Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 13:05, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады.
ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған.

Содержание

Кіріспе
І тарау. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
ІІ тарау. Заңды тұлғалар
3.1 Заңды тұлға ұғымы
3.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтық құқық.docx

— 36.28 Кб (Скачать документ)

Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар, бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңдарда белгіленеді.

Қорытынды

Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Азаматтық құқық. М.К.Сүлейменов. Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003.

2. ҚР Азаматтық  Кодексі 05.06.2006ж. 159-бап,11-тармақ 

 

 


Информация о работе Азаматтық құқық