Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 16:06, реферат

Краткое описание

Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы - 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1946 жылыАқтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1951- 1958 жылдар аралығында Қызылордапедагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы,доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ- де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жарыкбаев реферат.docx

— 360.46 Кб (Скачать документ)

Ол кісінің қазақша  сөйлеп, терең әрі жан-жақты ойлайтыны, ұдайы кітап оқитындығы, жас ұрпақ үшін таптырмас өнеге.  
Одан соң... министрлер Мұхтар Құл-Мұхаммед, Иманғали Тасмағамбетов, Қайрат Келімбетов, Гүлшара Әбдіхалықова және Мәулен Әшімбаев сияқты зиялы азаматтардың қатары көп болса, өмір жайнап сала бермес пе еді?! Мұхтар бауырым «АТАМҰРА» баспасын басқарып тұрғанда белгілі ғалым-ақын Әдібай Табылдиевпен бірігіп жазған «Әдеп және жантану» деген кітабымызды 100 мың данамен шығарып берді. Міне, ұлтқа жаны ашитын азаматтар осындай болса керек-ті.  
Егер мектептерде ұлттық психологияны жан-жақты оқытар болсақ, дәл осындай деңгейге жететініміз хақ. Мұндай жағдайда ұлтжандылардың қатары да жедел көбеюі ықтимал. Бірақ бәрі жоғарыдағыларға байланысты болып тұр ғой. Ал төмендегілерге - ұстаздарға жол көрсетер психологияға арналған төрт журналдың бір әттеген-айы - ұлттың жоғын түгендеуге атсалыса алмай отыр. Жоғары оқу орындары тарапынан да білікті маман даярлауға көзқарас оншама дұрыс емес сияқты. Бәйкен Әшімов ағамыз кезінде Министрлер Кабинетін басқарып тұрғанда психологияны оқытуға қол ұшын беріп еді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Көпжасар Нәрібаев басқарған жылдары да көзіміз ашылып қалды емес пе?! Солардың ізін басатындар көптеп табылсайшы...  
- Психологияны мектепке енгізуде әлемдік тәжірибе бар ма?  
- Оның тарихы мен тәжірибесі тым тереңде жатыр. Бір кездері орыстар гимназияларға енгізбекші болғанда, патшаның өзі қарсы болған. Җйткені психология жастардың революциялық сана-сезімін оятып, билікке қарсы шығарады деп күдіктенген. Ал қазіргі заман басқа ғой. Қазір дамыған елдерде мектеп пен жоғары оқу орнын былай қойғанда, шаруашылықтың барлық саласында, әсіресе, кәсіпорын, бизнес құрылымдарына психологтар қажет. Әлдебір қиындыққа тап болғандар да психологтардың көмегіне жүгінеді. Осыдан-ақ ғылымның бұл саласын дамытудың қаншалықты қажеттігін сезінесіз. Менің ойымша, тағдыры тығырықтан шыға алмай отырған пәнді мемлекеттік қызметтегілерге оқыту керек-ақ. Олардың некен-саяқ біреулері шетел ғалымдары жазған психологиялық еңбектерді оқитын көрінеді. Оның ішінде қазақтың психологиясына, ұлт құндылығына үңілетіндей дәнеңе де жоқ. Қайта кейбір еңбектердің теледидардағы келеңсіз көріністер сияқты адамды бұзуға итермелейтіні бар.  
Мырзатай Жолдасбеков мемлекеттік дипломатиялық қызмет академиясын басқарып тұрғанда, одан сол оқу орнында психологияның оқытылуы қандай деп сұрағаным бар. Ол кісі әзірше оқытылмайтындығын ашық айтты. Одан бергі уақытта жағдай оңала қоймаған шығар. Себебі қазақ психологиясын қажетсініп отырған басшы қызметкерлер байқалмайды. Сондықтан Елбасы осы мәселеге баса назар аударып, ұлттық мәдениеттің мәйегін игеруде психологияны оқытуға нұсқау берсе, қазақтың ұлттық құндылықтарын жақсарта түсуге жол ашылар еді. Біз қазір тілсіз болашағымыз жоқ деп жатырмыз, психологияны оқытудың маңызы жайлы да осыны айтуға болады.

Ұлы мұраттарға жету үшін ұлттық психологияны мықтап қолға алу керек.  
Бұл қазақ халқының (әлі де шашылып жүрген шала қазақ, жаңа қазақ, оралман қазақ, кәдімгі қазақ, т.б.) басын қосуға, мемлекеттің іргетасын нығайтуға бірден-бір дәнекер. Осыған өз қал-қадірімізше үлес қоссақ деген үмітпен университетте академик Төлеген Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығын құрған едім. Біздің бастамамызбен ұлт психологиясына орай 14 ғылыми-конференция ұйымдастырылып, 18 том кітап шығардық.  
Қазір бірсыпыра жоғары оқу орындары «Абайтану» орталығы» деген секілді орталықтар ашып жатыр. Олар бірін- бірі қайталайды. Ал біздің орталық - еліміздегі қоғамдық негізде жұмыс істейтін жалғыз мекеме. Бір қуанарлық жайт, Абай атындағы ҚазҰПУ-де 18 адам жұмыс істейтін Психология ғылыми-зерттеу институты құрылыпты. Бұл Ресей, Украина, Түркия елдерінен кейінгі төртінші психологиялық ғылыми-зерттеу институты болмақ. Ұлтжанды ректор Серік ініміздің осы игілікті ісін қуана құптап, мың да бір рақмет айтамыз. Тек осы ғылыми-зерттеу институты елімізде мекендейтін халықтардың психологиясын зерттеуде көшбасшы болсын деп тілеймін.  
Ендігі бір тілек, ҚазМҰУ-дың басшылары Төлеген Тәжібаев атындағы орталықтың жұмысын жандандырып, ардақты академиктің 100 жылдығын лайықты атап өтуге мұрындық болса, жақсы болар еді.  
2004 жылдың 8 шілдесінде «Айқын» газетіне берген сұхбатымда «Ұлттық тәлім-тәрбиені зерттейтін институт ашу керек» деген едім. Сол сұхбатта Мағжан ағамыздың 80 жыл бұрын айтқан пікірін тағы бір елдің есіне салып, ашық әңгімемізді аяқталық: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға (Қазақ жанына - ред.) қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ, серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ  

«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛТЕТІ 

 

 

 

 

 Тақырыбы:Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы    

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: П-101,1 тобының студенті Жубанова Камила

Қабылдаған: Тәңірбергенова А.Ш


Информация о работе Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы