Заңды тұлғаның ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды түлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндетгерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым занды тұлға деп танылады.

Содержание

Заңды тұлғаның ұғымы
Заңды тұлға туралы ілім
Заңды тұлғаның түрлері
Заңды тұлғаның жауапкершілігі
Заңды тұлғаны қайта құру
Заңды тұлғаның тарату тәртібі

Прикрепленные файлы: 1 файл

занды тулга.docx

— 25.76 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

 

  1. Заңды тұлғаның  ұғымы
  2. Заңды тұлға туралы ілім
  3. Заңды тұлғаның   түрлері
  4. Заңды тұлғаның  жауапкершілігі
  5. Заңды тұлғаны қайта құру
  6. Заңды тұлғаның тарату тәртібі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Заңды тұлғаның  ұғымы

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды түлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндетгерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым занды тұлға деп танылады. Занды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Занды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады". Азаматтық кұкық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:

1) ұйымдасқандық бірлігі;

2) мүліктік оқшааулығы;

3) дербес мүліктік жауапкершілігі;

4) азаматтық айналымға  өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның езіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың екілеттігі зандар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета занды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол занды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздерінетиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.

Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған:

1) толық және сенім серіктестіктеріне  қатысушылардың тиісті серіктестіктердің  міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тарматы);

2) кооператив міндетгемелері  бойынша өндірістік кооператив  мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы);

3) егер заңды тұлғаның  банкрот болуын кұрылтайшының  әрекеті туғызған болса, занды  тұлғаның міндеттемелері бойынша  құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабынын. 3-тармағы);

4) еншілес  шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның  ( АК-тін, 94-бабының 2-тармағының 2-ші бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы);

5) серіктестік міндеттемелері  бойынша толықтай салым төлемеген  жауапкершілігі шектеулі серіктестікке  қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) және  тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.

Заңды тұлғанын азаматтық айналымға ез атынан қатынасуы процессуалдық-құкықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуғгі, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

2.Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында  заңды тұлғаның маңызы (мәні),яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлрры заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны  қандай және заңды тұлғаның  мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі әр түрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясында көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор  С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан : Мемлекеттік заңды тұлғаның  артында мемлекеттіңөзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте  бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады.

Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары қызметкерлерінің ұжымы. Ал ғалым Д.М.Генкин «әулеметтік ақиқат» теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілік түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады.Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін алға тартты,оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әулеметтік байланыстар ілімі, А.А.Пушкиннің ұйымдастыру ілімі Е.А.Сухановтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары  айтарлықтай кең тараған.Сөйтіп,заңды тұлғаға адамдардың қатынасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекет заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асырудағы, мәмілелерді жасауда еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл авторларды бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары  мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.

Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де өртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі.Мәселен К.Ф.Савиньи Фикция теориясының негізін қалады.К.Ф.Савиньи көзқарасы бойынша,шын мәнінде құқық субьектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады.Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін  адамның тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойданшығарылған субьектісін алға тартады. Ал неміс ғылымы  Гирке болса органикалық теорияның тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаның адам тұлғасымен салыстырылады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлердің кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.

3.Заңды тұлғаның   түрлері  

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.  

Коммерциялық занды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателешейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында белмейтін занды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы).

Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әркайсысын ерекше құқықтық тәртігасе бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеггік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарыңда құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйым — заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң кұжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:

1)коммерциялық емес ұйым  өзінің жарғылық мақсаттарына  сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік  қызметпен айналыса алады;

2)жеқелеген ұйымдық-құқықтық  нысанындағы коммерциялық емес  ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне  Қазақстан Республикасының заң  актілерінде шектеулер қойылуы  мүмкін;

3) коммерциялық емес ұйым  кәсіпкерлік қызметі бойынша  кірістер мен шығыстардың есебін  жүргізеді;

4) коммерциялык емес ұйымдардың  кәсіпкерлік қызметіне салық  салу Қазақстан Республикасының  салық заңдарына сәйкес жүзеге  асырылады;

5) коммерциялық емес ұйымдардың  кәсіпкерлік қызметінен алынатын  кірістерді коммерциялық емес  ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол  жарғылык мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық  мақсаттарға пайдалануына жол  беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері кұрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

а)  құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құкығы жататын; 
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;

б)  құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық кұқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне ез қатысушылары (құрылтайшылары) міндетгемелік кұқықтарын сақтап калатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міңдеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.

Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға коғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық кор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп калуға болмайды, себебі "коммерциялық емес ұйым" заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).

4. Заңды тұлғаның  жауапкершілігі 

Құрылтайшы  қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден  және қазыналық кәсіпорындардан  басқа заңды тұлғалар  өз міндеттемелері  бойынша өздеріне  тиесілі барлық  мүлікпен  жауап береді. 

Мекеме  міндеттемелер бойынша  өз билігіндегі  ақшамен  жауап  береді.  Олар  жеткіліксіз  болған  жағдайда  мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы  жауапты болады. 

           Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері  бойынша  өз билігіндегі ақшамен жауап береді.           

 Мемлекеттік  мекеме ақша  жеткіліксіз болған жағдайда  оның міндеттемелері бойынша  Қазақстан Республикасының  Үкіметі немесе   тиісті  жергілікті  атқарушы орган жауапты болады.  

          Қазыналық кәсіпорын  өзінің  міндеттемелері  бойына өз билігіндегі  ақшамен жауап береді.Қазыналық кәсіпорында ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша  Қазақстан Республикасының  Үкіметі немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлік субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық міндеттемелер бойынша  жауапкершілік мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды.   

          Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде  қазыналық кәсіпорындармен  және мемлекеттік  мекемелермен жасалатын  азаматтық- құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәптіппен тіркелуге тиіс.  

          Заңды тұлғаның  құрылтайшысы ( қатысушысы )  немесе оның мүлкінің  меншіек иесі  оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының немесе оның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді,  бұған Кодексте, өзге заң актілерінде, не заңды тұлғаның  құрылтай құжаттарында  көзделген  жағдайлар  қосылмайды.   

          Егер заңды тұлғаның  банкроттығы  оның құрылтайшысының немесе оның мүлкінің меншік иесінің іс- әрекетнен  туындаған болса, заңды тұлғаның  қаражаты  жеткіліксіз  болған жағдайда құрылтайшы  немесе оның мүлкінің меншік иесі несие  берушілер  алдында субсидиарлық  жауапкершілікте  болады.   

         Заңды тұлға үшінші  тұлғалардың  алдында  заңды тұлғаның органы  құрылтай  құжаттарында  белгіленген  өз өкілеттігін  асыра  пайдаланып  қабылдаған  міндеттемелері бойынша жауап береді.

5. Заңды тұлғаны қайта құру 

 

 

            Заңды тұлғаны  қайта құру ( қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту ) оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік  иесі уәкілдік берген  органның, құрылтайшылардың шешімі бойынша,  сондай- ақ заңды тұлғаның құрылтай  құжаттарында  уәкілдік  берілген  органның  шешімі бойынша, не заң  құжаттарында көзделген  реттерде  сот органдарының  шешімі бойынша  жүргізіледі. Заңдарда  қайта құрудың басқа да  нысандары көзделуі мүмкін. 

Информация о работе Заңды тұлғаның ұғымы