Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Содержание

Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 640.00 Кб (Скачать документ)

Кесте 8

Білім деңгейінің диагностикалық картасы

Деңгей

Критерийлер (деңгейдің  сипаттық мазмұны)

Жоғары

- оқыған материалдарды  талдай алады;

- түсінігін топтап, жүзеге  асыра алады;

- оқу тапсырмаларын  өз бетінше орындайды, проблеманы  және оны шешу жолдарын өзі  таба алады;

- білімді шығармашылық тасымалдауды жүзеге асыра алады.

Орташа

- оқу материалының  көлемінде жеткілікті білімінің  болмауы;

- тапсырманы шығаруда білімін пайдаланады, бірақ жеңіл-желпі қателіктер жібереді;

- мұғалімнің басқыншылығымен  пікірді өз бетінше шешеді, пікірдің  тиянақсыздығы, басқаның пікірін жиі мақұлдайды.

Төмен

- өз бетінше тапсырманы  орындай алмайды, тапсырманы шығаруда қателерді көп жібереді;

- оқушы дайын шешімге  ортақтасуға тырысады.


Сонымен, бұл деңгейлердің проценттік көрсеткіші эксперименттік және бақылау сыныбында төмендегідей шықты.

Кесте 9

Білім деңгейінің көрсеткіші

Сынып     Оқушы

                  тізімі 

                                           Деңгейлер

 

Жоғары 

Орташа

Төмен

 

3 «А»

 

25

Оқушы

%

Оқушы

%

Оқушы

%

12

48

11

44

2

8

3 «Б»

25

10

40

9

36

6

24


 

Эксперимент нәтижесі бойынша 3 «А» сынып оқушыларының білім, білік, икем дағдыларының деңгейі 3 «Б» сыныбымен салыстырғанда қаншалықты жоғары жетістіктерге жеткенімізді салыстырмалы түрде құрылған суреттен көруімізге болады.

 Сурет 7  Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейінгің көрсетікші

 

 

Бұл суретте 3 «А» сыныбында жүргізілген эксперимент жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз. Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығының артуы; өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы; шығармашылық тапсырмаларды орындай алуы; ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы, жалпы алынған нәтиже шығармашылық іс әрекетті енгізуге болатынын көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қоғам дамуының республикамызда орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық бағыттары және жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу проблемасы, оқыту мақсатын, мазмұнын, түрін, әдістерін қайта қарап, оқу процесіне көптеген өзгерістер енгізуді қажет етеді. Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасында: «Бұл саланы реформалаудың стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкеріпілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс» – деп көрсетілген болатын.

Шығармашылық дарындылықты дамыту мен оның психологиялық табиғаты, мәні мен мазмұнын түсінуге байланысты ой-пікірлер тамырын тереңге бойлайды. Оның маңыздылығы жөнінде қазақ ғұлама ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. еңбектерінде сөз қозғайды.

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытуды басты назар етіп алады.

Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен  практикадағы жетістіктерді адамның  шығармашылық, рухани дамуына, дара мүмкіндіктері  мен интеллектуалдық сапаларының  жоғары деңгейде қалыптасуын ұйымдастыру  міндетіне қояды.

Осыған байланысты, орта мектептерде пәнді оқыту әдістері оқу процесінің сапасын жоғарылату, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсенді түрде дамыту, білімнің мазмұнын толықтырып жетілдіру бағытында жаңартылуда. ЕлІміздегі білім жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне кіріге бастауына байланысты, білім мазмұнынын мақсатты компоненттері өзгеруде.

Жалпы, бастауыш мектептерде білімді жемісті оқыту мәселесінің шешілуі оқу процесіие қандай жаңа әдістемелер мен құралдардың енгізілуіне байланысты. Күнделікті өмірдің өзі бұл әдістемелер мен құралдардың бүтін жиынтық яғни оқу жоспарын құруға ғылыми негізделген тәсілдерді пайдалана отырып, білім мазмұнындағы интеграциялау проблемасын шешетін, сондай-ақ оқытудың сапасын артгыратын, интенсивтілігі мен бейімделуі арқылы оның шығармашылық деңгейін жоғарылататын көрсетіп отыр.

Энциклопедиялық сөздікте: «шығармашылық ешқашан бұрындары  болмаған жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет» ретінде қарастырылған. Шығармашылық ұғымының бұл анықтамасының  дәл осы қалпында қабылдануы бастауыш сынып оқушысы үшін келіңкіремейді. Өйткені бастауыш мектеп жасындағы оқушы қоғамдық құны бар өнім жасай алмайды және мұның өзі мектептің міндетіне кірмейді.

Шығармашылық психологиялық  тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары формасы және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.

Американдық психолог Фромм  анықтамасы бойынша шағармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті.

И.П Волков бастауыш сынып  оқушысы үшін шығармашылық деп «оқушы игерген білімін, білігін әдістерін  тиісті жерде қолдана отырып, баланың өзі үшін пайдалы және жаңалық болып есептелетін іс−әрекеттің нәтижесін» атауды ұсынады. Бізде осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып оқыту процесіндегі шығармашылық деп, оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп салдарын өз  көзқарасынша  қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы іс−әрекетті орындау нәтижесін айтамыз.

Шығармашылықтың негізгі  сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.

Қазіргі кездегі  ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерлікгің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдьнда оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін шығармашылық тапсырманы шығарудың мәні зор.

Шығармашлық тапсырмаларды мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын -  тапсырманы шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық шығармашылық тапсырмалар тапсырманы шығарушы сипатына қарай шығармашылық тапсырмалар және жаттығу болып бөлінеді.

Ал, шығармашылық тапсырмалар мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну мақсатындағы оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оның қарапайым өзгеше шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Шығармашылық тапсырмалар оқушы санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес, ақыл-ой  қызметінің эвристикалық тәсілдерін де қалыптастырады.

Оқушының  шығармашылық тапсырманы шығару мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекет талпынысын туғызады. Шығармашылық тапсырмаларды шығаруда оқушының сұранысы тапсырмаларды шығаруға қойылатын талаптар арқылы тудырылады. Мұнда шығармашылық тапсырмалардың қарапайым тапсырмалардан айырмашылығы -  оқушының тапсырманы шығарудағы іс-әрекетінің тек сыртқы талаптармен ғана шектеліп қалмауын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, оқушының тек тапсырманы шығаруға бағытталған іс-әрекеті шығармашылық тапсырмалардың мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы  керек.

Шығармашылық тапсырманы шығаруда осындай тұрғыда қарастыру оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып, оның ой қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Орақова А.Ш. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары: педагогика ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. дис. автореф. /А.Ш. Орақова.–Алматы, 2006.– 27 б. 
  2. Орақова А.Ш. Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу және оған қолайлы жағдай туғызу //  Білім берудегі менеджмент. – 2002. - №3. – 94-95 б.
  3. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер (құрастырғандар: Шәріпов Ә., Дәуітов С.) – Алматы: «Жазушы»,1989. – 320 б.
  4. Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия. Кітапты араб жазуынан көшірген: Ақажанова А. – Алматы: «Рауан», 1995. – 312 б.
  5. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. – Алматы: «Қазақстан», 1980. – 171 б.
  6. Жанатбекова Н. Шығармашылық қабілеттілік – даму негізі // Қазақстан мектебі. – 2006. - №2. – 15-18 б.
  7. Нұрахметова Г. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту // Білім берудегі менеджмент. – 1999. - № 4. - 88-90 б.
  8. Тұрғынбаева Б. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту // Ұлт тағлымы. – 2006. - №3. – 263-267 бет.
  9. Выготский Л.С. Воображение в творчестве в детском возрасте. М., Просвещение, 1987.
  10. Нағымжанова Қ.М. Креативтіліктің құрылымы мен мазмұны – шығармашылық педагогикалық іс-әрекет негізі // Білім берудегі менеджмент. – 2006. - №1. – 76-82 бет.
  11. Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру: Педагогика ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын: Автореф. – Шымкент, 2006. – 27 бет.
  12. Тұрғынбаева Б. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту // Ұлт тағлымы. – 2006. - №3. – 263-267 бет.
  13. Елшібаев Ә.К. Оқушылар шығармашылығын дер кезінде дамыту. // ШҚО Педагогика жаршысы. – 2005. - № 3 (12). - 26-31 бет.
  14. Утешова М. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту // Ұлт тағлымы. – 2006. - №3. – 263-267 бет.
  15. Харламов И.Ф. О педагогическом мастерстве, творчестве и новаторстве // Советская педагогика. – 1992. - №7-8. – 11-15 стр.
  16. Занков Л.В. Обучение и развитие. – М.: Просвешение, 1975.-С. 116-117.
  17. Лук А.Н. Мышление и творчество. М. Изд-во политической литературы . 1976.
  18. Пономарев Я.А. Психология творчества и педагогика. – М.: Педагогика, 1976. – 186 с.
  19. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. – М.: 1974. – 304 с.
  20. Утешова М. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту // Ұлт тағлымы. – 2006. - №3. – 263-267 бет.
  21. Іргебаева Ә.И. Білім тірегі-шығармашылықты ұстаз. //Білім берудегі мененджмент. -1999. - N4.- 88-92 б.
  22. Қадірова Б. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми педагогикалық проблемалары // Педагогикалық кеңес. – 2006. - №1. – 6-12 бет.
  23. Қадірова Б. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми педагогикалық проблемалары // Педагогикалық кеңес. – 2005. - №2. – 8-10 бет.
  24. Тұрғынбаева Б. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту // Ұлт тағлымы. – 2006. - №3. – 263-267 бет.
  25. Әбдібеккызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. /Мұғалімге арналған көмекші құрал. Әдебиет пәні. 5-8 кл.- Алматы: Рауан, 1994, - 78 б.
  26. Әлкен С. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу [Мәтін] //Бастауыш мектеп, - 2006. - N 1. - б. 44-45
  27. Жақыпбекова Г.Т. Математика сабағында дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісін пайдаланып оқушылардың шығармашылык; қабілетін дамыту: Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу ұшін дайындалған диссертацияның авторефераты.- Алматы: Б.ж., 2001.- 25 б.
  28. Жанатбекова Н.     Шығармашылык кабілеттілік - даму негізі [Мәтін] / Жанатбекова Н . // Қазақстан мектебі. - 2006. - N 2. - б. 15-18
  29. Қадірова Б. Оқушылардың шығармашылық әрекетің дамытудың кейбір ғылыми-педагогикалық проблемалары. //Бастауыш мектеп. - 2005. - N 2. - б. 13-15
  30. Қаңтарбаева Г. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту //Бастауыш мектеп. - 2005. - N 7. - б. 25-26
  31. Қарапаев С. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы. //Бастауыш мектеп. - 2006. - N 1. - б. 24-25
  32. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалык мүмкіндіктері: Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу ұшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Қарағанды: Б. ж., 2004.- 30 б.
  1. Рахымтаева Ә. Баланың шығармашылық кабілетін дамыту. Бастауыш мектеп. - 2003. - N7. - Б. 35-36
  1. Сардарова Ж. Оқушының шығармашылық бағытта дамуы// Бастауыш мектеп. - 2001.- N7.- б. 8-9
  2. Сатқаева 3. Шығармашылыққа қалыптастыру ұстанымдары // Қазақстан мектебі .- 2003. - N9. - б. 34-36
  3. Серімбетова С. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту //Бастауыш мектеп. - 2003. -N7. - б. 32
  4. Тұрғынбаева Б. Біліктілікті арттыру жүйесінің мақсаты- мұгалімдердің шығармашылық әлеуметін дамыту //Бастауыш мектеп. - 2005. - N 3. - б. 3-5
  5. Ибраева С. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. // Информатика.Физика.Математика. - 2001.- N4 - б. 12-13
  6. Кенеш Ә. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзекті мәселелері //Қазақстан жоғарғы мектебі=Высшая школа Казахстана. - 2004. - N1. -б. 105-109
  7. Кенжебекова Р. Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жүмыстарын жұргізу арқылы оқушыларды ізгілікке баулу //¥лт тағылымы. - 2002. - N4. - б. 47-49
  8. Қайыңбаев Ж. Математиканың жаңа білім мазмұнының ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. - 2001. - N5. - б. 16-24
  9. Оспанов Т. 1-4 класс математикасын оқытудағы сабактастықтың мазмұны мен методикасы. - Алматы: Мектеп, 1980. - 70 б.
  10. Сағымбекова Р. Математиканы оқытуға дайындау тұжырымдамасының жүзеге асу жағдайлары мен жолдары //Бастауыш мектеп - 2003. - N 7. - б. 17 -18
  11. Әмірова Ә.С. Шығармашылық пен оқытудың өзара байланысы  // Білім берудегі менеджмент. – 2005. - № 4. - 38-43 бет.
  12. Шубинский В.С. Педагогика творчества учащихся М.: Знание, 1988. – 36 с.
  13. Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы: Рауан, 1994. – 80 бет.
  14. Жанабилова А.К. Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуда шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту технологиясы (6–7 сынып). – Педагогика ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын: Автореф. – Алматы, 2005. – 29 бет.
  15. Орақова А.Ш. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары: педагогика ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. дис. автореф. / А.Ш. Орақова. – Алматы, 2006. – 27 б. 
  16. Омарова Р. Шығармашылық – басты мақсат //Бастауыш мектеп. – 2006. - №3. – 30-32 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ СОҢҒЫ  БЕТІ

 

 

 

Диплом жұмысын өзбетіммен орындадым. Диплом жұмысында пайдаланылған барлық материалдар ғылыми әдебиеттерден алынып, оларға сілтемелер жасалды.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту