Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 13:27, реферат

Краткое описание

Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғүрлым мазмүны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғүрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам үйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңды-лыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылау-ына түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық шығармашылығы.doc

— 80.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны

Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғүрлым мазмүны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғүрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам үйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңды-лыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылау-ына түседі. Заң қабылдайтын орган - Парламент көпшіліктің ұсы-ныстарына жіті көңіл бөледі, оның түрақты комиссияларында мүқият тексеріліп, Парламентке арналған үсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олар-дың қоғамдық үйымдарына шек қойылмайды. Мүндай үсыныс-тар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жо-басын үсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың үсынған заң жо-балары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп ба-рып қабылданады.

Құқық шығармашылық проЦесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топ-тастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғам-ның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасактау міндеті де күшейе түседі. Бүрьш қабылданған кейбір зандар күшін жояды немесе оларды жаңа жағдайға бейімдеп толықтыру талабы қойылады. Осыған байла-нысты мезгіл-мезгіл сол күқықтық нормаларды қайта қарау, рет-теу, бір жүйеге келтіру қажет. Нормативтік актілерді реттеудің негізгі екі жолы бар. Олар — инкорпорация және кодификация деп атайды. Инкорпорация - қолданып келген құқықтық норма-ларды мазмүны жағынан өзгертпей,  сыртқы белгілері мен көріністері бойынша ғана бір жүйеге келтіру, сөйтіп, оларды пай-далануды жеңілдету. Ал кодификация - құқықтық нормаларды са-лаларына сәйкес талдап жинау, қайта қарау арқылы жаңа жағдай-ларға сай етіп жаңа заң шығару, яғни заңды мейлінше жетілдіру. Құқық шығармашылықгың негізгі қағидалары:

1. Демократизм мен жариялық - шығармашылық процесіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, ақпарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын береді. Өте күрделі мәселе бойын-ша жалпы халықтық референдум жүргізіледі.

2. Заңцы кәсіпқойлық - мемлекеттің заң шығармашылық орган-дарының кәсіпқойлық саласын көтеру,  оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден - қысқа және ұзақ мерізімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден — заң және заңға тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден — заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өткізіп барып, парламентте талқылау керек; тертіншіден — парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.

3.  Құқық шығармашылықтағы заңдылық - жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Егерде мемлекеттің ең жоғарғы өкілетті органдары Конституцияға нұқсан келтірсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.

4.  Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру — бұл үшін қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйелерін жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.

Құқық шығармашылық мемлекеттің жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілікті түрі. Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынастарға тікелей ықпал ететін негізгі жол, құқыққа мемлекеттік күш беретін құрал. Құқық шығармашылық тек мемлекеттің жұмысы, мемлекеттің, қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын, орындайтын бірден-бір айқындалған жол. Басында норма туралы ой-пікір табиғи жолмен қалыптасып, жаңа қатынастарды реттеуге, басқаруға үлес қоса бастайды. Бірте-бірте ой-пікір норманың жобасына айналады. Сөйтіп мемлекеттік органның қарауына, талқылануына түседі.

Құқық шығармашылықтың үш түрі бар:

1.  Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы:

2.   Өмірде көп  жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту.

3.   Нормаларды референдум  арқылы бекіту. Норма шығарма-шылықтың  өзіне тән қағидалары: Әділеттік,  демократизм, заңдылық, тендік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар  дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.

Норма шығармашылықтың  кезендері:

1.  Норманың жобасы туралы  тиісті органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субъектілер әр мемлекеттің конституциясында көрсетіледі.

2.  Тиісті ресми мемлекеттік  орган қаулы қабылдап, жоба жасауға тапсырма береді.

3.  Жобаны талқылау. Оған мамандарды, заңгерлерді қатыстыру

4.  Жобаны парламентте талқылау (1-3 рет).

5.  Нормативтік актіні қабылдау, бекіту.

6.  Норманы жариялау.

Жаңа норманың сапалы болып шығуына, мазмұнды, ықшамды болуына өте қатаң көңіл бөлу, терминдерге түсінік беру; көп жүйелерді біріктіріп, халықтың түсінуін ауырлатуға жол бермеу. Оның орнына бірнеше жеке норма шығарған дұрыс. Норманың мазмұнын үш түрде беруге болады:

-  тікелей сол норманың өз  ішінде толық мазмұнның болуы (гипотеза, диспозиция, санкция);

- сілтеме түрде беру — норманың  бір бөлімі, элементі жетіспесе,  сол заңның басқа баптарына  сілтеме жасау;

-  бланкеттік түрде беру - норманың  жетіспейтін жері туралы басқа  заңцарға сілтеме жасау.

Мемлекет және құқық қоғамдағы халық үшін, олардың мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін, орындау үшін өмірге келеді. Олар қалың бұқара атынан жұмыс жасайды. Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде бұл мәселе керісінше айтылып, керісінше жұмыс жасалды. Онда адамдар мемлекет үшін жұмыс жасайды деп келдік. Бұл пиғыл, пікір бізде қазір толығымен жойылды. Мемлекет және құқық халық үшін жұмыс атқарып, солардың мүдде-мақсаттарын іске асыратын болды. Бұл міндеттерін мемлекет пен құқық қалың бұқарасыз дұрыс уақытында орындай алмайды.

Сондықтан мемлекет нормативтік актілердің сапасын жақсартып, сол арқылы халықты, қоғамды басқаруға молырақ қатыстыруға  тырысады. Халықты, қоғамды басқаруға  қатыстыру түрлері:

-  қоғамның барлық саласындағы  қатынастарға қалың бұқара тікелей  қатысады;

-  мемлекеттің басқару органдарына  халық депутаттар сайлайды, сол  арқылы мемлекеттің жұмысымен  танысып, оның жақсаруына ықпал  жасап отырады;

-  күрделі мәселелер бойынша  заңның жобасын талқылауға радио,  телеэкран, газет-журнал арқылы  қатысып отырады;

- мемлекеттік референдумға халық қатысып, норма шығармашылық жұмыстарға қатысады;

-  қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар кәсіпкерлер одағы, саяси партиялар арқылы қалың бұқара мемлекет пен құқықтың жұмыстарының дамуына, жақсаруына, нығаюына ықпал етіп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Нормативтік актілердің  заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы

Қоғамдағы сан қырлы  қарым-қатынастарды реттеп, басқаратын нормативтік актілерді заң жүйесі деп атайды. Бұл ресми заң күші бар құқықтық нормалардың қызметін үш түрге бөледі: нормативтік актілердің уақыты, нормативтік актілердің кеңістігі, нормативтік актілердің адамдарды қамтуы. Әр нормативтік актінің мазмүнында осы үш қызметтің қайсысы бар екенін білуге болады. Яғни норманың қанша уақытқа заңды күші болатын, қандай өлкелерге қолдануға болады, қандай мамандағы адамдарды қамтиды? Міне осы сұрақтарға жауапты норманың өзі береді. Өйткені норманың өзінде іс-әрекеттің шеңбері, кеңістігі және қандай қызметтегі, мамандағы, жұмыстағы адамдарға тиісті шығарылды, толық көрсетіледі.

Нормативтік актілердің заңды күшінің басталуы мен аяқталуын, оның қоғамды толық қамти ма немесе бірнеше өкілдерге ғана қатысты ма және адамдардың қаншасын қамтуын халық жақсы білуі қажет. Оның маңызы өте зор. Сонымен осы үш мөселеге жеке-жеке тоқталық:

Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты - бұл мәселені төрт топқа бөліп қарастырған жөн: 1) норманың заңды күшінің басталу уақыты; 2) аяқталу уақыты; 3) заңның кері күші; 4) жойылған норманың күші кейбір жағдайда сақталуы. Норманың заңды күшінің басталу уақыты: қабылдаған немесе ақпаратта басылған күннен, норманың өзінде көрсетілген күннен басталады. Кейбір нормаларда басталу уақыты бірнеше түрге бөлінеді: заңның әр бөлімі немесе әр бабы әр уақытта басталуы мүмкін, бұл заңның өзінде көрсетілуі тиіс. Кейбір нормада заңды күшінің басталуы бір уақиғамен байланысты болады, ол да көрсетіледі. Норманың заңды күшінің аяқталуы: уақыты бітсе, жаңа заң қабылданса, заңды күші жойылса, заңды өмірге әкелген оқиға-себептер жойылса. Заңның кері күші - өмірде болған бір оқиғадан кейін қабылданып, күшіне енген заңның сол іске қолданылуы. Әлемдегі мемлекеттердің тәжірибесі бойынша, заңның кері күші болмайды. Заңның кері күші болады, егер сол жаңа заңның өзінде анық көрсетілсе. Қылмыстық құқықта, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету немесе оны анықтау үшін заңның кері күші қолданылады. Жойылған норманың заңды күшінің сақталуы — жаңа нормаға сәйкес қатынасты реттеп бір жолға қойғанша біраз уақыт болады. Осы кезде ескі заң жойылса да өмірде қолданылып жатады. Жаңа заң жергілікті басқару органдарға жетпесе ескі заңға сәйкес мәселе қарала береді — тек жауапкершілік жеңілдейтін болса.

Нормативтік актілердің заңды күшінің кеңістігі — мемлекеттің жоғарғы басқару органдарының заңцары, нормлары қоғамның барлық территориясына заңды күші болады, оны орындау барлық жеке және заңды түлғаларға міндетті. Кейбір заңдар бір өлкеге немесе бірнеше өлкеге сәйкес қабылданады. Мұндай заңның күші сол өлкелерде ғана болады. Облыстық, аудандық, қалалық басқару органдарының қабылданған нормаларының заңды күші өз әкімшілік - территориясында ғана болады. Экстерриториялық мәселесі халықаралық құқық арқылы қаралады.

Нормативтік актілердің заңды күшінің адамдарды қамтуы. Мемлекеттің құқықтық нормалары толық өз елінің азаматтарын, осы елде тұратын шет елдердің азаматтарын қамтиды. Бәрі өздері тұрған мемлекеттің заңдарын, тәртібін орындауға міндетті. Егерде заңдылықты, заңды бұзса жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттің кейбір зандары  барлық азаматтарды қамтымауы мүмкін (зейнеткерлер, студенттер, дәрігерлер, шахтерлер т.б.). Министрліктердің, ведомствалардың нормативтік актілері тек өз жүйесіндегі азаматтарды қамтиды.

Адамдарды қамту нормативтік  актілердің өзінде көрсетілуге тиіс: норма кімдерді, қандай территорияны, өлкені, облысты қамтиды, қандай мамандарға қолданады. Басқа елдердің азаматтары да өзіміздің азаматтармен тең құқықты. Тек олар сайлауға қатыса және сайлана алмайды, әскер қатарына шақырылмайды. Елшілік органдарында қызмет атқаратын азаматтар халықаралық құқық арқылы жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі

Қазақстан Республикасының  Конституциясында заң және заңға  тәуелді актілерді шығарудың, қабылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы — Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында.

Қазақстан Республикасының  заң шығару процесінің ерекшеліктері  бар. Бұл процесс, әдетте, заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі  арқылы дамып отырады.

Бірінші. Заң шығару бастамасынан басталады. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектінің Парламент қарауға міндетті. Заң жобасын және Парламенттің өзге актісінің жобасын ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Бұл құқық Парламенттің депутаттарына және Үкіметке Конституция бойынша берілген (61 бап.)

Екінші. Мәжілістің комитеттері заң жобасын қабылдап қарайды, олар алдын ала заң жобасын әзірлейді. Бүдан кейін заң жобасын Мәжіліс бюросының қарауына тапсырады. Бюро заң жобасы жұмысының қорытындысын тұрақты комитетте қарап, оны Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беру туралы шешім қабылдайды.

Үшінші. Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беріледі. Мұнда заң жобасы бір рет, әдетте, екі рет, кейде одан да көп пысықталады (заңның бірінші, екінші, үшінші оқуы). Одан кейін Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде 60 күннің ішінде қаралуға тиісті. Сенатта алдымен комитеттерінде, кейін бюро, пленарлық отырысында заң жобасы қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және ол он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Президент заң жобасын Конституциялық Кеңеске Конституцияға сәйкестігін тексеруге бере алады. Президент заңға қол қойғаннан кейін заң жарияланады.

Информация о работе Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны