Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 16:57, реферат
Бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік – шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік, әлеуметтік – мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналды. Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік органдардағы емес, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардағы да (басшылар, инженер-техникалық қызметкерлер, т.б.) жұмыс түсінілді. Егер нақты бір адам мемлекет құрған лауазымға орналасқан болса, ол мемлекеттік қызметшілер қатарына жататын болды.
І. Кіріспе
ІІ. 1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы және маңызы
2. Мемлекеттің кадр саясаты – Қазақстанның табысты өркендеуі мен дамуының кепілі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. 1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы және маңызы
2. Мемлекеттің кадр саясаты – Қазақстанның табысты өркендеуі мен дамуының кепілі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұрынғы Кеңес өкіметінің
кезінде мемлекеттік қызметке арнайы
арналған заңнама болмады. Ол кезде
мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек
ету қызметі нысандарының бірі ретінде
түсінілді, оның ерекшелігі тікелей
қол еңбегімен материалдық
Сонымен бірге қандай да болмасын бір қызметкерді мемлекеттік қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбекақы төлеудің көзі болды: мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қызмет, тар мағынасында, қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдардың қызметі танылды. Мемлекеттік басқару аясына орай, мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік-басқару қызметін атқаратын қызметкерлердің, яғни атқарушы-өкім етушілік сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналды.
1995 жылы 26 желтоқсанда ҚР-сы
Президентінің «Мемлекеттік
Аталған заң бойынша, мемлекеттік қызметші – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттеледі. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар белгіленген:
Батыс елдерінің
заңнамалары мемлекеттік қызмет
туралы мәселені көп жағдайларда
Қазақстан заң шығарушылары басшылыққа
алатын қағидаттардан өзгеше негіщдемелерде
шешеді. Мәселен, АҚШ-та мемлекеттік
қызмет туралы заңнаманың реттеуіне
бюджеттік қаржыдан ақы алатын кез
келген қызметкер жатады; оларды «азаматтық»
және «үкіметтік» қызметшілерге
бөлу қаралған. Ұлыбританияда барлық
шенеуніктер, сондай-ақ мемлекеттік
кәсіпорындар мен мемлекеттік ғылыми
және ғылыми-техникалық мекемелерде
істейтін адамдар да мемлекеттік
қызмет атқарады. Францияда мемлекеттік
қызмет шенеуніктердің, сондай-ақ өзге
де мемлекеттік қызметшілердің жариялы
басқарушылық қызметі болып табылады.
Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер
болып ең алдымен жариялы билікті
иеленуші ретінде мемлекеттің барлық
қызметшілері танылады. Германияда да
шенеуніктер мемлекеттік
Қазақстан
заңнамасы мемлекеттік
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, қай кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауымен, одан бетер олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану – алғы шепте тұратын жалпыұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді, кетеді, ал мемлекеттік баксқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз жұмыс істеуге тиіс. Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемі қызметін қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.
Қазақстанда
жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуына орай,
ашық құқылы институт ретінде елде
әлеуметтік-экономикалық және саяси
өзгерісті қамсыздандыруға
Тәуелсіз Қазақстанның барлық көрнекті
жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті,
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
есімімен тікелей байланысты екені дәлелдеуді
қажет етпейді. Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде
мемлекет басшысының көреген саясатының
арқасында қоғам дамуының барлық саласында
түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылды,
соның ішінде мемлекеттік органдардың
тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті
басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Мемлекеттік қызметті құру мен жетілдіру
жөніндегі байыпты да жүйелі жұмыс жүргізілгенін
ұлттық саясаттың маңызды басымдықтарының
қатарына жатқызуға болады. Мемлекеттік
қызметтің қазақстандық жүйесі 20 жыл ішінде
өзінің қалыптасуынан бастап бұрынғы
кеңестік аумақтағы ең ілгерішіл жүйе
екендігін танытқан үлкен даму жолынан
өтті. Оның азаматтардың мемлекеттік қызметке
қол жеткізуге тең құқылы екендігін әйгілейтін
басты принципі Қазақстан Республикасының
Конституциясының нормасына негізделген. Мемлекеттік
кадр саясатын құруға бағытталған алғашқы
нормативтік құқықтық актілердің бірі
1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік
қызмет туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар Жарлығы болатын.
Мұнда алғаш рет мемлекеттік қызметтің
жұмыс істеуінің негізгі принциптері
заңнама деңгейінде айқындалды. Мемлекеттік
қызметшілердің құқықтық мәртебелерін
анықтауға ерекше көңіл бөлініп, олардың
құқықтары мен міндеттері межеленді. Сондай-ақ,
мемлекеттік қызметке алынатын кандидаттарға
қойылатын талаптар тұжырымдалды, мемлекеттік
қызметте болуға байланысты шектеулер
белгіленді. Жарлықтың ережелерін тәжірбие
жүзінде іске асыру өтпелі кезеңде мемлекеттік
басқару кадрларының негізін сақтап қалуға
мүмкіндік туғызды, мемлекеттік қызметтің
маңызды мемлекеттік институт ретінде
дамуының негізін қалады. Елбасы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы» атты 1997 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында қоғамның және әрбір азаматтың
мұқтажын қанағаттандыра алатын кәсіби
аппарат құру жөніндегі мемлекеттік кадр
саясатының басты стратегиялық бағытын
айқындап берді.
Дәл осы ұзақ мерзімді басым бағыт әкімшілік
реформаның және Қазақстанның мемлекеттік
қызметінің жүйесі дамуының келесі қадамына,
бірінші кезекте, 1999 жылғы 23 шілдедегі
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның қабылдануына
негіз болды. Заң арқылы мемлекеттік қызметтің
жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық
базаға түбегейлі өзгеріс енгізілді.
Ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерді
саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге
жіктеу ұсынылып және олардың құқықтық
мәртебелері мен қызмет өткеру ерекшеліктері
айқындала отырып, түбегейлі жаңа қадам
жасалды. Аталған норма дамытылып, тиісті
Мемлекеттік лауазымдардың тізбесі қабылданды. Екіншіден,
заң арқылы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға
орналасу кезінде міндетті түрде конкурстық
іріктеуден өту, оны өткізудің негіздері
мен реті белгіленді. Бұл шара мемлекеттік
қызметке нақты білімі мен қажетті басқару
тәжірибесі бар кәсіби даярлығы жоғары
мамандарды тартуға мүмкіндік туғызды. Үшіншіден,
саяси және әкімшілік мемлекеттің кадр
резервін жасақтау және олармен жұмыс
істеу ережелері қабылданды. Және
соңғысы, заңда мемлекеттік қызметшілерді
құқықтық және әлеуметтік қорғауды күшейтуге,
сыбайлас құқық бұзушылықты болдырмауға
бағытталған нормалардың негізі қаланды.
Заңның негізгі ережелерін іске асыру
бойынша міндеттерді шешу кезінде республикада
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
уәкілетті орган құру қажеттігі туды.
Осыған байланысты Мемлекет басшысының
бастамасымен оның 1999 жылғы 3 желтоқсандағы
№280 Жарлығымен ТМД кеңістігінде тұңғыш
рет заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік
қызмет саласында бірегей саясатты жүзеге
асыруға бағытталған арнайы мемлекеттік
орган дүниеге келді. Жергілікті жерлерде
мұндай саясатты жүргізу үшін құқықтық-ұйымдастыру
нысаны мемлекеттік мекеме түріндегі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
аумақтық органдары (тәртіптік кеңестер)
құрылды.
Агенттік қызметінің басты бағыты бастапқы
кезде мемлекеттік қызмет саласындағы
заңнаманы жетілдіру, «Мемлекеттік қызмет
туралы» Заң ережелерін нақтылау және
іс жүзіне асыру болды. Бұл қызмет тиімді
жұмыс істейтін конкурстық іріктеу жүйесі
арқылы мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуге
мүмкіндік беретін азаматтардың конституциялық
құқығын бұлжытпай сақтау; мемлекеттік
қызметті кәсібилендіру және демократияландыру,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған
мемлекеттік қызметшілерді құқықтық қорғау
принциптеріне негізделген.
Мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру
жөніндегі дәйекті және мақсатты шараларды
іске асыру нәтижесінде тиімділігі жағынан
көптеген халықаралық сарапшылардың жоғары
бағасына ие болған мемлекеттік қызметтің
қазақстандық үлгісі дүниеге келді. 2008
жылғы маусым айында өткен Мемлекеттік
қызмет мәселелері жөніндегі халықаралық
конференцияда ел Президенті мемлекеттік
қызметті реформалауды түбегейлі өзгерту
туралы бастама көтерді. Қалыптасқан жүйені
жан-жақты талдап, халықаралық тәжірибені
зерделеп, ұзақ талқылау өткізгеннен кейін
былтырғы жылғы 21 шілдеде Мемлекет басшысы
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің
тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдаманың
негізгі ережелері мемлекеттік қызметке
кірудің тиімді де айқын тәртібін қамтамасыз
ететін ілгерішіл кадр механизмін құруға,
мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз
кәсіби өсу мүмкіндігі болуына, жұмыс
нәтижесі мен ынталандыру жүйесінің өзара
байланысты болуына бағытталған. «Қазақстан-2030»
Стратегиясының ережелері негізге алына
отырып Тұжырымдамада жаңа модельді қалыптастырудың
мынадай үш тұғырлы мақсаты жасалды:
1) мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді
кадр саясаты және адами капиталды басқару
жүйесі;
2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің
жоғары сапасы және мемлекеттік органдар
қызметінің тиімділігі;
3) мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі
және мінез-құлық этикасы.
Бүгінгі таңда Тұжырымдаманы іске асыру
шеңберінде «Қазақстан Республикасының
кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк
қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы әзірленіп,
Парламенттің қарауына енгізілді.
Заң жобасы мемлекеттік аппаратқа халықтың
сенімін арттыруға, кадрларды іріктеу
жүйесінің айқындығын қамтамасыз етуге,
меритократия принциптерін сақтауға,
мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсуіне
бағытталған.
Мемлекеттік қызметтің қатарына кәсіби
білікті кадрлардың топтастырылу қажеттігіне
айрықша көңіл бөлінеді. Заң жобасы атқарушы
биліктің корпусты сатысын енгізуді көздейді.
Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен
мемлекеттік әкімшілік қызмет құрылымында
стратегиялық шешімдер қабылдау мен оларды
орындау арасындағы өзара байланысты,
сондай-ақ мемлекеттік органның кадр саясаты
мен стратегиялық міндеттерін іске асыруда
сабақтастықты қамтамасыз етуде ерекше
қызмет атқаратын «А» басқарушылық қорпусы
құрылатын болады. «А» корпусын ұлттық
(500-ге тарта лауазымды тұлға) және өңірлік
(әрбір облыста 150-200 қызметші) деңгейде
құру жоспарланып отыр. «А» корпусының лауазымдарына Президенттің
тапсырмасына сәйкес басқарушылардың
жаңа легі, мемлекеттің алдында тұрған
міндеттерді тиімді шеше алатын жоғары
білікті мамандардан құралуға тиісті
кадр резервіне алынған тұлғалар қатарынан
тағайындалмақ.
Резервті жасақтауға және басқарушылар
корпусындағы лауазымдарға тағайындауға
жауапты орган болып қызметінің басты
приципі жариялылық пен ашықтық болып
табылатын Президенттің жанындағы Ұлттық
комиссия болып белгіленді. Заң
жобасына сәйкес мемлекеттік қызметте
«А» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік
қызметшілерді одан әрі мансаптық өсу
ретімен ротациялауды жүргізу көзделген.
Бұл ретте ротациялау схемасы «орталық-өңір»,
«өңір-орталық», «өңір-өңір», «орталық-орталық»
болып өзгеріп тұруы мүмкін. Ротациялау
механизмі тәжірибе жүзінде кеңінен қолданылып
келе жатқанын атап өту керек. Статистикаға
сүйенсек, соңғы үш жыл ішінде мұндай лауазымдық
ауысуларға 3200 мемлекеттік қызметші қатысқан.
Басқарушылық корпусты түзудің принциптері
мен тәртібі туралы бұқаралық ақпарат
құралдарында егжей-тегжейлі жарияланып
келеді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің
жалпы санының басым бөлігін «Б» корпусының
құрамына кіретін қызметшілер құрайтын
болады. Осыған байланысты осы корпустың
құрылуы мен қызмет ету мәселелеріне нақты
тоқталған жөн болар еді.
«Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің
негізгі міндеті – «А» басқарушылық корпусындағы
мемлекеттік қызметшілер белгілейтін
мемлекеттік саясатты (атқарушылық қызмет)
іске асыру. Мемлекеттік әкімшілік қызмет лауазымдарына
қабылдау кадр резервінен ғана жүзеге
асырылатын болады. Бос әкімшілік лауазымдарға
орналасуға арналған конкурстық рәсімдерге
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері
өткізетін кадр резервіне іріктеуден
өткен тұлғалар мен тиісті сертификат
алғандар ғана қатыстырылады. «Б»
корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің
әлеуметтік қорғалуын және олардың жұмысын
ынталандыруды едәуір күшейту болжанып
отыр. Бұл мақсатта бірқатар шараларды
жүзеге асыру көзделуде. Конкурстан тыс
басқа мемлекеттік органдардан ауыстыру
ретімен лауазымға орналасуға жол берілмейтін
болады, бұл мемлекеттік органдар аппаратының
тұрақтылығын арттырады, мемлекеттік
орган аясында мансаптық өсу мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Бұл орайда, айқындылық
едәуір артып, үміткерлер тестілеуден
алдын ала өткізілетіндіктен, конкурс
рәсімін өткізу мерзімі бұрынғыдай ұзаққа
созылмайтын болады. Мемлекеттік қызмет
стажы 15 жылдан кем емес мамандар тестілеуден
босатылады. Заңнамада көзделген конкурстан тыс
тағайындау мүмкіндіктерін қысқарту іс
жүзінде «командалық ауысулар» тәжірибесін
тоқтату туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын
орындауды қамтамасыз етеді. Сыйақы
беру, оқуға жіберу және аттестаттау мәселелері
мемлекеттік қызметшілердің қызметі тиімділігін
бағалау қорытындылары бойынша шешілетін
болады, бұл олардың жұмысының нәтижелілігін
арттыруға ынталандыратын болады. Мемлекеттік
органға жаңадан қабылданған қызметкерлердің
бейімделуі уақытын қысқарту мақсатында
тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерлерді
бекіту болжанған. «Тұлғаларды лауазымға заңсыз тағайындау
және /немесе босату» және «мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерге заңсыз түрде
тәртіптік жаза қолдану» сияқты тәртіптік
құқық бұзушылық түрлерін енгізу туралы
заңнамадағы норма «Б» корпусы қызметшілерін
құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған.
Тиісінше заңсыз кадрлық шешімдер қабылдағаны
үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
көзделген. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді
құқықтық және әлеуметтік қорғау мәселесінде
алғашқы қадам жасалғандығы туралы айта
кету қажет. Мемлекет басшысы 2012 жылғы
16 қарашада орталық атқарушы органдардың
жауапты хатшыларының өкілеттіктерін
күшейтуге, олардың аппараттарының тұрақтылығы
мен икемділігін арттыруға бағытталған
«Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік органдардың жұмысындағы
сабақтастықты сақтау мақсатында бірінші
басшының лауазымында болу мерзіміне
қарамастан, жауапты хатшы өкілеттігін
екінші мерзімге ұзарту мүмкіндігін ала
отырып, 4 жылға тағайындала алады. Жарлық
жауапты хатшы мен мемлекеттік орган басшысы
арасындағы өкілеттікті нақты межелейді.
Жауапты хатшы лауазымын енгізу кезінде
мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс
істеуін қамтамасыз ету мақсаты қойылды.
Осыған байланысты жауапты хатшының басты
өкілеттіктері аппарат жұмысын тиімді
ұйымдастыруға шоғырланған болатын. Сондай-ақ,
қазіргі уақытта жауапты хатшы өзінің
жұмыс уақытының көпшілік бөлігін өзіне
тән емес функцияларды орындауға жұмсайды.
Кадрлық және ұйымдастырушылық проблемаларды
шешу көп жағдайда екінші кезекте қалады.
Осының барлығы түптеп келгенде мемлекеттік
органның қызметіне және мемлекеттік
қызмет кадрларының жай-күйіне теріс әсерін
тигізеді. Жарлықта жауапты хатшының негізгі
өкілеттіктері кадрлық, қаржылық, әкімшілік
мәселелерді шешуге, іс жүргізуді ұйымдастыруға,
мемлекеттік органның қызметін ақпараттық
қамтамасыз етуге, мемлекеттік тіл саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыруға шоғырланады
делінген. Салалық проблемаларға қатысты
тапсырмалардың сапалы және толық орындалуын
қамтамасыз ету функциялары мемлекеттік
орган басшысының орынбасарларына олардың
қызметтерінің бейініне сәйкес жүктеледі.
Жоғарыда аталған Жарлықтың негізгі
ережелері «Қазақстан Республикасының
кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк
қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы
нормаларына сәйкес келетіндігін ескере
отырып, осы екі құжатты қолданысқа бір
уақытта енгізу болжанып отыр.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде
басқарушылардың еңбегін ынталандырудың
іс жүзіндегі жүйесін құру үшін негіз
қаланды, бұл олардың қызметі тиімділігін
арттыру шарттарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілерді лайықты материалдық
қамтамасыз ету мақсатында аталған жүйе
енгізіліп отыр. Президент басқарушылардың
еңбек ақысын еліміздің экономикалық
дамуы динамикасымен байланыстыра отырып,
жеке сектормен бәсекелес бола алатындай
деңгейге көтеру жөнінде міндет қойды.
Шенеуніктердің еңбек ақысы атқарып отырған
лауазымына және мемлекеттік қызмет стажына
сәйкес қарастырылатын қолданыстағы тәртіппен
қатар, енді олардың қызметтерінің тиімділігін
бағалауға байланысты болады. Құзыреттілік,
тәжірибе, жұмыстың сипаты мен қарқындылығы,
шешімдер қабылдаған кездегі жауапкершілік
деңгейі сияқты өлшемдер еңбек ақы мөлшерін
белгілеген кезде шешуші болады. Заң жобасында
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді
жыл сайын бағалау көзделген. Оның нәтижелері
сыйақы, көтермелеу, оқу, мансаптық жоспарлау,
ротация бойынша шешімдер қабылдау үшін
негіз болады. Мемлекеттік функцияларды сапалы орындауға
ықпал ететін мемлекеттік сектордан білікті
кадрлардың кетуіне тосқауыл болатын
іс жүзіндегі тетіктер құру Мемлекеттік
қызметшілерді ынталандыру жүйесін қалыптастырудағы
басты нәтиже болады.
Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы алға
қойған мемлекеттік қызметті жетілдіру
саласындағы міндеттерді ұтымды шешу
елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту
жөніндегі стратегиялық құрылғыларды
білікті түрде іске асыруға қабілетті,
жинақы, жоғары кәсіби және тиімді басқарушылық
аппарат құруға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жұртшылық тарапынан жаңа сипатты құжат ретінде бағаланып отыр. Стратегиялық бағдарламада экономикалық әлеуеті кемеліне келіп, өркениет көшіне қосылған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму жолдары жан-жақты қарастырылған. Жолдау кадр саясатындағы жаңа бағыттарды белгілеп, кәсіби даярлықтың ерекше жетілдірілген әдістемелерін енгізіп отыр
Негізгі басымдықтар
«Қазақстан-2030» Стратегиясының табысты
қорытындыларына ой жібере отырып, алға
қойған өрелі мақсаттар әр қазақстандықты
берік жауапкершілік пен табанды сенімділікке
ұмтылдырары анық. Мемлекет басшысының
тереңнен ойластырылған байыпты да ұстамды
саясатының бір сипаты мемлекеттік аппараттың
жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын
арттыруға арналған. Ол жөнінде «Мемлекеттілікті
одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны
дамыту» тарауында егжей-тегжейлі баяндалып,
мемлекеттік басқарудың жаңа түрлері
ұсынылған. Қызмет ету мен мемлекеттілікті
нығайтудың жаңа міндеттерге сай болуы,
халыққа және мемлекетке қызмет етуді
барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекет
аппаратын қалыптастыру талаптары нақты
атап көрсетілген.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің кадрлық
құрамын іріктеу, кәсіби даярлықтың жетілдірілген
әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде
жақсарту ерекше маңызға ие. Бұл тұрғыдан
алғанда, еліміздің мемлекеттік қызмет
жүйесінде халықаралық сарапшылар мойындаған
ауқымды өзгерістерді басшылыққа ала
отырып, іс-тәжірибелерді жетілдіру, байыта
түсу қажет. Осы мақсатта кадр қызметі
еңбеккерлерінің сарапшылар кеңесі жұмыс
істейді. Оның құрамына облыстық және
аудандық мемлекеттік органдардың кадр
қызметтерінің тәжірибелі басшылары енген.
Олар Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігіне мемлекеттік қызмет туралы
заңнамаларды өзгерту бойынша 30-дан астам
ұсыныс жасады.
Қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы
заңнамаға енгізілген өзгерістер мен
толықтыруларды құлшыныспен қабыл алды.
Қабылданған шаралар мемлекеттік қызметшілер
кадрларын іріктеу жүйесіне, қоғамға қызмет
етуге барынша лайықты жандарды жинақтау
мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, жеке
жетістіктерін тану негізінде қызмет
бабымен өсуіне жұртшылықтың сенімін
арттырады.“Туыстық”, “жеке басына берілгендік”,
“жерлестік”, тағы басқа да ұғымдар жойылып,
Отанымыздың барлық азаматтарының еңбек
етуге конституциялық құқықтарын іс жүзінде
жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке тең
дәрежеде қол жеткізу мүмкіндігіне ие
болу тетіктері ойластырылған. Заңға тұңғыш
рет қызмет әдебі туралы жеке тарауды
енгізу қарастырылған. Онда Мемлекеттік
қызметшілердің Ар-намыс және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес тәртібі кодексінің
нормалары енгізілген. Осыған сәйкес мемлекеттік
қызметшілер мемлекеттік рәміздерге құрметпен
қарау үлгісін көрсетуге, азаматтардың
жүгіністеріне сыпайылық пен әдептілік
танытуға міндетті.
Пайдаланылған әдебиеттер