Әкімшілік құқық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 17:55, реферат

Краткое описание

Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады.
Әкімшілік құқық кез келген елдің құқықтық жүйесінің ең маңызды саласы болып табылады. Бұл құқық саласы азаматтар мен атқару билігінің өкілдерімен қатынастағы басқа биліксіз субъектілердің құқықтыры мен міндеттерін, мемлекеттік әкімшілік жүйесін, оның құрылымды бірліктерінің құзырлығы, олардың қызметінің қағидаларын, әдістерін, формаларын бекітеді.

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1 Әкімшілік құқықтың жүйесі
1.2 Әкімшілік құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық саласы ретінде
1.3 Әкімшілік құқық және басқару
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.docx

— 39.75 Кб (Скачать документ)

4) Басқарудың күнделікті және үздіксіз сипатта болуы.

5) мемлекеттік басқарудың заң күшінде және бақылауда болуы. Бұл басқару органдары шығаратын барлық құқықтық актілер  заңның талаптарына сай келіп, заңға қайшы келмеуі тиіс екендігін және де басқарудың барлық құрылымдарын билік органдары өздерінің шешімдерін жүзеге асыру үшін  құратындығын білдіреді., ал мемлекеттік басқарудың  бақылауда болуы  билік органдарының нығайту үшін және әкімшілік бассыздыққа жол бермеу үшін жүзеге асырылатындығын білдіреді.

Мемлекеттік басқару функциялары - бұл басқару қызметінің мақсатымен анықталатын басқару қызметінің дербес және жеке бағыттары.

Атқарушы билік органдары атқарушы - бұйырушы қызметті жүзеге асырады. Оның мәні мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының орындалуын тікелей, күнделікті ұйымдастыру.

Мемлекеттік басқару функциялары ның мынадай түрлері болады:

а) жалпы;

б) арнайы;

в) қосалқы.

Жалпы функциялар кез келген әлеуметтік басқару субъектілері мен объектілері  арасындағы  басқарушылық сипаттағы өзара әрекет етуде орын алады және кез келген басқарушылық ықпал ету  процестерінде болады.

Оларға мыналар жатады:

1) болжау - алынған мәліметтер мен ғылыми жетістіктердің нәтижесінде  қандайда бір оқиғалар немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын ала көру. Бұл функцияның  басқарудағы барлық функциялардың табысты орындалуына  маңызы зор.

2) жоспарлау - бұл

 

3) ұйымдастыру - бұл басқаратын  және басқарылатын жүйелерді  қалыптастыру, олар бір басқару жүйесінің құрамды бөліктері болып табылады. Басқару жүйесінің құрылымын құру, жұмысшыларды тағайындау, олардың өзара қарым-қатынастарының тәртібін белгілеу, мысалы, ұйымдар мен органдарды құру, қысқарту, тарату, біріктіру және бөлу, олардың бағынушылық функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, өзара қарым-қатынастарын, құрылымы мен штаттарын белгілеу,  материалды және ақшалай қаражаттар бөлу, кадрларды таңдау және орналастыру.

4) Реттеу -  қандайда бір қызметке тәртіп белгілеу, қандайда бір әрекеттерді жасаудың тәртібін белгілеу немесе оларға жанама жолмен ықпал ету.

5) Ортақ басшылық - басқарушылардың  қызметінің бағыты ретінде түсіндіруге болады, ол оның мазмұнынан туындайды, мысалы, нұсқаулар , жарлықтар беру,  ережелерді белгілеу, үйлестіру сияқты.

6) қолма-қол бұйыру - басқарылатын объектілердің қолма-қол қызметтерінде ықпал ететін ағымдағы нұсқауларды беру.

7) Бақылау - басқарылатын  объектінің оған алдын - ала берілген жағдайына факт жүзіндегі жағдайы сай немесе сай еместініе  анықтау (мемлекеттік басқару органдары басқарылатын объектілерге тексеру жүргізеді), сөйтіп бақылаудағы объекттің қызметіндегі бұзушылықтарды анықтайды, кінәлілерді жауапкершілікке тартады, түзетулер енгізеді).

8) Есепке алу - ресустардың (адамдар, материалды, ақшалай, шешімді орындау бойынша қызметтердің нәтижелері туралы құжаттардың бары және қозғалысы туралы) бар болуы және шығындары туралы мәліметтерді сандық түрде көрсету.

Арнайы функциялар - нақты бір мемлекеттік басқару органының ерекшеліктерін білдіреді, мысалы, техникалық және әдістік   басқару, техникалық бақылау, бақылаудың  ерекше түрлері және т.б.

 

Қосалқы функциялар - басқару ықпалын тікелей көрсетпейді, тек жалпы және арнайы функциялар шегінде басқару процесінде  қызмет көрсетуге арналған, мысалы, іс қағаздар жүргізу, кадрларды дайындау, қайта даярлау,  қаражат бөлу және т.б.

Профессор Д.Н.Бахрахтың  пікірі бойынша, функцияларды 3 топқа бөлуге болады:

1)  Жүйеге бағыт көрсетуші: 

а) болжау;

б) жоспарлау;

в) нормативті реттеу;

г) әдістік басқару.

2) Жүйені қамтамасыз ету:

а) кадрлық;

б) материалдық-техникалық;

в) қаржылай;

г) ұйымдастыру - құрылымдық;

д) ақпараттық.

3) Жүйені қолма-қол басқару:

а) қызметті тікелей реттей (бұнымен кәсіпорынның өндірістік және диспетчерлік бөлімдері, ЖОО оқу бөлімдері айналысады, бұл жұмысты істеу барысында ақауларды болдырмаумен байланысты).

б) есепке алу;

в) бақылау;

г) бағалау (барлық жұмыстарды,  жекелеген жұмысшыларды, жекелеген тапсырмалардың орындалуын және т.б.).

Мемлекеттік басқару қағидалары-  бұл негізгі басқарушы бастаулар және солардың негізінде басқару құрылады, басқару аппараты қызмет етеді, сонымен қатар нақты ереже түрінде тұжырымдалуы қажет. Олар заңдарда, бұйрықтарда, жарғыларда, нұсқауларда бекітілген. 

Мемлекеттік басқару қағидалары 2 топқа бөлінеді:

1) әлеуметтік - құқықтық;

2) ұйымдастырушылық.

Әлеуметтік  - құқықтық қағидаларға мыналар жатады:

1) демократиялық централизм (демократиялық бір орталықтан басқару жүйесі) - бір орталықтан басқару, бірақ толық және жеке  емес, тек төменгі органдарға орталықтың қаулыларын жергілікті жағдайларды есепке ала отырып, өмірге енгізу  мүмкіндіктері және олардың дербестігін жергілікті маңызы бар істерді шешуге ынта білдіруге мүмкіндік беру.

2) ұлттардың тең құқылығы - барлық ұлттар мемлекетті басқаруға қатысуға құқылы, ешкім ешқандай дискриминацияға ұшыратылмайды (ҚР Конституциясының 14 бабы).

3) жоспарлылық - мемлекеттік басқару органдарының қызметі жоспарланады  және экономикалық, әлеуметтік дамудың бекітілген жоспарларын орындауға бағытталған, осы жоспарлардың жобасы мемлекеттік басқарудың сәйкес орындарымен жасалынады;

4) басқаруда көпшіліктің  қатысуы, жариялылық және қоғамдық  пікірлерді есепке алу - қоғамды демократизациялау жолдарының бірі.

5) заңдылық қағидасы - мемлекеттік басқару аппаратын ұйымдастыру мен оның қызмет етуі, халықтың еркін білдіретін құқықтық нормалармен реттеледі және осы нормалар қатаң сақталады.

Ұйымдастырушы қағидаларға мыналар жатады:

1) өкілеттілік пен функцияларды дифференциациялау және белгілеу қағидасы;

2) Құзырлылық шегіндегі жауапкершілік қағидасы;

3) басқаруды салалық, сала  аралық, аумақтық бастаулардың үйлесу қағидасы;

4) сызықтық үстемдік  етудегі сызықтық және функционалдық бастаулардың үйлесімділік қағидасы (органның немесе органдар жүйесінің сызықтық құрылым дегеніміз -әрбір төменгі инстанцияларда немесе орындаушыда басшылық етудің барлық функциясы бойынша нұсқау беруге құқылы тек бір ғана тікелей жоғарғы инстанция болады дегенді білдіреді. Функционалды жүйе - бұл басқарудың әрбір жеке функциясын арнайы басқарушы инстанция жүргізеді дегенді білдіреді).

5) үстемдік етуде алқалылықтың үстемділігі  кезіндегі  алқалылықтың  дара басшылықпен үйлесімділігі қағидасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жалпы, заң ғылымдары  мемлекеттік - құқықтық құбылыстардың  заңдың аспектілерін зерттеуге арналған. Заң ғылымдарын мынадай үш топқа бөлуге болады:  тарихи-теориялық, салалық және қолданбалы. Әкімшілік құқық ғылымы салалық заң ғылымдарына жатады, өйткені қоғамның белгілі бір саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды зерттеп реттеуге арналған заң ғылымының құрамды бөлігі болып табылады.

        Сонымен,  әкімшілік құқық жүйесі мемлекеттік басқару сферасындағы  қоғамдық қатынастарды және оларды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін талдауға, мемлекеттік басқару аппаратын ұйымдастыру мен оның қызметін құқықтық реттеуді зерттеп және заңдылықтарын қорытындылауға арналған.

        Әкімшілік  құқық ғылымы қоғамдық қатынастарды  әкімшілік-құқықтық реттеудің жалпы  заңдылықтарын айқындайды және  зерттейді, олардың мәнін ашады,  әкімшілік құқық нормаларын қолдану  практикасын қорытындылайды. Сондай-ақ мемлекеттік басқару субъектілері мен объектілерінің құқықтық мәртебесін, басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процес мәнін зерттейді, жалпы, салалық және сала аралық  мемлекеттік басқарудағы жекелеген  әкімшілік-құқықтық теріс қылықтарды, дауларды қарастыруды жетілдірумен байланысты  ғылыми  проблемаларды  зерттейді. Осы заңдылықтарды терең және жан-жақты зерттеу  нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды  өзгертуге және жетілдіруге, ең алдымен, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірленеді.

     Ғылым ретіндегі  әкімшілік құқық - бұл әкімшілік  - құқықтық құбылыстар туралы  категориялардың, талқылаулардың  және қорытындылардың  жүйесі.Оның  пәні құқық саласы ретіндегі  әкімшілік және сәйкес заңнама  саласы. Әкімшілік құқық ғылымының, құқық саласы ретіндегі әкімшілік құқық сияқты, өзінің жүйесі болады. Әкімшілік құқық ғылымының жүйесі әртүрлі әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы туындаған ішкі байланыстар негізінде  құрылады. Әкімшілік құқық саласының жүйесі  мен ғылымының жүйесінің арасында тығыз байланыс бар, бірақта мүлдем бірдей емес, өйткені әкімшілік құқық ғылымы жалпы мәселелермен қатар, әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және өзге де теориялық проблемаларды зерттейді. Сондықтан да әкімшілік құқық ғылымы  бірқатар  мәселелер бойынша  әкімшілік құқық саласының жүйесінен біршама кеңірек. Осы екеуінің арасындағы айырмашылық әкімшілік-құқықтық құбылыстарды көрсету тәсілдерінен көрінеді. Осылай, С.С.Алексеев құқықтық болмысты зерттеудің  екі деңгейін көрсетеді:біріншісі құқықтың мәнін, мақсат - міндетін және маңызын, ондағы қаланған бастаулар мен қағидаларды танумен байланысты болса, екінші - заңнаманы, құқық нормаларын, құқықтар мен міндеттерді, жауаптылықты, өзге де құқықтық құбылыстарды оларға тән логика, жүйелілік, заңды қасиеттері, байланыстары мен арақатынастары, заңды техника мен аналитика тұрғысынан практикалық мақсатта пайдаланумен байланысты.

 Сонымен, ғылым ретіндегі  әкімшілік құқықтың негізгі   міндеті - нақты болмыстағы әкімшілік-құқықтық  қатынастар мен нормаларды зерттеу  ғана емес, сондай-ақ  ҚР Конституциясында  бекітілген адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын  абсолютті және иелігінен шығарылмайтын,  биліктің бөлінуі концепцияларын  конституциялық бекітілуін есепке  ала отырып, әкімшілік құқықты  дамыту  перспективаларын көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. ҚР Конституциясы. Алматы. – 1995ж 30 тамыз;

2.Всеобщая Декларация  прав человека. Права человека.Сборник международных договоров ООН. –Нью –Йорк, 1978;

3.Указ Президента РК  от 19 июня 1995г. «О порядке рассмотрений  обращений  граждан» (Вести Казахстана  от24 июня 1995г.);

4.1995 ж.19.06. «ҚР Үкіметі  туралы» Конституциялық Заңы (1997ж.24.02.,1999ж.06.05. түзетулер мен  өзгертулер енгізілген):

5.ҚР Министрі туралы  Жағдай (1999ж.29.04.ҚР Үкіметінің  қаулысымен бекітілген//САПП. –1999.-№16.- с.168);


Информация о работе Әкімшілік құқық жүйесі