Адвокаттың әкімшілік істерге қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 21:29, реферат

Краткое описание

Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам. Қорғаушы ретiнде адвокаттар, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң iстерi бойынша осы бiрлестiктердiң өкiлдерi жiберiледi. Егер заңда белгiленген тәртiппен өзара қатынас негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушы ретiнде қатысуға жiберiледi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 17.89 Кб (Скачать документ)

Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа  тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам. Қорғаушы ретiнде адвокаттар, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң iстерi бойынша осы бiрлестiктердiң өкiлдерi жiберiледi. Егер заңда белгiленген тәртiппен өзара қатынас негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушы ретiнде қатысуға жiберiледi.

Қорғаушы әкiмшiлiк жауапқа  тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау  кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға араластырылады. Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк жауапқа тартылатын екi адамға бiр адамды қорғаушы етуге болмайды. Адвокаттың әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды өз мойнына алған қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Қорғаушының мiндеттi түрде  қатысуы:

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер:

1) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам бұл жөнiнде өтiнiш жасаса;

2) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам дене немесе психикалық кемiстiктерi салдарынан өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;

3) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе;

4) iстiң материалдарында әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамға медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары белгiленуi мүмкiн деп пайымдайтын деректер болса;

5) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы мiндеттi.

Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда әкiмшiлiк жауапқа тартылушы  адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа  да адамдар қорғаушы шақырмаса, әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы iстi қарауға  уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында  қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар кәсiби адвокаттар ұйымына мiндеттi қаулы шығарады.

Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу:  

-  Қорғаушыны, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.

-  Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.

-    Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға жиырма төрт сағат iшiнде басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс айтуға құқығы жоқ.

-    Әкiмшiлiк ұстау жағдайында, егер өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам таңдаған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.

-    Адвокаттың еңбегiне ақы заңдарға сәйкес төленедi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) негiз болған жағдайда өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы мемлекет есебiнен төленедi.

-   Адвокат клиентпен iс жүргiзуге келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, осы Кодекстiң 589 -бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда да адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мемлекет есебiне жатқызылуы мүмкiн.

-   Қорғаушы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьяға, органға (лауазымды адамға) өз жағдайын растау үшiн жеке басын куәландыратын құжаттарды және тиiстi жағдайларда: адвокатураға жататындығын растайтын құжатты және адвокаттың осы iске қатысу құқығына заң консультациясы берген ордерiн немесе маңызы жөнiнен соған теңестiрiлген құжатын; қоғамдық бiрлестiктiң немесе оның басшы органының қорғаушы тағайындау туралы шешiмiн, сезiктiмен немесе айыпталушымен туыстық қатынастарын растайтын құжатты тапсырады.

Қорғаушыдан бас тарту  - өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушыдан бас тартуы оны бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.

Қорғаушының өкiлеттiгi - қорғаушы iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш мәлiмдеуге және қарсылық бiлдiруге; iстердi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстiң қаралу процесiнде жауап берушiге сұрақтар қоюға; iс жүргiзудi қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар және iс бойынша қаулы жөнiнде шағымдануға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

Қорғаушының: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да болсын iс-әрекеттер жасауға және оның өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының көзқарасына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымы мен өтiнiшiн қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқы жоқ.

Жәбiрленушiнiң өкiлi - әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде заң жүзiнде құқығы бар адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң заңды мүдделерiн бiлдiретiн өкiл бола алады. Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте iс жүргiзу құқықтары бiрдей болады. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған адамның мүдделерiне қайшы қандай да бiр iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ. Жәбiрленушiнiң iсiне жеке қатысы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды.

 


Информация о работе Адвокаттың әкімшілік істерге қатысуы