Мемлекет нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:00, реферат

Краткое описание

Мемлекет дегеніміз- қоғамды басқару құралы болып табылады. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің үш белгісі бар, ол атап айтқанада, басқару органдары мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқығының және мемлекеттік билік жүргізетін аумағының болуынан көрінеді. Әдетте, мемлекетті басқару керектігі белгілі, оның өзі монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархияда ел билігі бір адамның қолында болады және билік мұрагерлікпен жүзеге асады. Қазақ хандарының тақ мұрагерлігі юолды. Сондай-ақ патшалық Ресей кезіндегі Романовтар әулетін де мысалға келтіруге болады.

Содержание

Мемлекет нысаны
Басқару нысаны
Мемлекеттік құрылым нысаны
Мемлекеттік саяси режим

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс (Автосохраненный).docx

— 25.69 Кб (Скачать документ)

  Жоспар

  1. Мемлекет  нысаны
  2. Басқару нысаны
  3. Мемлекеттік құрылым нысаны
  4. Мемлекеттік саяси режим

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мемлекет нысандары.

   Мемлекет дегеніміз- қоғамды басқару құралы болып табылады. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің үш белгісі бар, ол атап айтқанада, басқару органдары мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқығының және мемлекеттік билік жүргізетін аумағының болуынан көрінеді. Әдетте, мемлекетті басқару керектігі белгілі, оның өзі монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархияда ел билігі бір адамның қолында болады және билік мұрагерлікпен жүзеге асады. Қазақ хандарының тақ мұрагерлігі юолды. Сондай-ақ патшалық Ресей кезіндегі Романовтар әулетін де мысалға келтіруге болады.

  Мемлекет нысандары-саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

   Егер «мемлекеттің  негізі» санаты мемлекеттегі  басты, заңдылық неге байланысты  екенін белгілесе, «мемлекет нысаны»  санаты- қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

   Мемлекет және  құқық теориясы құқық пен мемлекеттің  шығу себебін, булгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық  саяси  жүйеде алатын орнын  тағы басқа маңызды мәселелерін  зерттейді. Әсіресе нарық жолына  түскен біздің егеменді елімізде  мемлекетіміздің нысаны амалын  түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің  де мәні зор.

   Аристотельдің берген  мінездемесі бойынша, мемлекеттің  нысаны ол жоғарғы өкімет органдарының  іске асатын саяси жүйесі.

   Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: монархиялық басқару (Корольдік билік), аристократтық және полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.

 

 Басқару нысаны

   Басқару нысаны- бұл  мемлекеттік биліктің жоғары  органдарының өкілеттіктерінің  өзара қатынасы, олардың құрамы  мен құрылу тәртібі. Басқару  нысаны жоғары билікті жалғыз  адамның немесе сайланбалы алқалық  органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі түрлері болып монархия (гректің monarchia-өзі билейді) мен республика (res-ic, publicus-қоғамдық, жалпыхалықтық) юолып табылады. Билік үшінші, заңсыз жолмен келген адамдар тобының қолына тигенде диктатура орнайды.

   Мемлекет егеменді  болғандақтан жоғары мемлекеттік  билік органдарының құрылымын,  оның қызмет істеу тәртібін  анықтайтын басқару тұрпатын  құрады. «Қазақстан Республикасының  Конституциясында республикалық  басқару тұрпаты баянды етілген.  Оның негізгі анықтаушы белгісі-  мемлекет басының сайланып қойылатындығы  және алмастырылғандығы. Бұл-  республикалық басқару тұрпатын  монархиядан айыратын белгі.»

   Монархия деп мемлекеттің  жоғарғы  өкімет билігі жеке-дара,  бір билеушінің қолында болып,  ол әкеден балаға мұра ретінде  қалатын түрін айтады. Оны хан,  патша, император, король деп  атауы мүмкін (монарх мемлекет  басшысы болған кезде оған  сол елдің король, император, ұлы  герцог сияқты құрметті атағы  бірге беріледі).

  Монархияның белгісі;  мемлекетті басқаратын адамнаң  билігі оған әкесінің немесе  басқа туысқандарының қолынан  көшуі. Сондықтан оның билігі- мұрагерлік билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да , әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия).

  «Монархияның озбырлық  жолымен де көшуі мүмкін: Напалеон, Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм  Оранский, Англияда даңқты революция  арқылы монархия түпкілікті патшаның  орнағаны белгілі.» Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы кездескен (Спарта). Тоталитарлық режимдерде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды.

  Сонымен, монархтың  билігі көбіне мұрагерлік билікке  жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан  басқа ешкімнің алдында жауапты  емес, ол мемлекеттің басшысы,  құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атымен шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастапцивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның корольі- Елизавета 2 мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып, ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан «Король Англияға керек пе?» деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да, король де сақталсын деп жауап берді.

  Егер монарх мемлекеттік  биліктің жалғыз органы болып  табылса, бұл монархия шектклмеген  (абсолюттік) деп аталады, ал жоғарғы  билік монарх пен басқа бір  органның арасында бөлінсе, бұл  монархия шектелген (конституциялық) деп аталады. Шектклген монархиялар,  өз кезегінде, өкілдік және  парламентарлық болып екіге бөлінеді.

  Абсолюттік монархия  деп жоғарғы өкімет билігі  бүтіндей тұтас, формальды түрде  де шектелместен бір адамның  (монархтың) қолында тұрған қоғамдық  құрылысты айтады. Ертеде басқарудың  мұндай түрі кең тараған елдердің  ешқайсысында басқарудың мұндай  түрі жоқ.

 Шексіз монархия- монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі осының қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар.

  Ең бірінші шексіз  монархия- Шығыс деспотия (Египет, Вавилон,  Қытай, Жапония). Монархтың қолында  өте күшті экономикалық функциялары  жиналған, ал бұл билік осы  айтқан мемлекеттердің географиялық  және ерекше экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын:ол экономикалық, қаржы ,заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған.

  Тарихта кездескен  шексіз монархияның екінші түрлері  көне дәірдегі мемлекеттерде  болған. Оған Рим империясы жатады.Бұл  шексіз монархия республиканың  орнына келді. Императордың да  билігі өте күшті, бірақ оны  күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге  байланысты болған.  Орта ғасырларда  шексіз монархия феодализмнің  соңғы кезінде пайда болды. 

  Монархиялардың көбі  шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі  белгілі бір органмен немесе  заңмен шектеледі. Басқарудың  мұндай түрі алғаш рет Англияда  пайда болды және қазірдің  өзінде ойдағыдай қызмет етуде.  Қазір конституциялық монархиялық  құрылыс Белььгия, Голландия, Дания,  Иордания, Испания, Норвегия, Непал,  Люксенбург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, жапония және т.б. елдерде  сақталған.

 Шектелген монархия  шығыс мемлекеттерінде кездеседі,  мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы  екінші кастаға жататын- критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын  және олар құрған кеңесін сыйлауға тиісті.

   Мемлекеттің екінші  басқару нысаны- Республика. Республика  деп мемлекеттік биліктің барлық  ьжоғары органдары белгілі бір  уақытқа сайланатын немесе өкілдік  мекемелер арқылы қалыптасатын  мемлекеттік басқарудың түрін  айтады. Республикада мемлекеттік  органдар белгілі бір мерзімге  сайланып құрылады. Республика деген  сөз көне дәуір мемлекеттерде  бірнеше рет қолданды. Бұл термин  халықпен байланысты. Мемлекетті  басқаратын адамдар мен органдарды  халық белгілі бір кезеңге  сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер  мен органдар республикада болмайды.

   Республиканың ең  бірінші түрі –Греция, Афина  республикасы. Олар халықты өте  шектеулі түсінді, бұл республиканың  басқару органдарына және сайлауға  тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатысқан жоқ. Грецияның негізгі органы- халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін, заң шығарады. Басқа органдар 500жүздік Кеңес, гелиэй, қызмткерлер, стратегьер белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.

   Халықтың қай бөлігінің  мемлекеттік биліктің  жоғары  органдарын сайлауға қатыса алатынына  байланысты республика аристократиялық  және демократиялық болып екіге  бөлінеді. Антикалық республиканың  аристократтық түріне Рим және  Спарта республикасы жатады. Бұларда  сайлауға  және мемлекетті басқаруға  азаматтардың бәрі емес, тек қана  ақсүйектері жіберілді.Демократия  республикалық басқару тұрпатына  іштей жақын.  Егер барлық азаматтарға  шынайы тең еркіндік беріліп,  қамтамасыз етілсе, демократия республикалық  басқару тұрпатын халықтың игілігіне  қызмет істеу бағыттайды.

  Орта ғасырлара республикада  өте сирек кездеседі, көбіне  ол руспублика- қала(Псков, Новгород, Бремен,Любек, Венеция, Флоренция).

  Жаңа кезеңде республиканың  үш түрі кездеседі: парламенттік, президенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) республикалар.

   Парламенттік, бұл  мемлекетте, саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады. Парламенттік республикада  мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі  Парламенттің басымдылық принципіне негізделген. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет  Парламенттің сеніміне сүйеніп қызмет істейді. Парламент үкіметті қолдамаса, ол қызметін тоқтатады.

  Мемлекетті басқару  нысанында билік парламенттің  қолында жиналған. Кабинет пен премьер-министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінеді. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы биліікті жүзеге асырады , әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет- әлсіз президент.

  Парламенттік республикада  мемлекет билігінің жоғары органдарының  жүйесі параламенттің басымдық принципіне негізделген.

  Парламенттің алдында  үкімет өзінің саяси қызметі  үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет парламенттің сенісіне  сүйеніп қызмет істейді. Парламент  үкіметті қолдамаса, ол қызметін  тоқтатады.

Ең алдымен мемлекеттік-саяси режим дегеніміз (басқарудың және мемлекеттік құрылыстың жоғарыдағы қаралған нысандары сияқты) оның мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекеттік нысанының компоненті болып табылады. Мемлекеттік-саяси режим деп мемлекеттің пайдаланып жүрген басқару, реттеу және ықпал ету әдістерінің жиынтығын айтады. Соңғысы мемлекеттегі саяси бостандық дәрежесі туралы, мемлекеттік механизмнің түрлі буындары арасындағы қарым-қатынастары және бір жағынан, олардың арасындағы да, екінші жағынан партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықтң арасындағы өзара қарым-қатынастың моральдық-психологиялық ахуалы туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.

  Тоталитарлық мемлекеттер  тобы әр тектес. Бұл топқа ең  алдымен әскери-полицейлік табиғаты  ашық та айқын көрінетін фашисттік  мемлекеттер жатады. Фашизм- басқарушы  элитаның неғұрлым реакциялық  бөлігінің халыққа жасап отырған  зорлық-зомбылығының, заңсыздығының  және тіпті террорының айқын  бейнесі. Ол қарапайым демократиялық  құқықтар мен бостандықтарды жойып, іс жүзінде жоққа шығарады, оппозицияны сотсыз жазалауды әдетке айналдырған, халықтың бостандық сүйгіш күштерін басып-жаншып, қудалайды.

   Мемлекеттік-саяси  режимнің алуан түрлілігі ретінде  тоталитаризмнің мынандай да  ерекшеліктерін (жоғарыдан айтылғандардан басқа) атауға болады:

  • Қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына айналыру;
  • Барлық қоғамдық бірлестіктерді бүкіл дербестіктен айыру, оларға қазыналық қызмет бағытын таңу;
  • Мемлекеттің құқыққа шектен тыс ие болу ролі;

  Демократиялық мемлекеттік-  саяси режимбатыс пен шығыстың  алдыңғы қатарлы елдерінде орнаған.  Онда конституционализм идеялары, билікті бөлісу, құқықтық мемлекет  идеялары жүзеге асырылуда, халықтың  пікірін ескеру бағдарға алынған,  құқықты жүзеге асыру прцессі  кезінде орындаушылар мен құқықтың  ұйғарымының мазмұнын түсіндіру  және оны сақтаудың қажеттігіне  иландыру жөнінде жұмыс жүргізіледі,  мәжбүрлеумен байланысты органдар  мен лаазымды тұлғалардың қызметі  бақылауда болады.

   Демократиялық мемлекеттік-саяси  режимнің, жоғарыда аталғандардан  басқа, мына төмендегі сипаттарын  да тануға болады:

  • қоғамдық өмірдің барлық салаларында-экономикалық, әлеуметтік-саяси, жеке бастың-жеке адамның шынайы бостандығын қамтамасыз етуге шаралар қабылдануда;
  • Жеке адамды шенеуніктің тәлкегінен құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған институттар жүйесін іске қосу енгізілді;
  • Жеке адамның демократиялық құқығы мен бостандығын жариялаумен қатар, осы құқықтар мен бостандықтар жүзеге асырылуы үшін жұмыстар жүргізілуде;
  • Мемлекеттің алдында қойылған мақсаттары аз шығынмен- халықтың наразылығынсыз, керісінше халықтың ниеті түзу немесе тіпті қолдауы жағдайында орындалуда;
  • Тоталитаризмге белгісіз, конституциялық бақылау, құқыққорғау қызметі, экологиялық сараптама сияқты институттар құрылуда;

  Авторитарлық мемлекеттік-  саяси режим бүкіл билік бір  органның немесе бір лауазымды  тұлғаның қолында болуымен және  басқа жоғары мемлекеттік органдардың(ең алдымен заң және өкілдік) рөлін төмендете отыруымен өзгеше болып табылады.

Информация о работе Мемлекет нысандары