің, олардың мазмұнын ашу арқылы адамды лауазымды адам қатарына қосуға мүмкіндік туады.

Парақорлық - коғамымыздын өткен ғасырдағы басынан кешірген кенестік дәуірдін, сонымен катар  казіргі уакыттағы мемлекетіміздің  экономикалык, саяси дамуы кезіндеі және алдағы уакыттағы дамуына бірден-бір кедергілер қоғамдағы кара дақ болып отыр.

 

 

2.4. Пара алудың  субъективтік жағы.

 

Субъективтік жақтың мазмұнын зерттеудің теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық  жауапкершілік негізінің құрамдас бір бөлігі ретінде ол қылмыстық мінез-құлықты, қылмыстық емес мінез-құлықтан бөліп қарайды.

Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі  деңгейін анықтауға әсерін тигізеді және осының себебінен жазаның даралануына  да әсер етеді. Сонымен қатар оның маңызы басқа белгілері бойынша ұқсас қылмыс құрамдарын бір-бірінен бөліп қарауға мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.

Пара алу құрамы диспозициясында  кінәнің нысанын атап көрсетпейді, бірақ құрамның объективтік жағын  талдаудан іс-әрекеттің заңдағы сипаттамасынан, сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің 20 бабының 2 бөлігін басшылыққа ала отырып, осы қылмыс тек қана тікелей қасақана бойынша жасалуы мүмкін деп сеніммен айтуға болады.

Тікелей қасақаналықты  анықтау үшін, кінәнің басқа да кез-келген түрі сияқты, заң психиканың интеллектуальдық және еріктік элементтерінің мазмұнын қолданады.

Қарастырылып отырған  құрамның интеллектуальдық сәтіне кінәлінің  өзінің заңсыз мүліктік пайданы ала  отырып, сол үшін қызметін пайдаланып пара берушінің немесе оның өкілінің мүддесіне бола белгілі бір іс-әрекеттер жасауы немесе жасамауы, немесе оларға қамқорлық жасау я болмаса қызметі бойынша беруі жатады.

Пара алушының интеллектуальды  сәтіне талдау оның санасында біз  жоғарыда қарастырған пара алудың барлық объективті белгілері көрініс беруі тиіс деп айту үшін мүмкіндік береді. Бұлар мынаны түсіну болып табылады: а) алыған материалдық сыйлықтың заңсыз екендігі; б) пара алу, пара беруші немесе оның өкілдері пайдасына әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін алынатынын; в) бұл әрекеттер (әрекетсіздіктер) лауазым адамының қызметтік өкілеттілігіне кіреді, немесе ол өзінің лауазымдық дәрежесі арқылы осындай іс-әрекеттерге көмектеседі, немесе пара жалпы қамқоршылық немесе лауазымдық қызметі үшін жол бергендігі үшін алынады. Барлық объективтік белгілерді сезіну арқылы қол сұғылатын игіліктің қандай объектіге бағытталғанын түсінуге болады. Лауазым адамы пара ала отырып мемлекеттік аппарат немесе жергілікті өзі басқару аппаратының қалыпты заңды қызмет жасауына қол сұғып отырғанын және осының нәтижесінде оларға ұйымдастырушылық келуі басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келуі мүмкін екенін түсіну қажет.

Материалдық пайданы  пара ретінде беру фактісін түсіну лауазым адамы тарапынан да осы  пайданы беруші адамда оны пара ретінде (заңсыз сыйлық) санайды деп түсінуге әкеліп соғады. Бұл кезде лауазым адамының пара алу әрекетін анықтау үшін пара алушының интеллектуальды және еріктілік сәтінің мазмұнының жиынтығы есепке алынады дегенді естен шығармау қажет, ал бұл ретте пара берушінің мүліктік құндылықты белгілі бір әрекет (әрекетсіздік) үшін пара ретінде беру тілегі  және түсінуі шешуші роль атқармайды.

Сондықтан да, мысалы, егер лауазымды адам оған берілген мүлікті  пара ретінде қабылдаса, ал бұл уақытта  оны беруші адам қарызды қайтарып отырмын, немесе айыппұл, салық және тағы басқаларды төлеп отырмын деп есептесе, онда ол пара алуға оқталғандық үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Пара алудың субъективті  жағының міндетті белгісі болып  пайдакүнемдік ниет-мүліктік сипаттағы заңсыз пайда табуда танылады. Пайдакүнемдік ниетке пайдакүнемдік мақсат сәйкес келеді. Яғни, осы параны алуда ниет пен мақсат бірлігі көрінеді, яғни ниет пен мақсат субъектінің интеллектуальдық және еріктілік іс-әрекетінің қылмыс істеудегі қозғаушы күшіне айналады.

Пайдакүнемдік мақсаттың  болмауы лауазым адамының әрекетін пара алу ретінде сипаттауға негіз  болып табылмайды. Қызмет бойынша  анау-мынау әрекеттерді орындағаны (орындамағаны) үшін параны лауазым  адамы емес, ал оның туысы алса, қылмыс құрамы тек мына жағдайларда:

а)лауазым иесі бұл  сыйлық жайлы білді және

б)тікелей сыйлық алушы  оған материалдық тәуелділікте болды  немесе мезгіл-мезгіл оның материалдық  қолдауын пайланып отырды. Басқа жағдайда лауазым адамы пара алушы ретінде  жауапкершілікке тартылуы мүмкін емес, себебі оның әрекетінде пайдакүнемдік мақсат пен ниет жоқ. Егер мұндай ретте іс-әрекетте қылмыстың басқа да белгілері болған кезде лауазым адамының өкіллеттілігін асыра пайдалана отырып өзінің жеке мүддесі үшін жасаған әрекеті жайлы сөз болуы мүмкін. Қорытындыласақ, пара алу сәтінде пара алу құрамының барлық объективтік белгілеріндегі кінәлінің ниетімен толық қамтылған болса ғана іс-әрекетті пара алғаны үшін саралау туралы сөз болады. Тек объективті және субъективтік белгілердің толық үйлесуі ғана лауазым адамның әрекетін пара алу ретінде қарауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай отырып негізгі түйіндерді, сонымен қатар жалпы коррупциямен де, жеке алғанда парақорлықпен де қарсы қылмыстық құқықтық күрестің тиімділігін арттыруға көмегі тиеді деп ойлайтын ұсыныстарды көрсетуді қажет деп санаймыз.

1.Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап және ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінуде. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықты тек қана парақорлыққа әкеліп теңеуге болмайды. Бұл құбылысты лауазым иесінің сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне пайдаланып азаматтардың немесе ұжымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соғатын әрекеттер деп анықтауға болады.

2.Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық нысандары, көріністері мыналар болып табылады:

а) Мемлекеттік билікке қарсы қылмыс, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүдделеріне қарсы күрес.

б) Мемлекеттік қызметтре атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілікті пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасауы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамнан не оған теңестірілген адамнан лауазым адамының өздерінің қызметі бойынша берілген мүмкіншіліктерді пайдалана отырып қылмысты жасауды көп жеңілдететінін  және оны қоғамдық қауіптілігін арттыратынын ескере отырып, iзденушi мына белгіні заңда қарастыруды дұрыс деп санайды: ''Лауазым адамының немесе лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын'' жазаны ауырланатын жағдай ретінде қарастыруды дұрыс деп санайды  (ҚР ҚК 54 б).

Біздің ұсыныстарымыз осы тұрғыдағы қылмысқа қарсы елеулі тосқауыл болады деп ойлаймыз. Кейбір пікірлер, ұсыныстар белгілі бір дау туғызуы да мүмкін. Диссертацияда негізінен парақорлықтың құрамына, белгілеріне, түрлеріне жан-жақты талдау жасалды, ал соған байланысты кейбір мәселелер (мысалы қылмыстық жаза, криминологиялық проблемалар) өіндік ерекшелігіне байжеке талдауды қажет ететіндіктен біздің зерттеулеріміздің объектісі болуды қажет етпеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы  Алматы, 1995ж

2. Егемен Қазақстан газеті 13 қыркүйек,2003ж.

3. Н.А. Назарбаев. Казахстан–2030 (Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы). Егемен Қазақстан, 11қазан, 1997 жыл.

4. Егемен Қазақстан газеті, 25 қыркүйек, 2002ж. 

5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. Алматы, Жеті жарғы, 2004 ж.540 б.

6. Заң газеті, 9 қаңтар 2002 ж.

7. Практические меры борьбы с коррупцией. Руководство, подготовленное секратариатом ООН., май, 1990 г.

Информация о работе ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ