Американың ең бай 10 мейманханашысы

Дата поступления: 17 Ноября 2013 в 14:32
Автор работы: s********@bk.ru
Тип: доклад
Скачать полностью (2.17 Мб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

Американың 10 ең бай мейманханашылары.docx

  —  2.19 Мб

Американың 10 ең бай мейманханашылары.

Алыс курорттағы керемет  қонақ үйді армандау – бір іс, ал оның иегері болу – мүлдем басқа  мәселе.  Көп қаражатты талап  ететін ғимарат, әсіресе мейманхана бизнесі үлкен тәуекелділік болып  табылады. Дегенмен, барлығын істесе, бұл  тәуекелділік ақталады.бұл үшін керемет  мейманхана империясының мұрагері болу міндетті емес, себебі көптеген танымал мейманханащылар көрден төрге шыққан. Бұл көзге көрінбейтін «Оз мейманхана елінің» «сиқыршылары» кім екен? Назарларыңызға әлемдік мейманхана бизнесінің ең орнықты ойыншыларын ұсынамыз:

  1. Шелдон Адельсон. Әл-ауқаты: 9 млрд $.

Өткен жылы Ш. Адельсон АҚШ  Президентіне үміткер – Митта  Ромниға ұтыс қойып, 150 мың $ жоғалтты. Дегенмен, бұл сомма оның қазынасына қатты әсерін тигізе қойған жоқ. Құмар ойын империясының басшысы мен Las Vegas Sands Corporation-ның президенті кедей еврей отбасында туған. Бостондық таски жүргізушісінің баласы алғашқы ақшасын газет сатументапқан. Уақыт өте келе Адельсон қаржы кеңесшісі де, ипотека брокері де, инвестиция сарапшысы да болған.

70-жылдары Лас-Вегастағы көрмелердің ең алғаш ұйымдастырушысы – Ш. Адельсон 1989 жылы Sands казино-мейманхананы сатып алды. Sands Corporation-ның негізін қалап, бар назарын құмар ойын бизнесіне аударады. 2012 жылдан Шелдон корпоррациясы АҚШ пен Азиядағы жылжымайтын мүлік иегері. Болашақта – Мадридтегі «Еуро-Вегастың» құрылысы. Адельсонның негізгі жетістіктерінің бірі – Лас-Вегастағы Venetian мейманханасы мен Сингапурдегі Marina Bay Sands.

 

  1. Дональд Трамп. Әл-ауқаты: 3,1 млрд $.

Біреулері оны жауындай көреді, ал өзгелері пір тұтады. Дегенмен, бұл  әйгілі тұлға – құрылыс магнаты  Дональд Трамп. Дамытушы Фред Трамптың ауқатты отбасында туған Дональд өз карьерасын әкесінің компаниясында бастаған. Университетті тәмамдаған соң, болашақ магнат Нью-Йорктағы Commodoreмейманханасын қайта құрып, оны 1980 жылы Grand Hyatt деген атпен ашты. Кейіннен Трамптың өзге де мейманханалары мен мұнаралары Нью-Йоркте, Чикагода, Лас-Вегаста және АҚШ-тан тыс жерлерде де ашылды. Қазіргі кезде 66-жастағы Trump Entertainment Resorts компаниясының негізін қалаушы Манхэттендегі бірнеше миллион м2 жылжымайтын мүлік иегері болуымен қатар, әлемдік қонақ үйлер мен казиноларды иеленеді. Сонымен қатар, ол жазушылық жұмыспен айналысумен, телевизиялық қызмет атқарады. Трамптың мұнаралары әлемнің басқа қонақ үйлерінен биік болып келеді.

  1. Джоан және Вилма Тиш. Әл-ауқаты: 2,7 және 1,4 млрд $.

Әйгілі ағайынды Тиш инвесторларының  Джоан және Вилма Тиш жесір-әйелдері Loews көпмиллиардтық корпорациясының бір бөлігін 2000-жылдардың ортасында мұрагерлікпен алды. Корпорацияның өзге де әр түрлі саладағы кәсіпорындары көп. Мәселен, теңіздегі мұнай мұнарасынан бастаумен, қонақ үй желісімен қостайды. Loews корпорациясының АҚШ пен Канадада 18 мейманханасы бар. Соның ішінде Сан-Диегодағы Coronado Bay Resort пен Орландодағы Universal Royal Pacific Resort тамаша мейманханалары.

 

  1. Ульям Баррон Хилтон. Әл-ауқаты: 2,5 млрд $.

Ульям Баррон – әйгілі мейманханашылар  әулетінің негізін қалаушы-Конрад Хилтонның ұлы. Мансабын 1951жылы әкесінің El Paso мейманханасында лифтші қызметін атқарумен бастаған. 15 жылдан соң Hilton компаниясының президенті болады. Әкесінің әл-ауқатының көп бөлігін алғаннан кейін, Лас-Вегасте мейманхана мен Las Vegas Hilton казиносын ашып, қазына-мүлігін молайтумен қатар, Hilton брендіне әлемдік мейманхана желісі алыптарының тізімінде 3 орынды қамтамасыз етті. Қазіргі кезде 85-тегі миллиардер Hilton World Wide корпорациясының тең төрағасы болмаса да, оның иелігінде бірнеше еншілес кәсіпорындар бар. Мысалы: Double Tree, Conrad, Embassy Suites, Hampton Inn мен Homewood Suites. Hilton Worldwide-тың иелігінде әлем бойынша жылжымайтын мүліктің 4000 нысаны бар.

  1. Фил Раффин. Әл-ауқаты: 2,5 млрд $.

Канзастан шыққан Фил Раффин өзінің алғаш шағын маркетін 1959 жылы ашты. Мұнымен тоқтағысы келмеген ол, батыс орталығының өзге де жерлерінде сауда орындарын аша бастады. Өзіне өзі қызмет көрсететін жаңа технология бензин бекеттерінде сұранысқа тез ие болуымен қатар, Фил Раффиннің тез баюына мүмкіндік берді. Уақыт өте инвестициясын мұнай өндірісі мен жылжымайтын мүлікке салып, 1994 жылы Лас-Вегастағы New Frontier мейманханасын сатып алды. Құрылыс бизнесіндегі әйгілі миллиардер Дональд Трамптың досы, покер ойынын ұнатушы – Филл Раффин 13 қонақ үй қожайыны. Соның ішінде Лас-Вегастағы Treasure Island казино-мейманханасы да бар.

 

6.Тай Уорнер. Әл-ауқаты: 2,4 млрд $.

Уонердің бала кезіндегі  қызығушылығы оның дәулетті адам болуына  ықпал етті. 90-жылдардың соңында  ойыншықтар мен қуыршақтардың рекордтық  сатылымынан кейін, Т. Уорнер Нью-Йорктің  жылжымайтын мүлігіне тиімді ақша салады. Four Seasons мейманханасына 275 млн $-н жұмсады. Уорнердің бала сауығына деген қызығушылығы жоғалғанымен, «ойыншық» бизнесімен қатар, мейманхана империясы да гүлдену үстінде. Соның ішінде ең дәулеттілері San Ysidro Ranch пен Four Seasons. Тай Уорнер ойыншық өндірушіден мейманханашы-миллиардерге дейінгі өмір жолынан өтті. 

  1. Стив Уинн. Әл-ауқаты: 2,3 млрд $.

Стив Уинн АҚШ-тың құмар  ойын астанасының қонақ үй магнаттарының  бірі. Өз капиталын Лас-Вегас Стриптің қайта құруына жұмсады. Коннектикуттан шыққан бозбаланың мансабы отбасы бизнесі  –«бинго» ойынынан басталғанымен, 1967 жылы Лас-Вегасқа орын ауыстырғаннан кейін Уинн ойын құнының көлемін ұлғайта түсті: Golden Nugget казино-мейманханасын қайта құрды. Бірнеше жылдан соң Вегас үшін де ең алғаш Mirage (3000нөмір) және Bellagio (4000 нөмір) мега-мейманханалар салынды. Уақыт өте келе Уинн оларды MGM компаниясына сатып жіберді. Миллиардердің ең соңғы аса дәулетті сатып алуларының бірі Wynn Las Vegas казино-мейманханасы болды. Стив Уинн өз қазынасын құмар ойынға ақша салып, тәуекелдігін ақтау арқасында жасады.

  1. Томас Притцкер. Әл-ауқаты: 2,2 млрд $.

Hyatt мейманханаларының  арқасында Притцкер әулеті 20 млрд $ дәулетін тапқан. Алайда, Томас Притцкердің үлесі 1/10 ғана болып табылады. Байып кеткен украин иммигранттарының ұрпақтары – Притцкерлерге сәулет саласында 1979 жылы сыйақы тағайындады. Құны – 100 мың $. Дегенмен, Томас Притцкер өз отбасының ең бай өкілі болмағанымен (мәселен, оның бөлесінің әл-ауқаты 3,2 млрд $), Hyatt Corporation-ды басқаратын дәл өзі. Ал, оның қоластында  әлем бойынша 492 жылжымайтын мүлік объектілері (соның ішінде Andaz бен Grand Hyatt Resort).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Билл және Ричард Мариоттар. Әл-ауқаты: 1,6 және 1,9 млрд $.

Өткен ғасырдың 20-жылдары  туристік индустрияда Marriott әйгілі бренд болғанға дейін, Джон Уиллард Марриот әйелімен бірге (Элис) Вашингтонда бірнеше бар ашады.Ал 1957 жылы Арлингтонда болашақ Twin Bridges Motor корпорациясының алғашқы мейманханасының есігін ашады. 10 жыл өтпестен компания негізін қалаушысының ұлы – Билл басқарады. Әлем бойынша жүздеген мейманханалары бар (соның ішінде Нью-Йорктағы Marriott Marquis бен Сан-Францискодағы Ritz-Carlton бар) Host Hotels and Resorts компаниясын 1993 жылы Билл Марриоттың ағасы – Ричард басқарады. Бүгінгі таңда Marriott корпорациясы әлемнің 73 елінде 3700 жылжымайтын мүлік объектілерін иеленеді. Бірнеше онжылдық аралығында Марриоттар газды сусын сатушыларынан ауқатты мейманхана желісінің иегірлеріне айналды.

 

  1.  Нил Блюм. Әл-ауқаты: 2,1 млрд $.

Нил Блюм – өз дәулетін мейманхана мен құмар ойын бизнесінде құрған американдық.  JMB Reality компаниясының серіктесі болғаннан кейін, өзінің заңгер мамандығын ұмытты. Бұл 1969 жылдан басталып, осы күнге дейін созылуда. Нил Блюмнің АҚШ-та да, Канада да көптеген мейманханалары бар. Блюм Ritz-Carlton мен Drake сияқты үлкен чикаголық мейманханалардың еншілес иегері болғаннан бастап, меценат болу мүмкіндігі ұлғая түсті. Бұрыңғы адвокат – Блюм Американың орталық батысында казино ашумен қоймай, Канаданы да жаулады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

Мейрамхана ісі мен  мейманхана бизнесі сервисінің мәдениетінен

 

 

Тақырыбы: Саяхат пен қонақ үй қызмет көрсету индустриясының әйгілі ұйымдастырушылары. 

 

 

 

Орындаған: С.Қ. Үсен

       Тексерген: Б. Ш. Муканова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз 2013


Краткое описание
Алыс курорттағы керемет қонақ үйді армандау – бір іс, ал оның иегері болу – мүлдем басқа мәселе. Көп қаражатты талап ететін ғимарат, әсіресе мейманхана бизнесі үлкен тәуекелділік болып табылады. Дегенмен, барлығын істесе, бұл тәуекелділік ақталады.бұл үшін керемет мейманхана империясының мұрагері болу міндетті емес, себебі көптеген танымал мейманханащылар көрден төрге шыққан.
Содержание
содержание отсутствует