Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:56, реферат

Краткое описание

Әлемде экономиканың жаһандану кезеңіне өтуі әр континенттің мемлекеттерін бір-бірімен тығыз байланыстырды. Бұл процестердің көпшілігі сыртқы экономикалық мәмілелерде көрініс тапқан. Халықаралық шаруашылық қызметін реттеу әр түрлі құқықтық құралдарды қолдануды қажет ететін түрлер мен нысандарда жүзеге асырылады. Соның ішіндегі нарықтық экономика жағдайында маңыздысы өзара қатынастары жеке құқықпен, яғни азаматтық құқық және халықаралық жеке құқықпен реттелетін жеке тұлғаның қызметі болып табылады. Сондықтан да жеке құқықтық мәміле халықаралық экономикалық қызметті реттейтін негізігі құқықтық нысан. Әдетте жалпы түрде оны халықаралық коммерциялық мәміле деп атайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

сырткы.doc

— 65.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік емес реттеу жүйесінде халықаралық сауда әдет–ғұрыптары ерекше орында. Әдет-ғұрыптар – тәжірибеде қалыптасқан, бірақ міндетті заңи күші жоқ бірыңғай тұрақты ережелер жиынтығы. Егер шартта сауда әдет ғұрыптарына сілтеме жасалса, ол онда сипатқа ие болып, шарттың талаптары ретінде қабылданады. Дүниежүзінде халықаралық сауда әдет-ғұрыптарының бірнеше түрлері бар. 1994 жылы жасалған және жарияланған халықаралық коммерциялық контракт қағидалары УНИДРУА (Жеке құқықты унификациялау жөніндегі халықаралық институт). УНИДРУА қағидаттары халықаралық шарт болып табылмайды, мемлекеттердің қосылуын талап етпейді, тек ұсыныстық сипатта болады.

Сауда терминдерін талдау жөніндегі халықаралық ережелер жиынтығы – ИНКОТЕРМС, Халықаралық  сауда палатасы құрған (1990 жылы және 2000 жылы). Қазіргі уақытта ИНКОТЕРМС 13 сауда термині және оның талдау ережелерінен тұрады.

Сыртқы экономикалық мәмілені мемлекеттік емес реттеу нысанына сот және арбитраж тәжірибесін жатқызуға  болады. Оның маңызы – халықаралық  сауда әдет-ғұрыптар және қолданбалы құқық нормаларының талқылауы мен мазмұнын анықтау; әр түрлі салалар мен жүйелерге жататын құқықтық нормалардың келісімді қолданылуын қамтамасыз ету; сыртқы экономикалық мәмілені реттейтін халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық нормалардың дамуына жағдай туғызу[11, 203]. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер :

  1. ҚР Азаматтық Кодексі, 27 желтоқсан 1994 жыл – 56-318 б.
  2. Испаева Г.Б. Понятие внешне экономической сделки в доктрине международного частного права// «Право и государство». 1998.-№3.-32 б.
  3. Лунц Л.А. Международное частное право. Особенная часть.-М.: «Юридическая литература», 1975.-132 б.
  4. Под ред. М.К. Сулейменова Право и иностранные инвестиции в РК – Алматы: «Жеті Жарғы», 1997.- 210 б.
  5. Ахмадиева Г.Д. Правовое регулирование внешнеэкономических контрактов в РК.-Алматы: «Ғылым», 1996.-17 б.

Информация о работе Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау