Мемлекеттік қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 11:50, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АР.doc

— 35.00 Кб (Скачать документ)

АР-НАМЫС КОДЕКСІ  
(Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этикасы ережелері)

 
 
Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам  мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм  бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк  қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.  
Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.  
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнің осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Кодекс) "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.  
Мемлекеттiк органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары) осы Кодекстiң мәтінiн мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерге орналастыруды қамтамасыз етеді.  
 
Ескерту. Төртінші абзацқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.  
 
1. Мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде:  
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетімен мемлекеттiк биліктің беделiн нығайтуға, мемлекет мүдделерiн қорғауға; Қазақстанның беделiн түсiретiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;  
2) Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға;  
3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын iс-әрекеттерге жол бермеуге;  
4) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;  
5) мемлекеттік және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл де сапалы атқаруға, ол үшiн өзiнiң жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға;  
6) жоғары кәсiби жұмыс үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсауға, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы және үнемдi әдiстерiн қолдануға, сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға;  
7) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға;  
8) мемлекеттiк қызмет мүдделерiне залал келтiретiн iс-әрекеттi болдырмауға; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерiн қозғайтын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметiне араласпауға;  
9) кәсіпкерлiк қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жол бермеуге;  
10) қызметтiк ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;  
11) қызметi жоғары немесе төмен тұрған не өзiмен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелдiлiктегi адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктiк сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;  
12) мемлекеттiк функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметiн пайдалану фактiлерiне жол бермеуге;  
13) заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдiк жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;  
14) өзінің iске көзқарасымен және жеке мiнез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге;  
15) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауына бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;  
16) кадрларды жерлестiк және жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;  
17) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуi;  
18) өзінің қызметтік мiндеттерін атқару кезеңiнде киiм киюдің iскерлiк стилiн ұстануға тиiс.  
 
2. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттiк қызметшiлер:  
1) азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал етуге;  
2) қарапайымдылық танытуға, өзiнiң лауазымдық жағдайын, соның iшiнде көлiк, сервис және өзге де қызметтердi алу кезiнде, баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;  
3) өзiнiң iс-әрекеттерiмен және шешiмдерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзiмдiлiкпен қарауға, оң сын-ескертпелерді кемшiлiктердi жою мен өзiнің кәсіби қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;  
4) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;  
5) шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге;  
6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға;  
7) сыпайы және әдептi болуға тиiс.  
 
3. Өзiне бағынысты қызметкерлерi болатын мемлекеттiк қызметшiлер:  
1) бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкілеттiктерiнiң көлемiн олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуге және олардан қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;  
2) бағынысты қызметкерлерiне қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекілік фактiлерiне, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтуге, жөнсiздiкке жол бермеуге;  
3) бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтiн iс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиiс.  
 
4. Мемлекеттiк орган қызметiнің мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берiлген лауазымды тұлғалары сөйлейдi.  
Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрталасты әдептi түрде жүргiзуi тиiс.  
 
5. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметтiк iсінің мәселелерi жөніндегі өз пiкiрiн, егер ол:  
1) мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;  
2) жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпараттарды ашатын болса;  
3) мемлекеттiк лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруге тиiс емес.  
 
6. Мемлекеттiк қызметшінің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы және/немесе кәсіпкерлiк қызметпен айналысуы, бiреудiң мүдделерiн сүйемелдеуi жөнiнде негiзсiз көпшілiк алдында айыптау болған жағдайда, ол тиiстi түрде мұндай айыптауларды терiске шығаратын ақпаратты жариялауға тиiс.  
 
7. Мемлекеттiк қызметшiнi сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілiк алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды терiске шығару, соның iшiнде сот арқылы терiске шығару шараларын қабылдауы керек.  
 
8. Мемлекеттiк қызметшiлердiң осы Кодекстi сақтауы олардың қызметтiк борышы болып табылады.  
 
9. Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін. K970167 (41-бап; 13-тарау) K010155  
 
10. Мемлекеттiк органның ұжымы мемлекеттік қызметшіні қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлғаның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң осы Кoдекстi сақтамау фактiсiн қарап, қараудың нәтижесi бойынша қоғамдық мiн таға алады.


Информация о работе Мемлекеттік қызмет