Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

И.М.Сеченов интроспекция едісін психикалық құбылыстарды тану әдісі ретіңде жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық құбылыстардың мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің елімізде психологиялық білімді одан ері дамытуда, оның ішінде іс-өрекеттің психологиялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В.М.Бехтерев және И.П.Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті. Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді В.М.Бехтерев, И.П.Павлов сияқты талантты ғалымдар негіздеді. Олар орталық жүйке жүйесі жұмысының қызметін әртүрлі атаған болатын: Бехтерев "біріккен рефлекс", ал Павлов — "шартты рефлекс" деп атады. Олар алғаш рет психологияга мінез-құлықты (реакцияны) зерттеу пәні ретіңде енгізді. Бірақ бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жұмыс істеген Бехтерев пен Павлов және мінез-құлықты зерттеген отандық физиологтордың арасында ерекше қағидалық айырмашылықтар болды.

Бихевиористер сананы, психиканы жоққа шығарды. "Бехтерев пен Павловтың бихевиористерден айырмашылығы,

-  деп жазды М.Г.Ярошевский, - олар сананың да ролін, субстракттылықтың  да рөлін жоққа шығарған емес". Олар жаңа материалистік психологияның қалыптасуы үшін ғылыми

- жаратылыстану негіздерін қалады, оның қалыптасуы мен дамуы  қазан төңкерісінен кейін іске  асты. 

Қазан төңкерісінен кейін психология ғылымының дамыған ақуалы қарама-қайшылықты және күрделі болды. Біріншіден, отандық физиологияда қалыптасқан жетістіктер мен дәстүрлер болды, оның негізінде жаңа психологиялық ілімді талдауды бастауға болар еді. Екіншіден, кәсіби психологтардың арасында субъективтік идеалистік психология ез ықпалын күшті, әрі толық сақтаған. Үшіншіден, әлемдік психологияда бұл кезенде басталған тоқырау озін көрсете бастады. Тертіншіден, елімізде жаңа қалыптасып келе жатқан бағыттар ене бастады, (бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм). Тоқырау жылдарында қалыптасқан әлемдік психологияның үш бағыты отандық психология ғылымына есерін тигізді. Бихевиоризмнің ықпалы, мәселен, К.Н.Корниловтың реактологиясында, М.Я.Басовтың ғылымдағы мінез-құлық туралы ілімдерінде айқын аңғарылды. Гештальтпсихология идеялары Л.С.Выготский бастаған бір топ психологтардың еңбектеріне ықпал етті. Олардың ішінде кейбіреулері, мәселен, А.Р.Лурия психоталдау идеясын зерттеуге әрекет жасады.

Бірақ әлемдік ғылымдағы жаңа бағыттарға еліктеу ұзаққа барған жоқ. Тез араның ішінде кеңестік психология ғылымы дамудың өзіндік жолына түсті, 20-жылдардың аяғына дейін жан-жақты толық ашылды, әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше дами түсті.

XX ғасырдың екінші онжылдығының аяғына таман қалыптасқан бұл тенденцияларды практикалық іске асыру отаңдық ғылымға тән психологияның негізгі проблемаларын талдау ғылыми мектептер мен бағыттардың қалыптасуына себепші болды: Д.Н.Узнадзе ұстаным теориясы және мен соған ғылыми мектепті басқарды, психикалық үрдістердің қалыптасуы мен дамудың мәдени - тарихи теориясының негізін салушы Л.С.Выготский болды, ойлау теориясы СЛ.Рубшшітейннің жене оның ізбасарларының еңбектерінде одан әрі дамыды.

Кеңес психология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған бұл кеңес ғалымдарының аға буыны болып табылады, ал практикалық - эксперименталдық түрде оны талдау кеңес психологтарьшың келесі буынының еншісіне тиді, оның ішіңде аты әлемге танымал Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, Е.Н.Соколов, А.А.Смирнов және т.б. есімдерін атауға болады. Олардың негізгі еңбектері 30-60 жылдардың арасында дүниеге келді. Кеңес психологиясы тарихының екінші кезеңін құрайды. Екінші кезеңге тән ерекшелік жекелеген мектептер мен бағыттардың төңірегіне ғалымдардың шоғырлануы тән, олар ұзақ мерзім салыстырмалы түрде бір-біріне бағынышты болмады, сонымен қатар зерттеушілік күш-жігер негізінен таным үрдістерін зерттеуге арналды: зейінді, қабылдауды, есті, ойлау мен сөйлеуді талдады.

Б.Г.Ананьев қабылдау, педагогикалық бағалау психологиясы, адамтанудың жалпы мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосты. Оның ерекше сіңірген еңбегі Ленинград университетінде психология факультетін құру және "Ленинград психологтарының мектебі" атымен біріккен белгілі ғалымдардың үлкен тобын даярлаумен байланысты.

С. Л. Рубинштейн мен А. Н. Леонтьев Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде психология бөлімі мен факультетін құруда ерекше ұйымдастырушылық рөл атқарғандығын айтпай кетуге болмайды, сонымен қатар А.Н.Леонтьев қабылдау, ес, сана, жеке тұлға және психикалық даму проблемаларын теориялық және эксперименталдік тұрғыдан зерттеуге, елімізде психология ғылымын дамытуға орасан зор үлес қосты. Ол психологиялық "іс-әрекет теориясы" деп аталатын жаңа психологиялық теорияның негізін салды, соның нәтижесінде қабылдау, ес, ойлау, сана мен жеке тұлға үрдістері бүрын соңды болмаған ерекше шешімін тапты. Бұл теория өз төңірегіне психолог ғалымдардың аға буын өкілдерін топтастырды. А.Н.Леонтьевтің жетекшілігімен 40-50 -жылдары мен 60-70 жылдары оз беттерімен зерттеу жолына түсті.

Елімізде кеңестік дәуірде психология ғылымын қалыптастыруда ерекше еңбек сіңірген қарымды да майталман психолог ғалымдарымыз Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, АА.Соколов, ААСмирнов, Б.М.Теплов, Д.Н.Узнадзе және т.б. ерекше айта аламыз. Москва, Киев және Тбилиси қалаларының психология ғылыми-зерттеу институттары және Москва, Ленинград, Тбилиси, Перьм, Рязань, Владимир және басқа қалалардың университеттері мен педагогикалық институттары ғылыми-психологиялық ой-пікірдің орталығына айналды.

30-жылдардың орта кезінің  өзінде кеңестік психология ғылымының  негізгі қағидалары қалыптасты: детерминизм қағидасы, сана мен  іс-әрекеттің бірлігі қағидасы, психиканың  іс-әрекетте даму қағидасы.

Алдыңғы қатарлы кеңес психологтары психология ғылымының алдында тұрған міндеттерді айқындап берді, осы міндеттерді шешу негізгі педагогикалық проблемаларды іске асырудың нәтижесіне тікелей байланысты. Кеңес психологтары педагогикалық психология саласында біршама іс тындырды (Л.В.Занков, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин, Ш.А.Амонашвили және т.б).

А.В.Запорожец Д.В.Эльконинмен бірге балалар психологиясының негізін қалады. АВ.Запорожецтің ғылыми зерттеу саласына қабылдау, қозғалыс және эмоция проблемалары кірді. А.В.Запорожец КСРО Педагогикалық ғылым академиясының мектепке дейінгі тәрбие институтының ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Д.В.Эльконин ойын теориясы мен бала психикасы дамуының авторы ретінде белгілі ғалым, сонымен қатар В.В.Давыдовпен бірге мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың жаңа тұжырымдамасының авторы болды. Д.В.Эльконин — жұртшылыққа танымал балалар психологиясы  оқулығының  авторы,   ол оқулық  бойынша  педагогтардың  бірнеше  буыны  оқып блім алды.

С.Л.Рубинштейн  «Жалпы  психология  негіздері» аттыіргелі  еңбекті дайындап,  бастырып  шығарды (1942, 1946ж). Еңбекке  отандық,  сонымен  қатар  әлемдік  психология   ғылымының   озық  жетістіктері кірді.

Педагогикалық психологияның  дамуына   елеулі  үлес  қосқан  П.Я.Гальпериннің  еңбектерін  атауға  болады.  Оның   еңбектерінің  ішінде  елімізге  кеңінен  таралған,  белгілі  ойлау  іс-әрекетін  кезеңдер  бойынша  қалыптастыру  теориясы, ол  практикалық  тұрғыдан  ойлауға,  көптеген  ептілік  пен  дағдыларды  меңгерудің   тиімді  жолы болып табылады.

Нейропсихология саласында А.Р.Лурия жоғары психикалық қызметтің анатомиялық - физиологиялық негіздерін зерттеді. А.Р.Лурияның ес пен ойлаудың нейрофизиологиялық негіздерін зерттеуге арналған еңбектерінің мәні ерекше болды. Оның еңбектері қазіргі кезде диагностикалық және терапевтік мақсатта кеңінен қолданылып отырған қазіргі медициналық психология үшін ғылыми-психологиялық негіз болды.

Еңбектері бүкіл әлемге кеңінен танымал болған көрнекті психофизиолог Е.Н.Соколовтың есімін ерекше атар едік. Ол түс көру теориясын негіздеді, яғни адамдардың заттардың түсін қабылдауды түсіндірді. Ол зейіннің нейрофизиологиялық негіздерінің құрылымына кіретін бағдарлы рефлексті ашты және сипаттап берді.

ААСмирновтың еңбектерінің арқасында материалды есте сақтау мен қайта жаңғырту іс-әрекетті ұйымдастыру мен жағдайларына тәуелді екендігі анықталды.

70-жыддардан басталған  және қазір ғасырлар тоғысында  одан әрі жалғасып жатқан психология ғьшымы дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Ол әлемдік психологиядағы сияқты, бір жағынан, бұрын өмір сүрген жекелеген ғылыми мектептер мен бағыттардың арасында шекараның жойылуымен, екінші жағынан, сыни тұрғыдан талдаумен және оның жетістіктерін дұрыс пайымдаумен, үшінші жағынан, психология ғылымының жіктелуімен және тәжірибемен байланысты зерттеулердің жаңа бағыттары пайда болуымен сипатталады. Осы жылдардың ішінде психологияның әлеуметтік психология, басқару психологиясы, космос психологиясы, әскери психология, заң психологиясы, спорт психологиясы, саяси психология, экономикалық психология сияқты жаңа бағыттары пайда болды.

Шетел психологтары мен біздің еліміздің психологтарының арасында байланыс жан-жақты кеңейе және тереңдей түсті. Алдыңғы орынға психология ғылымының әртүрлі салаларында әлеуметтік психология және жеке түлға психологиясы шықты. Психологиялық зерттеулер негізінен практикалық бағытта қалыптаса бастады.

Психология коптеген ғылымдар мен адамның тәжірибелік қызметінің басқару, саясат, экономика, инженерлік, еңбек, спорт, қоғамдық ұйымдардың жұмысы сияқты салаларына ықпал ете бастады.

Қазақстанда  психология  ғылымның  қалыптасуы  мен  дамуы.

Психологиялық ғылымға деген қызығушылық, ерте кезден бастап пайда болды. Кейбір мәселелер күні бүгінге дейін психологтарды ойландырып, қазақ психологиясының тарихында әлі де шешуін таппаған "ақтандақ" болып келген мәселелер баршылық, бұл мәселелер өзіне көңіл аударуды қажет етіп отыр.

Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.

Қазақ психология тарихың зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі — кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы - бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХҮ-ХХ ғ.) болса, екінші кезеңі марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең - егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006).

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарында профессор Қ.Б.Жарықбаев ұсынған кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.

Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынаи бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын, орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі — психология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне "Ақыл-ой туралы", "Темперамент туралы", "Түс көру туралы сөз", "Жанның мәні туралы", "Ақыл-ой және ұғым", "Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап", "Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап" және т.б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологиялық және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді.

Қазақ топырағында дүниеге келген, ортағасырлық Жүсіп Баласағүнидің "Құтадғу білік" (Құт негізі - білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға оте бай. Отбасы тәрбиесі — бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп Баласағұнидің айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі — білім, әдет-дағдыларға машықтаңдыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері, адамның әртүрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.

Жүсіп Баласағұнидің "Қүдадғу білік" дастанында "Тіл туралы" айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. Жүсіп Баласағұнидің "Тіл адамның даңқын асырады", "Адам ол арқылы бақыт табады", "Тіл адамға жапа шектіреді", "Абайламаса, басынанда айырады", "Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа" деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.

Моралдік-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Саиф Сараи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қ.Жалаири еңбектеріңде жан-жақты баяндалады.

Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар басым келеді.

Тәлімдік тұрғыдан ақын-жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Ақын-жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыкқа, оз отанын сүюге шақырады. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы өзінің ұлттық насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік-жігері мен қайсар мінез-құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді. Махамбет өлеңі жастарды ерлікке, батылдыққа шақырды. Махамбет ерлік пен елдіктің үлгісін керсете отырып, елжандылық сезім мәселесін халықтың абройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат-мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысты.

Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет — ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет - сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. Махамбеттің жырлары - ерліктің гимні, қайсарлықтың символы.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе.

Информация о работе Психология және адам дамуы