Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2013 в 13:08, реферат

Краткое описание

Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады.
Әкімшілік құқық кез келген елдің құқықтық жүйесінің ең маңызды саласы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................................2
1. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.......................................................................3
2. Әкімшілік құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық саласы ретінде...............5
3. Әкімшілік құқықтың жүйесі.........................................................................................6
4. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері..................................7
Қорытынды.......................................................................................................................10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әкімшілік құқықтың пәні.doc

— 82.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ.............................................................................................................................2

1. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.......................................................................3

2. Әкімшілік құқық  - ҚР құқық жүйесінің жетекші  құқық саласы ретінде...............5

3. Әкімшілік құқықтың жүйесі.........................................................................................6

4. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің  түсінігі мен түрлері..................................7

Қорытынды.......................................................................................................................10

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

   Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады.

  Әкімшілік құқық  кез келген елдің құқықтық  жүйесінің ең маңызды саласы  болып табылады.Бұл құқық саласы  азаматтар мен атқару билігінің  өкілдерімен қатынастағы басқа биліксіз субъектілердің құқықтыры мен міндеттерін, мемлекеттік әкімшілік жүйесін, оның құрылымды бірліктерінің құзырлығы, олардың қызметінің қағидаларын, әдістерін, формаларын бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері

 

  Қандайда болмасын  құқық саласының зерттеу пәні болады, яғни осы саламен реттелетін  біртекті қоғамдық қатынастардың тобын  айқындауы. Көптеген заңгер-ғалымдардың пікірі бойынша,  әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды  немесе атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге  асыру процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды  реттейді. Сонымен, әкімшілік - құқықтық реттеу  мемлекеттік қызметтің бір түрінің , атап айтқанда мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады.  Осы айтылғандарды ескере отырып айтатын болсақ, әкімшілік құқықтың пәні  деп басқарушылық сипаттағы қоғамдық қатынастарды айтамыз. Сөйтіп, егер "адмнистрация" -"әкімшілік"  - бұл басқару бойынша қызмет болса, онда "әкімшілік құқық"  осы "әкімшілік қызметті" жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқық   жүйесінің саласы. Сөйтіп, Әкімшілік құқықтың пәні - бұл мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан және әкімшілік құқықтың нормаларымен  реттелетін қоғамдық қатынастар.

Бұл қатынастар  мыналардың арасында туындауы мүмкін:

1) вертикаль бойынша   әртүрлі мемлекеттік органдар  арасында, яғни жоғарғы және төменгі  органдар арасында, мысалы,  Ішкі Істер Министрлігі мен Облыстық Ішкі Істердің Бас Басқарамасы арасында, не болмаса, ҚР Үкіметі мен Облыстық әкімшілік  арасында;

2) өзара бағынысты  емес, әртүрлі мемлекеттік органдар  арасында, мысалы,  Кедендік бақылау  бойынша Комитет пен Ұлттық Қауіпсіздік Департаменті арасында, не болмаса, аудан әкімшілігі мен байланыс, денсаулық сақтау, көлік органдары арасында;

3) әртүрлі мемлекеттік  басқару органдары мен оларға  бағынышты кәсіпорындар, мекемелер  немесе ұйымдар арасында, мысалы, министрлік пен зауыт арасында;

4) әртүрлі мемлекеттік  басқару органдары мен  азаматтар  арасында, мысалы, әкімшілік пен  шағым жасаған  азамат арасында. Әкімшілік құқықтың пәнін құрайтын  қоғамдық қатынастарды сипаты  және мазмұны бойынша да топтауға болады.

1) Мемлекеттік  басқару органдарының әкімшілік  қызметінің негізгі түрлеріне  сәйкес қоғамдық қатынастар мынадай  түрлерге бөлінеді:

а) жоғарғы органдардың  төменгі органдардың әкімшілік  және өзге қызметтеріне оратылқтандырылған жетекшілік етуді жүзеге асырумен байланысты қатынастар;

ә) мемлекеттік басқару  органдары мен лауазымды тұлғаларының тікелей жедел басқаруды жүзеге асырумен байланысты қатынастар, мысалы, кәсіпорын әкімшілігі мен цех  әкімшілігі;

б) мемлекеттік басқару  органдарының қоғамдық бірлестіктердің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырумен байланысты қатынастар;

в) мемлекеттік басқару  органдарының қоғамдық ұйымдармен ынтымақтасты жүзеге асырумен байланысты қатынастар, мысалы, кәсіпорын әкімшілігі мен  кәсіподақ;

г) мемлекеттік басқару органдарының азаматтардың өтініштері мен сұрауларын қанағаттандыру , олардың құқықтарын қорғау бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты туындайтын қатынастар.

2) Әкімшілік  қызметтің бағыты бойынша қоғамдық  қатынастардың мынадай түрлерге  бөлінеді:

а) басқару актілерін дайындаумен, қабылдаумен және орындаумен, сонымен қатар заңдарды және мемлекеттік билік органдарының актілерін орындаумен байланысты туындайтын қатынастар;

б) құқықтық және ұйымдық  нысандағы күнделікті атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асырумен байланысты туындайтын қатынастар;

в) қабылданған шешімнің орындалуын бақылау байланысты қатынастар;

г) әкімшілік тәртіпте  мәжбүрлеуді жүзеге асырумен байланысты қатынастар;

3) Әкімшілік  қызметтің саласы бойынша:

а) халық шаруашылығын басқару саласындағы қатынастар;

б) әлеуметтік -мәдени құрылыс  сферасындағы  қатынастар;

 

в) әкімшілік-саяси басқару  сферасындағы  қатынастар (қоғамдық тәртіпті қорғау, қорғаныс және т.б.);

г) сала аралық басқару  сферасындағы қатынастар.

4) Басқару қызметінің  көлемі бойынша:

а) жалпы басқару аясында (барлық немесе бірнеше салада басқару);

б) салалық басқару  сферасында;

в) сала аралық сипаттағы  арнайы басқару  функцияларын жүзеге асыру бойынша, мысалы,  бағынысты  емес органдар мен тұлғалардың қызметін бақылау, үйлестіру.

Әкімшілік құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар негізгі сипаты осындай. Бұдан туындайтыны пәннің дербес және маңызды мәні болатындығын  және әкімшілік құқық өзінің мазмұнығ мәні,  сипаты, бағыты бойынша алуан түрлі және кең көлемдегі қоғамдық қатынастардың қамтитындығын көруге болады.

 Егерде  құқық реттеу  пәні нені зерттейді деген  сұраққа жауап беретін болса,  онда құқық реттеу әдісі қалай  зерттейді деген сұраққа жауап  береді. Әкімшілік құқықтың реттеу  әдісі - бұл  қоғамдық қатынастарға  ықпал ету тәсілдерінің, амал-жолдардың, құралдардың жиынтығы.

Әкімшілік құқықтың реттеу әдісінің мынадай түрлері  болады:

1) Билік әдісі –  бағындыру, немесе  тура бұйыру  әдісі ( қатынастар әкімшілік  құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне  бағынуына  тұрғызылады);

2) Ұсыну  әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары  егерде оны басқару екінші  қатысушысы қабылдаған жағдайда  заңды күшке ие болады);

3) Келісу әдісі (өзара   бағыныштылықта болмайтын  қатысушылар  арасында);

4) Теңдік  әдісі (мемлекеттік  механизмнің  бір  деңгейінде  тұратын  субъектілер  әкімшілік келісімшарт түрінде  бірлескен әрекеттерді қабылдайды).

Бұқаралық мүдделер аясының  өзіне тән ерекше белгілері болады, ал бұл құқықтық реттеу тәсілдерін, құралдарын, амал-жолдарын таңдауға әсерін тигізеді. Әкімшілік құқықта императивті реттеу әдісі басымдылық танытады.

 

 

2. Әкімшілік құқық  - ҚР құқық жүйесінің жетекші  құқық саласы ретінде

 

Жалпы, "администрация" - "әкімшілік"  (латынша "administratio" сөзінен алғанда) термині әкімшілік қызмет немесе басқару дегенді білдіреді. Ал "администрация" - "әкімшілік "  сөзі басқа да мағыналарда қолданылады, мысалы,  кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігі туралы.  Осылай, әкімшілік - құқықтық реттеу  мемлекеттік қызметтің бір түрінің , атап айтқанда, мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады. Сонымен, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару сферасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының  жетекші, негізгі саларының бірі, сондай-ақ Қазақстан Републикасының  құқық жүйесінің  маңызды  құрамды элементі  бола отырып, атқарушы биліктің  ерік-жігерін жүзеге асырудың әдеттегі нысаны ғана емес, одан да кең мағынадағы құбылыс болып табылады. Мамандар айтқандай, құқық қоғамның мәдени институты,  жалпы өркениеттік процестің тіршілік үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деп белгілі заңгер-ғалым С.С. Алексеев айтқан. Осы құқықтанушы ғалым құқықтың қоғам өміріндегі  тарихи миссиясы  тікелей оның  маңызды талаптарынан бастау алады деген, атап айтқанда:

-  таптық, саяси күрес,  этникалық, топтық және өзге  де қақтығысулармен, жеке жанжалдармен  туындаған өзекті 

   әлеуметтік жағдайларға  азаматтық келісім, әртүрлі мүдделерді  есепке алу,  өзара, үйлестірілген жол берушіліктер

   қағидаларына  тұрғызылған  тұрақты нормативті  бастаулар енгізу;

-  жеке бас мәртебесін, мінез-құлық бостандығының берік  және кепілдендірілген кеңістігі  мен өлшемін қамтамасыз ету    және қорғау.

    Осы талаптарды  толығымен әкімшілік құқыққа да жатқызуға болады.  Әкімшілік құқықты дамыту  проблемалары осы саланың әрекет ету  аясын адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің өзара байланыстыра отырып концепция  әзірлеу болып табылады.

  Қоғамдық санада  әкімшілік құқық  атқарушы биліктің  күш қолданушы құралы жөніндегі ұғымы қалыптасқан.  барлығы  мемлекеттік  жүйенің, биліктің өмір сүруіне  бағытталған болатын, әлеуметтік центризм тенденциясы  басым болып тұрған тоталитарлық қоғамда құқықтың өзі де тек бұқаралық оқу -ағартуды білдірді.  Осындай жүйеде Әкімшілік құқықтың жағдайы   ерекше  болды. Бұл әкімшілік құқықтың көмегімен мемлекетпен арадағы байлыныстың құралуы, оның органдары мен азаматтардың арасында,  қоғамдық  ұйымдар арасындағы байланыстардың құралыуында көрініс тапты.  Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін оның алдында мемлекеттік құрылымдар мен құқық  жүйесін әрбір адам құқықтың толыққанды субъектісі бола алатын құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет  талаптарына сай құру  міндеті тұрды.

  Ұлттық құқық   жүйесі бұқаралық және жеке  құқықтар облысына бөлетіндіктен,  сөзсіз, әкімшілік құқықтың әрекеті  бұқаралық мүдделер  аясында шектелуі  тиіс. Әкімшілік құқық бұқаралық  мүдделерге қызмет ете отырып, адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтарының  заңды  басымдылықтарын  сақтайды, өйткені ҚР Конституциясында адамның құқықтарының  шексіз және оның иелігінен ажыратылмайтындығы  концепциясы бекітілген. Осыған сәйкес заңдардың мазмұны мен қолданылуын, заң шығарушы мен атқарушы биліктің қызметінің бағыты анықталуы тиіс.   Тек осылай ғана жеке адамның мемлекет қолында "құрылыс материалы" ретінде қарастырылған, іс жүзінде құқықсыз ретінде қарастырған кеңестік дәуірдегі практиканы жоюға мүмкіндік бар. Әкімшілік құқық мемлекеттік билік аппараты заңның  мүддесінде қызмет етуі, оның орындалуы мен қолданылуын қамтамасыз етуді дегентұжырымға сүйенеді. Бұнымен заң шығарушы және атқарушы  билік  органдарында  бұқаралық билік прерогативасының болуына қарамастан, олардың  заңға бағынатындығы  атап көрсетіледі.

Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша  құқық саласы ретіндегі әкімшілік  құқық   мемлекеттік басқаруды  немесе атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асыру  процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. 

 

3. Әкімшілік құқықтың жүйесі

 

Әкімшілік құқықтың жүйесі -  бұл  салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша  бөлінген  құқық нормаларының  ғылыми–ұйымдастырылған  жиынтығы – біртұтас  нормативті  құрылым.

 Әкімшілік құқық бойынша көптеген заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық жүйесінің мынадай анықтамасы беріледі: ҚР  Әкімшілік құқығы -бір-бірімен тығыз байланысты  жекелеген әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардан тұратын жүйе.

ҚР Әкімшілік  құқығының  жүйесі үш і бөлімнен тұрады:

- 1 бөлім - жалпы сипаттағы  басқару қатынастарын реттейтін  нормалар жүйесі; 1 бөлімге мыналар  кіреді: ҚР Әкімшілік құқық курсына  кіріспе, әкімшілік құқық субъектілері, мемлекеттік басқарудың әкімшілік  - құқықтық нысандары мен әдістер,  мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

- 2 бөлім - басқару саласында   туындайтын қоғамдық қатынастарды  реттейтін нормалар жүйесі. 2 бөлімінде  халық шаруашылығының негізгі  салаларын: әлеуметтік-мәдени (өнер, білім, денсаулық сақтау және  т.б.), әкімшілік -саяси (қорғаныс, ішкі істер, қауіпсіздік  және т.б.) және әлеуметтік - экономика (сауда, қаржы, индустрия және т.б.) салаларын  басқаруды реттейтін нормалардың жиынтығынан тұрады.

- 3 бөлім - әкімшілік  - юрисдикция қызметі саласында  туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 3 бөлім мына жиынтықтардан тұрады:  әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық, әкімшілік процесс; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердіқарауға өкілеттілігі бар органдар мен лауазымды тұлғалар және әкімшілік істердің қарастылығы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу.  ҚР Әкімшілік құқықғының бөлімі - бұл бірнеше әкімшілік - құқықтық институттарды қамтитын, яғни қоғамдық қатынастардың бір түрін реттейтін  нормалар жүйесі.

 

 

4. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің  түсінігі мен түрлері

 

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің  мінез – құлық  ережелері көрсетілген  және бекітілген мемлекеттік билік   ресми түрде  мақұлдаған нысандар.  Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін  әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1)Субъектілердің  белгілі  бір категориялары  орындау  үшін  міндетті  бір немесе  бірнеше мінез – құлық ережелері  (құқық нормалары) болуы қажет.

Информация о работе Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері