Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 06:47, дипломная работа

Краткое описание

ерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.
Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың ойлауының толыққанды дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың жасалынуы. Ал бұл шарттардың жасалынуына негіз болатын тұрақты танымдық қызығушылық, ойлау әрекетінің дағдысы мен іскерлігі, ойлау сапасы, шығармашылық белсенділік мәселесі қазіргі психолог, тәрбиешілердің зерттеу объектісіне айналып отыр.

Содержание

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
1-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық зерттеулері

Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдар.

1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері.

2-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмдері.

2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдары
2.2 Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының дамуына тәжірибе жүргізу
2.3 Ойлаудың даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар)


Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом5.doc

— 711.50 Кб (Скачать документ)

Мысалы:

1. Берілген сөздердің ішінен  солдан оңға қарай оқығанда  жаңа сөз шығатын  сөздерді  теріп жаз. 

Қарын    Қала    Дархан

Мұз    Бұлақ   Есек

Қысым    Сүт    Киім

2. Төмендегі әріптерден сөз құрап  жаз, бір әріп бір сөзде екі  рет қайталанбауы тиіс.

1. асық   5. Мал

2. ұзақ   6. Мұз

3. бас   7. Бұлақ

4. бақ   8. лақ т.б.

 

Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді. [21, 46]

Мектеп жасына дейінгі  баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады,ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған бұл жастағы балалардың жалпы және таным процестерінің қарқында дамуы бұл кезеңнің  жоғары сензитивтілігін көрсетеді және баланың жан-жақты дамуының потенциалды мүмкіндіктерін анықтайды. 

Үлкендердің мектепке дейінгі бала жасындағы балалармен жұмыс кезіндегі негізгі міндеті - әр баланың жекелігін (индивидуалдылығын) ескере отырып, олардың мүмкіндіктерін  ашудың және жүзеге асырудың оптималды шарттарын жасап беру.

Мектеп жасына дейінгі  баланың негізгі іс-әрекетінің өзгеруі, сондай-ақ оның анатомиялық-физиологиялық даму  ерекшелігіне байланысты олардың психикалық дамуында да көптеген өзгерістер болады. Осы кезеңдегі таным процестерінің: түйсік, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, қиял, сонымен қатар зейіннің өзара байланысы ерекше. Бұл туралы  өзінің зерттеу жұмыстарын қорытындылай  келе, Л.С.Выготский былай дейді: «...оқудың басталуымен ойлау баланың психикалық дамуының орталығына ауысады және  басқа психикалық процестер жүйесінде  анықтаушы процеске айналады».  Баланың ойлауы осы кезеңде дамудың ерекше  этапында болып, басқа таным процестерінің  дамуымен өзара тығыз байланыста болады.

 

 

1.3 Мектепке  дейінгі  жастағы    балалардың  ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері.

 

Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың ойлау ерекшеліктері, қалыптасу механизміне тоқталмас бұрын таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін қарастырып өтуді дұрыс деп ойлаймыз.

Адам өзіне қоршаған ортадан  келіп ақпарат арқылы тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймай, қабылданған заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады,  ұшқыр-ой  қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте  шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне  байланысты адамзат мүмкіндігі. Қоршаған орта шексіз, осыған сәйкес  дүниені танып білу де шексіз. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары  формасы. Ендеше, ойлау – болмыстық,  құбылыстық байланыс қатынастырының мида  жалпылай және жанама түрде бейнелеуі.

Сонымен, тікелей танып білуге болмайтын  нәрселерді ойлау арқылы білеміз. Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу – ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдегі  тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді, бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана  көрініп қоймайды.

Қажетті әрі мәнді байланыстарды  аша отырып, назарға алғандардан  кездейсоқтардың болуымен ойлау  жалпыдан жалқыға келеді. Кеңістік пен уақыт аймағында шектелген жеке дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған байланыстар жалпылық сипатқа ие болады, ал әр қандай мән кездейсоқ жағдайлардың өзгерісіне қарамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың қызметі осы мәнді байланыстырды ашумен, оларды қорытындылап,  жалпылау; ойлау, осыдан жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған  байланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желісі. Сондықтан да ойлау жанама  байланыстар мен қатынастарға негізделген объективті шындықтың қорытындысы. Ойлаудың табиғи негізін түсіндіре келіп А.В.Брушлинский былай дейді: «Мышление  можно определить, как неразрывно связанный  психический процесс самостоятельного искания и открывания существенно нового, то есть опосредованного обобщенного  отражения деятельности в ходе ее анализа  и синтеза, возникающий на основе практической деятельности из чувственного познания и далеко выходящий за ее пределы».(2, 98) Бұнда айтылған таным әрекеті ретінде  ойлаудың ықпалды қимылмен тығыз байланысы,оның мектеп жасына дейінгілердің даму ерекшеліктеріне алдыда толық тоқталамыз.

Ойлаудың физиологиялық негізі болып мидың анализдік – синтездік  қызметі және бұл екі сигнал жүйесінің  қатар жұмыс атқаруы арқылы жүзеге асады.

Ойлау әрдайым белгілі бір мазмұнға ие. Оның мазмұнды компоненттері болып бейнелер, елестетулер, теориялық және эмпирикалық (тұрмыстық) ұғымдар, символдар, сызбалар және т.б. болып табылады. Бейнеде  бір мезгілде негізгі  перцетивті категориялардың (кеңістік, қозғалыс, форма және т.б.) қатысуымен болатын шындық біртұтастығы  бейнеленеді. 

Қиялдың көрініс беруі  немесе естегі қайта жаңғыртудың  негізінде  туындайтын заттың немесе құбылыстың бейнесі. Ойлаудың операциялық  компоненттері болып  ойлау операцияларының қызметтерінің жүйесі кіреді. Олар: анализ (талдау), синтез (топтастыру), салыстыру, абстракциялау (дерексіздендіру) жалпылау және нақтылау тәсілдері. Бұл қызметтердің әрқайсысы таным процесінде белгілі бір нақты функцияны орындап, өзара тығыз байланыста болады. Бұлардың жалпы операциялары ақыл-ой  қызметіндегі  біріккен тәсілде біріктірілуі мүмкін. Тәсіл дегеніміз белгілі бір міндетті  шешуде  ұйымдастырылған анализ, синтез, абстракция, жалпылау қызметтерінің жүйесі.

Оқу тәжірибесінің алдында  ойлау қызметінің тәсілдері меңгерту міндеті  қойылады.Тәсілдерді меңгеруі бірінші, мектеп жасына дейінгілердің онымен талысуы арқылы екіншіден, түрлі материалдарда сәйкес тәсілдерді  қолдану жаттығулары арқылы, үшіншіден жаңа  міндеттерді шешуде тәсілдерді ауыстыру арқылы жүзеге асады. Осылайша, ой тәсілдерінің қалыптасуы шамамен келесідей тәсілдігі мазмұынын меңгеру, тәсілдерді өз бетімен қолданылуы, жаңа жағдаятқа көшірілуі. Психологияда ойлау былайша түрде классификациялау (топтастыру) қабылданған. 

- Ойлаудың мазмұнына қарай:

- практикалық іс-әрекеттегі затты-әрекеттік ойлау;

- қабылдау және елестету байнелеріне сүйенетін көрнекі-бейнелі ойлау;

- ұғым мен сараптауға сүйенетін сөзді- логикалық ойлау түрлері бар.

Шешілетін міндеттің сипатына қарай  практикалық іс-әрекетті шешуде туындайтын міндеттерді шешуге  бағытталған практикалық ойлау, теориялық міндеттерді шешуге бағытталған теориялық ойлау түрлері бар.

Жаңашылдық және қайталанбастығына  оригиналдығына қарай: репродуктивті  немесе шаблонды (қайта жасаушы ойлау) шығармашыл (өнімді) ойлау түрі, бұнда  жаңа идеяларды  туындатуға бағытталады және оның нәтижесінде  қандай да мәселе, проблеманың  қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге асады.

Біз ойлау түрлерінің ішіндегі мектеп жасына дейінгі балаларға тән нақты-әрекеттің  ойлау, көрнекі-бейнелі және сөз-логикалық ойлау түрлерінің даму ерекшеліктерін қарастырамыз.

Ойлаудың бұл түрлерінің дамуына  қарастыруда тұлғаның дербестіктерін  ескеруіміз қажет. Олар:

1. ойлаудың белсенділігі – кезіккен  міндеттер мен  мәселелерді  өз бетінше ұмтылыс жасап, өзінше шешім жолдары мен құралдарын барластыра алумен байланысты;

2. ойлаудың ауқымдылығы – қойылған  проблеманы тұтастай көре біліп,  оған байланысты болмыс сырларын  көптеп қамтып, өткенді, қазіргі  мен болашақ жағдайларды ұштастыра  алу қабілетімен байланысты;

3. ойлаудың  сындарлылығы (критичность)  – терең сын талдауында көрінетін  «оң» не «қарсы» тараптарын  таразылауда байқалады; 

4. ойлаудың икемділігі - әрқандай  субъектінің қандай да мәселе  бойынша қатып қалған  көрсетпелер  (шаблон) мен бұрыннан қалыптасқан әдістердің құрсауында қалып қоймай, жағдайлар өзгерісіне қарай жылдам да жаңа шешімдерге иеле алудан көрінеді.

Бұл жерде  ойлаудың түрлері, қызметтері және  жеке дара ерекшеліктерін айта отырып, келесі жайтты естен шығаруға болмайды: ой  толғайтын мидың өзі емес, адам, біртұтас тұлға. «Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам деңгейінде қалып жатқанының  куәсіміз, сондықтан әр қандай ұшқыр ойдың  белсенді әрекетпен ұштасқаны, әр адамның өз ой қызметін пайдалы, өнімді әрекетке  жұмсағаны дұрыс», - дейді өз еңбектерінде Сәбет Балтаұлы  Бап-Баба. (14,56)

 

Ойлау – сыртқы орта заттары мен  құбылыстарын бейнелеудің  күрделі  формасы 

Ойлау – жанама байланыстар мен  қатынастарға  негізделген объективті шындықтың қорытындысы 

Ойлаудың физиологиялық негізі – мидың анализдік – синтездік қызметі және бұл екі сигнал жүйесінің қатар жұмыс атқаруы арқылы жүзеге асады.

Ойлаудың түрлері, формалар және ойлау  операцияларының даму ерекшелігі  жеке тұлғаның дамуымен тікелей шарттас.

 

 

 

 

2.1 Мектепке  дейінгі жастағы    балалардың  ойлауын ойын арқылы дамыту жолдарын қалыптастыру

 

Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың ойлауының дамуы оның жеке тұлғалық, әсіресе  танымдық сфералық маңызды бір қыры болып табылады. Адамның ойлауына түрлі құбылыстар арасындағы қатынас пен байланысты белсенді  іздестіру, оның негізгі сипаты екендігін  жоғарыда айтылып өткендей тура танып  білуге болмайтын  байланыс қатынастарды өңдеу ойлауды түйсік және қабылдаудан ерекшелендіреді. Байланыс пен қатынастарды бөліп алып қарауда әр түрлі әрекет жасауға болады, бір жағдайда заттар арасындағы қатынастарды анықтауда, оларды реалды түрде өзгерту басқа бейнеге енгізу керек. Келесі жағдайда заттардың өзін өзгертпей, оларды ойша елестету арқылы бейнесін өзгерту керек. Ал кейбір жағдайларда заттар арасындағы қатынасты ойша өзгерту немесе практикалық өзгертуге бармай-ақ, ой қорытындысы және  пайымдау жасы анықталады. Осылайша, көрсетілген үш жағдайда, адам  заттар арасындағы көрінбейтін қатынастарды анықтайды, яғни түрлі құралдарды, түрлі тәсілдерді қолдана отырып ойлайды. Бірінші жағдайда көрнекі-әрекеттін ойлау жүзеге асырылды, өйткені адам қатынасты анықтауда заттармен әрекетке түседі, практикалық түрде олардың құрамы  қасиеттерін өзгертеді. Екінші жағдайда, көрнекі-бейнелі ойлау жүзеге асады, өйткені, заттардың өзі емес, заттардың бейнесі арқылы қатынастар анықталады. Үшінші жағдайда, сөздік-логикалық ойлаудың көрінісін бақылаймыз, яғни заттар арасындағы қатынастарды анықтауда (заттардың өзі де, бейнесі де емес), заттардың ұғымын білдіретін сөздерді қолданады.  Бұл сөздер арқылы жалпыдан жалқыға қарай  жүретін белгілі логикалық ережелерге  сүйенетін пайымдау жүзеге асырылады.

Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың ойлауы кіші мектеп оқушыларының ойлау ерекшеліктеріне алшақ жатыр және мектепте оқудың алғашқы үш-төрт жылы балаларда ақыл-ой дамуына үлкен әсерін  тигізеді. Егер мектеп жасына дейінгі балаға, ойлау міндеттерін орындауда ырықсыздық, толық басқарылмайтындығы басым болып, оларды өздерін қызықтыратын нәрселер туралы  ойлауы тез әрі оңай болса, кіші мектеп оқушылары сияқты талаптар қойылатын мектепте оқудың нәтижесінде берілген тапсырманы уақытында орындау  өзінің ойлауын басқаруға, керек кезінде  ойлауға дағдыланады. Көп жағдайда ырықты басқаруға келетін ойлаудың қалыптасуына  сабақ үстіндегі тірбиешінің дұрыс берілген нұсқауларының әсері үлкен. Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың кезіндегі құрбыларымен қарым-қатынастың нәтижесінде балаларда  саналы түрдегі сындарлы ойлаулары қалыптасады. Нақтырақ айтқанда, сындарлы ойлау  топтағы түрлі міндеттерді шешу жолдарын, олардың түрлі нұсқауларын талқылауда және сол талқылау кезіндегі тәрбиешінің  балаларға қоятын негіздеу, әңгімелеу, дәлелдеу сияқты талаптарының әсерімен жүзеге асады. Өз әрекеттерін жоспарлау  мектепке дейінгі жастағы балаларда оқу процесі  кезінде белсенді түрде қалыптасады. Белгілі бір міндетті шешу балада оқу бастапқыда міндетті шешу жоспарын жасауға, содан кейін барып оның практикалы түрде шешуіне әсерін тигізеді. Мектепке  дейінгі жастағы  баланы  оған талқылау, түрлі пікірлерді салыстыруда, белгілі ой  қорытындысын жасауда міндетті түрде және  әр уақытта белгілі бір жүйеге енеді. Сондықтан да, мектепке  дейінгі жастағы балаларда сөздік-логикалық ойлау мектеп жасындағылардан кейінгілерге тән көрнекі әрекеттік, және көрнекі бейнелі ойлауына  қарағанда қарқынды дамиды.

Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың топтағы сабақтарда балаларда оқу міндеттерін шешуде логикалық ойлаудың салыстыру, заттардың түрлі қасиеттері  мен жалпылау  белгілеріне қарай сөздік белгілерді көрсету сияқты тәсілдері қалыптасады. Мектепке дейінгі мекемелерде оқу барысында балалық ойлауы неғұрлым ырықты, неғұрлым бағдарлы, неғұрлым саналы, неғұрлым жоспарлы бола бастайды, яғни ойлауда сөздік-логикалық сипат басым бола бастайды. Әрине бұл кезеңде басқа түрлері де жалғасымды даму үстінде болады, бірақ негізгі бағыт талқылау, ой қорытындысын жасау тәсілдерін қалыптастыруда байқалады. Жас мөлшері бірдей балалардың  ойлауы әр түрлі екендігі белгілі,  бірқатар балалар практикалық сипаттағы міндеттерді оңай шеше алады, яғни көрнекі-әрекетті ойлау тәсілдерін қиындықсыз қолдана алады. Ал кейбіреулеріне белгілі құбылысты елестету, қиялдарды қажет ететін тапсырмаларды орындау жеңіл тиеді, біреулеріне сөз арқылы ойлау, ой қорытындыларын жасауға  бейім болады. Және бұл әсіресе жалпы  ережелерді шығару, оны нақты жағдайларда қолдануда, түрлі математикалық мысалдарды  шешуде қолданылады. Ойлаудың бұл түрін қолдана алу, мектеп жасына дейінгі балаларды үш деңгейде қарастырылады. Егер сөздік-логикалық ойлауға сәйкес күрделі және қарапайым міндеттерді сәтті шешіп, басқа балаларға жеңіл түрдегі міндеттерді шешуде көмек көрсететін болса, жіберілген қателіктердің себебін түсіндіре ала және жеңіл мысалдарды ойлап таба алатын болса, онда ол үшінші деңгей, яғни мектепке  дейінгі жастағы  баланың ойлауының жоғары деңгейіне кіреді.

Егер бала жеңіл түрдегі мысалдарды сәтті шешіп, неғұрлым күрделі мысалдарды шешуде оның шешімін бір тұтас елестетуде қынжылатын болса, онда ол екінші деңгейге кіреді, яғни балада жоспарлау дағдысы жеткілікті емес. Егер мысалдарды шешуде оның шарттарын нашар  талдайтын болса және оны шешімін іздеуде шатасатын болса, онда ол ойлаудың бұл түрінің бірінші деңгейінде. Мектепке  дейінгі жастағы кезеңіндегі балалардың ойлауының қалыпты деңгейде дамуында сөзден логикалық ойлау басымдылық көрсеткішімен, толыққанды даму ойлаудың аталған үш түрін де  пайдалану дағдысы болғанда ғана жүзеге асады. Өйткені ойлаудың үш түрінің әрқайсысы ақыл-ойдың сәйкес қасиеттерінің дамуына  көмегін тигізеді.

 Көрнекі – бейнелі ойлаудың көмегімен түрлі міндеттерді шешу мектеп жасына дейінгі балалардың өз әрекеттерін басқара алу, міндетті шешуде кез-келген емес мақсатқа бағытталған талпыныстарды жүзеге асыру дағдылары  қалыптасады. Ойлаудың бұл түрінің ерекшелігі заттарды қолға алып көруге болатын, олардың құрамы мен тұруын өзгертуге болатын, кеңістікте түрліше орналастыруға болатын міндеттерді шешу нәтижесінде туындайды. Затпен жұмыс істеу кезінде балаға өз әрекетін бағдарлау жеңіл тиген жағдайда, оған өз әрекетін басқару керек жағдайда практикалық талпыныстарды тоқтату немесе істі аяғына дейін белгілі нәтижеге жеткенге дейін өз талпынуға мәжбүр ету соғұрлым оңай болады. Сонымен, көрнекі-әрекеттін ойлаудың көмегімен, ақыл-ойдың маңызды бір қасиеті болып табылатын мақсатқа бағытталған әрекет жасай алу, саналы түрде әрекетін басқара алу қабілеттерін дамытуға болады. Ал бұл қасиеттер мектепке  дейінгі жастағы  баланың оқу әрекетін қалыптасыруда ең маңызды қасиет екендігін педагогтар қайымы мойындайды. Көрнекі-бейнелі ойлаудың өзіндік ерекшелігін келесі мәселелерде байқауға болады: көрнекі-бейнелі ойлаудың көмегі арқылы адам бейнелер мен  елестерді реалды түрде өзгерту мүмкіндігі болмайды. Ал бұл мақсатқа кетуде түрлі  жоспарларды жасақтауға, ойша бұл жоспарларды салыстыруға және керектісін табуға әсерін тигізеді. Түрлі міндеттерді шешуде  көрнекі-бейнелі ойлауда адам нақты  заттардың болмауына орай, заттардың тек бейнесімен ойлау тәсілдерін қолданады. Бұндай  жағдайда мектепке  дейінгі жастағы  балаға өз әрекетін басқаруы, тексеруі қиындайды. Сондықтан көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту жұмыстарының ең басты мақсаты, оның көмегімен әрекетті басқаруда қалыптастыру болмайды. Мектепке  дейінгі жастағы балалардың көрнекі-бейнелі ойлауын коррекциялаудың басты мақсаты  оның көмегімен түрлі жолдарды,  түрлі жоспарларды, мақсатқа жетудегі түрлі  варианттарды, түрлі тәсілдерді қаратыру дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Заттармен ойша әрекет жасауда мүмкін болатын түрлі  варианттардың өзгеруін елестетуде, сол варианттардың әрқайсысын орындауға қарағанда шешімді тез, әрі оңай тауып алуға болады. Оның үстіне реалды жағдаяттарды бірнеше  мәрте өзгертуге мүмкіншілік әрдайым бола бермейді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамыту