Ислам дініндегі қаржылықтың рөлі мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 22:44, реферат

Краткое описание

Дін әрбір адамға таныс сөз (латынша religio-байланыс деген мағынаны білдіреді). Діннің адамзат тарихында алар орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғмда әрқилы болып келген. Дін- қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Ол құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне арналған сана формасы.

Содержание

I Кіріспе................................................................................3

Дін туралы жалпы түсінік
1.1 Ислам діні................................................................................4
1.2 Ислам дініндегі негізгі заң - Шариғат ...............................7
II Негізгі бөлім

Ислам дінінің бес парызы
2.1 Қажылықтың маңызы мен рөлі...................................................8

III Қорытынды...................................................................10
Қолданылған әдебиеттер.....................................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мөлдір Баяндама.doc

— 103.50 Кб (Скачать документ)

  Исламдағы шариғат  негізінен төрт мәселені қарастырады:

  1. Сенім, иман мәселелері. Адам дін бойынша неге сену керек, неге сенбеуі керек деген мәселелердің басын ашып береді.
  2. Амал. Ол - әр мұсылманға міндеттелген істер дегенді ұқтырады. Нені істеуге болады, нені істеуге болмайды, бір істі істегенде қандай жағдайлар ескерілуі тиіс деген мәселелер осыған жатады. Зекет, намаз, қажылық рәсімдері т.б.
  3. Тәрбие (аһлақ). Әр мұсылманның жүріс тұрысын, адамгершілік қасиеттерін айқындайды.
  4. Құқықтық істер.Мемлекет басқару, қоғамдық түйткілді мәселелер, эканомикаға қатысты жағдайлар, үйлену, ажырасу, мирас қалдыру, сауда және саяси жұмыстар, қысқаша айтқанда, мұсылман мемлекетінің құқықтық нормаларын реттейтін заңдық негіздер.

  Шариғат барлық мұсылмандарға міндетті заң, адамгершілік және ғибадат жарлықтарынан тұрады. Шариғат әлеуметтік теңсіздіктерді және жеке меншікті жақтайды.  

  Иман шарттары. Ислам дінінде бес парыздан бөлек иманның 6 шарты да белгіленген. Әр мұсылманның осыларға тұтас сену талап етіледі. Олар:

      1. Алла тағалаға сену. Ислам діні бойынша  Жаратушы жалғыз болып табылады. Осы тұрғыда ол монотеистік діндер қатарына жатады.
      2. Періштелерге сену. Періштелердің нақты саны беймәлім. Алайда, төрт үлкен періштенің барекендігі айтылады:а) Жәбрейіл, б) Микәйіл, в)Исрафил, г)Әзірейіл
      3. Кітаптарға сену;Тура жолды үйрету үшін пайғамбарлардың әрбіріне қасиетті парақтар кітаптар түсіп отырған, осы қасиетті кітаптарға да сену керектігі міндеттелген.
      4. Пайғамбарларға сену. Алла тағала жіберген пайғамбарлардың баршасына сену керектігі жатады.
      5. Ахирет күніне сену. Өлгеннен кейін қайта тірілу, мәңгілік өмірдің барлығы – барлық діндердегі секілді Исламда да негізгі сенімдердің бірі.

     6)Жақсылық пен жамандықтың Алладан екендігіне, тағдырға сену

                  

               II Ислам дінінің бес парызы

 

  Шариғатқа сәйкес мұсылмандар мынадай бес «құдай берген» негізгі парыздарды ұстауы тиіс.

 

    1. Куәлік сөзін айту;
    2. Намаз оқу;
    3. Ораза ұстау;
    4. Зекет беру;
    5. Қажыға бару.

 

  Куәлік сөзі (кәлимә шәхада) «Лә иләһа иллаллаһ Мұхаммад Расулуллаһ» деген сөз. Мағынасы: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» дегендік. Бұл сөзді айту Исламды қабылдаған әр адамға міндеттеледі.

 

  Намаз – мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын құлшылық түріне жатады. Ол күн сайын бес мезгіл оқылады: таңертең, түсте, екінші уақытында, кешке және түнде. Бес уақыт намаз: Таң намазы, Бесін намазы, Екінті намазы, Ақшам намазы, Құптан намазы деп аталады. Намаз оқу үшін таза жүру, әр намаздың алдында арнайы жуынып-шайынып (дәрет) міндеттеледі.

 Ораза – арнайы ниет ете отырып, таңның атысынан кештің батуына дейінгі уақыт аралығында, тамақ ішуден бас тарту және басқа да шариғатқа көрсетілген талаптарға сай артық істер жасамау дегенді білдіреді.

  Мұсылмандар жылына  бір рет Рамазан айына толық  бір ай мерзімде ораза ұстайды.  Ол үшін мынадай шарттар негізге  алынады: мұсылман болу, балиғат жасына толу, ақыл-есте кемістік болмау, ораза ұстауға күші жету.

  «Зекет» сөзі – араб тілінде көбею, өсу, тазалық деген мағыналарды білдіреді. Ол мұсылмандардағы тек дәулетті, бай кісілерден талап етілетін салыцқтың түріне жатады. Ислам дінінде зекет төлейтіндерге мынадай шарттар қойылған: балиғатқа толу, ақыл-есте кемістік болмау, қарызы болмауы, белгілі бір байлығы болуы.

  Зекет жылына бір  рет беріледі. Зекетті мұсылмандар  әлеуметтік көмек, байлардың кедейлерге  қарасуы, арадағы таптық алауыздықты болдырмайды, қоғамдағы татулықтың, бауырластықтың ұйытқысы деп түсіндіреді.

  Сондай-ақ зекет  қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік  қарым-қатынастарды реттеуімен де  ерекшеленеді. Зекеті берілетін  малдардың түрлері мен зекетті  парыз ететін мөлшері арнайы белгіленген. Ұсақ малдар бойынша 40-тан бірі, ал ақшадан 2,5 пайызы беріледі.

  Бесінші парыз Қажылық – қасиетті жерге зиярат жасау.

 

 

    

    1. Қажылықтың маңызы мен рөлі 

 

  Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі. Алайда, бұл парызды өтеу әр мұсылманның шама-шарқына байланысты.

 Жыл сайын дүние  жүзінің мұсылмандары араб ай  жылнамасының он екінші Зул-хижжа  айында Ислам дінінің шыққан  жері Меккеге барып, қажылық  жасайды. Мекке шәһарында әл-Масжид  әл-Харам, яғни қасиетті мешіт  бар. Оның дәл ортасында төрт бұрышты ғимарат бар. Оны арабтар сыртқы пішініне байланысты «Қағба» деп атайды, яғни текше (куб) деген сөз. Қағба қара жібек матамен жабылған. Ол матаға алтын әріптермен Құран аяттары жазылған. Бұл мата Мысырда тоқылады екен. Қағбаның оңтүстік-батыс бұрышында Аллаһ Та'ала өзінің Құдіреті мен Шапағатын адамдарға білдіру үшін аспанмен түсірген «Қара тас» бар. Қағбаның жанында қасиетті бұлақ – Зәмзәм бар.

  Меккеге қажыға  барған мұсылман үстіне ақ  киім – ихрамды киіп, алдымен  Қағбаны жеті рет айналады, сосын Сафа төбешігінен Мәруа төбешігіне дейін көшені бойлап жүгіреді. Оны сағи деп атайды. Одан кейін Меккеден отыз шақырымдай жердегі Арафат тауына шығады. Содан соң Меккенің сыртындағы Мін деген жылға-өзекте мал сойып, құрбандық шалады, қайыршыларға садақа береді. Міне, осы діни рәсімдерді толық орындаған мұсылман қажы атанады. Қажылар Мәдина шәһарындағы Мұхаммед Пайғамбарымыздың зияратына барып, дұға оқиды.

  Қажылық Құрбан  айт мейрамымен аяқталады. Ол  үш күнге созылады. Бұл айтта үй басы мал сойып, құрбан шалады.

  Осы жөнінде Мынадай  бір хадис – діни әңгіме  бар:

 Бір күні Аллаһ  Та'ала Ибраһим Пайғамбарды сынау  үшін, оның ұлы Исмайлды құрбандыққа  шалуды бұйырады. Аллаһтың бұл  ісіне әкелі-балалы екеуі де  ризашылығын беріп, енді оны  орындауға кірісе бастағанда, Аллаһ Та'ала баланың орнына «мынаны сой» деп, көк қошқарды түсіреді.

  Міне, сол кезден  бастап құрбан шалу әдетке  айналған. Мал сойылса, о дүниеде  сират-көпір болады. Ол көпір шаштан  жіңішке, ұстарадан өткір, оттан  ыстық. Тозақ отының үстінен  тартылған сол көпірдің аузында малдар жайылып жүреді. Солардың арасынан өзің сойған малды мініп алып, көпірден өте шығасың.

  

   Мұсылмандар шын ниетімен қажылық жасаған адам бүкіл күнәларынан арылады деп сенеді.                          

 

 

 

 

 

 

                          III Қорытынды

 

    Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы болып табылады.Ол Құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне айналған сана формасы.Бұл мәнде дін қай халықтың болмасын мәдениетінің рухани негізі.

  Діндердің арасындағы Ислам діні кең таралған дін және Қазақстан мәдениетінде алар орны ерекше. Ислам қағидалары Мұсылмандарды ізеттілікке тәрбиелейді. Әсіресе, бұл адамдар осындай құрметке ерекше бір лайықты болған жағдайда маңызды. Оның үстіне Исламда үлкендерге және ерекше құрметке лайықты адамдарға ізет көрсету адамгершіліктің негізгі нормаларының бірі ретінде қарастырады. Бұл туралы Аллахтың елшісі (с.а.с)

  «Кімде-кім жас үлкендерді құрметтемесе, жасы кішілерге аяушылық және білім иелеріне ізет  білдірмесе, ол адам менің қауымымнан емес» - деген екен.

  Ал бұл жөнінде  қазақ халқы бір сөзбен қысқа  да нұсқа айтқан:

                   

                    Үлкенге құрмет,

                    Кішіге ізет!

 

  Сонымен қатар, ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән береді. Адамның дүниеге келуіне себепкер болып, жетілуінде ерекше рөлі бар ата-аналар – ең әуелі құрмет көрсетілуі тиіс.Аяулы жандар аналар алдындағы борыштарымыздан кейін біздер ата-анаға деген міндеттеріміздің келуінде ерекше мән береді.

  Бұқар жырау айтқандай:

                  

                  Бірінші тілек тілеңіз,

                   Бір Аллаһқа жазбасқа

                  Екінші тілек тілеңіз

                  Ер шұғыл пасық залымның 

                 Тіліне еріп азбасқа

 

 Демекші біз жас ұрпақ тілімізді дінімізді ұмтпай, тура жолдан таймайық дегім келеді.

Қортындылай келе Баяндамамды  Мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан               Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп отыр.

     

  Біз – тегіміз түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек.

 

Ол үшін Қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихаттауды естен 

 

шығармауымыз  керек.

 

                Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Ғарифолла Есім, А.П.Әбуов, К.К.Бегалинова, Е.М. Смағұлов, Қ.Жолдыбайұлы. «Дінтану негіздері» 2-басылымы – Алматы:Білім, 2010.

 

2.Бекежан Аханов «Дін және Еркін ойшылдық»,Алматы, «Қазақ университеті», 1993.

 

3.Мұхамеджан Жамантайұлы  Естеміров «Намаз оқып үйренудің жеңіл жолдары», «Алтын алқа баспасы», Шымкент шәһары, 2007.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Ислам дініндегі қаржылықтың рөлі мен маңызы