Әкімшілік құқық түсінігі, пәні,қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2015 в 14:33, реферат

Краткое описание

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған Қр құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әкімшілік құқық.docx

— 72.50 Кб (Скачать документ)

нысандылығы;     

5) орталық атқарушы органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін — өзі  басқару

органдарының, жұмыс берушілердің, лауазымды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын нығайту мен  сақтауды

қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі жауапкершілігі;     

 6) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің, басқа да осындай қызметпен айналысуға құқығы  бар адамдардың, азаматтардың денсаулығына келтірген нұқсаны үшін жауапкершілігі және т.б.

 

Азаматтарды әлеуметтік қорғауды басқару

Халықты әлеуметтік қорғау  саласындағы басқару органдарының жүйесі:ҚР Үкіметі (көші – қон  және демография жөніндегі ҚР Агенттігі – жергілікті өкілді және атқарушы билік органдары) — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Министрліктің комитеттері – Министрліктердің зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі облыстық өкілдіктері – Облыстық (Астана және Алматы қалалық)  еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (департаменттері).

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі — бұл өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте сала аралық үйлестіруді жүзеге  асыратын ҚР орталық атқару органы.

 

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыру;

2) жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейлік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

3) әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласында  мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

6) заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Жергілікті өкімет билігі органдарының халықты жұмыспен қамту  саласындағы қызметі:

1) азаматтардың заңдылық шегінде жүзеге асыратын еңбек және  кәсіпкерлік ынтасын  қолдау;

2) азаматтардың жұмыс түрін еркін таңдауын қамтамасыз ету;

3) жұмыс табуға қиналатын азаматтардың  жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге көмектесетін арнайы шаралар жүргізу;

4) жаңа жұмыс  орындарын ашатын, әсіресе әлеуметтік  қорғауды ерекше қажет ететін және жұмыс табуда қиындық

көретін азаматтар үшін, жұмыс  берушілерді көтермеу;

5) жұмыспен қамту деңгейін арттыратын  бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыру;

6) азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  мақсатында жергілікті  бюджет қаржысының, бюджеттен тыс  қорлар мен тартылған қаржылардың  есебінен қоғамдық төленетін жұмыстар ұйымдастыру (жол, үй, ғимарат құрылысы, елді мекендерді көгалдандыру және т.б.).

 

 

Әкімшілік құқық және экономиканы басқару

 

Өндірісті және ауыл шаруашылығын басқару

Ауыл шаруашылығын басқару органдарының жүйесі:

1) ҚР Үкіметі; 

2) ҚР ауыл шаруашылық министрлігі- облыстардағы, астана жәнге Алматы қалаларындағы, қалалар мен аудандардағы аумақтық органдары – шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық кооперативтері және т.б.;

3) ҚР жер ресурстарын  басқару жөніндегі  агенттігі – облыстық және аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдары;

4) Әкімшілік аумақтық бөлімдері.

 

ҚР ауыл шаруашылығы  министрлігі-бұл ауыл шаруашылығы саласында, сондай-ақ мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және сату, мелиорация, суландыру саласында басшылықты, сол сияқты заңдарда көзделген шектерде сала аралық  үйлестіруді іске асыратын ҚР орталық атқару органы.

ҚР ауыл шаруашылық  министрлігінің қызметі  ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің  актілеріне және өзге де нормативті-құқықтық актілерге, сондай-ақ Министрлік туралы Ережеге сәйкес жүзеге  асырылады. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша  заңдарда белгіленген тәртіпте бұйрықтар шығарады.

 

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) ауыл шаруашылығы өндірісінде, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, суландыру салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

2) ауыл шаруашылығын дамытудың  мемлекеттік  және өзге де бағдарламаларын әзірлеуге  және іске асыруға қатысу;

3) маркетингтік қызметтерді дамытуға және агротехникалық кешенді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;

4) ауыл шаруашылығы өндірісі саласымен тікелей айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қызметін реформалауға және заңдарға сай оларды қаржылай сауықтыруға әдістемелік басшылық жасау;

5) ауыл шаруашылық  өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру, ауыл  шаруашылығын сумен жабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

6) жер қатынастарын дамыту, әртүрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік -экономикалық жағдайларды жетілдіру, жердің  құнарлылығын сақтау мен арттыруға және оларды  ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру және министрлік туралы ережедегі басқа да міндеттерді атқарады.

Табиғи ресурстарды  пайдалануды және қорғауды басқару

 

Қоршаған ортаны қорғау  органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі- ҚР қоршаған ортаны  қорғау министрлігі – Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқармалары.

ҚР табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Министрлік — бұл айналадағы ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкілетті, сондай -ақ  айналадағы ортаны қорғау және ерекше қозғалатын табиғи  аумақтарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану салаларында  сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган.

Министрліктің қызметі ҚР Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің  актілеріне және  өзге де актілеріне, сондай-ақ министрлік туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіпте ҚР бүкіл аумағында міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.

 

 

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) айналадағы ортаның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ету;

2) айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласында мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіру;

3) өз құзыретінің шегінде айналадағы ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың  экономикалық әдістерін жетілдіру;

4) айналадағы ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласында оқу-ағарту жүйелерін дамыту.

 

Министрлік мынадай ведомстволардан тұрады:

1) геология және жер қойнауын қорғау комитеті;

2) қоршаған ортаны қорғау комитеті;

3) орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті;

4) су ресурстары жөніндегі комитет.

 

Сауданы, қаржыны және несиені басқару

Қаржыны басқару органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі- ҚР қаржы министрлігі (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүліктік және жекешелендіру жөніндегі комитеті, облыстардағы, Астана, Алматы қаласындағы басқармалары; Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті, облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы  басқармалары, департаменттері; Қаржы министрлігінің жергілікті жерлердегі басқармалары, департаменттері)– Қаржы министрлігінің Қазыналық комитеті (қазынашылық комитеттің аумақтық органдары);

ҚР Қаржы Министрлігі — өзіне берліген саланы басқаратаын, сондай-ақ заңда көзделген шктерде -мемлекеттік қаржыларды басқару мен бақылау саласында сала аралық үйлестіруді,  мемлекеттік меншікті есепке алуды және оның пайдалануын бақылауды жүзеге асыратын ҚР орталық  атқару органы.

Өз қызметін ҚР Конституциясына және заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де  нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде актілер шығарады, оның  ҚР барлық аумағында міндетті күші болады.

 

Қаржы Министрлігінің функциялары:

1) республикалық салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдерден жергілікті бюджетке бөліп берудің нормативтерінің жобаларын әзірлеу;

2) кәсіпкерлік және өзге де шаруашылық қызметті қаржы және салық бойынша ынталандыру жөнінде шаралау жасау;

3) республикалық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету;

4) республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерінің орындалуына және республикалық  бюджеттен бөлінетін қаржыларды кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың  мақсатты пайдалауына бақылау жасау;

5) бюджеттен атқарылатын шығындар сметаларын жасаудың, қараудың, бекітудің және орындаудың жалпы ережелерін белгілейді;

6) мемлекеттік меншікті  пайдаланудың, мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін  арттырудың  мониторинг жүйесін

жасап  дамыту;

7)бухгалтерлік  есепті, сондай – ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеп беруді жүргізу мен жүзеге асырудың тәртібін әзірлей және т.б.

 

Қаржы Министрлігінің мынадай құрылымы бар:

1) Қазыналық Комитет;

2) Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті;

3) Қаржылық бақылау Комитеті;

4) Министрліктің аумақтық органдары;

 

ҚР Қаржы Министрлігінің  қарауында  мынадай ұйымдар бар:

1) жабық акционерлік қоғам;

2) республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

3) республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

4) республикалық мемлекеттік кәсіпорын Алматы қаласындағы еншіліе мемлекеттік кәсіпорынмен бірге;

5) мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры;

6) Медетші қоры;

7) ҚР Қаржы Министрлігінің бас есептеу орталығы;

8) ҚР Қаржы министрлігінің  шаруашылық басқармасы;

9) Қаржы орындарына қызмет көрсету жөніндегі шаруашылық басқарма.

 

Өнеркәсіпті басқару органдарының жүйесі:

1) ҚР Үкіметі;

2) ҚР  Индустрия және сауда министрлігі–Министрліктің Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитеті – Министрліктің инвестициялар жөніндегі комитеті – Министрліктің Құрылыс істері жөніндегі комитеті- Министрліктің Қорғаныс өнеркәсіп комитеті- Министрліктің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті;

3) ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі- Министрліктің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті – Министрліктің энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті – Министрліктің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті.

ҚР Индустрия және сауда министрлігі- өзіне тапсырылған саланы басқаратын, сондай-ақ заңнамамен көзделген шегінде ҚР Әлеуметтік -экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді сала аралық үйлестіруді, сондай-ақ  осы бағыттардың  іске асырылуына бақылауды жүзеге асырушы орталық атқару орган.

Өз қызметін ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Өз құзырындағы мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіпте  бұйрықтар шығарады.

 

Министрлікке мынадай  міндеттер жүктелген:

1) мемлекеттік әлеуметтік — экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру;

2) экономикалық дамудың мемлекеттік саясатын, инвестициялық, сыртқы экономика, өнеркәсіптік (атом, тау-кен металлургиясы, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінен басқа) сауда, аймақтық және іске асыруға қатысу және әлеуметтік саясат әзірлеуге қатысу;

3) ҚР Үкіметінің іс-шара бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

4) ҚР Әлеуметтік — экономикалық дамуын экономикалық талдау, болжау және реформалардың барысын бақылау және т.б.

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі- бұл атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, кен — металлургия, химия, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында басқаруы мен бақылау қызметін орындауға уәкілетті ҚР орталық атқару органы.

Өз қызметін ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативті-құқықтық аткілерге, сондай -ақ Министрлік туралы Ережеге сай жүзеге асырады.

Өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңда белгіленген тәртіпте ҚР бүкіл аумағына міндетті күші бар бұйрықтар мен шешімдер шығарады.

 

Осы министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, кен-металлургия, химия, мұнай-химия және атом өнеркәсіі салаларында мемлекеттік  саясатты әзірлеу және іске асыру;

2) өз құзыреті саласында ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негізінде отын — энергетика кешенін, өнеркәсіп салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзірлеу, осы салаларда жарғының капиталдарына мемлекет қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілерді қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

3) ҚР жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу;

4) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың  жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың  белгіленген  тәртібін сақтауына бақылауды қамтамасыз ету.

 

Әкімшілік құқық және әкімшілік-саяси сфераны басқару

 

Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару

Қорғаныс – Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауын қорғауға әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге  асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік – құқықтық  сипаттағы  мемлекеттік шаралар жүйесі.   

 Қорғанысты  басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті –ҚР Үкіметі-ҚР Қорғаныс Министрлігі (әскери округтер, әуе қорғанысы әскерлері, әскери — әуе күштері мен әскери теңіз күштерінің  бөлімдері), ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери оқу орындары, мемкемелер мен әскери комиссариаттар.

Информация о работе Әкімшілік құқық түсінігі, пәні,қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы