Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 15:52, курсовая работа
Краткое описание
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды: • тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру; • негізгі әлеуметтік қателардің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру; • халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері; • азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.
Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын
адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп
жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес
табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс.
Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй және т.б. саладағы саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары
мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер,
мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып
істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т.б.) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден
көреміз.
Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды
шешу – мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген
топты азайту – рыноктың экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар:
отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен
масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты – осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік
төлемдер арқылы бөлу немесе табысты
тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.
Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде
бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді.
Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып
бөлінеді.
Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет
арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады.
(Бұрынғы мемлекеттік социализм
елдерінде ҚТҚ 70 пайызға дейін мемлекеттік
бюджеттен, тек 25-30 пайызы ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын.) Мемлекеттік
көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.
Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.
Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты.
Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т.б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипендия ынталандыру
сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.
Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт – адамның еңбегіне байланысты
түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін
көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі
балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар
жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз
отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.
Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін
төлемдердің үшінші бағытының ерекшелігі – жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала
мекемелері арқылы натуралды-заттай
түрінде беріледі. ҚТҚ-ның бұл бөлігі «қосымшає табыстар,
олар отбасы бюджетіне түспейді, оны өз қалауынша пайдалуға болмайды. Мұндай табыстар жеке
дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қоғамдық қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек
осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіктің шеңберінде ғана болады. Табысты
бөлудегі теңсіздіктер мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты
70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында мемлекеттік
реттеудегі жаңа кейнсиандық қозғалыс тұсында тағы да қызу теориялық таластар туғызды. Проблеманың мәні мынада: қайта бөлу процестеріне мемлекеттік
араласудың шегі бар ма?Трансферттік
төлемдер көлемі өскенде жалпыэкономикалық қызметтің тиімділігі төмендемей ме? Үдемелі салық ставкасының өсуі кәсіпкерлікке деген
ынтаны жоймай ма? Әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі әлеуметтік масылдар
тобын өсірмей ме?
Әлеуметтік қамсыздандыру
құқығы. Мүгедектердің, жұмыссыздардың,
халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын
өзге де бөлігінің заңнамамен белгіленген
құқықтарының бұзылу фактілері
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
және әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік
саясатының басты басымдықтарының бірі
болған және болып қала береді, ол халықтың
әл-ауқатын әлеуметтік қамсыздандырудың
көпдеңгейлі жүйесін, міндетті әлеуметтік
сақтандыруды, кедейлікті төмендету тетіктерін,
халықтың әлеуметтік жағынан алғанда
осал топтарын әлеуметтік қолдауды енгізу
жолымен көтеруге бағытталған.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
зейнетақы жүйесін, мүгедектік пайда болған
кездегі, асыраушысынан айырылған жағдай
бойынша, жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруды,
әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мен әлеуметтік
қызмет көрсетулер жүйесін қамтиды. Оның
қатысушылары арасындағы ынтымақтастықсыз
қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы
зейнетақылық жүйе болып табылады.
ҚР Конституциясымен Қазақстан
Республикасының азаматына жалақы мен
зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы
келгенде, ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан
айырылғанда және өзге де заңдық негізде
әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік
беріледі.
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап
Қазақстан Республикасында зейнетақы
жүйесін реформалау жүзеге аса
бастады. Азаматтарға зейнетақымен
қамсыздандырудың тең құқығын
беру принциптеріне негізделген
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы
(әрі қарай - Заң) қабылданды.
Республикада 2006 жылдың соңына
қарай Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан
зейнетақы алатындардың саны 1638,6 мыңнан
астам болған. Мемлекеттік базалық зейнетақылық
төлемді 1660,2 мың адам алған.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 6700 теңгені
құраған. 2006 жылғы зейнетақы төлемдерінің
орташа мөлшері - 9912 теңге. Зейнетақы төлемдерінің
ең төменгі мөлшері базалық зейнетақы
төлемін есепке алғанда 9700 теңгені құраған.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері
базалық зейнетақыны есепке алғанда 12912
теңгені құраған.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері
жыл сайын индекстеліп, көтеріліп отырады.
Зейнетақы төлемдерін бұрынғы еңбек өтіліне
қарай дифференциалды арттыру жүзеге
асырылды, ол миллионнан астам адамды
қамтыды. Күш құрылымдары ардагерлерінің
зейнетақылары да өсті. Елдегі барлық
зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер
өз уақытында, ай сайын төленіп тұрады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында
зейнетақының мөлшерін бұрынғы еңбек
үлесіне сүйеніп анықтаған кезде әділдік
орнату үшін зейнеттік заңнамада көзделген
зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін
табысты шектеу 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап
өзгереді, ол 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен
25 мәртеге дейін арттырылады деп атап
өтті. Бұл ретте ортақ сипаттағы зейнетақының
орташа мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25%-ға
дерлік артады. Ортақ сипаттағы зейнетақының
ең жоғары мөлшері 2008 жылы 21 713 теңгеге
дейін, немесе 76%-ға өседі.
Сол сияқты Заңмен барлық жұмыс
істеуші азаматтардың жинақтаушы зейнетақы
қорларына міндетті зейнетақылық жарналар
аудару есебінен зейнетақы жинақтарын
құру құқығы бекітілген.
Сонымен қатар, агенттердің
(жұмыс берушілердің) қызметкерлердің
кірісінен ұсталатын міндетті зейнетақылық
жарналарды өз уақытында аудармау оқиғалары
бар.
Заңның 22-бабына сәйкес агенттің
міндетті зейнетақылық жарналарды, сондай-ақ
өсімдерді өз уақытында ұстауына (жазуына)
және аударуына бақылау салық органдарына
жүктелген, соған байланысты осы мәселе
бойынша азаматтардың шағымдары мәлімдеушілерге
заңнама нормаларын түсіндіре отырып,
тиісті органдарға жіберіледі.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
атты Қазақстан халқына Жолдауында ана
мен баланы әлеуметтік қорғауға ерекше
мән бере отырып, Үкіметке 2008 жылғы 1 қаңтардан
бастап баланың тууына байланысты біржолғы
мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 34740 теңгеге
дейін немесе 2 есе арттыруға тапсырма
берді. Баланы бір жасқа толғанға дейін
күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақылар
едәуір өсетін болады. Жұмыс істейтін
әйелдердің декреттік демалыста және
бір жасқа толғанға дейін нәресте күтімі
жөніндегі демалыста жүрген кезінде зейнетақылық
жинақтаулары жүргізіле беретін болады.
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай
бойынша «Жерасты және ашық
кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары
ерекше зиянды және ерекше
ауыр жұмыстарда істеген адамдарға
берілетін мемлекеттік арнайы
жәрдемақы туралы» ҚР Заңында
белгіленген жұмыс өтілі бар
азаматтар мемлекеттік арнайы
жәрдемақы алуға құқылы.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы
алатындарға зейнет демалысы жасына жеткен
кезде аталған жәрдемақыны алу немесе
зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақылық
төлемдер тағайындау арасында таңдау
жасау құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президентінің тапсырмасымен 2008 жылғы
1 қаңтардан бастап №2 Тізім бойынша 1998
жылғы 1 қаңтарға дейін зиянды және ауыр
еңбек жағдайында өз өтілдерін өтеген
адамдарға 8 айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде
арнайы жәрдемақылар төленетін болады.
«Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтары, шетелдіктер және Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдар мүгедектік бойынша, асыраушысынан
айырылу бойынша және жасы бойынша базалық
мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алуға
құқылы.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар
мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесіне кіреді және мүгедектікке, асыраушысынан
айырылуына және жасына байланысты оны
алуға зәру азаматтарға мерзімді төленіп
тұратын ақша қаражаты болып табылады.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес
мүгедектерге мүгедектік тобына және
сырқатының себептеріне қарай мүгедектігі
бойынша базалық мемлекеттік арнайы жәрдемақы
тағайындалады, ол жұмыс өтіліне және
орташа айлық табысына тәуелсіз болады.
Сонымен қатар, заңнамада белгіленген
зейнет демалысы жасына толған кезде мүгедекке
мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем
тағайындалады.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы
алатындардың орташа жылдық саны 645,5 мың
адамды құраған. Мемлекеттік арнайы жәрдемақының
орташа мөлшері 7745 теңгені құраған, оның
ішінде мүгедектік бойынша - 8057 теңге,
асыраушысынан айырылу бойынша - 7369 теңге,
жасы бойынша - 3990 теңге.
«Қазақстандағы адамның құқықтары:
қоғамдық пікір» жобасы бойынша әлеуметтанушылық
зерттеулер нәтижелері бойынша сұрақ
берілген респонденттердің 63,2% азаматтардың
әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарын
қорғау саласындағы ахуалға оң баға бергені,
27,7% теріс баға бергені, 9,1% жауап беруден
қиналғаны анықталды. Алынған нәтижелер
азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру
саласындағы ахуалдың, сондай-ақ азаматтардың
әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау
саласындағы мемлекеттің қолданған шаралары
тиімділігінің жақсарғанын көрсетеді.
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы» ҚР Заңына сәйкес республикада
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесі енгізілген.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесін енгізудің негізгі мақсаты - әлеуметтік
қатер тууы: жұмыс қабілетін жоғалту, асыраушысынан
айрылу және жұмыстан айрылу нәтижесінде
жоғалтқан кіріс бөлігін өтеу болып табылады.
Жұмыс істейтін азаматтардың
әлеуметтік кепілдіктері мен қорғалуы
үшін негіз қалау және жұмыс берушілердің
өндірістегі бақытсыздық жағдайларының
алдын алудағы, өндірістегі еңбек ету
жағдайы мен қауіпсіздігін жақсарту мәселелеріндегі,
сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтатқан
жағдайда қызметкердің өмірі мен денсаулығына
келтірілген зиянды өтеу мәселесін реттеудегі
мүдделілігін арттыру мақсатында «Қызметкер
еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде
оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi
үшін жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы»
ҚР Заңы қабылданды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың
заңнамалық базасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы (әрі
қарай - Заң) мүгедектерді әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз етудің, оларға өмір сүру мен
қоғамға кірігудің тең мүмкіндіктерін
құрудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық
шарттарын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы
№17 қаулысымен Заңның нормаларын жүзеге
асыру жөніндегі нақты іс-шаралар кешенін
көздейтін Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген.
Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік
бюджеттен бөлінетін жалпы шығындар 25
345,5 млн. теңге мөлшерінде, соның ішінде
республикалық бюджеттен - 8 166,0 млн. теңге,
жергілікті бюджеттен - 17 179,5 млн. теңге
көзделген.
Заңға сәйкес мүгедектерді
жұмыспен қамту мақсатында жергілікті
атқарушы органдар мүгедектерге арналған
жұмыс орындарының квотасын жалпы жұмыс
орындары санының 3% мөлшерінде белгілейді,
жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті
дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын
құрады, арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс
орындарын құрады.
Алайда аталған жұмыстарды
әкімдіктер нашар жүргізеді. Жергілікті
органдардың 2006 жылғы 4 тоқсандағы есебіне
сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді
сұрап өтініш жасаған мүгедектер саны
2792 адамды құраған. Олардың ішінде аталған
кезеңде жұмыспен қамтылғандар 1661 адам
(59,5%).