Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 06:42, реферат
Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа саяси қатынастарға жол ашты.
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа саяси қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастар.
Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында
халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі
өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін
олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың
екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән
болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің
елеулі әсеріне үшырады - капиталистіксипаттағы әлеуметтік қатынастарға
негізделген әлемдік нарықтың бірлігін
қалпына келтіру және жаһандану проңесінің
қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен
халықтардың өзара тәуелділігі артуда,
шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті
дамытуды талап ететін жалпы әлемдік,
ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі
орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық нег
Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.
Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Ашық, ақпараттық, технологиялық
қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер
әрбір халыққа, әрбір мемлекетке
және олардың азаматтарына өздерінің
әсерін тікелей, немесе жанама түрде
тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі
әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға
себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан
әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан
әрбір мемлекет әлемдік дамудың
ортақ мәселелерін шешуге мүдделі.
Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке
бір мемлекет әлемдік мәселелерді
шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен
қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің
бірлескен әрекеттері мен ортақ
шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні
осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік
саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің,
саяси акторлардың әлемдік
Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде.
Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді
ғаламшарлық ортақ мәселелерді
ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың
арасында бейбітшілік пен татулықты
сақтау. Басым державалардың және
трансұлттық компаниялардың ғаламдық
мәселелерді шешуге бағытталған
іс-әрекеттерін ортақ арнаға бұру.
Әлемдік саясаттың түпкілікті, көкейтесті
міндеті-адамзаттың өмір сүруіне жағдай
жасау арқылы, оның тіршілігін қамтамасыз
ету. Қазіргі кезеңде әлемдік
басым державалардың саяси
Демек саясат мәнін ұғыну
үшін халықаралық саясат бағыттарын,
оның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын
білу маңызды. Сондықтан саясаттану
пәні студенттердің әлемдік саясат
туралы кең көлемде түсінігін
қалыптастыру зәрулік деп біледі.
Себебі, халықтар мен мемлекеттердің
тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты
және тәуелді. Олардың өзара қатынастары
мемлекетаралық деңгейде, халықаралық
ұйымдар арқылы, трансұлттық корпорациялар,
халықаралық үкіметтік емес ұйымдар
т.б. әлемдік саяси процесс
Әсіресе ядролық және жаппай
қыру қаруларының басқа түрлерін
қолдануға, сынауға тиым салу, оларды
таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері
бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ
шаралар жасай бастады. Әлемдік
саясат соғыс қаупіне қарсы
Адамзаттың дамуы
Қазақстан өзінің географиялық
орыналасуы жағынан әлемдік мүдделердің
тоқайласқан аумағында тұр. Әлемге
наша, наркотик өнімдерінің қомақты
бөлігін шығарушы Ауғанстанның наркотрафигінің
«солтүстік» бағытындағы
Соңғы 2009-2010 жылдарда бес жасқа дейінгі балалардың полимелит ауруының асқынуы байқалуда. Орта Азия халықтары үшін полимелит эпидемиясының ошағы Тәжікстан Республикасы болып отыр. Құс тұмауы, Шошқа тұмауы сияқты жаңа індеттер түрлері де шекараларды жоққа шығаруда.
Әлемдік тәртіптер мен мемлекетаралық қатынастардың өзара тәуелділік пен ортақтасу принципіне бейімделе түскендігі нақты байқалады. Әлем халықтары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен мәселелерді бірлескен күшпен өзара келісім саясатымен ғана шешуге болатындығын ұғнып отыр. Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде.
Мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Ричард Никсон қолдаған. Ол,- «Бүкіл тарихи ғұмырымызды біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз»,- деп көрсетті /2/. Әлемдік қауымдастықтың мақсаты-әлемдік тәртіптерге әсер ете отыра әлемдік бейбітшілік пен адамзатты сақтау болып табылады. Негізгі мақсатты орындау үшін барлық мемлекеттер әлемдік қауымдастықты нығайта беруге мүдделі болуға тиісті. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық. Әлемдік тәртіптерде, әлемдік геосаяси құрылымда бейбітшілік әлемінің басым болуына жағдай жасайтын мемлекеттерді нағыз бейбітшілікті сүйетін мемлекеттер ретінде бағалауға болады.
Қазіргі әлемдік саясатқа
қатынасатын негізгі акторлар: егеменді
мемлекеттер, мемлекетаралық ұйымдар,
халықаралық үкіметтік, немесе үкіметтік
емес ұйымдар болып табылады. Сонымен
қатар қазіргі халықаралық
Мемлекеттің шеңберінен тыс
мәселелерді сол елдің сыртқы
саясаты шешеді, айналысады. Қазіргі
өзара байланыстағы дүниеде ұлттық
мемлекеттер әлемдік
Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып біріне – бірі күшті ықпал жасап отырды.
Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік мәселелерді реттеуге, немесе оларға ықпал етуді мақсат тұтатын саясат келесідей категориялардан тұрады.
1. Сыртқы саясат – мемлекеттің,
немесе жеке халықтың сыртқы
саладағы қызметі. Бұл саясат
мемлекеттің басқа
Информация о работе Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар