Қазақстан республикасы азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 23:30, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтың құқықтық мәртебесін және оның маңызды бөлігі ретінде - азаматтың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайын, оның әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайды, бекітеді және оған кепілдік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

УДК Акимшилик кукык - Болатова Мадина.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

       ӘОЖ 342. 922 (574)

         БОЛАТОВА М.Б.,АБИЛМАЖИНА А. М.

         С.Аманжолов атындағы ШҚМУ,Өскемен қ.

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ  ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

     Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтың құқықтық мәртебесін және оның маңызды бөлігі ретінде - азаматтың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайын, оның әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайды, бекітеді және оған кепілдік береді.

     Әкімшілік заңнама азаматтың мемлекеттік басқарудағы құқықтық жағдайының негізгі екі сәтін - оның әкімшілік құқық қабілеттілігін және іс-әрекет қабілеттілігін айқындайды. Әкімшілік құқық қабілеттілігі оның өзіне кұқық және міндеттер алу мүмкіндігін білдіреді. Ол азаматтың тумысынан басталып, қайтыс болуымен аяқталады.  

    Азаматты әкімшілік құкық қабілеттілігінен айыруға немесе оны басқа біреуге беруге болмайды. Оны жекелеген азаматтарға ғана қатысты және белгілі бір уақытка (мысалы, заң бас бостандығынан айыру, әкімшілік тұтқындау сияқты санкцияларды көздейтін қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты) шектеуге ғана болады. Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттілік - бұл азаматтың басқару аясында өзінің құқықтары мен міндеттерін саналы және дербес түрде жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттіліктің туындауы азаматтың белгілі бір жасқа толуына байланысты (мысалы, мемлекеттік қызметке орналасуы) болады. Азаматтың әкімшілік іс-әрекетке қабілеттілігі толық көлемінде ол 18 жасқа толғанда көрінеді. Әр түрлі салаларда азаматтың іс-әрекетке ішінара қабілеттілігі 16 жасқа толғанда көрінуі мүмкін, өйткені жасы 16-ға толған адам әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі деп танылады. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары бірдей тең іс-әрекет қабілеттілігіне ие. Бірақ олардың кейбіреулері денсаулығына байланысты ішінара немесе толықтай іс- әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін (мысалы, ақыл-есі кем, есі ауысқандар). Іс-әрекетке қабілетті азаматтар әкімшілік-құқықтық қабілеттілік негізінде нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсе отырып, өздерінің субъективтік құқыктары мен міндеттерін жүзеге асырады. Әкімшілік-құқықтық катынастардың бір тарабы - азаматтар, екінші тарабы - мемлекеттік орган және оның лауазым иесі араларында қалыптасады.

   ҚР азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі – ҚР Конституциясымен және қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген азаматтың жалпы құқықтық мәртебесінің маңызды және құрамды бөлігі болып табылады.

              Әкімшілік құқық сферасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары негізінен конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайды және көптеген заңдарда және заң күшіндегі актілерде нақтыланады.Азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін экономикалық, саяси және ұйымдық – құқықтық деп бөлуге болады.Ұйымдық – құқықтық кепілдіктерге соттық және соттан тыс кепілдіктер жатады.

               Шағымның екі түрі болады: әкімшілік және соттық. Әрқайсысы өз кезегінде жалпы және арнайы болуы мүмкін.

   Жалпы әкімшілік шағым жасауға құқық ҚР Президентінің 1995ж. 19 маусымдағы «Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы” заңды күші бар Жарлығымен реттеледі, соған сәйкес шағым азамататрдың шағмыдануларының бір түрі болып табьлады (өтініш, арыздарымен, ұсыныстары мен сұрауларымен қатар) және олардың құқықтарын бұзу фактісімен байланысты.

   Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік – құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері:

             -мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында жұмыс істей алмайды;

 - мемлекеттік құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді;

 - әскери міндетті емес;

 -құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін;

-тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа шығару сияқты әкімшілік жаза қолданылады;

-ҚР аумағына рұқсаттары болғанда ғана кіре алады;

-шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар арнайы құжаттары болғанда ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге асырады;

 - шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң олар өзінің уақытша келгенін тіркеу қажет.

-шетел азаматтарының қозғалыстарына және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады.

Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі өте күрделі кешендік сипатқа ие және атқарушы билік саласында көптеген құқықтар мен міндеттерді қамтиды.

Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі мынадай элементтерді құрайды:

-әкімшілік құқыққа қабілеттілігін иелену;

-мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттері;

-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік-құқықтық кепілдіктері.

Адамдардың құқықтары мен міндеттері әкімшілік-құқықтық мәртебесінің элементтері бола тұра,мемлекеттік басқару органдары және олардың арасындағы заңдылық фактілер әкімшілік-құқықтық қатынастарды жүзеге асыртады.Осы жағдайдың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері болады.Азаматтар құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру;құқықтық нормалар мен жүктелген міндеттерді орындау;азаматтардың өз құқықтары,бостандықтары мен мүдделерін қорғау кезінде басқа да әкімшілік құқық субъектілерімен әкімшілік-құқықтық қатынасқа түседі.

Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бір элементі болып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік-құқықтық кепілдіктері(заңдылық кепілдіктің бір түрі)саналады.

Кепілдік деп әр түрлі  құқық субъектілерінің құқықтарын қорғау және жүзеге асыруын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар саналады.

Бұл азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктерімен байланысты,бұларға төмендегілер жатады:

-нормативтік құқықтық актілер ресми түрде жарияланбай,оларды қолдануға болмайды;

-әркім заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқылы;

-азаматтық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келген жағдайда,мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шығарған шешімдері мен әрекеттеріне қатысты сотқа шағымдануға құқылы;

-ешкімнің де өз бетінше адамның құқысы мен бостандығын қиюға немесе шектеуге құқығы жоқ,бұл тек қана Конституцияда көзделген жағдайда болуы мүмкін;

-мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметкерлердің ҚР халқының жіне әрбір адамның алдында жауапкершілігімен негізделінеді;

-азаматтардың құқықтары мен бостандығы тек ерекше жағдай кезінде ғана уақытша шектеуге болады және ерекше жағдайды қамтамасыз ететін актіде тура көрсеті-

луі тиіс.

Азаматтардың өз құқықтары,бостандықтары  мен мүдделерін мемлекеттік әкімшілікпен қарым-қатынасқа түсу кезінде негізгі әкімшілік-құқықтық қорғаудың бір түрі шағым беру құқысы болып саналады.

Азаматтардың заңды құқықтары,міндеттері және заңды мүдделерінің кепілдіктері деп олардың нақты жүзеге асуын және қорғауды қамтамасыз етудің жағдайы мен құралдары саналады.

Мұндай кепілдіктер механизмі  атқарушы билік органдарының(лауазымды тұлғаларының)заңдылық мағынасы бар мынадай әрекеттер жасауда өз көрінісін табады:

-азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін заңды міндеттерді орындау;

-оларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

-олардың жүзеге асырылуына тұрақты бақылау мен қадағалау жасау;

-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.Олардың бұзылуы анықталғанда құқықтық нормада көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану.

Аталған кепілдіктерді орындау,жүзеге асыру мемлекеттік сипатқа ие,өйткені «ҚР азаматтығы туралы»ҚР 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңның 1-бабында:«ҚР өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты»делінген.Сондықтан осындай міндеттерді атқарушы билік органдарының орындауы әкімшілік-құқықтық кепілдіктер мазмұнын құрайды.

Азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын жүзеге асырудағы әкімшілік-құқықтық кепілдіктер ретінде атқарушы органдардың(лауазымды тұлғалардың)азаматтар құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету,сонымен бірге,оны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау саналады.

Бұл кепілдіктер арнайы құқықтық актілерді  міндет ретінде белгіленеді.ҚР «Қазақстан Республикасының Үкіметі »туралы 1995 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған Конституциялық заңының 2-бабында:«Үкімет Республика Конституциясының,Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды»делінген,яғни азаматтың құқықтары мен міндеттері атқарушы билік қызметінің мазмұнын анықтайды дегенді білдіреді.

Үкімет азаматтардың еңбекке деген  құқықтарын және олардың денсаулығын  қорғауға, санитарлық-эпидемиологиялық саулығын жүзеге асыруға шаралар қолданады; ақысыз білім алу жүйесін жетілдіреді; азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға деген құқықтарын жүзеге асыруға шаралар қолданады; жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында мемлекеттіксаясатты жүргізуге қатысады; азаматтардың құқықытары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге шараларды жүзеге асырады және т.б.; құқықытық реформаның жүзеге асырылуын қаматамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртібін, Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асады.

Азаматтардың құқықтары әкімшілік- құқықтық тұрғыда кепілдіктермен ғана қаматамасыз етілмейді, сонымен  бірге оларды сот және прокуратура  органдары қаматамасыз етеді.

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 М. Қызылов Қазақстан. Республикасының  әкімшілік құқығы 2009

2 ҚР Азаматтары Уикипедия —  ашық энциклопедиясынан алынған  мәлімет 

3 Қазақстан Республикасының Конституциясы  1995жылдың 30 тамыз

4 "Қазақстан Республикасы азаматтарының  құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы

5 "Қоғамдық бірлестіктер туралы"Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жыл 31 мамырдағы 3-1 ҚР-сы Парламентінің Жаршысы,1996-8-9.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ғылым мен бизнестің кооперациясы:мәселелері мен болашағы» атты III Республикалық жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-

тәжірбиелік конференциясына  қатысушының

 

САУАЛНАМА –  ӨТІНІМІ

 

 

 

 

Автор (лар)

Ғылыми жетекші

Тегі

Болатова

Абилмажина

Аты

Мадина

Арай

Әкесінің аты

Болатқызы

Маутканова

ЖОО (Факультет пен кафедраны толық көрсету)

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ,Тарих,халықаралық қатынастар және құқық факультеті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ,Тарих,халықаралық  қатынастар және құқық факультеті Мемлекет, саясат және құқық теориясы кафедрасы

Автор: курс, мамандығы (шифрымен)

Ғылыми жетекші: лауазымы, Ғылыми дәрежесі мен атағы

2 курс, «Құқықтану»мамандығы-5В030100;

Аға оқытушы-Арай Маутканова

Индекс, қала, көшесі, үй, пәтер (материалдар  жинағын жіберу үшін)

Севастопольская к.,5, кв.-47

Байланыс телефоны

8-775-8877005

E–mail

Madina_30.92@mail.ru

Баяндама атауы

Қазақстан Республикасында  тегін  заңгерлік көмек көрсетудің маңызы мен орны

Секция атауы

Мемлекеттік басқару және қүқық  саласындағы зерттеулер

Конференцияға қатысуы (іштей,сырттай)

Іштей

Университет қонақ үйінде бөлмені  жалдау қажеттілігі (иә/жоқ)

жоқ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшінің ұсыным – рецензиясы

Баяндама тақырыбы «ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ  ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ»

 

2 курс студенті   Болатова Мадина Болатқызы «Құқықтану» мамандығы 5В030100

 

Мақала көп жоспарлы ҚР азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі – ҚР Конституциясымен және қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген азаматтың жалпы құқықтық мәртебесінің маңызды және құрамды бөлігі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:Аға оқытушы Абилмажина А.М

Мемлекеттік басқару және құқық 

саласындағы зерттеулер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан республикасы азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі