Білім құндылық ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 20:19, реферат

Краткое описание

Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесідегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты. Осы тұрғыдан еліміздің білім беру жүйесі XXI ғасырдың жаңа талаптарына сай болу мақсатында үлкен бетбұрыс алдында тұр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Социо семес2222.docx

— 37.56 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік бағдарламасы (2004) сияқты негізгі құжаттарда жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.

Неліктен білім беру қоғамдық құндылық болып саналады? Мемлекет пен қоғам тең мағыналы ұғымдар емес, олардың өзара қатынасы өте күрделі болып келеді. Білім беруді дамытуда олардың мақсат, мүдделері сәйкес келе бермейді. Дамыған қоғам мемлекет тарапынан қабылданған қаулылардың орындалуын талап етеді, білім беру заңын талқылап өзгертулер енгізеді. Қоғам мүшелері кезекті білім беру мәселелерін шешу үшін қоғамдық ұйымдар құрады және қозғалыстар ұйымдастырады. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік белсенділігі,олардың өз мүдделерін қорғай алулары, қоғамдық сананың дұрыс қалыптасуы білім беруді дамытудың негізгі жолдарының бірі және оның қоғамдық маңыздылығының көрсеткіші.

Неліктен білім беру жеке тұлғалық құндылық болып саналады? Жоғарыда қарастырылып отырған білім берудің мемлекеттік және қоғамдық құндылықтары жалпы әлеуметтік мәселелерді қарастырады, бірақ жеке тұлғаның білім алуға деген өзіндік қатынасын, оның деңгейі мен сапасын көрсетпейді. Б.С.Гершунскийдің пікірі бойьнша білім беруді дамыту саясаты жеке адамның дербес ерекшеліктерін, оның қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін ескере отырып тұлғалық бағытта болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру иәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл (менталитет). Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады.

Педагогикалық терминологиялық сөздікте «сауаттылық» ұғымы - ана тілінің грамматикалық нормаларына сай адамның оқу, жазу дагдысын меңгеру дәрежесі ретінде анықталады. Қоғам дамуындағы тарихи кезеңдерге банланысты бұл ұғымның мағынасы қарапайым оқу, жазу, есептеу дағдыларынан бастап, қоғамдық қажетті білімдер мен дағдыларды меңгеру деңгейіне дейін өзгеріп отыр. Мысалы, кампъютерлік сауаттылық, зкономикалық  сауаттылық  т.б.

Сауатты адам - өзінің білімдік әлеуетін ары қарай дамытуға, байытуға дайын адам. Сауатты болу адамды білім беру саласында көп бастапқы мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты - оған барлық адамдардың қол жеткізе алуларында. Бірақ қазіргі заманда тек сауатты адам ғана болып қалу жеткіліксіз.

Сауаттылық және білімділік ұқсас ұғымдар болғанымен екеуі тең мағыналы ұғымдар емес. Бұл екі сапа адамның алған білім, білік, дағдыларының көлемі, кеңдігі, тереңдігі жағынан, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерімен ажыратылады. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар адам, орта білімді адам, жоғары білімді адам деп атайтынын көп естиміз. Білімділік - қоғам үшін және тұлға үшін кажетті максимумға дейін жеткізілген сауаттылық. Білімділік ұғымы қоғам мен адам өмірінің түрлі сұрақтары бойынша дүниетанымның кеңдігі. Ол тұлғаның білім алу саласындағы жетістіктерімен сипатталады.

Кәсіби құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам өзінің қызығушылықтарына,қабілеіттілігіне байланысты бір мамандықты немесе кәсіпті тандауын анықтауы кажет. Бір мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады. Мамандықты терең меңгеруге байланысты кәсіби құзыреттік ұғымы орын алады.

Қазіргі білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым көпшілігінде «кұзіреттілік» ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында карастырылып келеді. Алдымен «құзіреттілік» ұғымының этимологиясына тоқталатын болсақ, ол латын тілінің «соmpetе» деген сөзінен аударғанда «білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.

Педагогикалық тсрминологиялық сөздікте құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталған:

1)  нақты білімдері  мен дағдылары арқылы кейбір  міндеттерді шешуге ат салыса  алатын немесе мәселені өз  бетінше шеше алатын жеке тұлға  мүмкіншіліктері;

2)    танымдық   және   тәжірибелік    іс-әрекеттердің   теориялық тәсілдерін меңгеру  дәрежесімен анықталған жеке  тұлғаның білімділік деңгейі

Тек білімді болу адам үшін жеткіліксіз, адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы маман болуға тырысуы керек және сол өзі меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық әлеуетін жан-жақты іске асыра алады.

Әрине, кейбір адамдар өздерінің қабілеттерін бірнеше салада (ғылымда, мәдениетте, өнерде) көрсете алулары мүмкін.  Бұндай жағдайда кәсіби құзіреттілікпен қатар жеке тұлғаның түрлі салаларда табысты іс-әрекет жасай алатын дарындылығы байқалады.

«Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады.

Мамандардың біліктіліктері, кәсіби құзіреттіліктері адамның жалпы мәдениетке қатынасын аньқтайтын қажетті компонент болып табылады. Мәдениет өте кең мағыналы ұғым. Мәдениет ұғымы латын тілінен аударғанда өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымның мәні әр тарихи-экономикалық формацияларда әртүрлі өзгеріп дамып отырған.

Педагогикалық сөздікте мәдениет - қоғамның даму тарихының жеткен сатысын сипаттайтын және адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі   процесінде   калыптасатын   материалдық және  рухани кұндылықтар жиынтығы ретінде анықталған.

Мәдениеттің маңызды ерекшеліктері болып жеке тұлғаның өткен ғасырлар мұрасына терең, саналы түрде қастерлі қатынаста болуы, шығармашылықпен қабылдау іскерлігі, кез келген іс-әрекеттер немесе қарым-қатынастар саласындағы шынайылықты түсінуі және өзгертуі жатады. Мәдениет - адам білімділігі мен кәсіби құзіреттілігінің жоғарғы көрінісі. Адам жанын да, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке бөлейтін пәрменді ерекше кұрал - мадениет. Сондықтан мұғалім шәкірттерді тәрбиелеудегі жетекші тұлға, мәдениеттің қайнар көзі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы болуы керек.

Білім берудің    ең жоғарғы құндылығы және жоғарғы мақсаты -  жеке тұлғаның және социумның ділін қалыптастыру. Діл ұғымы адамның мінез-құлқының дүниетанымының, дүниені қабылдауының терең негіздерін қамтиды.

Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны.

Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі.  Діл - рухани кұбылыс.

Діл қай халықтың болмасын мәдениетінен, дінінен, өмірлік тұрмысынан, философиялық идеяларынан және білім беру жүйесінен туындап қалыптасады. Адамдардың қоғамдағы түрлі кұбылыстарға қатынасы, нақты бір іс-әрекеттері олардың ділдеріне байланысты.

Сонымен білім берудің нәтижелілігін мынандай тізбек ретінде қарастыруға болады: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл. Білім берудің нәтижелілік тізбегінде діл ең жоғарғы сатысында тұрады, және ол тізбектегі басқа бөліктердің мазмұнын анықтайды. Барлық сауатты адамдар білімді бола бермейді. Барлық білімді адамдар кәсіби қузіретгі бола бермейді. Барлык кәсіби кұзіретті адамдар мәдениетті бола бермейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

      Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.

Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі- мемлекеттің адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктерінің негізі – білімде. Осыдан, білімді ел- мықты, мызғымас ел.

Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет жəне қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс əрқашан сəйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі ҚР он екі жылдық оқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.

  Қорыта келіп,тұжырымдайтын болсақ,білім берудің құндылығы осы аталып көрсетілген мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық құндылықтардың өзара үйлесімді және тығыз қатынаста болуын көздейді. Тек осындай құндылықтық негізде жүргізілетін білім беру барысында ғана әр тұлғаның жан-жақты дамуына, теориялық білімдерді меңгеруімен қатар өз бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Дін социологиясы. Дүйсенов М.С., А., 2003.

2. Мәдениеттану. Оқулық. А., 2005.           

3. Д.С. Орынбекова, “Әлеуметтану”  оқу құралы, А., 2010.

4. Социология. Кенжебаев С.Ж. , А., 1998,.

5. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов, “Әлеуметтану”, А., 2003

 

 

 


Информация о работе Білім құндылық ретінде