Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 01:31, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігі туралы мәселе халықаралық құқықтың жаңа даму тенденцияларын айқындайды. Ол халықаралық құқықтың реттеу базасы мен нормативтік құқықтық реттелудің өзгеруін көрсетеді.
Зерттеу объектісі: халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъекілігін мойындау немесе жоққа шығару мәселесі.
Зерттеу мақсаты: халықарылық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілік мәселесін, олардың құқықтық мәртебесін толықтай зерттеп, тақырыпты ашу.
Зерттеу міндеттері: - халықарылқ құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігінің мәнін анықтау;
- олардың ерекшелігін анықтау, жеке тұлғаның қазіргі халықаралық құқықтағы рөлін, мәртебесін анықтау;
- қазіргі халықаралық құқық тәжірибесінде жеке тұлғаның рөлін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................
1.ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚСУБЪЕКТІЛІГІ
1.1. Құқысубъектілік ұғымы, белгілері және даму тарихы...................................
1.2. Жеке тұлғаны халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану....................
2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ МЕН ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
2.1. Жеке тұлға құқықтарының халықаралық органдармен қорғалуы.................
2.2. Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі...........................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс 2012.docx

— 82.38 Кб (Скачать документ)

Жеке құқықтар мен ұлттар құқығының ара қатынасы мәселелерiнде  гармониялық үйлесiм қажет, бiрде-бiреуiнiң  бiрiнен-бiрiнiң басымдылығына жол беруге болмайды. Соңғы тезистi талқылауды арандату мақсатында бұл мәселеде халықаралық–құқықтық құжаттарға сүйенуге болмайтынын айтып өткiмiз келедi. Өкiнiшке орай, ұжымдық құқықтар мен жеке тұлғаның құқықтары арасындағы ара қатынас мәселесiнде халықаралық құқық нормалары қайшылықты болып келедi.

Адам құқықтарының халықтар мен ұлттар құқықтарынан басым тұруын қалай түсiндiруге болады? Адам құқықтарын қорғаудың келiсiлген механизмiн қалай жасауға болады? деген мәселелерде бiз шешiм табуға қиналамыз. Адам құқықтары проблемаларында жалпы адамзаттық құндылықтарға негiзделген жалпы критерийлер мен амалдар жасау қажет. Мұндай күрделi мәселелердi қарастырғанда, бiз барлық азаматтардың теңдiгi мемлекеттердің нақты саяси, құқықтық, экономикалық мүмкіндіктерiн есептегенде ғана мүмкін болатынын ескеруiмiз қажет.

 Халықаралық құқықтағы тұлғаның мәртебесiн сараптауды халықаралық қылмыстық процесс саласында  одан әрi жалғастырамыз. Халықаралық қылмыстық процестiң құқықтық нормалары бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар туралы Кодекс Жобасында, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – ИНТЕРПОЛ Жарғысында, БҰҰ-ның ең төменгі стандарт ережелерiнде, кәмелетке толмағандарға қатысты сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға қатысты 1985 жылғы «Пекин ережелерiнде» , сотталушыларға қараудың 1995 жылғы Ең төменгі стандарт ережелерiнде, өлiм жазасына кесiлгендердiң құқығын қорғауды кепiлдейтiн 1984 жылғы іс-шараларда кездеседi. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарда мемлекеттердің қылмыскердi ұлттық сотқа беруi немесе басқа мемлекетке қылмыстық қудалауды жүзеге асыруы үшін беру мiндеттерi; бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қарсы қылмыс жасаған тұлғаларға ескеру мерзiмiн қолданбау; кiнәсiздiк презумпциясы, сот талқылауының әділдіігі және т.б. қарастырылған. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің қылмыстар бойынша сот әдiлдiгiн атқаруға өзара көмектесу шаралары туралы, қылмыскердi беру туралы үлгі шарт жөнiнде ұсыныстар жасады, табу, ұстауға қатысты халықаралық ынтымақтастық қағидаларын әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған кiнәлi тұлғаларды беру және жазалауды айқындады.

Негізінде, жеке тұлғаның соттан өзге халықаралық органдарға жүгіну құқығы Ұлттар Лигасымен бектілген мандаттық жүйеде көрсетілген еді. Бірақ,  тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол құқық танылып, кең қолданысқа ие болады, және халықаралық қауымдастық атынан танылады.

Ең алғашында, БҰҰ-на мүше мемлекеттер жеке тұлғалардан келіп түсетін арыздарға сын көзбен қарады.

1959 ж. ЭКОСОСтың 728 (XXVIII) резолюциясы тағы бір рет, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жеке тұлғаның құқықтарына қатысты кез келген іс әрекетке қабілеттілігі туралы арызын мақұлдады. Алайда, ол арызда БҰҰ Бас хатшысына келесідегідей өтініш орын алды. Ол бойынша екі түрлі арыз тізімін құру қажет болды. Бірі-құпия емес, яғни оның ішінде адам құқықтарын қорғауға қатысты арыздар болса, екіншісі құпия түрде. Ол арыздарда белгілі бір адам құқықтарын бұзушылыққа қатысты ақпаратқа ие хабарламалар болды. Ол құпия хабарламалар Адам құқықтары жөніндегі комитетпен мемлекеттерге жіберіліп отырды, ал тиісінше сол мемлекетер ол қылмыстың шынында орын алмауы не алуы туралы өз жауаптарын жіберіп отырды. Ал сол істерге байланысты Адам құқықтары жөніндегі комиссия ешқандай шешімдер шығармады. БҰҰ мүше мемлекеттер арзыдардың Адам құқықтары жөніндегі комитетпен қаралуына қарсы еді, ал қарсылығын ол мемлекеттің ішкі істеріне қолсұғушылық деп тануымен айғақтады. Алайда, БҰҰ-на адам құқықтарын бұзу мен шектеу туралы арыздар көптеп келе берді, көбінесе олар колониялды, тәуелді елдерден келіп түсетін арыздар еді.

 1965 жылы тәуелді елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру үшін құрылған арнайы комитет Оңтүстік Африкадан келіп түскен көптеген петицияларға өз назарын аударды, ол сол регионда адам құқықтарының бұзылуы кең етек алғанына дәлел еді. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі комиссия жыл сайын «Адам құқықтары мен жалпы бостандықтары туралы, және онымен қоса нәсілдік дискриминация мен сегрегация туралы, әсіресе тәуелді елдер мен мемлекеттерде апартеид саясаты туралы» мәселерді шешуді алдына мақсат етіп қойды. резолюция 8 (XXIII) ЭКОСОС бұл Комиссияның шешімін мақұлдап, 1967 жылы 6 маусымда 1235 (XLII) резолюциясында заңды күш берді.

1235 (XLII) резолюциясы жеке арыздарды қарастыру механизмін бекітпеген еді. Маңызды қадам ЭКОСОС шешімімімен жасалды,  1970 жылы 27 мамырда Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ұсынысымен 1503 (XLVIII) резолюциясы қабылданды. Ол резолюцияға сәйкес, комиссияға бағынышты тағы бір комиссия 5 мүшеден тұратын топ құрып, жылына 1 рет 2 апта комиссияның сессиясынан бұрын барлық хабарламаларды қарастырып, оларға жауап қайтарған мемлекеттердің хабарламаларын да қарастырады. Бұл комиссия алдын ала істің мән жайын тексеріп, адам құқықтары жөніндегі комиссияның назарын сол белгілі бір елге аударатын еді. Комиссия, өз кезегінде, жағдайды тексеріп, жан жақты қарастырып болғаннан кейін, ЭКОСОСқа өз ұсыныстары мен шешімдерін ұсынады. Альтернативті шешім ретінде ол жұмыс тобын құрады не болмаса сол елге баратын өз өкілін тағайындайды. Әрине бұл шаралар сол мемлекетпен келіссөздер жүргізгеннен кейін жүзеге асады. Мамандардың шешімдері мен ұсыныстары кейін Комиссиямен келісіледі.

Бұл процедура комиссия өзге бір шешімге келмегенге дейін  құпия түрде болатын еді. Ал 1987 жылдан бастап, Комиссия төрағасы ресми түрде, қай елде процедуралар өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Ал ЭКОСОС өз кезегінде белгілі бір елде бұзылған адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары туралы материалдарды жариялау туралы шешім қабылдайды.

Оның барлығы мемлекеттерге  белгілі бір саяси әсер етеді.

1503 (XLVIII) резолюциясымен қарастырылған процедураға сәйкес, 1970 ж.уақытша деп қарастырылды, яғни азаматтық және саяси құқықтар туралы пакттің факультативті хаттамасы қабылданғанға дейін. Протокол 1976 ж.наурызда қабылданды, алайда көптеген БҰҰ мүше мемлекеттер оған мүше емес, сондықтан көптеген мемлекеттер факультативті хаттамаға қосылмайынша, осы процедураның әсері шектеулі болып келеді.

Факультатитвті хаттамаға  сәйкес жеке арыздарды қарастыру 1503 резолюциясынан гөрі әлдеқайда оңтайлы және тез. Хаттамаға сәйкес, Адам құқықтары жөнінде комитет жеке келіп түскен арыздарға қатысты шешімді, тек егер мемлекет бұл хаттаманы бекітіп, ратификациялаған жағдайда қабылдап, кірісе алады. Құпия (домалақ) арыздар қабылданбайды және де қарастырылмайды. Егерде жәбірленуші белгілі бір жағдайларға байланысты Комитетке жүгіне алмайтын болса, ол үшін жақын туыстары немесе реми өкілі хабарлай алады. Ал қаралатын фактілер мен іс әрекеттер шеңбері осы пактің не болмаса хаттаманың күшіне енген кезінен бастап саналады, яғни бұған дейінгі мәселелер қарастырылмайды. Комитет, егерде жеке тұлға осы халықаралық процеске дейінгі барлық мемлекет ішіндегі инстанцяларға жүгінгеніне сенімді болмайынша ол істі қарастырмайды.

Комитет арызды проблема деп  танымайынша, ол қаралмайды. Арыздарды  қабылдамайтын ең көп таралған негіздердің  бірі  бұл ұлттық, яғни мемлекет ішіндегі барлық құқықтық құралдардың соңына дейін қролданылмауы. Егерде адам құқықтары жөніндегі Комитет арызды орынды деп таныса, тиісті мемлекетке хабарлайды, және жазбаша түрде бұл мәселеге қатысты анықтама ретінде түсініктеме беруге алты ай мерзім береді. Ал сонан соң, жәбірленуші сол мемлекетке, орын алған мәселеге қатысты ұсынастарын бере алады.

Қосымша хаттамаға сәйкес, барлық арыздар Комитетпен жабық  отырыстарда қарастырылады. Алайда, арыздарға қатысты Комитеттің қорытындылары  жыл сайын, БҰҰ Бас Ассамблеяға  арналған баяндамаларында жарияланады. Осылайша, ол жалпыға ортақ, яғни жариялылық сипатқа ие болады. Ал өзінің қорытындыларын Комитет, факультативті хаттамада  көрсетілгендей, сәйкес мүше мемлекетке ұсынады. Ол қорытындылар міндетті сипатқа  ие емес, тиісінше Комитеттің мемлекетке деген ұсыныстары ретінде қарастырылады. Бірақ осы қсыныстарға сәйкес, әрбір мемлекет Пактке сәйкес, адамның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруі тиіс.

Өзінің қызмет еткен жылдарында Адам құқықтары жөнінде Комитет  жүздеген арыздар мен хабарламаларды қарастырып, оларға сәйкес ұсыныстарын  шығарыд. Олардың көпшілігі мемлекеттермен орындалуы үшін қабылданды.

Адам құқықтары жөніндегі  Комитетпен қоса, Нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы халықаралық  конвенция секілді халықаралық  келісімшарттардың көмегімен, бақылау  органдары құрылып, қызмет етеді. Ондай  бақылау органдардың функциялары  Адам құқықтары жөніндегі Комитеттің жұмысымен бара бар келеді.

Халықаралық құқық туралы әдебиеттерде мұндай бақылау органдардың  қажеттілігі туралы әртүрлі ойлар  қалыптасқан. Біріншілері, жаңа замандағы халықаралық қатынастардағы олардың рөлін жоққа шығарып, керек емес деп санаса, екіншілері адам құқықтарын қорғауда олардың рөлін өте маңызды деп санайды.

Бірақ қазіргі заманғы  халықаралық қатынастарда жеке тұлғаның рөлі, жеке арыздар мен хабарламалардың  рөлі ұлғайып келе жатырғаны бәріне айқын.

Бақылау органдары, жеке хабарламаларды қарастыра отыра, мемлекеттің ұлттық заңдары мен заңи тәжірибесіне сынын  айтады, олардың әрекеттері мен әрекетсіздігі  туралы сөз қозғайды. Комиттің шығарған ұсыныстарына байланысты, әдетте мемлекеттер  өздерің құқықшығармашылығын өзгертеді. Әдетте мемлекеттер сол зардап шеккен жеке тұлғаға, комитет пен бақылау органдарының ұсыныстарына сәйкес, зиянын өтеп, құқықтарын қалпына келтіреді. Тағы бір айтып кететін жайт, бұл Комитетпен шығарылған ұсыныстардың сол сияқты барлық істерге қолданылады.

БҰҰ бекітілген жеке арыздарды  қарау тәртібінен басқа, аумақтық ұйымдармен мәселелерді қарастыру да орын алған. Осы күнге дейінгі белсенді жүйе Адам құқықтарын қорғаудағы еуропалық  жүйе болып табылады. Адам құқықтары  мен бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық  конвенцияға сәйкес құрылған Адам құқықтары  жөніндегі Еуропалық Сот халықаралық  қатынастарда пайда болған ерекше құбылыс. Тәуелсіз судьялардан құрылған, сот органның қабылдаған шешімі, саяси ойлардан тыс, тәуелсіз және объективті шешім болып табылады. Ол объективтілік, судьялардың әртүрлілігімен түсіндіріледі. Себебі, өзге комитттерде судья орнына белгілі өкілдер, дипломаттар не болмаса мемлекеттік атқарушылар тағайындалады. Және айқын байқалатындай, бұл жерде саяси көзқарастарға сәйкес келіспеушіліктер туындайды.

Адам құқықтары жөніндегі  Комитет басқа да органдарға сәйкес, тек халықаралық конвенцияларға сәйкес адам құқықтары жөніндегі  жазбаша жеке арыздарды қарастырып, ал оның шешімдері мемлекетке тек  ұсыныс сипатында болады.

Сот органында жарыспалылық процесі ауызша және жазбаша іс жүргізуді  қамтиды, ал тыңдау жария сипатқа  ие, және онда тек жәбірленуші мен  айпталушы емес, онымен қоса, куәлар, мамандар, сарапшылар және т.б. қатысады. Еуропалық Сотпен шығарылған сот шешімі міндеттеуші сипатқа ие, және түпкілікті болып табылады.

Халықаралық сот органында  жүргізілетін процесте, халықаралық  құқық нормалары жүргізіледі, және оларға сәйкес шешім шығарылады. Ал мемлекеттер осындай шешімдерді өз ұлттық құқығына сәйкес орындайды, және нормалары халықаралық құқықтық жауапкершілікке сәйкес келу керек, не болмаса оған сәйкес трансформацияға  ұшырауы қажет. Егерде ұлттық заңнама сот шешіміне сәйкес келмесе, мемлекет заңнамасын өзгертуі тиіс.

Онымен қоса, Еуропалық  сот шешімдері преценденттік  сипатқа ие болып, мемлекеттер заңнамасына  адам құқықтары мен бостандықтарын дәріптеуге бағытталған өзгерістер енгізуіне мәжбүрлейді [16].

Халықаралық құқық нормалары  халықаралық құқықтың негізгі субъектілері болатын мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған, ол индивидтердің орындауына бағытталған. Мұнан басқа, жеке тұлғаның құқықтық құқықтық жағдайына әсер ете отырып, аталған құқықтық нормалар мемлекетті индивидтерге белгілі бір мәртебені қамтамасыз етуге міндеттейді. Қазіргі жағдайларда индивидтің халықаралық органдарға жолдануға мүмкіндігі жоқ екені талас тудырмайды, кейбір жағдайларды ескермегенде. Халықаралық құқық индивидтердің құқықтарын бұзған жағдайларды қарастыру іс жосығын айқындайды. Онымен адам құқықтары жөніндегі Комитет, нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі Комитет, азаптауға қарсы Комитет және еркін қамауға алу бойынша жұмыс тобы айналысады.

Индивидтердің құқықтарының орындауына бақылау мақсатында БҰҰ  шеңберінде қосымша институттар  құрылуда. Мысалы, 1996 ж. 20 желтоқсанындағы  Бас Ассамблеяның 48/141 қарарына сәйкес, адамның барлық құқықтарын қолдау және қорғау бойынша Жоғары Комиссар қызметі  құрылды. Бірінші Жоғарғы Комиссар жұмысына 1994 ж. 5 сәуірінде кірісті. 1997 ж. оның отставкаға шығуына байланысты Мери Робинсон жаңа Жоғарғы Комиссар болып тағайындалады. БҰҰ-ның бұл  лауазымды тұлғасына адам құқықтары  жөніндегі қызметтің негізгі  жауапкершілігі жүктелген. Жоғары Коммисардың  өкілеттігі адамның барлық құқықтарын қорғаудан және оны тиімді жүзеге асыруды қолдаудан тұрады.

Сөйтіп, индивидтің халықаралық  құқық субъектілігін үзілді-кесілді  жоққа шығару қазіргі кезде ескірді  деуге болады. Халықаралық қатынастарды ізгілендіру адамның құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз ету  ісіндегі жеке тұлғаның белсенді рөлін  мойындайды. Бүгінгі таңдағы халықаралық  қатынастарда индивидтердің халықаралық  құқық субъектілерінің көлемі кеңеюде.

Информация о работе Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі