Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 19:18, реферат
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады
Мемлекет механизмі
Мемлекетті сан қилы қызметін
атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің
механизмі – белгілі түрде
ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және
өзара байланыстылығымен
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын,
мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы
тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай
органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық
мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне
тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет
қызметін атқаруға қажет болғанда ғана
құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің
қызметін бірі қайталайтын органдардың
болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы
мемлекеттік органдардан, мемлекеттік
мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік
қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан,
сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз
етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен
тұрады.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай –ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.