Психология міндеттері

Дата поступления: 05 Марта 2013 в 19:03
Автор работы: n******@mail.ru
Тип: реферат
Скачать полностью (65.08 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

psix.docx

  —  67.78 Кб

Кеңес психологиясына сүйенетін, диалектикалық  материализм дәрежелерінің жүйесіндегі  бейнелеу дәрежесі негізгі мағынаға ие болады. Дәл осы дәреже арқылы психиканың неғұрлым жалпы және маңызды  сипаттамасы айқындалады: психикалық құбылыстар объективтік шындықтың  әр түрлі формалар мен субъективтік деңгейлер түрінде бейнелеу ретінде  қарастырылады. Психологиядағы бейнелеу теориясы тұжырымдамалар, түсініктемелер, фактілер лабиринтінде жол табуға, психология ғылымының пәнін анықтауға, зерттеудің әдістерін жасауға мүмкіндік  беретін жалпы әдістемелік бағытының  рөлін атқарады. Органикалық материяның қасиеті ретіндегі психиканың сапалық  ерекшелігін не құрайды?

Материя тұтасымен бейнелеу қасиетіне  ие. Психика мидың қызметі, материяның қасиеті бола тұра, бейнелеудің ерекше түрі ретінде, психиканың дамуының шарты  ретінде білінеді. Бейнелеудің арнайы түрі болып, психика, материяның даму үрдісі кезінде, оның қозғалысының бір түрінен  басқа түріне ауыса отырып пайда  болады. Биологиялық эволюция барысында  заң жүзінде пайда болған психика  оның маңызды факторы болып табылады. Бейнелеу ағзаның ортамен неғұрлым кең көлемді көптеген байланысқа түсуін қамтамасыз етеді.

Сыртқы, физикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни өзінен тәуелсіз әрі тысқары объективтік  шындықты психика, сана бейнелейді, бұл  ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Кез  келген психикалық акт - бұл шынайы шындықтың бөлшегі: біреуі болмаса  басқасы, біреуі де, басқасы да. Психиканың өзіндік ерекшелігі болып оның болмысының шынайы жағы да, оның бейнесі де болуы есептеледі.

Сонымен, психиканың қызметі шындықтың  қасиеттері мен байланыстарын бейнелеуден  және осының негізінде адамның әрекеті  мен мінез-құлқын реттеуден құралады. Психикаға диалектикалық-материалдық  көзқараспен қарау, психиканың шындықтан  ажыратылған және оған ешқандай қатысы жоқ тұйық дүние емес екендігін  көрсетеді.

Диалектикалық материализм принципінің  тұрғысынан қарағанда психологиядағы ғылыми ілімнің пәнін не құрайды? Бұған алдымен, психикалық өмірдің  нақты айғақтары жатады. Психикалық өмір айғағы ретінде есті, яғни адамның  жеке тәжірибелерді жинақтау қабілеттілігін алайық. Бірақ психология ғылымы психологиялық  айғақты сипаттаумен ғана шектелуі мүмкін емес - оны түсіндіру қажет, яғни осы айғақтар, осы құбылыстар бағынатын заңдылықтарды ашу  керек. Теориялық және эксперименталдық зерттеулер дәл осы мақсатқа бағындырылған. Ғылыми таным құбылыстар арасындағы қайталанатын, маңызды, тұрақты, қажетті  байланыстарды (қатынастарды) анықтаудан тұрады. Сонымен, ес қызметінің өз заңдылықтары болады. Естің көптеген түрлері болатыны белгілі. Мәселен, материалды қайталау есте сақтауға ықпал етеді, ал құрылымы жақсы жасалған материал, байланыссызға  қарағанда, оңай әрі тез есте сақталады.

Психика заңдылықтарын анықтау, заңды  деп санауға болатын байланыстар  мен қатынастарды анықтау міндеті  ғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықты анықтауды  ғана емес, оның әрекеттерінің саласын, сонымен бірге оның әрекет жасай  алатын ғана жағдайларын табуды талап  етеді. Сондықтан психологиялық  айғақтармен бірге психологиялық  заңдылықтар да психологиядағы зерттеудің тақырыбы болып саналады.

Бірақ заңды байланыстарды білу, заңдылықтарды айқындауға себепші  болатын нақтылы механизмдерді  өздігінен ашпайды. Психология міндетіне  психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін  орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер  осы немесе басқа психологиялық  үрдісті жүзеге асыратын нақтылы  анатомо-физиологиялық аппараттардың  жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін басқа ғылымдармен  бірге зерттейді. Мәселен, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді естің негізіне әр түрлі механизмдер жататыны белгілі.

 

 

 

 

Қазіргі кезеңдегі психологияның  міндеттері.

Психология алдында тұрған теориялық  және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне  байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның  негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық  зерттеулер шеңбері айтарлықтай  кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының  ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда  болып, психология жаңа эмпирикалық  мәліметтермен толығуда. Б.Ф. Ломов "Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары" деген  еңбегінде қазіргі кезеңдегі  ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі  уақытта "психология ғылымының әдіснамалық  мәселелерін және оның жалпы теориясын  өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда" деп айтты. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі  әр түрлі — сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым  айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның  күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеумен  ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы  және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық  жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған  жиналған білімдерді салыстыру мен  интеграциялау да, оларды жүйелеу  де жэне т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі  мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың  мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда  болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе, онда теориялық білімнің эмпирикалықпен алмастырылуының қаупі туады 

Психикалық құбылыстардың мағынасын  түсінудегі диалектикалық материализм  дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф. Ломовтың аталған еңбегінде  психологиялық ғылымдардың негізгі  дәрежелері анықталып, олардың жүйелік  өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға  ортақтығы, сондай-ақ, бір-біріне келтірілмейтіндігі көрсетілген. Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін  ұғымдар бұл "әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар. Адамның  әлеуметтік және табиғи қасиеттерінің  объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау - ғылымның күрделі міндеттерінің  бірін білдіреді. Алдыңғы онжылдықтардағы  психология пәнінің теориясы басым  болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы  қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде  өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік  басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі  және т.б. ерекше кәсіби практикалық  әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық  ғылымды практикалық міндеттерді  шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске  ұшыратады. Шешілуі психологиялық  құзырды талап ететін, адам факторының  рөлінің  көтерілуімен   анықталатын   мәселелер  қоғам өмірінің барлық салаларында әр түрлі түрде пайда болады. "Адам факторы" деп адамдардың нақтылы әрекеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге болады. Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе (олардың саны өте көп, өйткені адам бар жердің бәрінде шешілуі "адам факторын" қажет ететін мәселелер бар) қойып отырған барлық міндеттерді атап айтпаймыз, бала психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша тоқталамыз. Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларында психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік заңдылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор. Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде жэне ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық психологияның негізгі әдістері

 

Психодиагностика

           Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру,  терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін  табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері  психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.

          Психодиагностика – психологтың клиентпен  немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.

          Психодиагностика  екі жақты мәртебеге ие.

Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни  психолог  кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды.  Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың  психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды.  Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.

        Диагностикалық  әдістердің бірнеше түрлері бар:

        Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.

       Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену,  сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне  негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.

        Практикалық  психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық  әдістер клиенттің қиын мәселелерін  анықтауға бағытталған. Осы мақсатта  стандартталған және тереңдетілген  сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау,  тесттер, проэктивті әдістемелер,  рөлдік ойындар қолданылады. 

        Диагностикалық  әдістер психокоррекция мен психотерапия  арқылы белгілі болған мәселенің  нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.

        Диагностикалық  үрдістер практикалық психологияның  әр түрлі бағыттары мен мектептерінде  қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің  проблемаларын, оларды шешудің   мақсаттары мен мүмкіндіктерін  өз бетінше ерекше бағытпен  шешеді.

       Сұхбаттасу практикалық  психологияның барлық мектептерінде   әртүрлі варияцияларда қолданылатын  негізгі диагностикалық міндетті  құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы  ақпаратты жинауда қолданылатын  сызба – нұсқаны қарастырып  көрейік. Сызбада клиенттің шағымына  байланысты мәліметтердің тізімі  бар.

1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістері.

1. Еңбек психологиясы - адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

2. Педагогикалық психология - oқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы.

Краткое описание
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.
Содержание
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазіргі психологияның құрылымы.
2. Психологияның пәні және оның міндеттері
3. Практикалық психологияның негізгі әдістері
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.