Қаржы: ұғымы, маңызы және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 18:15, реферат

Краткое описание

Қаржы (“қолма қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған, француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сиапты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалй қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Содержание

Кіріспе
І. Қаржы: ұғымы, маңызы және міндеттері
1.1. Қаржылық құқықтың пәні, ұғымы
1.2. Қаржылық экономикалық қатынастардың белгілері
1.3. Қаржылық құқықтық қатынастың өзге құқықтық қатынастан айырмашылығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

қаржы құқығы.docx

— 29.49 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында негізінен императивтік - әмірлі құқықтық реттеу әдісі жиі қолданылады. Сонымен бірге, қажетті кездерде диспозитивтік – шартты құқықтық реттеу әдісінің де жеткілікті көлемде қолданылатынын білу қажет. осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдістьері мынадай өздеріне тән айрықша белгілерімен көзге түседі: екі жақтың құқықтары мен міндеттері осы қатынасты реттейтін нормативтік актілер мен өзара жасалған шарттың негізінде қалыптасады; мемлекеттің біржақты - өктем әмірлі талабы қаржылық қатынастағы мән жайларды толығымен қамтитын сипатта болмағандықтан, осы қатынастың субьектілеріне өз еріктерін білдіру құқығын қалдырады;  қаржылық құқықтық қатынастағы екі жақтың құқықтары мен міндеттері, императивтік әдіске тән өктем билік және тәуелділік сияқты үзілді – кесілді формуламен көрсетілмей, сәл болса да теңдестірілген, яғни өктем уәкілетті субьектінің  де өз контрагентінің алдындағы тиісті заңи міндеттері айқындалған, мемлекеттің өз контрагентінің жүріс-тұрысына тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты - өктем мәжбүрлеу нысанында болып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық ынталандыру мен материалдық мүдделеуді пайдалану арқылы қызықтыру нысанында да көрініс табады; қаржылық-құқықтық шарт қаржылық қатынасқа қатысушы  екі жақтың құқықтары мен міндеттерін туындатуымен қатар, ол мемлекетке немесе оның уәкілетті органына қажетті құқықты көбірек береді; диспозитивтік әдістің көмегімен реттеу кезінде қаржылық –құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңи нысаны ретінде көрініс табады.

Қаржыны жоспарлау – бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарларының жасалу және олардың белгілі мерзімдерде орындалуын ұйымдастыру үдерісі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржылқ саясаттың құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді жүзеге асрыуға мүмкіндік береді.

   Қаржылық жоспарлаудың  объектсі болып шаруашылық жүргізуші  субъектіер мен мемлекеттің қарылық  қызметі табылады, ал қорытынды  нәтижесі – жеке мекемелердің  қаржылқ сметаларынан бастап  мемлекттің қаржылық балансына  дейінгі қаржылық жоспарларды  құру болып табылады. Әрбір жоспарда  белгілі кезеңдегі кірістер мен  шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің  салалрымен байланыстары (бюджетке  төлем, банктік несиеге төлем, әлеуметтік  сақтандыруға жарналар) анықталады. Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті  қаржы саясатымен анықталады. Бұл  қаржылық тапсырмаларды орындау  үшін қажетті ақша құралдары  мен тапсырмаларды орындау үшін  қажетті ақша құралдары мен  көздерінің көлмін анықтау; кіріс  резервтерінің өсуі, шығындардағы  үнемділік, орталықтандырылған және  орталықтандырылмаған қорлар арасында  қаражаттарды тиімді бөлу және  т.б.

    Жоспарлау мыналар  арқылы сипатталыда:

экстенсивтілігмен (әлемететік – саяси және экономикалық құбылыстардың шеңберін кеңінен қамтиды);

 интенсивтілгімен (озық  техника мен әдістерді қолдануды  білдіреді);

тиімділікгімен (нәтижеінде қаржылық басқару қоятын мақстарға жету қажеттігін білдіреді);

Қаржылық жоспарлауда мынадай жолдар қолданылады:

 а) атономдық (өткен жылдардң  мәліметтері келесі жылға ауысады. Инфляция кезінде мәліметтер  инфлияция коэфициентіне көбейеді). Бұл әдіс болып табылады және  уақыт жеткіліксіз кезде қолданылады;

ә) статистикалық (өткен жылдардың шығындары қослып, өткен жылдардың санына бөлінеді);

б) нөлдік база (барлық позициялар қайта есептелу керек. Бұл әдіс нақты қажеттліктер мүмкіндіктермен байланыстырылады).

   Нарықтық экономика  жағдайында жоспарлау басқарудың  қызметі ретінде экономикалық  және әлеуметтік қызметтердің  барлық жақтарын қаму керек. Егер  жоспарлы экономикада қаржыларды  жоспарлада бөлу үрдісіне басым  назар адарылса, нарықтық экономикада  тауарлар мен қызметтерді сату  және өндіру үрдісінде басшылық  және байланыстар әдісін анықтаушы  болып ақша, баға, құн заңы, сұраныс  және ұсыныс заңын қосатын  нарық болып табылады. Нарықтық  механизмнің мұндай табиғаты  өндіріс пен айырбас нәтижелерін  нықтау әдісі ретінде жоспарлау  элементтерімен болжаудың қажеттілігін  айқындайды.

   Жоспарлаудың маңызды  қағидасы болып үздіксіздік табылады, ол жоспарлаушы тұлға жоспарға  жыл сайын түзетулер енгіеді, жоспарлаудың икемділігі олардың  өміршеңдігімен қамтамасыз етілген  жағдайда қолданыады, ал қаржы техиникасы “өзгермелі бюджет” қағидасына негізделеді, бұл қағида негізінен шығындарды, әсіресе мемлекеттік ассигованияны есептеу барысында қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйедік-вариациялық дісі – жоспарлау; бағдарламалау, бюджетеу;

1)жоспарлау- ұйымдарыдың  өзінің қызмет ету бағытын  әрекет ететін мақсаттар мен  міндеттердің мазмұнын және қалыптасуын  білдіреді;

2)бағдарламалау – мақсаттарға  жету үшін қолданылатын жаңа  құралдарды табу және таңдауды  білдіреді; Бұл жақын және алыс  мерзімдерге жасалатын үдеріс.

3)бюджеттеу – жалпы  көпжылдық бағдарламаларды қаржылық  жылдар бойынша жылдық бюджеттік  сандар тіліне аудару процесі. Бұл барлық опреациялардың жиынтық  санын дәстүрлі бюджеттік топтарға  бөлу үдерісі.

    Практикада жоспарлаудың  келесі әдістері қолданылады:

  1. экстрополяция: қаржылық көрстекіштерде олардың динамикасын шығару негізінде анықтаудан тұрады; есепті кезедегі көрсеткіштер салыстырмалы тұрақты өсу қарқынына түзете отырып есетеледі; көрстекіштер динамикасы болашаққа экстрополяцияланады.
  2. Нормативтік (белгілі нормалары бойынша);
  3. Математикалық модельдеу: үдеріс модельін құру және оны қаржылық салаға ауыстыру;
  4. Баланстық: қаржылық ресурстарды олардың құрылу көздері ммен пайдалану бағытын реттеу үшін қолданылады;
  5. Сараптамалық бағалардың негізінде.

 Шаруашылықтың нарықтық  жүйесінде индикативтік жоспарлау  қолданылады; ол ақпараттық-бағыттаушы  ролін атқарады және қаржылық  қызмет субъектілеріне экономикалық  реттеуіштер арқылы жанама ықпалын  тигізеді.

  Индикативтік қаржылық  жоспарлаудың басты мақсаты –  болжамды дамды қамтамасыз ету  үшін қаржылық ресурстардың бағытымен  ойластырған көлемін анықта.

  Индикативтік қаржылық  жоспарлау мемлекеттік сектооға  -мінетті, ал меншіктің басқа нысандарындағы  сектоорлары үішн – ұснылатын  сипатта болады. Соңғысына реттелетін  бағалар, субсидиялар, несиелер, салық  стакалары және жеңілдіктер, жеделдетілген  амортизация тәрізді экономикалық  құралдар арқылы қол жетеді. Маңызды  индикаторлар болып валюта бағамы, инфляцияның болжамдалатын деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландару  ставкасы, амортизациялық аударым  нормасы атысады.

  Индикативті  жоспар  экономикалық үдерістерді ғылыми  негізде бейнелеуі, экономика және  қаржы дамуының жеке параметрлерін  сәйкестендіруі, оларды дамытудың  ұзақ мерзімді бағыттарына сәйкес  арнаға бағыттауы қажет. Бұл, біріншіден, әр трлі жүйелер, көрсеткіштр  бойынша экономикалық тепе-теңдікті  сақтаудың қажеттігіне байланыты; екіншіден, индикативтік жоспар  ұлттық шаруашылықта қажетті  құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз  етіп отыруы қажетті құрылымдық  өзгерістерді қамтамасыз етіп  отыруы крек. Индикативтік жоспарлаудың  артықшылықтары әлеуметтік және  экономикалық саясаттар бағытына байланысты; ол инвестициялық қызмет, өндіріс модернизациясы, өнімнің бәсекелестік қабілеттерін қамтамасыз ету, ғылымының, білімнің, тұрғын –үй құрылысының дамуы болуы мүмкн.

    Индикативті жоспар, сондай-ақ, жергілікті деңгейде жүзеге  асырылуы мүмін. Мұнда мемлекеттің, аумақтың, шаруашылық жүргізуші  субъектілердің (кәсіпкерлердің) мүдделері  мен  келісімділік қағидасы ескерілуі  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Құқық негіздері: Оқу құралы. А.В.Турлаев, А.М.Бакирова, А.Б.Шакирова; Қарағанды мемлекеттік університеті. 2008ж
  2. Құқық негіздері: Оқу құралы. Қ.И. Оспанов, Алматы. 2006
  3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Қ.Д.Жоламан. Алматы 2006
  4. Құқық және мемлекет теориясы: оқулық / Т. Ағдарбеков. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2002
  5. www.zakon.kz сайты
  6. kk.wikipedia.org сайты

 


Информация о работе Қаржы: ұғымы, маңызы және міндеттері