Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Содержание

Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 640.00 Кб (Скачать документ)

«Шығармашылық» сөзінің төркіні [9] (этимологиясы) «шығару», «ойлап табу», «іздену» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Көрнекті психолог Л.Выготский: [9] «Шығармашылық» деп − жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе парасаттылық тұрғыдағы, баланы жаңа психикалық сапаға көтереді [10].

Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс–әрекет туралы әр кезде, әр түрлі  пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында  философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық  ашу», – дей келе – ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдыретімен болады. Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет»–деген [12].

В.В.Давыдов [19] «тұлға негізінде  шығармашылық бастау жатыр; тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты» деп  есептеген. Б.Д.Эльконин  [20] шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

Мұнда басты ұғымның  мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктері де зерттелген. Мысалы, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері  В.В.Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды, бқл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі – «оқуға құштарлық, ынталылық». Жасөспірімділік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды, В.В.Давыдов [20] шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып дамуын В.В.Давыдов өзінің «Дамыта оқыту теориясы» еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте В.В.Давыдов тұлғаны «еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі – оның еркіндікке деген қозғалысы» деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде тұлға  болып дамуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.

Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің  шексіздігінің танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу  жолындағы белсенділігі туралы Ю.Н.Кулиткин, А.В.Даринский, тағы басқа атап өткен. Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын қалыптастырады.

Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ  жаңа субъект – субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін - өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі – шығармашылық жағдайында жұмыс жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің «кәсіби дамуының жақын аймағын» ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.

Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде  қарастырады (А.Бергсон, В.И. Вернадский, т.б.). Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен қажеттілктеріне  орай жасампаздықсыз өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деграцияға ұшырауы деп түсіндіреді. Ғылыми  - теориялық еңбектерге талдау жасауға тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам – қайталанбас, біртуар адам. (В.А. Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық «ішкі» «өзін - өзі жасау» және «сыртқы» «қоршаған әлемді өзгерту» жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды.

Соңғы жылдары қарастырылып отырылған мәселенің зерттелуі  жаңа қырынан көрінуде. В.И.Слободчиков  [21] оқушы өміріндегі басты оқиға  «өзіндік Менін ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін өз өмірбаянының жасаушысы ретінде сезіну» деп есептейді. Бұл мағынада оқушының шығармашылық әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын дамытуға және өзін осы қатынастың өнімі ретінде қарастыруға бағытталған. Бұл мәселе дұрыс шешімін табуы үшін В.И.Слободчиков келесі психология-педагогикалық талапты ескертеді: «Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы, оқушы мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы». Шығармашылық әрекет бұл жерде ересек адам мен жасөспірімнің кездесуі, бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни, ересек адаммен бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сомдай білу негізгі мектеп оқушыларының шығармашылық әрекетінің моделінің бір бөлігі болып табылады.

Бүгінгі білім берудегі мектептің негізгі мақсаты –  оқушыда өз жеке білім траекториясын  таңдау қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау. Яғни, педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет – оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім траекториясын дамытуға бағытталған.

Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға сәйкес дамитын қабілеттіліктерін  Ю.Г.Юдина [22] мына түрде қарастырады:

«1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап  етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру, т.б.

2. Оқушының шығармашылық  әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы:  жаңа жағдаятқа байланысты білім,  икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу.

3. Сыныптағы ерекше  эмоционалдық шығармашылық атмосфера  және оқушының қызығушылығы, белгілі  эмоция, сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.

4. Оқушылардың жаңа  бір нәрсені ашуы: оқушы өзін  белгілі бір жаңалықтардың авторы  ретінде сезінеді, бұл оған белгілі  бір пән төңірегіндегі қызығушылығын  жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі».

Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшаларда болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың  шығармашылық қабілеттердің белгілері. Осыған байланысты А.Н.Лук өз еңбегінде  «адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен  шығармашылық ойлауға байланысты» деген өз пікірін айтады. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

- нерв жүйесін (ақпаратты)  код арқылы жіберу;

- тасымалдай білу;

- ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;

- әрекетті бағалауды  айтады.

Соңдай-ақ ғалым  шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болуы  керекгігін және қорқыныш, жалқаулык, өзін-өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады.

Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық проблема ретіндегі  өзекті мәселенің бірі – оның дамуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында  оқушының шығармашылығын дамыту мәселесі шығармашылық процестің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық процесті А.Н.Лук [23] бес кезеңге бөледі:

1. Айқын және дұрыс  қойылған мақсат.

2. Қосымша мәліметтер  іздеу, күш салу.

3. Инкубация. Уақытша  мәселені қозғамау.

4. Интуиция оянуы. Инсаит.

5. Нәтижені жан-жақты  тексеру.

Ал, француз математигі Ш.Адамар [24] шығармашылық процесті төрт кезеңге бөледі:

1. Дайындық кезеңі.

2. Инкубация, жасырын  идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

3. Интуицияның жарқ  етуі. Эврика.

4. Тексеру кезеңі.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғанбаева [25] өз диссертациясында шығрамашылық процестің кезеңдерін төмендегіше топтастырады:

1. Жаңалықпен бетпе-бет  келу.

2. Шығармашылық белгісіздік,  екіұштылық.

3. Шешімнің жарқ етуі.

4. Шығармашылық акт.

5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық процестің  әр кезеңінде бала бойында әр түрлі  сапалық қасиеттер дамиды. Мысалы, алғашқы қезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген  күдік, шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдық ой-қиялды дамытса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс-әрекет барысында көрінеді.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу, жаңа нысан, жаңа шешім табуды белгілейді [26].

 А.Н.Лук шығармашылық  әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, ақылдың  алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай  білу қабілеті, идеяларды іске  асыру, болжай білу қабілеттерін  айтады [27].

П.Вайнцвайгтың көзқарасы [28] бойынша ойлау, еңбек, мамандық қана шығармашылық болып қоймайды, адамның өзіне деген көзқарастың да мәні зор.

Ә.Ә.Сағымбаев [29] ғалым-психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, өзінің диссертациясында оқушылардың шығармашылығын дамытуға кері әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:

«Әлеуметтік:

- әлеуметтік жағдайдың  болмауы;

- отбасында шығармашылық  жағдайдың болмауы.

Педагогикалық:

- мұғалімнің баланың  белсенділігін қолдамауы;

- баға қоюдағы әділетсіздік;

- әдістемелік көмекші құралдардың болмауы.

Психологиялық:

- ойлау, қиялдың төмендігі;

- өз күшіне сенбеуі;

- жалқаулығы.

Физиологиялық

- денсаулығының нашарлығы».

Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылықты дамытуға болады. Біздің ойымызша, оқушылардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттарын мына түрде көрсетуге болады:

а) пәнге үйретудің  ашықтығы, бұл шарт оқушыларға өз әрекетін таңдауға және еркін жоспарлауға  мүмкіндік береді;

ә) сыныптағы білім  кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық, көп мазмұндылық шығармашылық әрекетінде жан-жақты болуына әсер етеді;

б) оқушының мұғаліммен бірлесе  отырып өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы; ыңғайлы жоспардың  жасалуы және шығармашылық жұмыстардың  белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады. 

 Шығармашылық жайлы  еңбектерді талдай келе біз  төмендегідей қорытындыға келдік. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық  процес. Ол іс-әрекет түрлі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталған адам әрекеті деуге болады:

- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың  болуы;

- әлеуметтік және жеке  адамға деген мәнінің болуы;

- шығармашылыққа арналған  шарттардың, жағдайдың болуы;

- шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

- нәтиженің жаңалығы, соңы.

Ал бастауыш сыныптағы  балалардың шығармашылығы тек өзіне  ғана жаңалық болып табылатын  субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз.

1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2. Шығармашылық, екі ұштылық,  белгісіздік.

3. Шешімнің жарқ етуі.

4. Шығармашылық акт.

5. Шешімнің дұрыстығын  дәлелдеу.

Үлкен энциклопедиялық  сөздікте «шығармашылық» қайталанбайтын, тарихи–қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс–әрекет» деп тұжырымдалған.

Энциклопедиялық [30] сөздікте: «шығармашылық ешқашан бұрындары  болмаған жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет» ретінде қарастырылған. Шығармашылық ұғымының бұл анықтамасының  дәл осы қалпында қабылдануы бастауыш сынып оқушысы үшін келіңкіремейді. Өйткені бастауыш мектеп жасындағы оқушы қоғамдық құны бар өнім жасай алмайды және мұның өзі мектептің міндетіне кірмейді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту