Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі

Дата поступления: 04 Декабря 2015 в 13:01
Автор работы: a********@mail.ru
Тип: курсовая работа
Скачать полностью (83.67 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

Дипломная работа.doc

  —  347.00 Кб

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасының лексика-фразеологиялық ерекшелігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................6

 

I Тарау. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ             

                                       ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

1.1 Шығармадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі...................................8

 

1.2«Қаздар қайтып барады» шығармасы тіліндегі синоним, антоним сөздердің  тілдік қолданысы.................................................................................29

   

1.3. Шығарма тіліндегі  қос сөздердің қолданылу аясы ....................................36

 

II Тарау.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1. Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің  ұлттық-танымдық қызметі.........39

 

2.2 Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты(теңеу,эпитет)...43

2.3. Портрет...........................................................................................................49

 

Қорытынды ........................................................................................................51

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................53

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Кіріспе

 

        Тақырыптың  өзектілігі: Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес кұндылығы деп саналады. Тіл - дүниетаным кұралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі. "Әлемнің тілдегі бейнесі" көркем туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлттың айшықты тілі көркем шығармаларда көрініс тауып, сол арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге қызмет етеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуімен байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласында өрісінің кеңейіп жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдік кұрылымдардың жазбаша формадағы көрінісін, нақтырақ айтқанда көркем шығарма тілін зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр.

Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі – оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете тану. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Р.Сыздықова, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Р.Шойбеков, А.Жылқыбаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады.Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Тіл табиғатын терең бойлап, жан-жақты қарастыру, тілдік бірліктердің сипатын айқындау лингвистика, этнолингвистика, т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналды. Әдеби тіл- жалпы халықтық тілдің құнды, дамыған, барлық халыққа түсінікті, стильдік жағынан сараланған түрі. Әдеби тіліміздің үнемі дамып отыруы қаламгерлеріміздің еңбектерінің әсеріне де тікелей байланысты. Көркем шығарманың тілі, жазушының өзіндік жеке сөз қолдану стилі, сөз қолдану зергерлігі мен шеберлігі - қазақ әдеби тілінің дамуына серпін беретін ерекше сала.                                            

           Жұмыстың нысаны: Қабдеш Жұмаділовтің «Қазадар қайтып барады» шығармасы  тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі.

         Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты – шығарма тілінің лексика – фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:

  • Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;

 

  • Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
  • Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысын   ашу;
  • Мақал – мәтелдердің шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу,эпитет ) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
  • Портреттің шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;

 Жұмыстың жаңалығы: Бұл жұмыста Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасы тілінің лексика- фразеологиялық ерекшеліктері зерттелініп,төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:

- Шығарма тіліндегі антоним,синоним сөздердің қолданыс       ерекшелігін анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;

- Шығарма тіліндегі қос сөздердің  стильдік қолданысының мағынасы  ашылды;

-  Фразеологизмдердің шығарма  тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясы анықталынып, жеке – жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;

- Мақал – мәтелдердің ұлттық  – танымдық қызметі, шығармадағы  кейіпкер тіліндегі қолданылуы  айқындалды;

- Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық  сипаты (теңеу, эпитет) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;

  • Портреттің шығарма тіліндегі көрінісі анықталды.

            Зерттеу әдістері: Жұмыста талдау, жинақтау, қорытындылау,   баяндау, сипаттау, салыстыру әдістері колданылды.

 Жұмыстың құрылымы: Жұмыс  кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ             

                                       ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

    1. Шығармадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі

 

           Фразеологизмдер – халқымыздың өткен ұрпақтары тілінің де, қазіргісінің де тарихы іспетті. Өзінің образдылығымен айшықты мәнділігімен көзге түсетін фразеологизмдер әрбір ұлт тілінің ерекше көрінісі болып табылады. Фразеологизмді шығармада мол  қолданылуының өзі ұлттық мінездің айқын белгісін көрсетеді. Көркем туындыдағы сезім қылын шертерліктей әсер туғызатын айшықты сөздердің қай-қайсысы да  көркем шығарманың жалпы экспрессивтік үндестігін күшейтеді, эмоциялық бояуын әрлендіреді, күшті сезім әсерін туғызады. Фразеологизмнің осындай мүмкіншіліктерін жазушы өз шығармасында кейіпкердің психологиялық күйінішін- сүйініштерін, ой әсерлерін, рухани жан дүниесін нақты да нәзік бейнелеуге таңдап, талғап жұмсайды.

        Қазақ тілі қазынасындағы тұрақты тіркестердің релеванттық қасиетін айқындау, қазақ фразеологизмдерін іштей саралап бөлу, сондай-ақ фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, фразеологизмнің құрам сипаты және компоненттердің байланысу түрлері, фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдердің сөзден және мақал – мәтелдерден айырмашылығы мен оларға ұқсас тұстары, фразеологизмдердің грамматикалық сипаты, бірнеше фразеологизмдердің жасалуына арқау болатын ұйытқы сөздер, фразеологиялық калька сияқты фразеологияның көкейтесті мәселелерін қазақ тіл білімінің күн тәртібіне қойып, қазақ фразеологиясының бағыт – бағдарын саралаған, осы саланың дербес пәнге айналуының негізін қалаған ғалым академик І.Кеңесбаев болды. А.Ысқақов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздықова тәрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері қазақ фразеологиясының дербес пән болып қалыптасу, даму жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты.

        Фразеологизмдерді топтау мәселесі І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров, Р.Жайсақовалар қазақ фразеологизмдерінің құрамдық сипатын ашып, семантикалық – тақырыптық аясын белгілеп, топтастыру принциптерін айқындады. Р.Сыздықова Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу арқылы қазақ фразеологизмдерінің поэтикалық тілдегі жұмсалу өрісін зерделеп, авторлық қолданыстағы фразеологизмдердің жасалу механизмін көрсетті. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев еңбектерінде қазақ фразеологиясының теориялық мәселелері сөз болды. Р.Сәрсенбаев зерттеулерінде фразеологизмдердің мақал – мәтелдермен, нақыл сөздермен ара – қатысы айқындалды [2].

         Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырғаны байқалады. Біріншісі – қазақ фразеологизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттеу. Бұл бағытта қазақ тіл білімінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялық өңдеуден өткізудегі І.Кеңесбаевтың ‟Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” (Алматы, 1977), Ә.Қайдаровтың ‟Мың әсерлі де бейнелі орамдар” (Астана, 2003) сияқты еңбектерін, фразеологизмдердің сыртқы және ішкі құрылымындағы дыбыстық, мағыналық, семантикалық, әуезділік үйлесімін, т.б. архитектоникасын талдап ашып берудегі С.Сәтенованың  ‟Қазақ тіліндегі қостағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты” (Алматы, 1997) атты зерттеуін, фразеологизмдердің варианттарын көрсету, синонимддік қатарын анықтаудағы Г.Смағұлованың ‟Фразеологизмдердің варианттылығы” (Алматы, 1996), ‟Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени аспектілері” (Алматы, 1998) тәрізді еңбектерін атап айтуға болады. Р.Сыздықованың ‟Сөздер сөйлейді” (Алматы, 1994), Н.Уәлиевтің ‟Фразеология және тілдік норма” (Алматы, 1998) сияқты еңбектерде көптеген фразеологизмдер этимологиялық тұрғыдан талданып, олардың құрамындағы мағынасы күңгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мән – мағынасы ашылды. Қазақ фразеологизмдері фразеологиялық бірлікті жасауға ұйытқы болатын сөздер негізінде соматикалық фразеологизмдер, фитофразеологизмдер, сан – мөлшер фразеологизмдері, зоофразеологизмдер, антропонимдік фразеологизмдер деп семантикалық – мағыналық топтарға, тақырыптарға топтастырып арнайы қарастырылуда.

         Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт – қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сияқты болмыс бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдерімен салғастыра зерттеу ісі. М.Х.Абилғалиева, М.А.Сыздықова, М.А.Жақсыбаева, т.б. зерттеулерінде тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді айқындау, интернационалдық фразеологиялық қорды анықтау, салғастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді саралау және ұқсастықты тудырушы факторларды айқындау мәселелері көрініс тапты. Бұл орайда Г.Сағидолданың қазақ және монғол фразеологизмдерін тіларалық деңгейде салыстырған ‟Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны” (Алматы, 2003) атты еңбегін түркі – монғол салыстырмалы фразеологиясын қалыптастырудағы алғашқы бастама ретінде атап айтуға болады[4].

       Қазақ фразеологиясындағы  үшінші бағыт – фразеологиялық  бірліктерді когнитивтік,этнолингвистикалық,лингвомәдениеттанымдық,психолингвисти-калық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыт фразеологизмдерді ұлттың дүниетанымдық, мәдени, тарихи, материалдық құндылықтарымен сабақтастыра зерттеуге айрықша мән береді. Академик Ә.Т.Қайдар, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, Б.Ақбердиева, Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, С.Жапақов сияқты тілші мамандардың зерттеулері белгілі бір этногенетикалық қауымдастықтың ақиқат турасындағы таным – түсінігін, ментальді әлемін, ғасырлар бойы үзіліссіз жалғасқан ұжымдық тәжірибесін, рухани және материалдық мәдениетін тілі арқылы танып білуде аса маңызды.

         Қазақ фразеологизмдерін  когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, этнопсихолингвистикалық  аспектіде зерттеуге бағыттылған  үшінші бағыт – ХХІ ғасыр  ғылымының басты парадигмасы – антропоцентризмнің жемісі, жаңа ғасыр талап етіп отырған ғылыми интеграцияның нәтижесі.

        Ғалым Ш.Сейітова  өзінің  2009 жылы қорғаған ‟Қазақ этнонимдерінің тарихи – лингвомәдени жүйесі” атты докторлық диссертациясында орта жүздегі алты арыс ел – арғын, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат, найман, яғни Шығыс Қазақстан аймағында қоныстанған осы ру – тайпаға қатысты қалыптасқан атаулар мен тұрақты тіркестердің тарихи – тілдік табиғатын, уәждену ерекшелігін қарастырады. Ру – тайпа атауларынан, тарихи тұлға есімдерінен қалыптасқан тұрақты тіркестерді таксондық тұрғыдан жіктеп, лингвомәдени, этнолингвистикалық сипатын анықтайды .

       Ғалым Р.Үрімова  өзінің  2009 жылы қорғаған ‟Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты”  кандидаттық диссертациясының ‟Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдері” атты тарауының ‟Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдерінің зерттелу жайы” деп аталатын бөлімінде диалектілік фразеологизмдердің зерттелуі жайында айтып өтеді. Қазақ диалектологиясында тұрақты тіркестерге алғаш көңіл аударып, олардың жеке аймақтарға тән сипаты профессор С.Аманжоловтың, Ж.Досқараевтың еңбектерінде ашылып көрсетілді. Диалектілік фразеологизмдер туралы ой – пікірлердің жалғасы Қостанай қазақтарының тілдік ерекшеліктерін зерттеген А.Байжоловтың (1963), Орда қазақтарының тілдің ерекшеліктерін зерттеген Ә.Бөрібаевтың (1964), Маңғыстау сөйленісіндегі тұрақты тіркестерді зерттеумен айналысқан С.Омарбековтің (1965), жоғары оқу орнына арналған ‟Қазақ диалектологиясы” оқулығындағы құрамында әдеби тілде жоқ сөздер кездесетін тұрақты тіркестерге ерекше тоқталған Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаевтың (1991), қазақ тілі сөйленістерінің батыс тобындағы аймақтық сөз тіркестерін синтаксистік ерекшелік ретінде көрсеткен Ә.Нұрмағамбетовтің (1974), оңтүстік сөйленіске жататын Түркістан тұрғындарының ерекшеліктерін қарастырған Б.Жүсіпованың (2003) еңбектерінде берілген. Сонымен қатар, Қ.С.Қалабаева (1997), М.Атабаева (2006) еңбектерінде диалектілік фразеологизмдерге жүйелі талдау жасалған.

         М.Атабаева  диалектілік фразеологизмдер жайында  былай дейді: ‟Диалектілік фразеологизмдер  пайда болу, жасалуы жағынан алғанда, тілдің тарихымен өзектес, сондықтан  диалектілік фразеологизмдерді  жинау, зерттеу, сипаттау аймақтық лексиканың құрамы мен көлемі мәселесін ғана шешпейді, біріншіден, диалектілік тұрақты тіркестер – тіл тарихына қатысты шешімі табылмай жүрген сұрақтардың жауабын табуға септігін тигізе алатын сенімді дереккөз, олардың бойында дыбыстық, грамматикалық құрылыстың көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер бойынан аймаққа тән сөзжасам және сөздердің түрлену жүйесі айқын көрінеді, үшіншіден, диалектілік тұрақты тіркестер әдеби тілдің фразеологиялық құрамын байытуға азды – көпті үлес қосады, төртіншіден, фразеологиялық тіркестер семантикасы ауқымды, терең, олардың мазмұнында этностың рухани мәдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған” .

        Ғалым А.Нұржанова  өзінің  2010 жылы қорғаған ‟Дүниенің қарабайыр бейнесі: фразеологиялық фрагменттің соматикалық коды” деп аталатын кандидаттық диссертациясында қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдерді ‟тіл және адам” проблематикасы тұрғысынан өзектей отырып, олардың мазмұн межесін қазақ этносының дүние бейнесінде бекіген әлем туралы білімінің, өмірлік іс – тәжірибесінің соматикалық коды тұрғысынан зерттейді және ‟қарабайыр” санада орын тепкен ‟адам және оның дене мүшелері” туралы көне ұғым – түсініктердің тілдік көрінісін айқындайды[8] .

     Қазақ тіл білімінде  фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді біз шартты түрде төмендегідей 4 кезеңге бөлдік:

  1. ХХ ғасырдың ортасы – 40-50 жылдар – қазақ фразеологизмдерін теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
  2. 60-70 жылдар – қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
  3. 80-жылдар – фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу. Қазақ фразеологизмдерінің өзге аударылуы мен басқа тілдегі фразеологизмдердің қазақ тілінде берілуі жайлы.
  4. ХХ ғасырдың соңғы жылдары-1990-2000 жылдар-фразеологизмдерді этнолингвистикалық және салыстырмалы фразеология тұрғысынан зерттеу.Фразеологияны зерттеп жүрген ғалымдарымыз фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда,оның объектілерін,тілдегі орны мен табиғатын,зерттеу әдістерін анықтауда теориялық тұжырымдар жасап,іргелі еңбектер жазған үш мектеп өкілдері:Мәскеу,Санкт-Петербург,Самарқант мектептері болғанын атап айтады.
Краткое описание
Тақырыптың өзектілігі: Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес кұндылығы деп саналады. Тіл - дүниетаным кұралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі. "Әлемнің тілдегі бейнесі" көркем туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлттың айшықты тілі көркем шығармаларда көрініс тауып, сол арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге қызмет етеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуімен байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласында өрісінің кеңейіп жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдік кұрылымдардың жазбаша формадағы көрінісін, нақтырақ айтқанда көркем шығарма тілін зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр.
Содержание
Кіріспе......................................................................................................................6

I Тарау. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Шығармадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі...................................8

1.2«Қаздар қайтып барады» шығармасы тіліндегі синоним, антоним сөздердің тілдік қолданысы.................................................................................29

1.3. Шығарма тіліндегі қос сөздердің қолданылу аясы ....................................36

II Тарау.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі.........39

2.2 Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты(теңеу,эпитет)...43
2.3. Портрет...........................................................................................................49

Қорытынды ........................................................................................................51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................53