Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 17:28, реферат
«Әкімшілік құқық жүйесінің» ұғымы жөнінде заң ғылымында - әр түрлі көзқарастар бар екенін еске сала кеткен жөн. Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда құқықтың кез келген саласы мынадай үзілістен тұрады: құқық саласы - саланың бөлігі - құқықтық ииституттар - құқықтық нормалар. Дәстүр бойынша заң ғылымында әкімшілік құқықты екіге, жалпы және ерекше бөліктерге бөледі. Әкімшілік құқықты оқулық пән ретінде кұрудың негізіне осылай бөлу алынған.
Кіріспе
Әкімшілік-құқықтық нормалар және әкімшілік-құқықтық
қатынастар. Әкімшілік құқығы ұғымы және
оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда
әкімшілік құқығы дегеніміз - бұл басқару
құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы
және қызмет етуі барысында туындайтын
қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік
құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі
мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру
және олардың қызметі барысында қалыптасатын
қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып
табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың,
сондай-ақ кәсіпорындарың, меке
Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі — Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне — әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі — мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді.
Әкімшілік құқықтың жүйесі
«Әкімшілік құқық жүйесінің» ұғымы жөнінде заң ғылымында - әр түрлі көзқарастар бар екенін еске сала кеткен жөн. Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда құқықтың кез келген саласы мынадай үзілістен тұрады: құқық саласы - саланың бөлігі - құқықтық ииституттар - құқықтық нормалар. Дәстүр бойынша заң ғылымында әкімшілік құқықты екіге, жалпы және ерекше бөліктерге бөледі. Әкімшілік құқықты оқулық пән ретінде кұрудың негізіне осылай бөлу алынған.
Әкімшілік құқық ҚР-сы құқық жүйесінің саласы ретінде құқықтық нормалардың үлкен көлемді жиынтығы, олардың мақсаты басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастар әр түрлі және әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі көлемі болуына байланысты, оларды белгілі бір шамада жүйелеуге болады, соның нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды бірыңғай кешендер бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Бұл жерде бірыңғай басқарушылық қатынастарды реттеу белгісі бойынша біріктіруге мүмкін болатын нормаларды бөлу турасында сөз болып отыр. Бұл, бір жағынан, әкімшілік құқықтың тиісті нормаларының мақсатты ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, екінші жағынан, оларды жүйелеуге осындай тәсіл қолдану әкімшілік құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ететін болады. Сөйтіп бұл нормалардың жалпы қасиеттерін олардың реттеушілік рөлінің ерекше көрінісімен қажетті үйлестіру, яғни жалпы және ерекшені үйлестіру жүзеге асырылады.
Әкімшілік-құқықтық
реттеуде ең маңыздысы, қалай болғанда
да, атқарушы билікті жүзеге асыруға
заңды түрде қызмет ету болып
табылады. Мұның өзі бірыңғай және
өздерінің реттеушілік рөлінің
барлық көріністері үшін жалпы мәні
бар құқықтық кешенге бөлуге болатын
әкімшілік-құқықтық нормаларға ерекше
көңіл аударуды алдын ала болжайды.
Осындай кешеннің шеңберінде әкімшілік-құқықтық
реттеудің өзгешелігі мен өзіндік
ерекшелігін барынша толық
Әкімшілік құқықтың жүйесі туралы айтқанда тағы бір елеулі жағдайды еске алмасқа болмайды. Ол бірте-бірте қалыптасып және заңдық маңызыдылығы барған сайын артып келе жатқан әкімшілік іс жүргізу (процесс) құқығы институты. Бірақ әзірге бұл мәселе не заң жүзінде, не әкімшілік құқықты оқыту процесінде толық шешімін тапқан жоқ. Сондықтан мұндай жағдайды атап көрсетудің мақсаты әкімшілік құқықтың салалық бөлігі ретінде әкімшілік іс жүргізу құқығын заңдасытырып құруды көздейді.
Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны
Қағида
бойынша бірде-бір құқық саласы
«таза» түрінде болмайды. Осыған орай
құқық салаларының қарым-
Қазіргі
кезендегі құқық жүйесінің
Әкімшілік құқық конституциялық құқықпен ең тығыз қарым-қатынаста болады. Қазақстан құқығының жетекші саласы бола отырып, Конституциялық құқық адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, олардың едәуір бөлігі әкімшілік-құқықтық нормалардың көмегімен нақты іске асырылады (Конституцияның 16, 18, 21, 22, 23, 25, тағы басқа баптары); атқарушы билікті ұйымдастыру мен қызмет атқаруының негізгі принциптерін, мемлекеттік билік механизміндегі оның субъектілерінің орнын, олардың біртұтас мемлекеттік биліктің өзге тармақтары субъектілерімен қарым-қатынастарын бекітеді (Конституцияның 3, 40, 44, 53, 64, 66, 87 және басқа баптары). Атқарушы билік механизмін ұйымдастыру мен қызметінің көптеген жақтары республиканың заңдарымен және өзге де заңнамалық нормалармен айқындалады. Әкімшілік құқық негізгі бастамасын конституциялық құқық нормаларынан алады, оларды егжей-тегжейіне жете нақтылайды, сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру механизмін, атқарушы билік жүйесінің әр түрлі буындарының құзыретін; басқарушылық қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесін және оны қорғаудың әкімшілік-құқықтық құралдарын; мемлекеттік-басқарушылық қызметтің нысандары мен әдістерін, оның салалық, салааралық және аймақтық ұйымдарының негіздерін, т.с.с. айқындайды. Сонымен конституциялық құқық нормаларының басымдық маңызы бар екендігі белгілі болып отыр.
Азаматтық құқық пен әкімшілік құқық сырт көрінісі жағынан біріне-бірі жиі ұқсас келетін мүліктік сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттейді. Тақырыбы тура келген жағдайда құқықтық реттеудің түрлерін айыру үшін, әрине, құқықтық реттеу әдісінің қандай да бір элементтерінің басымдық маңызы бағдарға алынады (шарт немесе әкімшілік нұсқама негіздерінде). Мысалы, Азаматтық кодексте (жалпы бөлігі) бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан бағынуына негізделген мүліктік қатынастарға, соның ішінде салық жөніндегі және басқа бюджеттік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды деп тура көрсетілген (1-б-тың 4-т-ғы). Азаматтық кодекс сонымен қатар азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарға сәйкес азаматтық - құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан пайда болады (7-б-тың 2-т-ғы), ҚР-ның азамагғық заңдары басқа құжаттармен қатар ҚР-сы Үкіметінің қаулыларынан тұрады (3-б-тың 1-т-ғы), ҚР-ның министрліктері мен ведомстволары, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін құжаттар шығара алады деп бекіткен (3-б-ң 4-т-ы). Азаматтық кодекстің 2-тарауының заңды тұлғаларға арналған 2-параграфында азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық реттеушілік элементтерінің «жанасуы» өте тығыз (мысалы, мемлекеттік тіркеу, акционерлік қоғамдағы басқару, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, т.с.с). Дегенменде құқықтың бұл салаларының арасындағы басты айырмашылығы, бірінші кезекте, реттеу пәнінің, сонан соң (қажетті жағдайларда) және реттеу әдісінің ерекшеліктерімен байланысты. Еңбек құқығы мен Әкімшілік құқық бірімен-бірі тығыз арақатынаста болады, сондықтан еңбек қатынастары-еңбек құқығының негізгі пәні, әдетте, біржақты әкімшілік құжаттардың негізінде пайда болады, олардың алдында келешектегі жұмыстың жағдайы туралы келісім, оның ішінде контрактілер де жасалынады. Өкілетті лауазымды адамның құқықтық құжаты еңбек қатынастарын тоқтату үшін де, еңбек қызметімен байланысты субъективтік құқықтарды заңды түрде ресімдеу үшін де (демалысқа, зейнеткерлікке шығу, т.с.с.) керек. Әкімшілік пен еңбек құқығы нормаларының қарым-қатынасы мемлекеттік-қызметтік қатынастарды реттегенде өте тығыз байланыста болады. Әкімшілік және қаржылық, экологиялық, кәсіпкерлік құқықтар арасын ажырату едәуір қиын. Олардың арақатынасындағы механизмде мына жағдай байқалады: олардың пәніне жататын қоғамдық қатынастардың біразы шындығында әкімшілік құқық нормаларымен және оған тән болатын құқықтық құралдармен реттеледі. Бұл сияқты қатынастарды қорғау да көпшілігінде әкімшілік-құқықтық тәртіппен жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық пен әкімшілік құқық нормаларының қолданылу шекарасы тиісті тыйымдардың сипатымен және бағытталуымен айқындалады (қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық). Белгілі бір байланыстарды Қазақстан құқығының азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу салаларының арасынан табуға болады. Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексінде әкімшілік — құқықтық қатынастардан пайда болатын істерді қарау қаралған (мысалы, әкімшілік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне жасалынған шағымдарды).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының
2.Қазақстан Республикасының “
3. Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. Алматы 2007 ж.
Жоспар
1 Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Әкімшілік құқықтың жүйесі
2.2 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар. Әкімшілік құқық - құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері мыналар: