Бұйрық арқылы іс жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 16:26, лекция

Краткое описание

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 21.60 Кб (Скачать документ)

Бұйрық арқылы іс жүргізу.

 

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.

 

Үш жыл ішінде сот бұйрығы шығарылып 170 912 іс қаралған, ол аяқталған барлық істердің 13,6% құрайды (2007ж. - 45 314 немесе 12,9%, 2008ж. – 59 920 немесе 13,7%, 2009ж.- 65 678 немесе 14%).

 

Санаттар бойынша бөлінісінде сот бұйрығы шығарылып қаралған істердің саны мынадай.

 

- кәмелетке толмаған балаларға  алименттер өндіріп алу туралы – 71 954 (2007ж. – 20 707, 2008ж. – 23 898, 2009ж. – 27 338);

 

- азаматтар мен заңды  тұлғалардан салықтар және басқа  да міндетті төлемдер бойынша  бересіні өндіріп алу туралы – 55 493 (2007ж. – 12 793, 2008ж. – 20 340, 2009ж. – 22 357);

 

- қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен  өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы – 4 986 (2007ж. – 1 204, 2008ж. – 1 327, 2009ж. – 2 455);

 

- жауапкерді немесе борышкерді  іздестіру жөніндегі шығындарды  өндіріп алу туралы ішкі істер органдарының немесе қаржы полициясының талаптары бойынша – 28 (2007ж. – 19, 2008ж.- 9, 2009ж. - 0);

 

- бұйрық арқылы іс жүргізудегі өзге де істер – 38 409 (2007ж. – 10 591, 2008ж. – 14 335, 2009ж. – 13 481).

 

Сонымен бірге, статистика бойынша  талап қоюмен іс жүргізудегі 11 іс бұйрық шығарылып қаралған. Атап айтқанда, некені бұзу туралы 3 іс, балаларды күтіп-бағуға алименттер өндіріп алу туралы 2 іс, шарттарды жасасуға, өзгертуге, бұзуға және шарт бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты даулар бойынша 1 іс, залалды өтеу туралы 1 іс және өзге де талап қою істері бойынша 4 іс.

 

Келтірілген деректерден сот бұйрығы шығарылып қаралған істердің басым көпшілігін кәмелетке толмаған балаларға алименттер өндіріп алу туралы, азаматтар мен заңды тұлғалардан салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу істер құрайтындығы көрінеді.

 

Егер белгіленген мерзімде борышкерден мәлімделген талаптарға келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

 

Сот бұйрығы шығарылып қаралған талаптардың жалпы санынан борышкерлердің арыздары бойынша к (3-диаграмма):

 

2007 жылы – 45 314 сот бұйрықтарының 868-інің немесе 1,91%-ның күші жойылды;

 

2008 жылы – 59 920 сот бұйрықтарының 1 416-ының немесе 2,4%-ның күші жойылды;

 

2009 жылы – 65 678 сот бұйрықтарының 1 675-інің немесе 2,5%-ның күші жойылды.

 

3-диаграмма 

 

 

 

 

Сонымен, күші жойылған бұйрықтардың саны жыл сайын артып отырғаны (1,91%-дан 2,5%-ға дейін) байқалады.

 

 

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.

 

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істерінің динамикасы мемлекеттік  өкімет органдарының, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметшілердің шешiмдеріне, және әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) дау айту туралы істердің үлесінің жыл сайын төмендеп отырғанын көрсетеді. Керісінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларға дау айту туралы істердің саны 6,7%-ға өсті (кесте).

 

 

 

Істердің санаттары

 

2007ж.

 

2008ж.

 

2009ж.

 

Ерекше талап қоюмен

 

іс жүргізуде аяқталған барлық істер

 

14 901

 

100%

 

18 131

 

100%

 

18 500

 

100%

 

Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы

 

9 013

 

60,5%

 

10 342

 

57%

 

9 893

 

53,5%

 

оның ішінде, сот орындаушыларының

 

1 556

 

10,4%

 

1 759

 

9,7%

 

2 492

 

13,5%

 

оның ішінде, тексерулер нәтижелері бойынша салық комитетінің

 

655

 

4,4%

 

725

 

4%

 

811

 

4,4%

 

Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы қаулыларға дау айту

 

5025

 

33,7%

 

6 996

 

38,6%

 

7 473

 

40,4%

 

Ерекше талап қоюмен

 

іс жүргізудегі өзге де істер

 

863

 

5,8%

 

793

 

4,4%

 

1 134

 

6,1%

 

 

 

Кестеден көрініп отырғандай, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде қаралған істердің басым көпшілігін екі санаттағы істер құрайды. Олар:

 

- мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы;

 

- әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер.

 

Сот орындаушыларының әрекеттеріне дау айту туралы істер ерекше талап  қоюмен іс жүргізуде қаралған істердің жалпы санының 11%-ын құрайды.

 

Ерекше іс жүргізу.

 

Статистика бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен талдау жүргізілген  кезеңде 132 927 істер мен арыздар (2007ж. – 43 530, 2008ж. – 46 550, 2009ж. – 42 847) келіп түскен.

 

Ең көп келіп түскен істер мен арыздар санаттар бойынша бөліністе мынадай болды:

 

- жылжымалы затты иесіз  деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы (12 848 немесе 9,7%, олардың ішінде: 2007ж. – 5 432 немесе 12,5%, 2008ж. – 4 124 немесе 8,8%, 2009ж. – 3 292 немесе 7,7%);

 

- бала асырап алу туралы (13 702 немесе 10,3%, олардың ішінде: 2007ж.  – 4 478 немесе 10,3%, 2008ж. – 4 591 немесе 9,9%, 2009ж. – 4 633 немесе 10,8%);

 

- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы (12 755 немесе 9,6%, оның ішінде: 2007ж. – 4 206 немесе 9,7%, 2008ж. – 4 174 немесе 9%, 2009ж. – 4 375 немесе 10,2%).

 

Демек, қаралған істердің көпшілігі  де осы санаттар бойынша болды.

 

Талдау жүргізілген кезеңде  іс жүргізумен барлығы 1 256 894 іс (2007ж. – 352 022, 2008ж. – 435 641, 2009ж. – 469 231) аяқталды.

 

Барлық аяқталған істердің ішінде 1 256 615 іс немесе олардың барлығысының 99,98%-ы (2007ж.-351 929, 2008ж. – 435 535, 2009ж. – 469 151) аудандық соттарға тиесілі болды.

 

Облыстық соттар 258 істі аяқтаған, ол барлық аяқталған істердің 0,02%-ын (2007ж. – 81, 2008ж. – 103, 2009ж. – 74) құрайды.

 

Жоғарғы Сотқа 21 іс немесе барлық аяқталған істердің 0,002%-ы (2007ж. – 12, 2008ж. – 3, 2009ж. – 6) тиесілі болды.

 

Қаралып отырған кезеңде  іс жүргізумен аяқталған азаматтық  істердің жалпы санынан 80%-ы оларды мәні бойынша шешумен, яғни шешімдерді, сот бұйрықтарын және ұйғарымдарды шығарумен (мысалы, АІЖК-нің 26, 39-1-тарауларының тәртібімен) аяқталған. Бұл ретте, осы істердің басым көпшілігі сотқа берілген талаптарды қанағаттандырумен аяқталған (орташа алғанда 71%-ы).

 

 

 

4-диаграмма

 

 

 

 

Аяқталған азаматтық істер  бойынша нәтижелердің көрсеткіштері  нақты және пайыздық түрде төмендегі  кестеде келтірілген.

 

 

 

Атауы

 

2007 жыл

 

2008 жыл

 

2009 жыл

 

Барлық аяқталған істер

 

352 022

 

100%

 

435 641

 

100%

 

469 231

 

100%

 

оның ішінде:

 

шешім шығарылып

 

225 259

 

64%

 

282 475

 

64,8%

 

310 187

 

66,1%

 

сот бұйрығы шығарылып

 

45 314

 

13%

 

59 920

 

13,8%

 

65 678

 

14%

 

ұйғарым шығарылып

 

4 791

 

1,36%

 

6 594

 

1,5%

 

7 433

 

1,6%

 

Мәні бойынша шешілген істердің жиыны

 

Шешімдер+

 

сот бұйрықтары+ ұйғарымдар

 

275 364

 

78,2%

 

348 989

 

80,1%

 

383 298

 

82,7%

 

оның ішінде, талап қоюлар мен талаптарды қанағаттандырып  аяқталғандар

 

Борышкерлердің арыздары бойынша күші жойылмаған шешімдер, ұйғарымдар,

 

сондай-ақ

 

сот бұйрықтары

 

258 974

 

73,6%

 

 

330 845

 

75,9%

 

297 675

 

63,4%

 

Мәні бойынша шешілмей аяқталған істер

 

Соттылығы бойынша жіберілген істер

 

1 788

 

0,5%

 

2 565

 

0,59%

 

2 186

 

0,46%

 

Қараусыз қалдырылған  арыздар

 

49 718

 

14%

 

55 124

 

12,7%

 

55 007

 

11,7%

 

Іс бойынша 

 

іс жүргізу қысқартылған

 

25 152

 

7,14%

 

28 963

 

6,6%

 

28 740

 

6,1%

 

оның ішінде, бітімгершілік  келісім жасалып

 

7 634*

 

10,5%

 

8 180*

 

28,2%

 

8 471*

 

29,5%

 

*пайыз қысқартылған істердің  саны бойынша көрсетілген

 

 

АІЖК-де қарастырылған жағдайларда  талап қою істерін сырттай  іс жүргізу тәртібімен қарауға болады.

 

Статистика бойынша қарастырылып отырған кезеңде сырттай шешім  шығарылып 298 922 іс қаралған, ол шығарылған шешімдердің 36,5%-ын құрайды (2007ж. – 75 726 немесе 33,6%, 2008ж. – 107 904 немесе 38,2%, 2009ж. – 115 292 немесе 37,2%).

 

Сонымен, сырттай шешімдер барлық шығарылған шешімдердің үштен  бір бөлігінен асады.

 

Талдау жүргізілген кезеңде  бірінші сатыдағы соттар 8 425 сырттай шешімдердің күшін жойған, ол шығарылған сырттай шешімдердің 2,8% құрайды (2007ж. – 2 127 немесе 2,8%, 2008ж. – 2 846 немеес 2,64%, 2009ж. – 3 452 немесе 3,0%).

 

АІЖК-ге сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары  заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, сондай-ақ корпоративтік даулар жґніндегі азаматтық iстердi қарайды.

 

Статистикалық деректер бойынша  мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар талдау жүргізілген кезеңде 139 178 істер мен арыздар қараған, ол келіп түскен барлық істер мен арыздардың 9,2%-ын құрайды (2007ж. – 35 070 немесе 8,2%, 2008ж. – 41 254 немесе 7,9%, 2009ж. – 62 854 немесе 11,3%).

 

Сонымен, 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы экономикалық соттарға келіп түскен істер мен арыздардың саны 80%-ға өскен.

 

Ең көп арыздар мен істер төменде көрсетілген экономикалық соттарға келіп түскен: Алматы қаласы – 20 302 (2007ж. – 4 862, 2008ж. – 6 031, 2009ж. – 9 409), Астаны қаласы – 16 164 (2007ж. – 3 720, 2008ж. – 5 406, 2009ж. – 7 038), Павлодар облысы – 12 791 (2007ж. – 2 387, 2008ж. – 3 392, 2009ж. – 7 012), Қарағанды облысы – 12 182 (2007ж.-3 229, 2008ж. – 3 427, 2009ж. – 5 526).

 

Үш жыл ішінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар барлығы 106 081 істі аяқтаған, ол аяқталған істердің жалпы санының 8,4%-ын құрайды (2007ж. – 26 534, 2008ж. – 30 327, 2009ж. - 49 220). Оның ішінде, шешім шығарылып 81 491 іс қаралған, ол барлық шешімдердің 9,9%-ын құрайды (2007ж. – 19 677 немесе 8,7%, 2008ж. – 22 629 немесе 8,0%, 2009ж. – 39 185 немесе 12,6%).

 

АІЖК-де белгіленген істі қараудың іс жүргізу мерзімдерін сақтау сот төрелігін жүзеге асыру көрсеткіштерінің негізгі құрастырушыларының бірі болып табылады.

 

Талдау жүргізілген кезеңде АІЖК-де белгіленген мерзімдер бұзылып 65 іс қаралған (диаграмма).

 

Олардың ішінде ең көп мерзімді бұзу оқиғалары мынадай соттарда орын алған: Астана қаласы (26 іс, оның ішінде 2007ж. – 8, 2008ж. – 11, 2009ж. – 7), Оңтүстік Қазасқтан облысы (11 іс, оның ішінде 2007ж. – 7, 2009ж. – 4) және Жамбыл облысы (9 іс, барлығы 2007 жылы болған). Келтірілген деректер осындай істер жыл сайын қысқарып отырғанын көрсетеді.

 

5-диаграмма

 

 

 

 

АІЖК-нің 253-бабына сәйкес, сот  отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар  анықталған кезде судья тиісті мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың атына жеке ұйғарым шығаруға құқылы.

 

Бірінші сатыдағы соттар талдау жүргізілген кезеңде қаралған азаматтық істер бойынша 5 596 жеке ұйғарым шығарған (2007ж. – 1 627, 2008ж. – 1 844, 2009ж. – 2 125). Олардың 3 558-і бойынша жауаптар келіп түсті, онда қабылданған нақты шешімдер көрсетілген (2007ж. – 949, 2008ж. – 1 208, 2009ж. – 1 401).

 

Статистикаға сәйкес, үш жылда  мемлекеттік бюджетке бірінші сатыдағы соттар қараған азаматтық істер бойынша төленген мемлекеттік баж 57.313.272 мың теңге сомасында түсті (2007ж. – 44.253.893 мың теңге, 2008ж. – 7.491.525 мың теңге, 2009ж. – 5.567.854 мың теңге).

 

Келтірілген цифрлар азаматтық сот ісін жүргізуде сот төрелігін жүзеге асыру арқылы мемлекет сот билігіне жұмсаған шығындардың елеулі үлесінің өтелгендігін көрсетеді.

 

 

 

Апелляциялық сатының  жұмысы туралы

 

 

Апелляциялық саты – бірінші сатының заңдық күшіне енбеген сот актілеріне аппеляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша азаматтық істерді қарайтын екінші сатыдағы сот.

 

Талдау жүргізілген кезеңде  шағымдар мен наразылықтарды қарайтын аппеляциялық саты соттары ретінде:

 

облыстық соттың азаматтық  істер жөніндегі алқалары – аудандық соттар шығарған сот актілеріне;

 

Жоғарғы Соттың азаматтық  істер жөніндегі алқасы – облыстық соттардың бірінші саты бойынша шығарған сот актілеріне әрекет етті.

 

«Аппеляциялық сатыдағы соттардың  азаматтық істерді қарау жөніндегі  жұмысы туралы» №7 нысандағы статистикалық  есептің деректері бойынша апелляциялық сатыға /шағымдар мен наразылықтар кері қайтарылып алынған және қайтарылған істерді есептемегенде/:

 

2007 жылы – 23 339 немесе  аяқталған істердің 6,6%-ы (оның  ішінде, апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 17 134 немесе шешімдердің 7,6%-ы, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 6 205 немесе ұйғарымдардың 7,6%-ы);

 

2008 жылы – 25 809 немесе 5,9% (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 18 973 немесе 6,7%, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 6 836 немесе 7,3%);

 

2009 жылы – 32 233 немесе 6,9% (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар  бойынша – 24 312 или 7,8%, жеке  шағымдар мен наразылықтар бойынша  – 7 921 немесе 8,5%) келіп түскен.

 

Сонымен, келтірілген деректер сот актілерінің 93%-дан астамына шағым берілмегенін және наразылық келтірілмегенін көрсетеді.

 

Статистика бойынша үш жыл ішінде апелляциялық сатыдағы соттар 81 566 іс аяқтаған, оның ішінде 2007ж. – 23 977 (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 17 754, жеке шағымдар мен  наразылықтар бойынша – 6 223), 2008ж. – 25 652 (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 18 877, жеке шағымдар мен  наразылықтар бойынша – 6 775), 2009ж. – 31 937 (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 24 092, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 7 845).

 

 

Апелляциялық қараудың нәтижелері төмендегі кестеде көрсетіледі.

 

Кезең

 

Барлық аяқталған істер

 

Өзгеріссіз

 

Күші жойылған

 

оның ішінде

 

Өзгертілген

 

 

 

 

Информация о работе Бұйрық арқылы іс жүргізу